Ашық сабақ "Сорғылар. Манометрлер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Сорғылар. Манометрлер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ 7 сыныпқа сабақ беретін ұстаздарға көмек ретінде жазылған. Жаңартылған білім мазмұны бойынша қысқа мерзімді жоспар үлгісінде жазылған. Тілдік мақсат, жетістік крийтерилер, құндылықтар, пән аралық байланыс қамтылған.Оқушыларға өз бетімен тапсырманы меңгеруге бағытталған.Сабақ барысында берілген тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай берілген. Әр тапсырма сайын кері байланыс және дескриптор ұсынылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні : физика

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Қысым

Мектеп: Тарғап ауылындағы ОМ МДШО КММ

Мұғалімнің аты –жөні : Тотеева С.М

Күні: 05.05.2017

Сынып: 7

Қатысқандар саны: 16

Қатыспағандар саны : 0

Сабақтың тақырыбы

Манометрлер мен сорғылар

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

7.3.1.10 манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау

Сабақ мақсаттары:


Күнделікті өмірден мысал келтіру арқылы манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін түсіну.

Жетістік критерийі

Манометр және сорғы не үшін қолданылатынын түсіндіреді.

Манометр мен сорғының жұмыс істеу принципіне сипаттама береді.

Сорғының жұмыс істеу принципіне сүйеніп әр түрлі сұйық заттардың биіктігін есептей алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін ауызша және жазбаша түрде сипаттай және жүйелей алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: манометр, сорғылар, тонометр (сфигмоманометр)

Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Неліктен шприц поршенін кері қарай тартқан кезде , дәрі оның ішіне енеді?

Допты үрлеу барысында поршенді жоғары көтергенде доптың ішіндегі ауаны насос неге сорып алмайды?

Құндылықтарды баулу

Оқушылардың өз бетімен , топпен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыта отырып, жауапкершілікке,еңбектене білуге баулу.

Пәнаралық байланыс

Есептерді шығаруда жаратылыстану пәндерімен байланыс жасау.

Алдыңғы білім

Атмосфералық қысымның табиғатын және оны өлшеудің әдістерін біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

3 минут










10 минут














Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу : «Қағаз қиындылары» арқылы 3 топқа бөлу.

І топ «Түтікті монометр»

ІІ топ «Су сорғысы»

ІІІ топ «Сұйық монометр»


Ширату жаттығулары : (W) «Екі шеңбер»


Көрсетілім ( D ) : «Сұйықты және түтікті манометрлер . Айдағыш сорғылар»


Білім дағдысы : Білу

Белсенді оқыту : «Допты лақтыру »

Тапсырма : ( G ) Сұрақтарға жауап беру.

  1. Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғыларды ата?

  2. Неге қорапшаны суға батырғанда манометрдегі сұйықтың биіктігі өзгереді?

  3. Допқа,велосипед камераларына ауа толтыруға арналған құрылғы.

  4. Манометр тармақтарындағы сұйық деңгейлерінің бірдей болу себебі неде ?

  5. Неліктен шприц поршенін кері қарай тартқан кезде , дәрі оның ішіне енеді?

  6. Насоспен допты үрлеу барысында поршенді жоғары көтергенде доптың ішіндегі ауаны насос неге сорып алмайды

Кері байланыс : «Бас бармақ»



Қима -қағаз







ББАПТО

«Физика »

пәнінен электронды оқулық

7сынып


үлестірме қагаз

Ортасы

12 минут












Білім дағдысы: Түсіну

Белсенді әдіс: «Серіктесті оқыту»

Тапсырма: (P) Мәтінді оқы , берілген суреттер бойынша құрылғылардың жұмыс істеу принципін сипатта (131 -132 бет)

Кері байланыс: «Пікір алмасу»



7 сынып оқулығы,

Түтікті, сұйық манометрлер

Су құбырының суреті



15 минут

Білім дағдысы : Қолдану

Белсенді оқыту: «Айналмалы әткеншек»

Тапсырма : (I) 133 беттегі практикалық жаттығуларды орында .

1. Ашық сұйық манометрлер А,В,С ыдыстарымен жалғастырылған. Қай ыдыстағы қысым атмосфералық қысымға тең , қайсысында атмосфералық қысымнан артық, қайсысында тең?

2. Атмосфералық қысым сынапты 760 мм-ге дейін көтереді, ал су сынаптан 13,6 есе жеңіл. Сорғының көмегімен су қоймасынан суды қандай биіктікке дейін көтеруге болады?

3.Сорғының көмегімен спиртті қандай биіктікке көтеруге болады? Ал мұнайды ше ?


Критерий

Дескриптор

Қысымды табады

-есептің мазмұнын түсінеді

- Қысымды есептейді

Биіктікті табады

-формуланы пайдаланады

-биіктікті есептейді




7 сынып оқұлығы

Аяқталуы

5 минут

Рефлексия : «Бес саусақ»

Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады.

Бас бармақ: басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек:бірлесу. Мен топта, жұпта қалай жұмыс істедім?

Ортан терек:ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек: шынайылылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек: көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?




Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті

жоғары оқушыларға

тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ барысында пайдаланылған белсенді оқыту әдістері арқылы әр оқушы өзінің деңгейіне, яғни қызығушылығына қарай тапсырманы орындайды. Сабақта тапсырмаларды орындауда қиналған оқушыларға қолдау көрсетемін.


«Бас бармақ»

Керібайланыс «Пікір алмасу»

Өзін өзі бағалау

Ауызша

Табыс критерийлер арқылы



Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не

білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім және

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?











Әдіс тәсілдері қарау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2018
1477
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі