Ашық сабақ "Сөйлесе білу де өнер " 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Сөйлесе білу де өнер " 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға мейірімділік, әдептілік, мәдениеттілік қасиеттердің маңыздылығын түсіндіріп, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп Мерзiм 08.12. 2017 ж.

Мұғалiм Аксатиева К.Т. Сынып – 5 «Ә» Оқушылар саны-

Тақырып №1 Сөйлесе білу де өнер

Құндылық Дұрыс әрекет. Қасиеттер: мейірімділік, әдептілік, мәдениеттілік

Мақсаты: оқушыларға мейірімділік, әдептілік, мәдениеттілік қасиеттердің маңыздылығын түсіндіріп, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- Оқушыларға қарым-қатынаста сөйлесе білу мәдениеттілігінің маңызын түсіндіру.

- Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктеріне дағдыландыра отырып, дұрыс әрекет құндылығын дамыту:
- Мейірімділікке, әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.


Ресурстар:(түрлі-түсті бояулар,әуен)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» сақталуы

  2. Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтаңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көздеріміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Осы нұрды бүкіл әлемге бағыттаңыз.

(оқушыларды табиғат құбылыстары арқылы 3 топқа бөлу)



  1. Үй тапсырмасын тексеру: Сөздің шығу жолы туралы ролик көрсету.

1. «Күншуақ» тобы. Дәптердегі кестемен жұмыс жасау.

2. «Нұрлы жаңбыр» тобы. Жақсы сөздер тізімі жазу.

3 «Ақшақар» тобы. Жақсы істер түрлерінің суретін салып, жақсы тілек жазу.

Ескерту


4мин


























7 мин



4.Жаңа тақырыпты түсіндіру


Дәйексөз

«Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады»

Берілген дәйексөзді оқушылар бәрі бірігіп оқиды.

    Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың жауабын тыңдап, қорытындылау.


3 мин

5.Мұғалімнің сыйы «Төрт Ана» М.Шахановтың өлеңін бейнероликтен тыңдату.

Талқылау сұрақтары:

-Автор өз өлеңінде нені құрметтеуге шақырады? Неліктен?

- құндылықтарды құрметтеу адамның қандай қасиеттеріне байланысты?

- Болашақта өз еліңе қандай қызмет атқарар едің? Мысал келтір. 

-

8 мин

6.Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс. (дайындыққа 5 мин)

Сөз мәдениетіне көрініс көрсету

І-топ: .«Шешендік сөз» мәдениетін көрініс ұйымдастыру

ІІ-топ :. «Әдепті сөйлеу» мәдениетіне көрініс ұйымдастыру

ІІІ-топ : .«Астарлап сөйлеу» мәдениетіне көрініс ұйымдастыру

12 мин








7.Үйге тапсырма: Мәтінмен жұмыс. «Таным тағлымы» аңыз әңгімені оқып, оны талқылау

1 мин



8. Топпен ән айту «Ертегілер» әнін орындау

3 мин


Балалар, бүгінгі сабақтан алған білімімізді ойға түйіп, жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтайық. Рахмет! Сау болыңдар.

2 мин



 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
834
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі