Ашық сабақ "Су. Ол қандай?" 2-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Су. Ол қандай?" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Су және оның қасиеттері. 2.5.3.1 Судың қасиеттерін анықтау (дәмі, иісі, түсі, пішіні, сұйықтығы); 2.5.3.2 Судың үш күйде болатынын түсіну және бір күйден екінші күйге ауысуын зерттеу. 2.1.1.1. Қыздыру және салқындату барысында судың күйінің өзгеруін бақылау арқылы сұрақтар қою және жауаптар табу. Барлық оқушылар: Оқушылар судың қандай күйде болатынымен танысады. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйренеді Оқушылардың басым бөлігі: су туралы түсінік алады және судың қажеттілігін, оның адамның,құстың,жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы біледі. Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Заттар және олардың қасиеттері.

Мектеп: «Тауағаш орта мектебі» КММ

Күні: 20.12.2017 ж.

Мұғалімнің аты-жөні : Молдыбаева А.Ж.

Сынып: 2

Пән: Жаратылыстану


Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Су. Ол қандай? Судың түрлі күйлері.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

Су және оның қасиеттері.

2.5.3.1 Судың қасиеттерін анықтау (дәмі, иісі, түсі, пішіні, сұйықтығы);

2.5.3.2 Судың үш күйде болатынын түсіну және бір күйден екінші күйге ауысуын зерттеу.

2.1.1.1. Қыздыру және салқындату барысында судың күйінің өзгеруін бақылау арқылы сұрақтар қою және жауаптар табу.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Оқушылар судың қандай күйде болатынымен танысады. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйренеді

Оқушылардың басым бөлігі: су туралы түсінік алады және судың қажеттілігін, оның адамның,құстың,жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы біледі.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Күтілетін нәтиже

 Судың табиғатта баға жетпес сый екенін біледі, түсініктерін қалыптастырып дамытады. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттауға үйренеді


Бағалау критерилері

Судың негізгі қасиеттерін тәжірибе арқылы көрсетіп, сипаттап бере алады;

Жүргізілген бақылауларды салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіре алады.

Тілдік мақсат

Оқушылардың су тақырыбында сөздік қорлары молаяды. Су және тәжірибеге қажетті заттардың атауын үш тілде айтып үйренеді.





Құндылықтарды дарыту

Суды үнемдеу керектігін түсінеді..

Алдыңғы меңгерілген білім


Тәжірибелер жасау арқылы судың қасиеттерін анықтады.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

қағаз, желім, фломастер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.

Оқушылар көңілді шеңберге жиналады.Бүгінгі ауа райы туралы әңгімелеседі.

Су туралы жұмбақтар шешу.
1. Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
Айтыңдаршы осыны кім біледі? (су)
2. Көзге көрінбейді
Қолға ілінбейді (ауа)
3. Көзге көрінгенмен
Ұстасақ қолға ілінбейді.
(бу )




Сабақ ортасы

25 минут











































































Сергіту сәті

1 мин













Су туралы түсіндіру, глобуспен жұмыс.
Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су- тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды.



Су сөзіне топтастыру жұмысы:шық, мұз, бу, тұман, мұздақ, қар, жаңбыр, сел, көл, өзен, теңіз, мұхит.

Судың өзіне тән қасиеттері болады. Оны тәжірибе жасау арқылы анықтауға болады.


Картамен жұмыс. 
Қазақстанда жауын-шашын ең көп болатын аймақ. Глобуспен жұмыс. Дәлелдеу. 

Тәжірибелер.

І. «Судың иісі жоқ»

Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.

(балалар суды иіскеп көреді)

ІІ.Судың пішіні бар ма? «Суда пішіні жоқ»

Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге су құю)

Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады.

ІІІ. Судың дәмі бар ма? «Суда дәм жоқ»

Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды түтікше арқылы ішіп көріңдер. (балалар суды ішіп көреді)

Енді осы суға кейбіреулерің   қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен? (балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады)

- Суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.

Ал, балалар тұрайық,

мойнымызды бұрайық,

Қолымызды созайық,

су ішінде қалықтап,

Қане, жүзіп алайық,

Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық.

ІҮ. Судың түсі бар ма? «Су — мөлдір»

Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағы суға гуашь бояуларын қосайық. (балалар суға гуашь бояуын қосып араластырады, судың түсі өзгергенін айтады)

Сонымен қатар су мен сүтті салыстырып көрейік, суы бар стақанға қасық салайық, қасық көрінеді ме? Иә көрінеді, ал сүт құйылған стақанға қасық салсақ ол көрінеді ме? Жоқ көрінбейді, сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.

Балалар сонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс. Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжірибелер жасап көрдік.

Білесіңдер ме судың үш күйі бар – сұйық, қатты, бу. (үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз және қайнаған суды көрсету)

Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.
Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді.
Бу – мөлдір, түссіз газ. Бу – судың газ түріндегі күйі.

Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.

Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен? (балаларға мұз беру, ол ери бастайды.)

Мұзбен не болады?

-Иә, дұрыс айтасыңдар ол ери бастайды, себебі біздің қолымыз жылы.

«Су - тіршілік көзі» бейнекөрінісі;


Сабақтың соңы

10 мин

«Бес саусақ» әдісі арқылы сабақты бекіту. 
Үйге тапсырма. Тамшылар: 
Ақнұр - «Тағы қалай?» тамшысы– суды тағы қалай пайдалануға болады? 
Жанель- «Егер де» тамшысы – егер де су болмаса ... эссе жазу
Жәмила - «Жөнсіздік» тамшысы – суға байланысты ырым-тыйымдар.

Жансерік -  суға байланысты 4 мақал-мәтел дайындап келу.

Қорытынды.

«Сен не білесің және не істей аласын?» ойынын ойнайық.

1.Су туралы не білдің?

2.Судың адам өмірі мен табиғаттағы маңызы қандай?

3.Суды неге ерекше зат дейміз?

-Сабақтың басында айтылған мақсатымызға жеттік пе?*

(ҚБ)Бүгінгі сабаққа барлығымыз жақсы қатыстық. Бас бармақ арқылы өзімізді бағалайық.


Рефлексия: Балалар алған білімдері бойынша өздерін өздері бағалайды. Жетістік баспалдағының үш сатысына стикерлер жапсырады.



Дескриптор:

  • Тәжірибе жасай алады;

  • Судың физикалық қасиеттерін анықтайды;

  • судың қандай күйде болатынын анықтайды;

  • Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара алады;






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2018
672
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі