Ашық сабақ. "Сүйіспеншілік-өмір өзегі" 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. "Сүйіспеншілік-өмір өзегі" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеке тұлғаның өмірге деген сүйіспеншілігін арттыру, мейірімділікке тәрбиелеу. Жақсылыққа ұмтыла білу қасиеттерін дамыту арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Т. Рысқұлов орта мектебі МДШО және МЖИ КММ

Мерзiм:  06.02.2017ж

Пәні: «Өзін-өзі тану»

Мұғалім: К. Аксатиева

Сынып: 8 «Б»      Оқушылар саны: 24 Сабаққа қатыспағаны:

Тақырып: «Сүйіспеншілік - өмір өзегі»

Құндылық: Сүйіспеншілік

 

Қасиеттері: адамгершілік, мейірімділік, жақсылық, қамқорлық

 

Мақсаты: Оқушыларға  риясыз сүйіспеншілікпен өмірдің мәнді болатынын ұғындыру.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға күллі тіршілікке сүйіспеншілікпен қараудың мән-мағынасын түсіндіру.

Дамытушылық:  Жақсылыққа ұмтылу мен адамгершілік қасиеттерін дамыту арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын , жақындарын, достарын, айналасындағы адамдарды, табиғатты сүюге, ата-анасын риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні

Сабақ  барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып,оларды түгендеу.

5 оқу құралдарын дайындату.

5Т  ережесі  «Тәртіп», «талап», «тыныштық», «тазалық», «татулық»

Балалар , тәртіпті сақтап, оқып-білуге талаптанайық. Тыныштықты

орнатып , татулығымызды жалғастырайық. Сонымен бірге тазалықты да естен шығармайық.

Тыныштық сәтi.  Нұрға бөлену

Баяу әуен

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге н/е парта үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте, бірте қарқын және щұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрмын....Нұр менің ішімде.... Мен Нұрмын»

Осындай НҰР, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.


 

5 мин

Дәйексөз.

«Сүйіспеншілік - жүректен»

                                                    Ш.Құдайбердіұлы

- Дәйесөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

- Сүйіспеншілік  деген сөзді естігенде ең алдымен кім естеріңе түседі?

- Неліктен сүйіспеншілікті жүректен дейді?

Қорытынды:

Әрбір адам өзіне , ата-анасына , Отанына , туған еліне сүіспеншілікпен қарайды.Әлемдегі барлық жақсылық сүйіспеншілік  арқылы келеді. Адам жүрегі сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік , қамқорлық, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады.Сондықтан да біздің жүрегіміз сүйіспеншілікке толы болу керек.

 

 

 

6 мин

  Мұғалім сыйы.

1)«Риясыз жақсылық» бейнеролигін көрсету

Сұрақтар:

1. Оқиғада өздеріңе қандай әсер берді?

2. Жігіт бойынан қандай қасиеттер байқадыңдар?

3. Өз өмірлеріңде риясыз жақсылық жасаған адам кездесті ме?

 - Барлық жақсылықтың негізі осы риясыз сүйіспеншіліктен басталып, адам жанын нұрға , көңілін қуанышқа бөлейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 №1.  Шығармашылық  іс-әрекет, топтық жұмыс.

Оқушыларды  3 топқа бөлу:

1-топ . Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіретін плакат шығару


2-топ. «Ата-анаға деген сүйіспенпеншілік» тақырыбында коллаж жасау.


3-топ. «Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін қағаз бетіне тілекпен білдіру.( Сурет, тілек жазу)


 

12 мин


2 Тапсырма: Мультфильм кейіпкерлерін мозайкадан құрап, олардың жақсы жақтарын сипаттау

3 мин

Топпен ән айту.

«Ана туралы жыр»


4 мин

Сүйіспеншілік- өзін-өзі , өзгелерді  тануға  жетелеп, өзгелерді сыйлауға негіз болады. Сүйіспеншілік – Отанды, елді құрметтеуге үйретеді, табиғаттың сұлулығын сезіндіреді.

Соңғы тыныштық сәтi.

 

  Жай, әсем музыка қойылады. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл -  күйін естеріңізге  алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. «Мен өмірді сүйемін, өзімнің адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын.»

Рахмет!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1711
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі