Ашық сабақ Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ мұғалімдерге, оқушыларға көмек құрал ретінде пайдалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп












Ашық сабақ




Сабақтың тақырыбы: Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесу












Химия пәні мұғалімі: Аманжанқызы.Ш













20


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3А Химиялық реакциялар

Мектеп:

Мезгілі:17.01.18


Сынып: 7 а,б,в



Сабақтың тақырыбы

Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесу

9 зертханалық жұмыс.«Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі».

10 зертханалық жұмыс. «Сутекке сапалық реакция»

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама

сына сілтеме)

7.2.2.1 сұйылтылған қышқылдардың қолдану аймағын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау

7.2.2.2 сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу


Сабақтың мақсаттары

-сұйылтылған қышқылдардың қолдану аймағын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау

-сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу


Бағалау критерийлері

  • Сұйылтылған қышқылдардың әр түрлі металдармен реакцияларын зерттейді.

  • Сутек газының сапалық реакциясын түсіндіреді және жүзеге асырады.

Құндылықтарды

дарыту



Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Құндылықтарды дарыту ... арқылы жүзеге асады (іс-әрекетті немесе/және тақырыптың мазмұнын сипаттау).

Үштілділік: слайд

Денсаулық: сабақ барысы

Құрмет: қарым – қатынас дағдылары

Жаһандық азаматтық

Сабақтың тақырыбына сәйкес келген жағдайда, жаһандық азаматтық түсінігін қосу (ресурстар, тапсырмалар, талқылау және тб).

Пәнаралық байланыстар

Физика- Тәжірибе барысы

Дифференциая


Барлық оқушылар:

Реакцияны зерттейді

Қорытынды шығарады

Көпшілік оқушылар:

Сұйылтылған қышқылдардың металдармен реакциясын сөзбен жаза алады

Сұйылтылған тұз қышқылымен мырыш және темірдің реакциясын сөзбен жаза алады.

Газды қалай жинау керектігін түсіндіре алады.


Кейбір оқушылар:

Басқа металдармен жүретін реакцияларға салыстырмалы сипаттама жасайды

Мысалы, мырыш, мыс т.б. металдарға


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен амандасу

Сыныпта ынтымақтастықтық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастыру.

Оқушыларды топқа бөлу

Үш түрлі түске боялған қағаз қиындыларын таңдап алады. Стикерлердің астында 1,2,3 сандары жазылады, сол сандар бойынша 1-ші сан таңдағандар І топқа, 2-ші сан таңдағандар ІІ топқа, 3-ші сан таңдағандар ІІІ топқа отырады.

Үй тапсырмасын “Айналмалы бекет” сұрақтары арқылы сұрау.

1.Қышқыл мен негіз әрекеттескенде, сутек газы түзіледі. жок

2.Индикатор дегеніміз не? Қышқыл мен сілті ерітінділері әсерінен түсін өзгертетін заттар

3.Қандай индикаторларды білесің? Лакмус, фенолфталеин, метилоранж

4. Қандай қышқылдарды білесің? Тұз қышқылы, азот қышқылы,

күкірт қышқылы, фосфор қышқылы, көмір қышқылы

5. Қандай сілтілерді білесің? Натрий гидроксиді, калий гидроксиді, кальций гидроксиді

6. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл иод па? иа

7. Табиғи индикаторларды ата? Жүзім, қызылша шырындары, ирис гүлінің қайнатпасы, шие шырыны және т.б

8. Лакмус қышқыл ортада қандай түске өзгереді? қызыл

9. Фенолфталеин сілтілік ортада қандай түске өзгереді? таңқурай

10. Метилоранж бейтарап ортада қандай түске өзгереді? Қызыл сары

11. Азот, күкірт, фосфор қышқылдары қайда қолданалады. Минералды тыңайтқыштар, бояулар, қопарғыш заттар алуда қолданылады.

12. Асқазандағы тұз қышқылының қандай пайдасы бар? Астың тез қортылуына, аспен бірге түскен зиянды бактериаларды жоюға көмектеседі.


Презентациялар

Сабақтың ортасы































































Жаңа сабақ. Қышқылдардың химиялық қасиеттері.

Техника қауіпсіздігі қайталанады Бейнекөрсетілім.

  1. Қышқылдардың сілтілермен әрекеттесуі (бейтараптану реакциясы)

Бейнекөрсетілім

Реакция теңдеуі: натрий гидроксиді + тұз қышқылы = натрий хлориді + су

  1. Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі.

Бейнекөрсетілім 3мин, 1мин

Реакция теңдеуі:

алюминий +тұз қышқылы = алюминий(ІІІ) хлориді + сутек (магнийге қарағанда баяу)

темір + тұз қышқылы = темір (ІІ) хлориді + сутек (темір алюминийденде баяу)

мShape1 ыс + тұз қышқылы = (мыс қышқылмен мүлдем әректтеспейді)

магний + тұз қышқылы = магний хлориді + сутек (шабытты әрекеттеседі)

Орыс ғалымы Н.Н Бекетов металдардың сутекті қышқыл құрамынан ығыстыру қатарын 1965 жылы ашты

  1. Қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі.

Бейнекөрсетілім 2мин

Реакция теңдеуі:

кальций карбонаты + тұз қышқылы = кальций хлориді+су+көмірқышқыл газы.

