Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» поэмасының көркемдік ерекшелігі" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» поэмасының көркемдік ерекшелігі туралы айтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» поэмасының көркемдік ерекшелігі

СPicture 1 абақтың мақсаты: Оқушыларға трагедияның мазмұнын меңгерту,тақырыбын,идеясын ашу,диалог,монолог,драмалық жанрдың ерекшелігі туралы әдеби теориялық білімдерін тереңдету;
Дамытушылық: талдау,шығарманы түсініп оқу,салыстыру,қорытындылау дағдыларын жетілдіру;
Тәрбиелік: көркем әдебиетті сүюге,адамгершілікке тәрбиелеу,эстетикалық сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-көрнекілік,сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс,топтық,шығармашылық,ізденушілік әдістер.
Сабақтың көрнекілігі: жазушы суреті,қанатты сөздер,семантикалық кесте,слайдтар
Техникалық құрал: компьютер,мультимедия-интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: тарих пәні,театр өнері

Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу.
2.Түгендеу.
3.Сабаққа ынталандыру
. 4.Топқа бөлу

2.Үй тапсырмасын сұрау
1.Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі, шығармашылығы туралы
2. «Еңлік -Кебек» поэмасын оқып келу
3.Мақсат қою
Өткен адам болады көзден таса
Өлді-өшті,оны ешкім ойламаса,
Ол кетсе де, белгісі жоғалмайды,
Керектісін ескеріп ұмытпаса.

Естіп,біліп,көз көріп, ойға салмақ,
Өтен істен адамзат бір үлгі алмақ.
Қызықпақ не жек көрмек,жиіркенбек,
Бастан кешкен әрі істен белгі қалмақ.

3.Жаңа сабаққа түсінік беру.

XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті
тарихындағы Абайдан кейінгі ірі ақын – Шәкәрім Құдайбердіұлы .
Қ. Мұхаметжанов

Еңлік – Кебек ” поэмасы 1912 жылы жазылған, Семейдегі “Жәрдем” баспасында жарық көрген.
Оқиғаның болған жері – Шыңғыстау өңірі
4.Менің пікірім...
(зерделейік, ойлайық,айтайық)
Поэманың көтерген мәселесі не деп ойлайсыздар?
1.Махаббат
2.Тарих
3.Әлеуметтік өмір шындығы
4.Өз ойым
Еңлік пен Кебек не үшін қашуға мәжбүр болды?
1.Екі ел арасындағы дау – дамай
2.Әлеуметтік теңсіздік
3.Жер дауы
4.Өз ойым

«Алдыңғының соқпағын артқы түзер»
М.Әуезов те, Ш.Құдайбердіұлы да өмірді, халқымыздың қиын да қилы тағдырын шынайылықпен бейнеледі.
Біз ащы шындықты тани отырып, өмірде жақсылықтың жанында үнемі жамандық еріп жүретінін, адалдыққа арамдық қарсы тұратынын, ал мейірім, қайырымның қас жауы қатыгездік екенін ұқтық. Біз оларға жанымыз ашып, ішкі жан-дүниемізбен қосыла қайғырдық. Қаталдыққа іштей қарсыластық. Жанымызбен ізгілікке ұмтылдық.Ш.Құдайбердіұлының арманын жалғастырушы суреткер, драматург М.Әуезов болды.

5 . «Семантикалық карта»
Поэма үзінділерін ала отырып, кейіпкерлер сөзін анықтау,белгілеу.(Слайд арқылы)

6.Шығарманың композициялық-сюжеттік құрылысы(Интерактивті тақтамен жұмыс)

р/с Оқиға желісі Оқиға өрісі

1 Оқиғаның басталуы - Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы

2 Оқиғаның дамуы - Кебектің аңға шығуы.Еңлікпен кездесуі.

3 Оқиғаның байланысы - Кебек пен Еңліктің байланысы

4 Оқиғаның шиеленісуі - Кебектің Еңлікті алып қашуы,сәбилерінің дүниеге келуі.

5 Оқиғаның шарықтау шегі - Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы.

6 Оқиғаның шешімі - Екі жастың өлімі,сәбидің тауда жалғыз қалуы.


7.Топтық тапсырма - кластер

1-топ Еңлік - Кебек
2- топ Кеңгірбай

8.Академиялық дау-дамай

Сен Кеңгірбай болсаң қандай шешім қабылдар едің?(Үзіндіге байланысты сұрақ)

8.Сабақты қорытындылау.Тест жұмысы (aktiv woid) құрылғысы арқылы

1 .Поэмаға өзек болған оқиға қай ғасырда өткен?
В.15 ғ.
С.17 ғ.
Д.18 ғ.
2.Матай ненің атауы?
Р.Ру.
С.Жер.
Т.Тау.
3. Поэмадағы Тоқтамыс кімнің жақыны?

А.Кебек
В.Еңлік
С.Қабанбай
4.Еңліктің нағашысын көрсетіңіз
А.Бөгенбай
М.Қабанбай
Н.Наурызбай
5. «Сұңқар қалай,тауық қалай» деп жұмбақтаған кім еді?
А.Қабекең
В. Көбей
С.Тоқтамыс
6. «Қыз алды да, жөн жауап бермеді» деп,Матайлар не алып кетті?
П.1 табын сиыр
С. 1 отар қой
Т.1 қос жылқы
7.Поэма кімнің тікелей тапсыруымен жазылған?
У.Абай
С.Құдайберді
Т.Құнанбай
8.Шәкәрім Шақпақ деген жерде жалғыз үй қай жылдары тұрды?
С.1905-1906ж
Р.1909-1910ж
Г. 1907-1908ж
9.Шәкәрім үшін байлықтың үлкені ғылым болып табылатын өлеңі?
К. «Жастарға»
Г. «Үш-ақ түрлі өмір бар»
Ғ. «Адамдық борышың»

9 .Үйге тапсырма: Ойтолғау.үзінді жаттау.

10.Бағалау









































Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы.
«Еңлік –Кебек» дастаны

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Ш.Құдайбердіұлы өмірін, шығармашылық жолын таныстыру; өлеңдерінің идеясын ашу; өлеңдеріндегі ақын көзқарасын таныту; ақынның дастандағы кейіпкерлер бейнесін жеткізу шеберлігін байқату; оқушылардың санасына дастанның адамгершілік идеясын жеткізу; Шәкәрім мен Абай шығармашылығының үндестігін таныту.
Дамытушылық: оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету; өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу.; тіл байлықтарын дамыту; 
әртүрлі тапсырмалар мен ойын элементтері арқылы оқушылар дүниетанымын кеңейту; ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша тілдерін дамыту. 
Тәрбиелік:Дастан мазмұны арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болуға, адами сезімді қастерлеуге тәрбиелеуге ықпал ету, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сызба, кластер,ақынның портреті, шығармалары.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а )Сәлемдесіп, оқушыларды түгендеу.
ә) Оқушыларды топтарға бөлу.
II. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
III. Жаңа сабақ: 
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сабақтың ойқазығы ретінде ақынның мына өлең жолдарын 
алуға болады:
Жалыналық Абайға, жүр,баралық!
Білімді сол кісіден ізденелік!
«Өмір зая болмастық өнер үйрет,
Ақылыңды аяма бізге» делік.
Осыдан кейін Шәкәрімнің қазақ әдебиетінде алатын орны, ұлы Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы екендігі туралы айтамын.
2. «Ой қозғау», «Шәкәрім кім?»Интерактивті тақтадан Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы слайд көрсетіледі, әр топ оқушылары Шәкәрім туралы өз білімдерін ортаға салады. 
3. Оқушылар Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығы туралы оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасайды.
4. Топтық жұмыс ұйымдастыру.
1-топ:Ақынның шығармашылығы, өлеңдері жайлы оқып шығып,тірек сызба арқылы баяндайды. 
2-топ:Шәкәрім өлеңдерін тақырыбына байланысты топтастырады, қалған мәліметтерді оқушы өзі орналастырады:

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы.
«Еңлік –Кебек» дастаны

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Ш.Құдайбердіұлы өмірін, шығармашылық жолын таныстыру; өлеңдерінің идеясын ашу; өлеңдеріндегі ақын көзқарасын таныту; ақынның дастандағы кейіпкерлер бейнесін жеткізу шеберлігін байқату; оқушылардың санасына дастанның адамгершілік идеясын жеткізу; Шәкәрім мен Абай шығармашылығының үндестігін таныту.
Дамытушылық: оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету; өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу.; тіл байлықтарын дамыту; 
әртүрлі тапсырмалар мен ойын элементтері арқылы оқушылар дүниетанымын кеңейту; ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша тілдерін дамыту. 
Тәрбиелік:Дастан мазмұны арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болуға, адами сезімді қастерлеуге тәрбиелеуге ықпал ету, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сызба, кластер,ақынның портреті, шығармалары.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а )Сәлемдесіп, оқушыларды түгендеу.
ә) Оқушыларды топтарға бөлу.
II. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
III. Жаңа сабақ: 
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сабақтың ойқазығы ретінде ақынның мына өлең жолдарын 
алуға болады:
Жалыналық Абайға, жүр,баралық!
Білімді сол кісіден ізденелік!
«Өмір зая болмастық өнер үйрет,
Ақылыңды аяма бізге» делік.
Осыдан кейін Шәкәрімнің қазақ әдебиетінде алатын орны, ұлы Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы екендігі туралы айтамын.
2. «Ой қозғау», «Шәкәрім кім?»Интерактивті тақтадан Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы слайд көрсетіледі, әр топ оқушылары Шәкәрім туралы өз білімдерін ортаға салады. 
3. Оқушылар Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығы туралы оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасайды.
4. Топтық жұмыс ұйымдастыру.
1-топ:Ақынның шығармашылығы, өлеңдері жайлы оқып шығып,тірек сызба арқылы баяндайды. 
2-топ:Шәкәрім өлеңдерін тақырыбына байланысты топтастырады, қалған мәліметтерді оқушы өзі орналастырады:













5. «Шәкәрім – Абайдың талантты шәкірті әрі ең жақын туысы». Шәкәрім мен Абайдың шығармашылығындағы үндестік пен ұқсастығын, айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсетеді. 
Интерактивті тақтадан екі ақынның өлең жолдарынан үзінділер көрсетіліп, салыстырылады
Абай Құнанбайұлы Өлең тақырыбы
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап,еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой-
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Шәкәрім Құдайбердіұлы Өлең тақырыбы
Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын,
Өкініші қалмайды кетсе ағатың.
Күні – түні дей көрме, ғылым ізде,
Қалсын десең артыңда адам атың.
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек, 
Бұған ұйқасты өлең сөз керек,
Өзіне орайлы,
Ән-өлшеуіш, өлең-күміс,
Қоспаңыз мыс аралас. 

IV. «Еңлік-Кебек» дастанымен жұмыс:
1. XVIII ғасырдағы қазақ даласындағы тарихи оқиғалар туралы, көрген қайғы – қасіреті жайлы баяндаймын.
2. Дастанның кіріспесі ретінде алынған «Әңгіме алдындағы сөз» оқылғанда, «Елім-ай» әні тыңдалады.
3. Дастан кіріспесінде тарихи оқиғаларға тоқталамын:
- 1723 жылдарықазақ елінде «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманы болғанын айту.
- Қазақ пен қалмақ соғысы.
- Абылай ханның қалмақтармен соғысы.
- Қазақтардың қалмақтарды жеңуі.
- Қазақ еліндегі Матай руының Шыңғыс жеріне қоныстануы.
4. «Еңлік-Кебек» дастанының мазмұны бойыншажоспар құрып, оның композициялық құрылысына талдау жасау, хрестоматиядан поэманың мәтінін оқыту.
5. Дастанда кездескен адам аттары мен жер атауларына түсінік беру:
Шақшақ Жәнібек – арғын, Шақшақ руынан шыққан.
Жеті момын, Атығай Қарауыл, Қанжығалы, Тобықты және Бәсентиіннің үш баласы.
Мұғалжар – Ақтөбенің оңтүстік –күншығысындағы тау аты. 
Матай – ру аты.
Кеңгірбай, Қараменде – Тобықтының екі биі.
Қабекең – Кеңгірбай биге қойылған ат. 
Жуантаяқ –Тобықты ішіндегі елдің аты. 
Хақан – хандардың ханы деген сөз. Хақан өзені – Матайдың қыстауы. 
Көбей –Кеңгірбай бидің оң қолы, сөзін сөйлеуші адам.
V. Сабақты бекіту:
1. Жұмыс дәптерінде дастан кейіпкерлері туралы кесте толтыру:

Дастан кейіпкерлері Портреті Мінезі Іс-әрекеті


2. Дастан мазмұны бойынша жоспар жасау.
3. «Миға шабуыл» стратегиясы. «Еңлік – Кебек» дастаны бойынша оқушылар сұрақтарға жауап беріп, шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер, яғни шешімдер табуға болады. 
1) Дастанда Еңлік пен Кебек қалай кездеседі?
2) Балгер қандай жорамал айтты?
3) Еңлік Кебекке өзінің атастырған жігітін қалай таныстырады? Дастаннан тауып оқып беріңдер.
4) Кебекті бір көргеннен ұнатып қалып, бар сырын ақтарып салған Еңлік жайлы қалай ойлайсың?

5) Кебектің жауабы оның қандай адам екенін көрсетеді?
6) Еңлік пен Кебектің қашуына не себеп болды?
7) Екі елдің жауласуы немен тынды?
8) Кеңгірбай неге екі жасты ұстап беруге мәжбүр болды? Жауабын тауып оқып беріңдер.
9) Екі жас қандай жағдайда қолға түсті?
10) Өлім алдындағы Еңлік қандай үш тілек айтты? Бұл Еңлікті қандай етіп көрсетеді?
11) Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі деп ойлайсыңдар?
4. Топтастыру немесе кластер стратегиясы. Мынадай тақырыптар бойынша сабақ мазмұны ашылады:
1) Шәкәрім – лирик (өлеңдері және оның тақырыптары )
2) Шәкәрім – аудармашы 
3) Шәкәрім поэмалары
4) Шәкәрімнің сазгерлік өнері
5) Шәкәрім – жазушы (әңгімелері, романы)
6) Шәкәрім – зерттеуші, ойшыл.
VI. Сабақты қорытындылау:
1. «INSERT»стратегиясын пайдалану. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.
Сұрақ: Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі деп ойлайсыңдар? Дастан неге трагедиямен аяқталды?
Тапсырма: Дастанда орын алған қазақ халқының салт-дәстүрлеріне түсінік беру. 
2. Оқушыларға ой түйіндеп, қорытынды шығарту.
Ақынның:
Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім, 
Емес қой жастықпенен салған әнім. 
Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы,
Аларсың, көп ғибрат, байқағаның, - 
деген сөздері сендерді қандай ойларға жетелейді?
3. Деңгейлік тапсырмаларды орындату.
4. Шәкәрім әндерін тыңдату.
VII. Үйге тапсырма, оқушы білімін бағалау:
1. Жұмыс дәптеріне берілген тапсырмаларды орындау.
2. Дастаннан географиялық атауларды теріп жазып, түсінік беру.
Шыңғыс тауы, Сыр, Есіл, Нұра,Сарысу, Қарқаралы, Шу, Шалқар көл, Ұлытау, Ор, Елек, Ойыл, Қиыл, Мұғалжар тауы, Орал, Ырғыз, Торғай, Тарбағатай, Нұр-жайсаң, Шәуешек, Арқа, Орда, Көкен, Ащысу.
3. Шығармашылық тапсырма: «Еңлік – Кебек » дастаны бойыншы пьеса, киносценарий жаздыру. 
VIII. Рефлекция кезеңі:Дастан кейіпкерлеріне, авторға қандай сұрақтар қояр едіңдер?

Үндестік заңы. Буын үндестігі

Жарияланды 19-04-2014, 21:59 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы. Буын үндестігі
Жалпы мақсаты: Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру мен оқуда негізгі идеяны жадына сақтауына бағыт беру.
Интер тақтадан электрондық оқулықты, слайдты пайдалану арқылы жаңа тақырыпты меңгерту;
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз бетінше ізденуге, өз ойын
еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу.
Тапсырма барысында дарындылық қабілеттерін байқау;
Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау арқылы білім
деңгейін анықтау және бірін - бірі бағалай білуге үйрету.
Сілтеме 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші негізгі деңгей) ҚРПКБАКБ
2. 5 - сынып қазақ тілі оқулығы /Қосымова Г, Дәулетбекова Ж/
3. Электрондық оқулық 5 - сынып - 2013 жыл
4. Шығармашылық тапсырмалар
5. Бағалау бетшелері, смайликтер, білім ағашы.

Оқыту нәтижелері:
• Ойын жүйелі жинақтауға үйренеді.
• Тосын сұрақтарға нақты жауап беруге дағдыланады.
• Өзара пікірлесіп, ортақ шешімге келеді.
• Сыни ойлау стратегиясы: миға шабуыл арқылы
шығармашылыққа тәрбиеленеді.
• Бірін - бірі бағалауға дағдыланады.

Негізгі идеялар Жақсы сөз жан сүйсіндіреді, Бойға қуат бітіреді.
Тапсырма көздері І. «Садақ ату» Білім ғаламшарына саяхат
1 - тапсырма «Ұжымдық жұмыс»
Сұрақтарға жауап беру
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
4. Буын дегеніміз не?
5. Буын нешеге бөлінеді?
6. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
7. Тасымал дегеніміз не? Тасымалданбайтын сөздер.
8. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата

ІІ. «Тас қақпа» бекеті.
Интер тақтадан 5 - сынып электрондық оқулық көрсетіледі.
Үндестік заңы – түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір – біріне ықпал етіп, өзара үйлесіп, айтылуын үндесті заңы дейміз. Үндестік заңы екіге бөлінеді:

1) буын үндестігі 2) дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі
Сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингармонизм) деп атаймыз.
Сингармонизм – гректің Sun «бірге» hanmoni «байланысу,
үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болады. Мысалы, ата, ана, бақыт, кереге, кілем, өріс.
Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөздерге араласып келеді:
1. Басқа тілден енген сөздерде:
Мысалы: кино, математика, кітап
2. Біріккен сөздер мен қос сөздерде:
Мысалы: Екібастұз, асығыс-үсігіс
/Мұндай сөздер аралас сөздер деп аталады./

ІІІ. «Күміс қақпа» бекеті
314 – жаттығу «Артық білім кітапта»
І топ Жуан сөздерді теріп жаз
ІІ топ Жіңішке сөздерді теріп жаз
ІІІ топ Аралас сөздерді теріп жаз
ІV топ Тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз
316 – жаттығу
І топ
Күндіз көрінетін жұлдыз қалай аталады? Бұл – аспан... ғы ең жарық жұлдыз, жарықты.... сондай, азанда – барлық жұлдыз өшкен кез.... таң шапағы.... бірге жарқырап тұрады. Ал ақшам.... көк жүзінде бар жұлдыз.... озып, тең алдымен көріне.... Бірақ бұл жұлдыз емес.
ІІ топ
Бұл – Шолпан (Ғылым тілінде Венера деп аталады), біз.... күн жүйесіндегі екінші планета. Басқа планеталар сияқты, Шолпан да өздігі.... жарық шығармай...., тек күн жарығ.... шағылдырады. Сондықтан да ол күміс.... жарқыраған шам сияқты бол.... көрінеді.
ІІІ топ
Ақ сәулелі әсемдігі... орай Шолпан... таң жұлдызы деп те атай... Шолпан мен біздің Жер... ұқсас сипаттар... көп. екеуі де көрік...: бірі – көгілжім, екіншісі – ақ күміс.
ІV топ
Көлемдер.... де шамалас, екеу.... де ауа желектері.... оранған. Бірақ жермен салыстырғанда қозғалыс.... баяу әрі оралымсыз. Жер өз осінен 118 рет айнал... ды, Шолпан бір - ақ рет айналып үлгере... екен

ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ

(Ассимиляция)

Түбір сөз бен қосымша, сөз бен сез арасыңдағы дыбыстардың бір-біріне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі аталады. Мысалы, қалалық, мәнерле, мәжіліске, мектепте, сияқты мысалдарда қала, мәнер сөздеріне қосымшанын үнді дыбыстан басталып жалғануына сөздің соңындағы дауысты және үнді дыбыстар әсер еткен. Ал мәжіліс, мектеп сөздеріне қосымшаның қатаңнан басталып жалғануына сөз соңындағы қатаң дыбыстар қосымшаның өзіне жақын қатаңнан басталуына ықпал еткен.

Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді: Ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.

 

ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ

Сөздің соңғы дыбысы дауыссыздан басталатын қосымшаның алғашқы дыбысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейді. 1. Сөз дауысты дыбысқа, үнді және ұяң дауыссыздарға аяқталғанда, дауыссыздан басталатын қосымша не үнді, не ұяң дауыссыз дыбыстардан басталады: ана + ны, әке + де, қар + лы, әжем + де, қыз + дар.

Ескерту: Ілгерінді ықпалға бағынбайтын қосымшалар бар, олар: -шыл, -шіл, -шақ, -шең, -шық, -шік, -ші, -ша, -ше, -шылық, -шілік, -сыз, -сіз, -са, -се, -сық, -сің, -сыздар, -сіздер, -паз, -қор, -қой, -хана, -кеш: ұйқы+шыл, күлкі+шіл, ашу+шаң, мәсі+шең, ойын+шық, үй+шік, бала+ша, менің+ше, оқу+шы, ән+ші, шаруа+шы-лық, кәсіп+шілік, қалам+сыз, әл+сіз, бар+са, кел+се, қала+сың, кере+сің, ала+сыз, біле+сіз, ұға+сыздар, жүре+сіздер, өнер+паз, бәле+қор, сән+қой, ем+хана, ар-ба+кеш.

Сөз қатаң дыбысқа және б, в, г, д дыбыстарына аяқталғанда, дауыссыздан басталатын қосымшаның алғашқы дыбысы қатаң дыбыстан басталады: халық+қа, бесік+ті, завод+та, кооператив+тің, штаб+та, педагог+тер, архив+тен, геолог+ке.

 

КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ

Қазақ тіліңде түбір мен қосымша және біріккен сөз сыңарларының аралығында, сөз тіркестері сыңарларының арасында кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсер ететін жағдайы жиі кездеседі. Кейінгі дыбыстын алдыңғы дыбысқа әсерінен алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысқа ұқсап өзгеруі кейінді ықпал деп аталады. Мысалы: кітап — кітабы, күрек — күрегі, басшы — башшы, Оразжан — Оражжан, ақ лақ — ақ лақ, он бес — ом бес, боз жирен — бож жирен т. б. Кейінді ықпалдың жазуда ескерілетін де, ескерілмейтін жері де бар. Егер қ, к, п дыбыстарына аяқталған сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша қосылса, түбірдің соңындағы қ, к, п дыбыстары ұяң болып ғ, г, 6, (у) болып өзгерген қалпында жазылады. Мысалы, тік — тігеді, кеп — кебеді, жүрек — жүрегі, жап — жауып   т.   б.  Бірақ   қазақы (дәстүр), қалмақы (ер) және орыс тілінен енген п дыбысына аяқталатын сөздерде ұяңдамайды. Көбінесе кейінді ықпал бойынша ықпалдасатын қ, к, п, с, з, ш, ж, н дыбыстары болып келеді, тек айтылуда ғана өзгеріске ұшырайды, мысалы, қос шелек (қош шелек), саз жол (саж жол), Бозжан (Божжан), қосшы (қошшы), жұмысшы (жұмысшы), Боранбай (Борамбай) т. б.

 

ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ

Қазақ тілінде көрші дыбыстар бір-біріне түрліше ықпал етеді.  Кейде    сөз    тіркестері    мен    біріккен    сөз сыңарларындағы дыбыстар бір-біріне ілгері-кейінді әсер етіп, алдыңғы дыбыс кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп өзгертетін, ал ол өзгерген дыбыс өзінен бұрынғы дыбысты өзгертетін жағдай кездеседі. Дыбыстардың осылайша өзгеруі тоғыспалы ықпал деп аталады. Мысалы, Ырысжан .(Ырышшан), Есжан (Ешшан), Жанқожа (Жаңқожа), тас жол (таш шол) т. б.

 

ТҮБІР СӨЗДІҢ ЖАЗЫЛУ ЖАЗЫЛУ ЕМЛЕСІ

1. Сөздер жазылуда айтылуы ескерілмей, түбірін сақтап жазылады: ақ лақ (ағ лак емес), ала ат (алат емес), келе алмайды (келе алмайды емес), қашса (қашша емес), ушсақ (ұшшаң емес), көк ешкі (көгешкі емес), ашсын (ашшын емес), айтып бол (айтып пол емес).

2. Орыс тілінен кірген сөздердің тілде қалыптасқан қалпында жазылатындары бар: самауыр, бәтеңке, минөт, газет, сиса, теңге, бәтес, сот т. б.

3. Араб, парсы тілдерінен кірген сөздер тілде өзгеріп қалыптасқан қалпында жазылады: Фатима, Бәтима, Патима, Ғали, Әли, К,али, Әлі т. б.

 

БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

1. Күрделі атаулардың (мемлекет, облыс, аудан, мекеме, ұйым, ірі уақиға аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады. Қазақстан республикасы, Президент кабинеті, Қазақстан республикасының Президенті, Орта Азия, Кіші Азия, Америка Құрама Штаттары.

2. Сөз тіркестері, идиомалық, фразалық тіркестердің әр сездері бөлек жазылады: үлкен бөлме, ит өлген жер, тонның ішкі бауындай, адым жер, қозы көш жер т. б.

3. Күрделі зат есімдер, күрделі сын есімдер, күрделі сан есімдер, күрделі етістіктер, құранды етістіктер, күрделі үстеулер мен шылаулар бөлек жазылады: асықты жілік, қызыл ала, он бес, кіріп шық, қызмет қыл, ертеден қара кешке, сондықтан да т. б.

 

БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

Біріккен сөздер бірге жазылады: 1) Құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын сақтамай, бір-бірімен жымдасып кеткен кіріккен сөздер бірге жазылады: бүгін (бүл күн), биыл (бұл йыл) (жыл), әкет (алып кет), апар (алып бар), білезік (білек жүзігі), әкел (алып кел), сөйтіп (солай етіп), күндіз (күннің жүзі), қайны (қайын іні), кекілдірік (кекілге ілдірік) т. б.

Құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын сақтап біріккен сөздер бірге жазылады: қоянжел, жыланкөз, көкдәрі, қылтамақ, түйетабан, ұлтабар, шоқайна, қонақжай т. б. Біріккен сөздердің бұл тобына түрлі саладағы сөздер жатады: а) ғылымның түрлі салаларына байланысты терминдер: көпбұрыш, шикізат, оттегі, келіссөз, сутегі; ә) жан-жануар, өсімдік атаулары: алақұрт, ақшұнақ, қосаяқ; б) құрал-сайман, ойын, тұрмыстық, жабдық атаулары: шаңсорғыш, еттартқыш, төсек жапқыш, беташар, ақсүйек т. б.; в) бірінші кейде  2-сыңары еш, әр, кей, әлде, бір, қай, қайсы сөздерінен болған біріккен сөздер: ешкім, әркім, әлдеқалай, кейбір, қайсыбір т. б.; г) екінші сыңары аралық, тану, сымақ сөздері болатын біріккен сездер: халықаралық, өлкетану, батырсымақ; д) бірінші сыңары авто, авиа, агро, фото, электро, радио, кино, гидро, танс, инфра, ультра, изо, гипер сөздері болған біріккен сөздер: автошеберхана, авиомектеп, агроөнеркәсіп, фотокөрме, электрометр, радиоөнер, киноактер, гидрофизика, трансформатор, инфракүлгін, ультрадыбыс, изосызық, гипержазықтық.

 

БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

Біріккен сөзден жасалған кісі аттары, жер-су, тау атаулары, қалалардың аттары, жалпы географиялық атаулар бірге жазылады: Ақтоқты, Ботагөз, Бауыржан, Ақмола, Жезқазган, Екібастуз, Алатау, Алакөл, Сабын-дыкөл т. б.

Ескерту: 1) Кейбір кісі аттарының қүрамындағы сыңарлар айтылуда өзгеріп қалыптасқан қалпында жазы-лады: Ботагөз, Дәметкен, Торайгыр, К,ожахмет т. б. 2) Екінші сыңары қ, к дыбыстарынан басталатын кісі аттарының бірінші сыңары дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға аяқталғанда, қ, к дыбыстары айтылуда ұяңдаса ғ, г әріптерімен жазылады: Қарагөз, Нұргелді, Нұрқожа, Нурғиса, Айғыз. Егер мұндай сөздердің екінші сыңарындағы қ, к дыбыстары айтылуда қатаң қалпын сақтаса, онда қатаң қ, к әріптерімен жазылады. Әбілқасым, Әбілқайыр, Нұрикамал, Әбдіқадыр, Құсниқамар т. б.; 3) Кісі аттары екі дауыссыздың тіркесінен басталмайды. Мұндай кісі аттарында екі дауыссыздың алдынан, не екеуінің арасынан ы, і әріптері қосылып жазылады: Ысқақ, Ысмайл, Сымайыл, Сымақұл, Ырзабай, Ырзыхан т. б. 4) Ұлы, қызы сөздері кісі аттарымен біріге жазылады: Асқарулы, Ахметұлы, Бауыржанұлы, Досанқызы, Құрманқызы, Шонақызы т. б.

 

Дыбыс үндестігі

Жарияланды 22-11-2014, 08:11 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тақырыбы: Дыбыс үндестігі
Сілтеме Қазақ тілі. Авторлары: Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова
Алматы «Атамұра»- 2010ж, интерактивті тақта, көрнекіліктер (стикерлер, маркерлер, карточкалар), бағалау критерийлері.
Сабақтың мақсаты: Дыбыс үндестігінің түрлері, ілгерінді ықпалдың, кейінді ықпалдың, тоғыспалы ықпалдың жасалуын түсіну, қолдану.
Міндеттері: 1. Оқушылардың белсенділігін арттыру.
2. Сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру.
3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды түсінуде, оқушылар жаттығулармен жұмыс барысында ойландыру, топтық жұмыста еркіндік беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: Жеке, жұптық, топтық жұмыс, сұрақ - жауап, қорыту, талдау, бекіту, ауызша - жазбаша, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары ( ой тастау, топтастыру, т. б)
Сабақтың көрнекілігі Интерактивті тақта, әдістемелік құралдар, бағалау критерийлері
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңа сабақ материалын толық меңгереді.
2. оқушылар мәтін бойынша бір - біріне сұрақты дұрыс қоя біледі
3. көрген, естігенін өз ойымен еркін жеткізе алады,
4. Бір - біріне сұрақтар қояды.
5. Ой қорытады.
6. Пікірлерін айтады.
7. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.
8. Жұппен жұмыс істей алады.

Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу.
2. Шеңбер құру: Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Кәне, барлығың бір - бірлеріңнің көздеріңе қараңдаршы. Мен сендердің көздеріңнен мейірімділікпен, достықтың, сүйіспеншіліктің, әдеміліктің белгісін көріп тұрмын. Енді бір - бірімізге жылы, жақсы сөздер айтайық! Мысалы: Сен бүгін ақылдысың, әдемісің, күштісің. т. б.
3. «Сен кімсің» ойыны. Бір оқушының көзін байлаймыз. Ортаға шығарып, бір оқушының алдына апарады. Ол танымайтындай өзгертіп айту керек. Егер тапса ол кісі орнына барады.
4. Қиғаш қағаздарды беріп, таратамын. Ол қағаздардың шетіне 4 түрлі түсті жазылған дауыссыз дыбыстар. Сол 4 түске байланысты 4 топқа бөлінеді.
5. Алтын ережемізді еске түсіреміз. (2 мин)
Үй жұмысын тексеру (5 мин)
1. Мұғалімнің іс - әрекеті
1. Үй тапсырмасын тексеру: «Ой қозғау» буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ата.
2. Перфокартаны толтыр.
Қосымшалар --------------- Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
- мен
- шы
- паз
- нікі
- қой
- дың
- кер

Жаңа сабақ (28 мин)
Сабақтың барысы
2. Мұғалімнің іс - әрекеті
Жаңа тақырып:
«Кім жылдам?» Тапсырма: Берілген сөздердің айтылғанда өзгеріске ұшырайтынын топ болып көрсету керек.
1 - топ: көп бала (ілгерінді ықпал - көп пала)
2 - топ: сөзсіз (кейінді ықпал - сөссіз)
3 - топ: Досжан (тоғыспалы ықпал - Дошшан)
4 - топ: ала қап (ілгерінді ықпал – ала ғап)
СТО ой тастау, Ал енді мына жазылған сөздерге қараңдаршы не байқап тұрсыңдар? Қандай ой келеді?, / Балалар, ықпал деген не? Осы ықпал сөзін естігенде қандай ой келеді?
Жеке жұмыс. Өзіндік жұмыс. (Кеспе қағазбен жұмыс)
(2 мин) тақтада тексеремін.

Топтық жұмыс. Әр топ осы тақырыптарға оқулықтан, интернет ақпарат көздерінен қарап қорғайды.
1 - топ. Дыбыс үндестігі.
2 - топ. Ілгерінді ықпал.
3 - топ. Кейінді ықпал.
4 - топ. Тоғыспалы ықпал.
Жұппен жұмыс. 331 - жаттығуды оқулықта берілген дауыстыдан басталған – ым, (- ім), - ы (- і), - ың (- ің), ып (- іп) қосымшаларын жалғап, қандай дыбыс үндестігіне ұшырағанын табыңдар. (2 мин)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2018
2260
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі