жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: "Сирек кездесетін жануарлар"
Сабақтың тақырыбы: Жойылып бара жатқан сирек кездесетін жануарлар
Сабақтың мақсаты: Өзін қоршаған орта туралы айта білу. Қазақстандағы
қорықтармен студенттермен таныстыру. Қорықтар тақырыбына мәліметтер беру. Оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.Әрбір үйренген сөздерін сөйлеу, сөйлем құрау кездерінде дұрыс қолдана білуге үйрену. Сауатты жазуды меңгеру.Оқушыларды қоршаған ортаны, табиғаттағы тіршілік иелерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: 1. Психологиялық дайындық: Мұғалім таратқан спикерге оқушылар өз аттарын жазып, бір-біріне береді, келесі оқушы ол қандай деген сұраққа бір-ақ сөзбен жауап береді. Мысалы: Ақгүл – ақылды.
Жаң тақырыпты ашу (слайд)
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
3. Жаңа Слайдпен бастайды: (слайд)
Табиғаттың тарылтпасын мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың,
Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың,
Ол анаң ғой, ал сен, кенже ұлысың!
.4. Жаңа сөздер: (4-слайд) қорық – заповедник, алғашқы – первый, құрып кету – исчезновение, қауіп – опасность, бедствие, ұялау – гнездиться, табиғи қалпы – естественный облик, қорғау – защищать, аялау – беречь, жұлмау – не вырывать, қарт, кәрі – старый, таптамау – не топтать, құмтөбе – бархан.
Аңдар(звери): барыс - барс, сілеусін - рысь, қоңыр аю – бурый медведь, жолбарыс – тигр, арыстан – лев, жабайы шошқа – дикий кабан, қарсақ - карсак, суыр - сурок, арқар – архар, елік - косуля, таутеке – горный козел, ақбөкен – сайгак, қарақұйрық – газель, джейран.
Құстар (птицы): көкқұс – синяя птица, ұлар – улар, жапалақ – сова, үкі – филин, қарақұс – могильник, кекілік, шіл – куропатка, бірқазан – пеликан, лашын – сокол, қаршыға – ястреб, қызғыш құс – чибис, қырғауыл – фазан, дуадақ – дрофа, аққу – лебедь.
Өсімдіктер(растения): сексеуіл – саксаул, жусан – полынь, сораң – солянка, қамыс – камыш, селеу – ковыль, құрақ – тростник.
Жаңа сөздерді алдын-ала басып, кәртішке ретінде таратып беремін.
5. Қазақстан қорықтарымен таныстыру. Барлығы қанша қорық? Қазақстан Республикасының картасынан студенттер ол қорықтарды табады.
Әр қорыққа тоқталып өту. Тақтаға екі-екі оқушыдан шығып, қорықтар туралы берілген мәліметтерді оқиды. (Слайдтар)
Қорықтың аты Құрылған көлемі Орналасқан жері, мақсаты
1. Ақсу - Жабағалы 1926 ж 85,4 мың гектардан (га) астам Батыс Тянь-Шаньның солтүстігі, Ұғам жотасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Табиғи кешендерді қорғау және зерттеу
2. Наурызым 1934 ж 87,7 мың гектардан (га) астам Қостанай облысы, Наурызым ауданы Табиғи кешендерді қорғау және зерттеу
3. Барсакелмес 1939 ж 16,8 мың гектар(га) Арал теңізінің солтүстік бөлігі Ежелгі жануар-лардың түрлерін сақтау және қазіргі табиғатқа бейімделуін зерттеу
4. Алматы 1931 ж 71,7 мың гектарға (га) жуық Алматы облысы, Іле өзенінің жағасындағы құмды шөлейті әйгілі Аққұм Қалқан (әнші «бархан») Табиғатты зерттеу, қорғау және сақтау
5. Қорғалжын 1959ж 259 мың гектардан (га) астам Астана қаласынан
140 км жерде, тың далада, Қорғалжын мен Теңгіз көлдерінде Құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және табиғат өзгерістеріне бейімделуін зерттеу
6. “Барлығы нешеу?» ойыны. Группаны 3-топқа бөледі. Кәртішкеде жаңылтпаш ретінде берілген жұмбақты мүдірмей айтып, шешу:
1-топ:
Арқада алты арқар бар,
Қырда қырық арқар бар,
Бір қарт арқар бар. (47 арқар)
2-топ:
Алты арқарға қырық арқарды,
Қырық арқарға кәрі арқарды
Қосса қанша арқар бар? (47 арқар)
3-топ:
Қырық үш қызғыш құсқа,
Қырық үш қызғыш қосса,
Қанша қызғыш құс болады? (86 қызғыш құс)
7. Қазақстан қорықтарындағы аңдар, құстар, өсімдіктер. 3-топ жылдам сөйлемдерді орыс тіліне аударады.
1-топ: Ақсу-Жабағылы қорығы
АҢДАР: Барыс, сілеусін, қоңыр аю, арқар, елік, таутеке, жабайы шошқа, т.б.
ҚҰСТАР: Көкқұс, ұлар, дала бүркіті, қарақұс, кекілік, шіл, лашын, т.б.
ӨСІМДІКТЕР: Жусан, сексеуіл, сораң, т.б.
2-топ: Алматы қорығы
АҢДАР: Барыс, сілеусін, қоңыр аю, марал, елік, т.б.
ҚҰСТАР: Қаршыға, қырғауыл, құр, кекілік, т.б.
ӨСІМДІКТЕР: Сексеуіл, жусан, сораң, т.б.
3-топ: Қорғалжын қорығы
АҢДАР: Түлкі, қарсақ, елік, суыр, т.б.
ҚҰСТАР: Қаз, дуадақ, аққу, үйрек, т.б.
ӨСІМДІКТЕР: Жусан, қамыс, селеу, құрақ, т.б.
8. (23-33 слайдтар) «Кім жылдам?» ойыны. 3-топтың қайсысы көрсеткен суреттерді жылдам атайды?
1) жолбарыс
2) барыс
3) қасқыр
4) арыстан
5) барыс
6) сілеусін
7) қоңыр аю
8) жапалақ
9) бірқазан
10) аққу
9. Жазбаша жұмыс: «Кел, балалар, ойнайық, ойнайық та ойлайық!» Берілген суреттерге бір сөйлемнен құрастырады. Қай топ бірінші бітіреді, сол топ жеңеді (7 сурет: ат, сиыр, жылқы, сиырлар, ит, күшік, мысық).
10. Сабақты қорытындылау
1) Қорықтарды қайталау (кесте бойынша).
2) Оқушылардың жауаптарын бағалау.(стикерлерді жинағанына байланысты студенттер жеке жеке бағаланады)
Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік!
11. Үйге тапсырма: Қорықтар туралы толық слайд дайындау
Осымен «Жойылып бара жатқан сирек кездесетін жануарлар» атты ашық сабағымыз аяқталды.
Қош сау болыңдар.
Қызылорда облыстық білім басқармасы
Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі
«Бекітемін»
Оқу бөлімінің меңгерушісі
_________ А.С.Есиркепова
Тақырыбы: Жойылып бара жатқан сирек кездесетін жануарлар
Оқытушы: Жалдыбай С.Ж
Мамандығы: «Экология және табиғатты қорғау қызметі»
Оқу тобы: Э15о
Курс: 4
Әйтеке би кенті
2018-2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген