Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ" Стол тенисін ойнау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды спортқа баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Шымкент қаласы «Мирас» университеті







Құлтанова Мая Бұрханқызы



«Қазақ тіліндегі сан есімдердің грамматикалық ерекшеліктері»



Мамандық аты және коды




...................... магистрі академиялық дәрежесін алу үшін орындалған диссертация



Ғылыми жетекші: аты-жөні, ғылыми атағы


Қорғауға жіберілді: институт директоры

_______________Аты-жөні, ғылыми атағы

«___»__________2021ж.


Кафедра меңгерушісі:__________ аты-жөні, ғылыми атағы


Ғылыми семинар төрағасы: ___________ аты-жөні, ғылыми атағы









Шымкент, 2021 жыл






МАЗМҰНЫ




Кіріспе 3


1.Сан есімнің зерттелуі

1.1 Сан есімнің зерттелу тарихы 4

1.2 А.Байтұрсынов зерттеуіндегі сан есім 6


2. Сан есімнің өзіндік ерекшеліктері 7

2.1 Сан есімнің мағыналық топтары 12

2.2 Дара және күрделі сан есімдер 23


3.Сан есімнің грамматикалық ерекшеліктері

3.1 Сан есімнің синтаксистік қызметі 24

3.2 Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері 27

3.3 Сан есімдердің морфемдік құрамы 30

3.4 Сан есімнің сөзжасам жүйесі 31


Қорытынды 36


Қолданылған әдебиеттер тізімі 38


Қосымша



















Кіріспе



Зерттеу жұмысының өзектілігі: сан есімдердің грамматикалық ерекшеліктерін анықтау.


Зерттеу нысаны – сан есімдердің, оның жекелегене мағыналық топтарының өзіндік ерекшеліктерін нақтылау.


Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: сан есімдердің және оның мағыналық топтарының грамматикалық ерекшеліктерін анықтап, саралау.


Зерттеу жұмысының дереккөздері: қазақ тілін зерттеген түрлі ғалым – академиктердің еңбектері, мақалалар, диссертациялық зерттеулер.


Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс – тәсілдер: қазақ тілін зерттеуші ғалымдарының сан есімдер туралы еңбектерін салыстыра қолдану.


Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

- сан есімдердің жасалу жолдары;

- сан есімнің дербес сөз табы ретіндегі басты белгілері;

- шамалап мөлшерді білдіргенмен, сан еісмге жатпайтын сөздердің топтастырылуы;

- сан есімнің синтаксистік және морфологиялық ерекшеліктері;

- сан есімдік сөзжасам мәселесінің ерекшеліктері.


Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді.

Жеке, нақтылы тілдердегі немесе тілдер тобындағы сөздерді сөз таптарына топтастыруда сөз таптарының жалпы теориясына сүйену өте қажет. Әрине, жеке, нақтылы бір тілдегі сөз таптарының санын да, табиғатын да сол тілдің өзіндік ереекшеліктерін ескермей, немесе сол ерекшеліктерге байланыссық айқындау дұрыс болмаған болар еді. Бұл жерде әңгіме сөз таптарының жалпы теориясның жеке, нақтылы тілдердегі сөздерді сөз таптарына дұрыс топтастыра білуге қатысты болып отыр. Жеке тілдердегі немесе тілдер тобындағы сөз таптарын айқындауа сол тілдердің немесе тілдер тобының грамматикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, сөз таптарының жалпы теориясына негізделу қажет. Мұнсыз сөздерді сөз таптарына классификациялау мәселесі өзінің дұрыс шешімін таба алмайды.

Сан есімдер – тілімізде өте көне заманнан бері қолданылып келе жатқан сөздер. Сондықтан бұлардың қалай жасалғандығы жөнінде ғалымдар арасында түрліше пікір бар. Мысалы, Н. А. Баскаков сан есімдер – есімдерден бөлініп шыққан сөз табы екендігін және олар сын есім, үстеу сияқты белгі мағынасын білдіретіндігін айтқан. Ал, қазақ тіліндегі сан есімді зерттеген Ә.Хасенов: «Түрік тілдеріндегі негізгі сөздік қорға жататын сан атаулары өмір шындығынан, конкретті заттан алынған, яғни зат есімдерден шыққан. Әрине, бұл жалпы сандық ұғымдардың дамуы математика ғылымының дамуымен байланысты, адамзат қажеттілігінен туды деген пікірге ешбір қайшы келмейді, қайта оны толықтыра, растай түседі. Сандық семантикалы есімдер мен сөз тіркестері, түркі тілдеріндегі негізгі сан атаулары зат есімдерден бөлініп шықты деген жорамалымызды жоққа шығармайды, қайта растайды»-дейді. Осылайша ғалымдар сан есімнің пайда болуы жөнінде түрліше пікір айтса, кейінгі ғалымдар сан атауларының нақтылы қалай, қандай тәсілдер арқылы жасалатындығын ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді. Олай болса, сан есімдер – өздеріне тән жасалу тәсілдері бар, өздерінің табиғи қызметінде ешбір өзгеріске түспейтін, тек субстантивтенгенде ғана түрленетін, мағына жағынан бірнеше топқа бөлінетін, сөйлемде белгілі қызмет атқаратын сөз табы.



Сан есімнің зерттелуі

Есімдер тобына жататын сөз табының бірі болып саналатын сан есімнің өзіндік зерттелу тарихы бар. Түркі тілдеріндегі грамматикалардан бастап сан есімге көңіл бөліне бастады. Бұл грамматикалардың бәрінде сан есімдер қысқаша болса да сөз болды. Мысалы, Н.И.Ильминскийдің, А.Казембектің, М.Терентьевтің, П.М.Мелиоранскийдің,   В.В.Катаринскийдің, С.В.Ястремскийдің, Н.Ф.Катановтың еңбектерінде сан есім жеке сөз табы ретінде карастырылған.

Кеңес дәуіріндегі түркологтар еңбектерінде де сан есім жайында пікірлер бар. Мысалы, А. Боровковтың оқулығында сан есімнің екі түрі көрсетілсе, Н. П. Дыренкованың грамматикасында төрт түрі берілген. Бірақ бұл грамматикаларда сан есімнің семантикалық жақтарына қарай бөлінуін бірінші орынға койғанмен, ол элементарлы түрде кысқа ғана түсіндіріліп, барлық қолдану ерекшеліктері толық және жан-жақты қамтылмай баяндалған.

Қазақ тіл білімінде сан есім жеке сөз табы ретінде алғаш мектеп грамматикасының көлемінде қарастырылды. Қазақ мектептерінде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық – А.Байтұрсыновтың оқулыктары болды.1Оның “Тіл – құралдары» қазақ тілінің фонетикалык және грамматикалык кұрылымын талдап, жүйелеп, танытып берген окулықтар еді. Ғалымның 1914 жылғы бірінші “Тіл – кұрал” оқулығында сан есім жеке сөз табы ретінде көрсетілген. Онда сан есімге мынадай анықтама берілген:“Неше? қанша? деген сұрауға жауап болатын һэм нэрсенің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз.” Ал 1915 жылғы екінші “Тіл – кұралда” сан есімге қатысты мағлұматтар кеңейтіліп баяндалған. Бұл кітапта “Сан есім нәрселердің есебін һәм ретін көрсететін сөздер,”-деген анықтама беріліп, сан есімнің есептік (оны іштей жай және жадағай деп екіге бөлген), реттік, темілдік (қазіргіше бөлшектік сан есім) деген түрлері көрсетілген.

Қазақ тілі білімінің ғалымдары I. Кеңесбаев, К. Аханов, А. Ыскаков, Н.Сауранбаев, М.Балақаевтардың грамматикалық оқулыктарында да сан есімдердің мағыналық топтары, жасалу жолдары туралы пікірлер қамтылды.

1954 жылы шыққан қазақ тіл білімінің фонетика, лексика және грамматика мәселелерінен жан – жақты мағлұмат беретін “Қазак тілі” атты еңбекте сан есім жайында аздаған мәлімет берілді.

Сан есім кейініректе арнаулы диссертациялық зерттеу объектісі болып, ол жөнінде Ә.Хасеновтің жеке еңбегі (1957) жарияланды. Ғалым өз зерттеуінде түркі тілдеріндегі сан есім категориясының зерттелуіне шолу жасай келіп, сан есімдердің лексика – семантикалық ерекшеліктеріне тоқталып, лексикалык жағынан сан есімдер түркі тілдерінің туыстығын айқын таныта аларлық категорияның бірі болып табылатындығын және сан атауларының түрік тілінде сөйлейтін халықтармен бірге жасап, көне заманнан бері карай қолданылып келе жатқандығын айтқан. Сан есімдерді семантикасына карай есептік, реттік, жинақтық – субстантивтік, топтық, бөлшектік, болжалды – шамалық деп алты түрге бөліп, әрқайсысына жеке- жеке тоқталған. Одан әрі сан есімнің морфологиялық ерекшеліктерін баяндай отырып, сан есімдердің жеке сөз табы ретіндегі ең басты айырмашылығы – сан есімдер не аффикстену, не басқаша тәсілдер арқылы басқа сөз таптарынан жасалмайтындығын дәлелдеген. Сонымен бірге сан есімнің синтаксистік қызметін де сипаттаған.

1964 жылы қазақ тіліндегі есім сөздерді түгел қамтыған профессор А.Ыскаковтың “Қазіргі қазақ тілі” (морфология) атты монографиялық еңбегі жарық көрді. Осы еңбегінде ғалым сан есімді жеке сөз табы ретінде жан –жақты сипаттай келіп, сан есімдердің жасалу жолына карай қосылмалы және көбейтілмелі болып келетіндігін тіл фактісіне сай тұжырымдаған.

Грамматикаларда” да сан есімнің жеке сөз табы ретінде лексика - семантикалық, морфологиялык, синтаксистік жағынан қарастырылуында алдыңғы еңбектермен үндестік байқалады. Ал сан есімнің сөзжасамы кейінгі кезде арнайы зерттелді.1988 жылы профессор Н.Оралбаеваның “Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі” атты еңбегі жарық көріп, онда сан есім сөзжасамының негізгі тәсілдері, олардың сөзжасам жүйесійен алатын орны, атқаратын қызметі айтылып, сан есімнің әр семантикалық тобының жасалуы, күрделі сандардың жасалу модельдері көрсетілді.

Сан есім сөйлемдегі сөздердің барлығымен бірдей тіркесе бермейтіні, олардың тікелей тіркесетін негізгі сөздері – зат есімдер, зат есімнен жасалған туынды сын есім және етістіктер екені белгілі. Осы тұрғыда ғалым Т.Сайранбаев зерттеуінде сан есімнің етістікпен тіркесі жайында кеңінен айтылған. Ал А.Елешева фразеологизм кұрамындағы сан есімдердің ерекшеліктеріне тоқталып өткен.



Ахмет Байтұрсыновтың зерттеуіндегі сан есімдер


Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде қазқ революциясына дейін де, кейін де аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны айрықша зор тұлға. Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда, қазақ тілінің «рухани көсемі» болған А.Байтұрсыновтың ұланғайыр еңбегі сан саладан көрінеді. Қазақ тілінің теориясының дамуына зор үлес қосқан. Соның ішінде сан есімдер жайындағы зерттеулеріне шолу жасасақ.

Кей сөздер нәрсенің санын атайды, мәселен, бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, елу, жүз, мың, миллион. Нәрсенің санын сұрағанда неше? немесе қанша? деп сұраймыз. Нәрсенің жәл санын сұрағанда неше? деп сұраймыз. Мәселен: «неше кісі келеді?» - «үш кісі келеді». Нәрсенің санын білуге емес, шамасын ғана білуге сұрағанда қанша? деп сұраймыз. Мәселен: «Қанша күн жүресің?» - «үш – төрт күн жүремін». Міне, осы сияқты неше, қанша деген сұрауға жауап болатын жаңа нәрсенің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз. Ескерту. Неше? деген сұрау нешеу? деп те айтылады. Дағдыландыру: Төмендегі сөздердің ішіндегі сан есім сөздерді айырту.

Бір кісі, екі бет, үш омыртқа, төрт түйе, жетпіс бір бұлақ, т.б.

Сынау: Төмендегі сөздерді көшіріп, сан есімнің астын сызып көрсетіңдер:

Мың қосшыға бір басшы. Екі кісі қағысса, бір кісіге орын болар, т.б.

Сан есім нәрселердің есебін, һәм ретін көрсететін сөздер. Есебін көрсететін сөздер , мәселен, бір, екі, он, жиырма, т.б.

Ретін көрстетін сөздер мәселен, екінші, отызыншы, жетінші, т.б.

Есептік сан екіге бөлінеді: бірі жоғарыда көрсетілген қалыпта айтылады. Ол жай есептік. Екіншісі зат есімге тіркелмей сөйленетіндігінен басқарақ айтылады: бір – біреу, төрт – төртеу, алты – алтау делініп. Бұлайша айтылу жетіге дейін-ақ бар. Бұлар жадағай есептік деп аталады.

Есептік үлкендете саналады, мәселен, он бір дегенде әуелі үлкені айтылып, содан соң кішісі айтылады: ол онның бірден үлкендігінен. Реттік де үлкендете айтылады, мәселен он бірінші дегенде әуелі онды айтып, содан соң ғана біріншіні айтамыз. Реттік пен саналғанда есептікпен саналғандай айтылып келіп, ең ақырғы сөздің аяғына реттік жұрнағы –ыншы жалғанады. Бұлардан басқа нәрсенің бүтіні емес, бөлімтігінің санын көрсететін сандар бар олар темілдік деп аталады. Темілдік сан: жарты, жарым, ширек. Қазақ тілінде темілдік санның есімі тіпті аз.

Сан есім жалғаулары зат есім сын еісм жалғауларымен бірдей. Айтылуына қарай жалғаулар я тікелей санға, я жанындағы басқа еісмге жалғанады. Жадағай есептік басқа есімге қосарланып айтылмайтын болғандықтан, жалғаулар оларға қай кезде де өзіне жалғанады.





Сан есімнің өзіндік ерекшеліктері


Сан есімдер – сандық ұғымды білдіретін, есімдер тобына жататын сөз табы. Сан есімдер заттың сандық белгісін білдіретін болғандықтан, ол белгіні білдіретін сөздер тобына жатады. Бұл тұрғыдан сан есім сын есімге жақын, өйткені сын есім де заттың белгісін білдіретін сөз табы. Бірақ сан есім заттың  сандық белгісін білдірсе, сын есім заттың сындық белгісін білдіреді. Осы ұқсастығына қарай сан есім де белгіні білдіретін болғандықтан, ол да дерексіз мағыналы сөз табы, оның мағынасы зат есіммен тіркескенде ғана нақтыланады. Мысалы, бес кітап, он дәптер, жүз кісі, он бес қала, бес жүз көше т.б. Бұл қолданыстағы сан есімдердің мәнін онымен тіркескен зат есім сөздер деректеп тұр.

   Осы сандарды зат есім тіркесінсіз жеке алсақ, бес, он, жүз, он бес, бес жүз деген түрде олар жоғарыдағы нақтылықтан айырылып, әйтеуір бес, он, жүз, он бес, бес жүз деген жалпы сандық ұғымды ғана білдіреді. Бұл сан есім сөздердің зат есім тіркесінсіз жалпы, дерексіз мағыналы сөздер екенін дәлелдейді.

     Шындық өмірде заттардың көбі түрлі мағынада, түрлі сандық құрамда қолданылады да, олар түрлі сан есім сөздермен көрсетіледі. Бұл сан есімнің зат есіммен тіркесте қолданылуын қалыптастырған. Алайда, сөйлемде сан есімдер зат есімге тіркеспей, сан атауы ретінде жеке де қолданылады. Мысалы, Жолға шыққан үшеу едік. Әкеден алтау, шешеден төртеу, жалғыздық көрер ретім жоқ сияқты қолданыстарда сан есімдер сан атауы түрінде қолданылған 

Заттың саны мен мөлшері бір – біріне қатысты, сондықтан олар тілде қатар қолданылады. Мысалы: жарты уыс бидай, жалғыз келді, дара отыр, қозы көш жер, әу дегенше келді, ет асым уақыт деген қолданыста жарты, жалғыз, дара, қозы көш, әу дегенше сияқты сөздер мөлшер мәнін білдіріп тұр. Бірақ олар мөлшердің нақты санын білдіріп тұрған жоқ, сондықтан олар сан есімге жатады.

       Мұндай сөздер мағынасы жағынан сан есімге  жақын болғанымен, олар – табиғаты басқа сөздер. Өйткені жарым, жарты, жалқы, сыңар, дара, қос, сүт пісірім, ат шаптырым, қас пен көздің арасында, қозы көш жер, әу дегенше – фразалық тіркестер, олар әртүрлі сөз табына қатысты.

      Сан есім сөзде тілде екі түрлі жазылады, олар әріппен де, цифрмен де   жазылады, ал,  жоғарыда келтірілген сөздерде бұл белгі жоқ.

Сөз табы ұстанымдары тұрғысынан алғанда, сан есімнің өзіне тән семантикалық мағынасы бар, яғни олар – сандық ұғымды білдіретін сөздер. Шындық өмірде заттар өте көп, зат болған жерде заттың саны да болады. Ол жанды затқа да, жансыз затқа да қатысты. Сондықтан сан есім сөздер затты талғамай тіркеседі, сан есім зат атауының алдынан тіркесіп, оның санын білдіреді. Мысалы, екі кітап, бір қалам, он дәптер, үш қыз, бір жігіт, бір мысық, екі ит, т.б. Сан есім зат есіммен ешбір қосымшасыз орын арқылы ғана байланысады. Сан есім заттың нақты санын көрсетумен бірге, заттың санын шамамен, болжап та, бүтін заттың санын да, бөлшек заттың санын да, заттың рет санын да білдіреді. Оның бәрі жалпы сандық ұғымға жатады, яғни сан есімнің семантикалық белгісіне жатады. 

   Сөздерді топтастырудың екінші ұстанымы – сөз табының морфологиялық белгісі. Бұл көбінесе сөз табының сөздерді түрлендіру жүйесіне қатысты екені белгілі. Сан есімнің өзіне тән грамматикалық категориясы, яғни түрлендіру жүйесі жоқ. Бұл ерекшелік басқа да сөз табына қатысты. Сондықтан ол сан есімнің сөз табы ретінде танылуына кедергі бола алмайды. Бірақ сан есім мүлдем түрленбейтін сөз табына жатпайды. Өйткені сан есім – заттардың санын білдіруден басқа да мағынада да қолданылады. Мысалы, бесті беске қосса он болады, деген сияқты қолданыс математика ғылымынан кең орын алады. Мұндай қолданыста сан есім зат есім парадигмалары бойынша түрленеді. Ол – сан есім сөздердің өзіндік ерекшелігі. Бірақ бұл сан есімде ешқандай қосымша жоқ дегенді білдірмейді. Сан есім морфологиялық көрсеткішке кедей сөз табы болғанымен, оның мағыналық топтарының жекелеген қосымшалары бар. Олар реттік санның –ншы, -нші, -ыншы, -інші жұрнағы мен жинақтау сан еісімнің -ау,-еу жұрнақтары.

   Сөздерді топтастырудың үшінші ұстанымы – сөз табының негізгі синтаксистік қызметінің болуы. Бұл ұстанымға сан есімнің анықтауыштық қызметі жауап береді. Сан есімнің ішінде анықтауыш болмайтын сөз жоқ, бұл – сан есімнің негізгі синтаксистік қызметі. Бірақ сан есім басқа да синтаксистік қызметте қолданылады, бірақ олар негізгі синтаксистік қызметке жатпайды.

Міне, осы белгілері сан есімді дербес сөз табы деп тануға мүмкіндік береді.

Сан есім зат белгісін білдіруі жағынан сын есімге ұқсайды, сондықтан сан есім де зат есіммен тіркесте жиі қолданылады. Мысалы, Сарыбала атасымен бірге алыстағы қыр елінен он бес мың қой жинап қазынаға өткізді (Ғ.М.). Биылғы жылдың сегіз айында ғана мың адам курс бітіріп шықты. Осы сөйлемдердегі он бес мың, сегіз, мың сан есімдерінің нақты мағыналары өздері тіркескен сөздер арқылы анықталып тұр, яғни қойдың он бес мың, айдың сегіз, адамның мың екендігі нақтыланып тұр. Ал сан есімдер жеке қолданылғанда, оларда нақтылық болмайды, абстракт мағынаға ауысады, демек он бес мың, сегіз, мың деген сөздер жайындағы ұғымды ғана аңғаруға болады. Қазақ тіліндегі сан есімдер бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың секілді жиырма шақты сөздер арқылы жасалатындығы ғылымда дәлелденген жағдай, яғни "санға байланысты неше түрлі болып жатқан абстракт ұғымдар осы жиырма сөз арқылы және олардың түрленуі арқылы беріледі". Қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолданылатын бір топ сөздер бар. Бұл сөздерді Ә. Хасенов екі топқа бөліп қарастырған: бірінші – сан есімнің тура мағынасындағы, яғни дәл сан мағынасын білдіретін және солар арқылы жасалған сөздер: егіз, қос, жарты, жарым, жеке, жалқы, сыңар, жалғыз, некен-саяқ, дара және осы сөздердің әрқайсысының мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталған. Автор сан есім мағыналы сөздердің екінші тобын өз ішінде тағы да екіге бөлген: 1.әртүрлі тіркестер арқылы берілетін абстрактылық ұғымдар; 2.счеттік (нумеративтік) сөздер мен сан мағыналы есімдер. Ғалым бірінші топқа сүт пісірім, шай қайнатым, бір шай ішім, ет асым, ат шаптырым, ел жатар кез, түс ауа, күндік жер, қозы көш жер т.б. секілді тіркестерді жатқызған. Ал екінші топқа жүз бас қой, бір қап бидай, бір нар киім, екі қабат үй, үш түрлі мәселе, бір түп ағаш т. б. секілді сөздерді жатқызып, бұл сөздерді счеттік (нумеративтік) сөздер деп атаған. А. Ысқақов қазіргі қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолданылатын сөздер бар екендігі, олардың жеке – дара түрінде де, сөз тіркесі түрінде де кездесетіндігін айта келіп, жарым, жарты сөздері бөлшектік ұғымдардың, жалғыз, жалқы, сыңар, дара сөздері бірлік ұғымдардың, центнер, килограмм, тонна, қадақ, батпан сөздері салмақ өлшемдердің, қадым, қарыс, кез, метр, шақырым, ат шаптырым, қозы көш (жер) аралық өлшемдердің және ет асым, қас қаққанша, қас пен көздің арасында, әу дегенше сияқты уақыт, мерзім өлшемдердің атаулары есебінде қолданылатындығын көрсеткен. Бұл сөздердің мағынасында аздаған мөлшерлік ұғым болғанмен, олар сан есімге жатпайды. Мысалы: жарым, жарты, жалқы, сыңар, дара, қос, егіз сөздері – сын есімдер, центнер, қарабатпан, килограмм, тонна, гектар, кубометр, адым, қарыс, кез, метр, шақырым сөздері – зат есімдер, ат шаптырым, қозы көш (жер), ет асым, қас қаққанша, қас пен көздің арасында, әу дегенше – тұрақты тіркестер. Сан есімге жатпаса да, мөлшерлік мағынада тілімізде жиі қолданылатын осы сөздердің ерекшеліктері академиялық грамматикада (2002) нақтыланып көрсетілген және бұл сөздер мынадай ретте топтастырылған:

- салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: қадақ, пұт, келі, батпан;

- көлем мөлшерін білдіретін сөздер: бір шымшым, біруыс, бір тілім, бір құшақг.6.

- қалыңдық өлшемін білдіретін сөздер: пышақ сырты, шынашәқ, бармақ, екіелі т.б. - қашықгықөлшемін білдіретін сөздер: адым, таяқтастам, шақырым, қозы көш жер, ат шаптырым т.б.

- ұзындық өлшемін білдіретін сездер: тұтам, сынық сүпем, кере кез, аршын, құлашт.б.

-жарты мағынасын білдіретін сөздер: жарты, жарым т.б.

- бір мағынасын білдіретін сөздер: жеке, дара, жалғыз, жалқы;

- екі мағынасын білдіретін сөздер: егіз, қос, пар;

-төрттен бір мағынасында: ширек;

- уақыт мөлшерін білдіретін сөздер: сүт пісірім уақыт, шай қайнатым биенің бір сауымындай уақыт. Бұл сөздердің барлығы да мөлшерлік мағынада қолданылғандарымен, сан есім болмайды. Сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелетін сандық, сан – мөлшер мағыналарында қолданылғанда, еш өзгеріске түспейді. Мысалы, Поездан бұдан басқа төрт адам түсті. Ол жақтан келетін екі автобус сәскеде келеді. Осы сөйлемдердегі төрт, екі сан есімдері өздері тіркесетін зат есімдердің алдынан түбір күйінде, ешбір қосымшасыз қолданылып тұр. Сан есімдер субстантивтенгенде түрленіп, «әр алуан өзгеріске түседі, демек, көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те және жіктеліп те қолданылады. «Мысалы, Мына бір бұлт жіңішкере келіп, екіге үзіліп кетті. Қармақтары балық қапқанша бір – біріне үндеспеуге серт айтысқандай екеуінде де үн жоқ (С. О.). Сан есімдер құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Тілімізде дара сандар көп емес, барлығы жиырма шақты - бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жөті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың. Күрделі сан есімдерге Ә. Хасенов: «екі немесе бірнеше дара саннан құралған сан есімдер», -деген анықтама берген. Мысалы, Қазақстан жерінде сүтқоректілердің жүз елу алты, құстардың төрт жүз жетпіс төрт, балықтың жүз қырық түрі бар (оқулықтан). Осы сөйлемдегі сан есімдер екі, үш, төрт сан атауынан құралған. Грамматикада дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып екіге бөледі. Негізгі дара сан есімдерге морфемалық бөлшектерге бөлінбейтін сөздер жатқызылады. Мысалы, бір, екі, бес, жеті, сег/зт.б. Ал туынды сан есімдер әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Мысалы, бірер, бірінші, үшеу, төртеу т.б. Осы негізгі және туынды дара сан есімдердің тіркесуінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер кү

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2021
456
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12