Сабақ жоспары: Қазақ тілі
4-сынып
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Спорт
түрлері
Грамматика: зат есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Спорт түрлері тақырыбының мәнін ұғындырып,
оқушының білім алуға деген ынтасын
арттыру;
Түсініксіз сөздердің мән, мағынасын, аудармасын
түсіндіру;
Оқушыларға спорт түрлері туралы таныстыру, спорт
туралы сөздерді сөздік қорына енгізу, спорт туралы сөз тіркестерін,
сұрақ-жауапты дұрыс құрастыра білуге үйрету. Өзара диалог және
әңгіме құрастыра білу дағдыларын
жетілдіру.
Дамытушылық:
Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін, логикалық
ойлауын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларға әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктерін
және олардың қажет екенін түсіндіру. Оқушыларды еңбексүйгіштікке
баулу.
Сабақта қолданылатын
әдіс-тәсілдер:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, өзбеттерімен жұмыс,
оқулықпен жұмыс, жұппен жұмыс т.б.
Пәнаралық байланыс:
Дене шынықтыру, орыс
тілі.
Сабақтың көрнекіліктері:
Сызбалар, суреттер, мақал-мәтелдер
т.б.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Гимн айту. Балалардың көңіл- күйлерін
сұрау.
Сабақтың мақсатымен
таныстыру.
«Спорт шынықтырады,
Ұйқы тынықтырады.
Спорт өмірді ұзартады»
Міндеттері:
Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы
жағдайды қамтамасыз ету;
Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық
дайындау;
Оқушылардың сабаққа дайындығын
тексеру;
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды
ұйымдастыру.
II.Үй тапсырмасын тексеру: «
Түлкі мен ешкі» ертегісін
сахналау.
III. Жаңа сабақ:
«Спорт түрлері»
Сұрақ-жауап: Балалар, сендер қандай спорт
түрлерін білесіңдер? Спортпен айналысу не үшін
қажет?
Спорт түрлері: жазғы және қысқы спорт түрлері
болып бөлінеді.
Жаңа материалды меңгеру
кезеңі
Жаңа сөздер:
Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру, оқып,
қайталау арқылы тілдерін жаттықтыру және сөйлемдер
құрату:
Шыңғы тебу – кататься на лыжах,
Жүзу – плавание,
Жеңіл атлетика – легкая
атлетика,
Ат
спорты – конный спорт,
Көркем гиминастика – художественная
гимнастика,
Ауыр атлетика – тяжелая
атлетика.
Сергіту сәті: Бейнетаспадан әуенмен әрленген іс-
қимылдарды қайталау.
Мәтінмен жұмыс:
Мәтінді оқып, аудару, мазмұндау, мәтін бойынша
сұрақтарға жауап беру. Жұптық жұмыс: мәтін бойынша бір-бірлеріне
сұрақ қою, жауап беру.
Жазылым әрекеті: мәтіннен зат есімдерді теріп
жазу.
IV. Сабақты бекіту кезеңі:
«Сиқырлы сандық» ойыны: Сандықтан әрбір оқушы
бір-бір сөзден алып, буынға бөліп, буын түрлерін
ажыратады.
V. Сабақты қорытындылау
кезеңі:
«Алматы зоопаркінде» тақырыбы бойынша
сұрақ-жауап.
VI. Үйге тапсырма:
«Спорт түрлері» тақырыбында диалог
құру.
VII. Бағалау кезеңі: Үй
тапсырмасы бойынша және сабаққа белсенді катысқаны
бойынша.
Рефлексия: Не білдім? Не
үйрендім?