Ашық сабақ: «Сиқырлы геометриялық пішіндер елі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: «Сиқырлы геометриялық пішіндер елі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: «Сиқырлы геометриялық пішіндер елі» Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

17 бөбекжай-бақшасы» МКҚК











Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы:

«Сиқырлы геометриялық пішіндер елі»













Тәрбиеші: Бекбулатова А.С













Қостанай 2021 оқу жылы.

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе


Өткізу күні:

Тәрбиеші: Бекбулатова А.С

Білім беру саласы: Таным

Пән: Математика негіздері

Өтпелі тақырып: Мен және қоршаған орта

Тақырыбы: «Сиқырлы геометриялық пішіндер елі»

Мақсаттары:

1. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, белсенділікке

2. Дамытушылық: балалардың зейінің, есте сақтау қабілетін дамыту

3. Оқыту: Геометриялық пішіндерді (шаршы, дөңгелек, үшбұрыш,сопақша) ажырата білуге үйрету

Педагогикалық технологиялар/ пед.технологии: денсаулық сақтау, ойын технологиялары

Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение: геометриялық пішіндер

Билингвальный компонент: үшбұрыш-треугольник, шаршы-квадрат, дөңгелек- круг, сопақша-овал


І. Ұйымдастырушылық кезеңі

Балалар, бүгін біз геометриялық пішіндер еліне саяхатқа барамыз. Ол жерге бару үшін сендер жұмбақтар шешулерін керек.

Жұмбақтар
1.Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, 
Менің атым- (дөңгелек) 
2. Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, 
Бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш) 
3.Теледидар таныс екен баршаға, 
Ал, пішіні ұқсайды ғой (шаршыға). 

4.Пішіндердің ішінде, ерекше бір пішін бар.

Ұқсатамын мен оны, жұмыртқа мен қауынға

Айтыңдаршы, бұл қандай пішін? (сопақша)

Балалар бұл жұмбақтар не туралы?

Жауаптарын дұрыс екен, балалар.


ІІ. Негізгі бөлім

Қараңдар, балалар, бізді көңілді геометриялық пішіндер қарсы алды. Пішіндердің бізге дайындаған тапсырмалары көп екен. Орындаймыз ба, балалар, тапсырмаларын.

  1. тапсырма интерактивті тақтамен жұмыс. Геометриялық пішіндерді атап, түсін, қоршаған ортада неге ұқсайтының айтайық . Жарайсыңдар, балалар.

  2. тапсырма «Геометриялық пішіндерді дұрыс орналастыр» обручпен жұмыс.

-Көк үшбұрышты қызыл шеңбердің ішіне қоямыз. Қызыл дөңгелекті көк шеңбердің ішіне қойындар. Қызыл шаршыны, көк пен сары шеңбердің ішіне қойындар. Сары дөңгелекті қызыл мен көк шеңбердің ішіне қою керек. Көк шаршыны үш шеңбердің ішіне қоямыз.

1.Қызыл шеңбердің ішінде қандай пішіндер бар?

2.Сары шеңбердің ішіндегі пішіндерді атандар?

3. Көк шеңберде қандай пішіндер бар?

4. Үш шеңбердің ішінде қандай пішіндер бар?

Сергіту сәті: балалар бойларын жазады

3. тапсырма флипчарт «Пішінге ұқсас затты тап» - 2 бала

«Пішінді затпен сәйкестір»-игровизормен жұмыс - 7 бала

  1. тапсырма Танграмнан «Қоян», «Тасбақа», «Мысықты» құрастырып беруін сұрады

  2. тапсырма әр балаға тапсырма парағы:- дөңгелектерді қызыл қарындашпен боя;

  • үшбұрышты көкпен боя;

  • шаршыны жасылмен боя

  • сопақшаны сарымен боя.

Жарайсыңдар, балалар, сендер бүгін тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.

Геометриялық пішіндер сендер орындаған тапсырмаларға өте қуанышты. Тапсырмаларды дұрыс орындағандарын үшін сендерге дайындаған сыйлықтары бар.


ІІІ. Қорытынды

Балалар, бізге балабақшаға оралатын кез де келді. Қане, 1, 2, 3 өзіңді айналып, балабақшаға оралайық. Балалар, бүгін не істедік? Қандай тапсырмалар орындадық? Кім бізге тапсырмаларды дайындады? Сыйлықтарын неге ұқсайды?




































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.00.2021
875
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі