Материалдар / ашық сабақ Сөйлеуді дамыту Үй жануарлары
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

ашық сабақ Сөйлеуді дамыту Үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топтағы балаларға арналған ашық ұйымдастырылған іс -әрекет. Тақырыбы: Үй жануарлары. Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы, маңызы туралы түсінік беру. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды, үй жануарларының төлдерін ажырата білуін дамыту. Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Іс -әрекет барысында балалар ұжымдасып жұмыс жасайды. Үй жануарларының пайдасын айтады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2023
644
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы, маңызы туралы түсінік беру. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды, үй жануарларының төлдерін ажырата білуін дамыту. Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд, үй жануарларының суреттері.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіңдерме балалар. Бүгін бізде ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келді. Алдымен қонақтарымызбен амандасып алайық.

Шаттық шеңбері. Біз ақылды баламыз.

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен ең алғаш

Амандасып аламыз.

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс- әрекетімізді бастамас бұрын мына дыбыстарды тыңдайықшы.

(Аудиодан жануарлар дыбысы тыңдатылады.)

Ненің дыбысы екені сұралады.

Жарайсыңдар балалар бұлар үй жануарларының дыбыстары екен. Бүгінгі тақырыбымыз да «үй жануарлары». Бүгін біз үй жануарлары туралы білімімізді толықтыратын боламыз.

Ал енднше балалар үй жануарларын есімізге түсірейік. Үй жануарларына нелер жатады?

-Жылқы , түйе, сиыр, қой, ешкі

-Дұрыс айтасыңдар балалар. Осы үй жагуарларының адамға ти.ізер пайдасы өте көп.

Жылқының еті, сүті, пайдалы. Мінсе көлік.

Сиыр сүтінен айран, қаймақ, май, құрт, жасамыз. Етін жейміз.

Қой жүнінен шұлық, қолғап тоқиды. Еті сүті тағам ретінде пайдаланамыз.

Түйе суға төзімді жануар. Ол сусыз бірнеше күн жүре алады. Мінсе көлік болады, Сүті дәруменге бай. Еті де пайдалы.



Ал енді осы жануарлардың төлдерін атап кетейік. Сиыр- бұзау, бие-құлын, қой- қозы, ешкі –лақ

Түйе –бота.

Адамдар осы жануарларды күтіп баптайды. Оларға жем, шөп, су береді.

Ал енді балалар бүгінгі тапсырмаларды орындауға тырысайық. Алдымыен 2 топқа бөлініп алайық. Ол үшін алдымыздағы бота мен қошақан суреттерін таңдап аламыз да әр топ өзінің суреті тұрған топқа отырамыз.

  1. тапсырма. І топқа. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратымыз.

ІІ топқа Сиырдан алатын тағамдарды белгілейміз.

Балаларды ортаға шығарып орындаған тапсырмасын талдату.

Тосын сәт. Есік қағылып. Бақташы атай кіреді. Амансыңдар ма балалар? Бұл қай жер екен?

  • Балабақша.

  • Қандай балабақша?

  • Айналайын балабақшасы.

  • Мен шығып кеткем төлдерімді іздеп жүр едім. Осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деген. Көрмедіңдерме? Тауып берсеңдер сыйлығым бар.

  • Жарайды атай, көмектесуге тырысайық. Бүгін біз үй жануарлары туралы айтып жатырмыз.

  • Жарайды ендеше. Қонақ болайын.

Ал енді балалар тапсырмаларды орындауға кірісейік.

2 тапсырма. Жануарларды құраствру. Берілген бөлшектерден жануарларды құрастырып шығарамыз.

3 тапсырма. Келесі тапсырма. Аудиодан жануардың дыбысын тыңдатып. Қай жануар екенін анықтап, сол жануарға апару. Стаканда жануарлар суреті беріледі. Дыбыс шыққан жануарды үрлеу арқылы стакандағы жануарға апарып қою керек.

Сергіту сәті.

4 тапсырма. «Төлін тап» ойыны жасырынған суреттер ішінен шам арқылы үй жануарларының төлдерін табу.

-Жарайсыңдар балалар. Атай біздің балалар төлдеріңізді тауып берді.

-Ой қандай кернемет. Үлкен рақмет сендерге балалар. Мен уәде еткендей сыйлығымды берейін. Жаз бойы әжелерің сиырдың сүтінен жасап, жинаған құртты беремін. Ал ендеше балалар мен үйіме қайтайын. Сау болыңдар. Рақмет сендерге.

-Сау болыңыз атай.

Ал балалар келесі тапсырмамызды да орындайық. 4- тапсырма. Не жетіспейді?

Жануарлардың суреттері беріледі. Суретте жануардың кез келген мүшелері салынбай қалған. Жок бөлікті тауып жапсыру керек.

-Жарайсыңдар балалар, тапсырмаларды өте тамаша орындап шықтыңыздар. Енді балалар қайта есімізге түсірейікші. Бүгінгі ҰІӘ не туралы айттық?

Қандай тапсырма орындадық?

Жарайсыңдар балалар. Сау болыңыздар.











































42 "Айналайын" МДҰ

"Bekzat & Co" ЖШС









Ашық ұйымдастырылған іс әрекет

"Үй жануарлары"

(«Балапан» ересек тобы)













Тәрбиеші: Муханова Т.О











Ақтөбе 2022 жыл





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!