Қазақша

English

Металл

Metal

Қышқыл

Acid

Тұз

Salt

Сутегі

Hydrogen

Реакция

Reaction

Газ

Gas

Мырыш

Zinc







Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

9 Зертханалық тәжірибе « Мырыштың сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттесуі» №10 «Сутекке сапалық реакция »

Мақсаты:Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі нәтижесінде сутегі газы бөлінетініне көз жеткізу және оны анықтау әдістерін таныстыру.

Қажетті құрал – жабдықтар: Ұстағышы бар метал тұрғы-1,Сынауықтар-2,колба ,стакандар

Тығыны бар газ өткізгіш түтік-1

 Химикаттар – реактивтер :

Тұз қышқылының ерітіндісі , мырыш түйіршігі ,

Тапсырма: Сұйылтылған тұз қышқылы мен мырышты әрекеттестіру .

Қауіпсіздік техникасы:

! Жұмыс барысы кезінде қышқылдармен жұмыс істеу ережелерін, жалпы ҚТЕ сақтау .

Жұмыс барысы:

1. Металл тұрғыға сынауықты бекітіңдер.

2. Сынауыққа қалақшаның ¼ бөлігіндей мырыш түйіршігін салыңдар.

3 .Мырыш түйіршігі бар сынауыққа 1-2мл сұйытылған қышқыл ерітіндісінен құйыңдар.

4. Сынауықтың аузын газ өтетін түтікшесі бар резина тығынмен бекітіңдер

5. Байқалған құбылысты бақылаңдар



Тәжірибе бойынша сұрақтар:

Мырыш сұйытылған тұз қышқылмен әрекеттескенде қандай газ түзіледі? Сутек жиналғанын қалай тексереміз ? Газ жинайтын ыдыс төңкеріліп ұсталуы неліктен? Бұл реакцияда белсенді металл қышқыл құрамындағы қай элементтің орнын басып тұр? және жазбаша реакция теңдеуін жазыңдар

Жұмыстың қорытындысын жазыңдар.

Жұмыс орнын жинақтап зертханашыға немесе мұғалімге тапсырыңдар!


Дескриптор Білім алушы

-мырыштың сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттесу үдерісін сипаттайды ;

-нені бақылағанын жазады;

- реакция өнімдерін атап, реакция теңдеуін жазады;

- қорытынды жазады;


Бинго ойыны

Оқушыларға сандар жазылған карточка таратылады. Мұғалім химиялық элементтің атын айтады, ал оқушы химиялық элементтің атомдық массасы карточкасында болса дөңгелектеп отырады. Электрохимиялық кернеу қатарындағы сутекке дейінгі элементтердің барлығы шыққан ойыншы жеңіске жетеді.

K- 39, Li-7, Na-23, B-11, Mg-24, N-14, Al-27, F-19, Zn-65, Fe-56, Ni-20, Sn-119, Pb-207.


Шопинг” әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру арқылы зат сатып алу.


1.Сұйылтылған қышқылдардың белсенділігі әртүрлі металдармен әрекеттесу реакция теңдеулерін салыстырыңдар? __________________________________________________________

2. Берілген заттардың әрекеттесу барысында нені байқадыңыз? ____________________________________________

3. Қышқылдармен әрекеттесетін металдар кернеу қатарының қай жағында орналасқан ?

_______________________

4. Кернеу қатарында сутектен кейін орналасқан қандай металдар сұйылтылған қышқылдан сутекті ығыстыра алмайды ?




Жауаптары:

1.Сұйылтылған қышқылдардың белсенділігі әртүрлі металдармен әрекеттесу реакция теңдеулерін салыстырыңдар?

МShape2 ырыш +тұз қышқылы мырыш хлориді +сутегі

МShape3 агний +тұз қышқылы магний хлориді +сутегі

ТShape4 емір +тұз қышқылы темір хлориді+ сутегі

МShape6 Shape5 ыс+ тұз қышқылы реакция жүрмейді


2. Берілген заттардың әрекеттесу барысында нені байқадыңыз?

Металл пен қышқыл әрекеттесу нәтижесінде газдың бөлінуі байқалды.

3. Қышқылдармен әрекеттесетін металдар кернеу қатарының қай жағында орналасқан ?

Қышқылдармен әрекеттесетін металдар кернеу қатарының сол жағында орналасқан .

4.Кернеу қатарында сутектен кейін орналасқан қандай металдар сұйылтылған қышқылдан сутекті ығыстыра алмайды ?

Кернеу қатарында сутектен кейін орналасқан мыс, сынап, күміс, алтын сұйылтылған қышқылдан сутекті ығыстыра алмайды


























Мырыш, тұз қышқылы(немесе т.б.), сынауықтар,тығыны бар газ өткізгіш трубка, колба, стакандар.


ҚСабақтың соңы


Бүгінгі сабағымыздың мақсаты жүзеге асырылды ма?

Рефлексия жүргізу:

Үйге тапсырма.

Бағалау.

Таратпа материалдар

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?Жеткізбесе,неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:




































Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесу тақырыбында 7 в сыныбында өткен ашық сабақ


Shape7

Сабақты бекіту кезеңі Бинго ойыны.






9 « Мырыштың сұйытылған тұз қышқылымен әрекеттесуі» зертханалық жұмысын жасау сәті


Сабақты қорытындылау кезеңі “Шопинг” әдісі





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2018
1474
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі