Материалдар / Ашық сабақ "Су-өмірдің нәрі" 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Су-өмірдің нәрі" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл қысқа мерзімді жоспар бойынша сабақ өткізуге болады. ҚМЖ жаңа бағдарлама бойынша қазақ тілінен 5 сыныпқа арналған.Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі және әдебиет мұғалімдерге көмегін тигізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
999
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:қазақ тілі

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Самар ауылы

«№1 Самар орта мектебі»

Күні:

Мұғалім: Каирканова Айман Тлеуовна

Сынып: 5

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ тақырыбы:

«Су-өмірдің нәрі»

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

5.О1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау

5.А4.Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау



Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Мәтіндегі негізгі ақпаратты түсінеді.Судың адам өміріндегі орны жайлы ақпарат бере алады.


Оқушылардың басым бөлігі:

Шағын көлемді мәтіндерге жоспар құрайды, негізгі ақпаратты анықтайды, қысқаша баяндайды.Қарапайым сөйлемдер арқылы су туралы айта алады,тіршілік көзі саналатын суды сипаттайды.

Кейбір оқушылар: Жоспарға сүйене отырып мәтінді толық баяндайды,өз ойын жеткізе алады.Тақырып аясында өз бетімен мәтін құрайды,диалогке түсе алады.


Тілдік мақсат:










Оқушылар орындай алады: су туралы түсініктерін қарапайым сөзбен айта алады,судың адам өміріндегі орны жайлы біледі.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:үнемдеу,ұту,емдік қасиет,ши-палы,тапшы,жерасты сулары,қоры,тіршілік көзі,сұрауы бар


Диолог құруға шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:емдік қа-сиет,тіршілік көзі,жерасты сулары,сұрауы бар


Талқылауға арналған тармақтар: Судың қандай қасиеттері бар? Су туралы қандай мәлімет білесіңдер?Су не үшін қажет?



Алдыңғы оқу.

Қарапайым сөйлемдер арқылы су туралы айта алады,судың қасиеттерін сипаттай алады.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы







Тақырыпқа

шығу

Сәлемдесу,түгендеу.

«Ыстық алақан» тренингін жүргізу. (3 мин)

Мақсаты: оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Жүргізу барысы:Оқушылар бір-бірімен қол алып амандасады,жақсы тілектер айтады,

Нәтижесі:көңіл-күйін анықтау

Су туралы видео (2 мин ) https://www.youtube.com/watch?v=_AwJeHioCdA

«Ой шақыру»әдісі(жеке жұмыс 5 мин)

Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын арттыру

Жүргізу шарты: су сөзіне ассоциограмма құрады.Әр оқушы тақтада ілулі плакатқа маркермен өз түсінігін жазады.Оқушылар «Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.Мұғалім оқущылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып,қорытынды бағаны өзі қояды.

Нәтижесі: сабақтың тақырыбына шығу

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Дұрыс,тақырыбымыз «Су-тіршілік көзі»











интерак-тивтік тақта,

видео



ассоцио-грамма

Ортасы

















Су тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтықтықта тіршіліктің көзі жатыр.Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Судың адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да сұраныстарына ие. Тіпті оның емдік қасиеттері жайлы да жиі айтылады. Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Ендеше, ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады. Судың біз біле бермейтін жиырмадан астам өзге де қасиеттері бар:Иммунитетті жақсартады; дене темпера-турасын реттейді;су адам зейіні ашады;жұмыс өнімділігін арттады т.б.Суды ішеміз және жуынамыз. Сумен өсімдіктерді, бау-бақшаны суарамыз.

Топтық жұмыс (15 мин.)

1-тапсырма

Мақсаты: Нақты тақырыпты анықтауға дағдыландыру

Жүргізу барысы: Мұғалім оқушыларды 5 топқа бөледі.(түрлі-түсті геометриялық фигуралар бойынша бөледі)


Мақсаты:Мәтін мазмұны бойынша шағын жоспар құру

Жүргізу шарты: Топтарға үлестірмелі материал тарату

Кіріспе бөлім ------------------------

Негізгі бөлім -------------------------

Қорытынды бөлім----------------------


Дескриптор 1.Мәтін мазмұнына сай болу

2.Жоспар бойынша мазмұнын білу

Бағалау (топ- топты өзара тексереді )

«Бас бармақ» әдісі


2.Жұптық жұмыс «Маңыздылық аймағы» (10 мин.)

Мақсаты: Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.

Жүргізу шарты: Оқылған мәтіндегі су туралы мәліметті жан-жақты зерттеп , қалың қағазға постер жасау(үлгерімі төмен жұп-тарға тірек сөздер таратылған карточкалар беріледі)

Күтілетін нәтижесі: Қағаздың ортасына қарай ең маңызды сипаттамалар,ал сырт жағына онша маңызды емес сипаттамаларды орналастырады.

Дескриптор:

1.Ақпараттың жеткілікті болуы

2.Өз ойын дәлелдеу

3.Көркемдігі

(Жұптар постерді қорғайды ,қорытынды жасайды, бағалайды)

Дескриптерге сүйеніп топ ішіндегі жұптар бір-бірін бағалайды

Бағалау «Сыр сандыққа»тәсілі бойынша жүргізіледі.Оқушылар «Сыр сандыққа» салынған сөздердің мағынасын талдайды,есте сақтайды.





















Мәтін

А4 қағаз






















Плакат,маркерлер,же-лім қағаз-дар,А4 парағы



Соңы

«Бес қадам» әдісі арқылы орындата отырып бекітемін. Үлгі: оқушы сынып ішінде бес қадам жасай отырып, әр қадамына сөз, сөз тіркесі, жай сөйлем қолдана отырып су туралы мәлімет береді.(4 мин)

Бағалау «Бағдаршам»әдісі бойынша бағаланады(1 мин)

«Жасыл» түс -түсіндім

«Сары» түс-жартылай түсіндім

«Қызыл» түс-түсінген жоқпым













Бағдаршамсуреті


Қосымша ақпарат

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?




Бағалау- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?







Пәнаралық байланыс .

Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс, құндылықтармен байланыс, тәрбие элементі




Оқушыларға қол-дау көрсетіліп,

бағыт беремін.

Оқушылардың оқу деңгейіне байла-нысты 1 тапсырма-

да барлық оқушы-лар мәтіндегі негіз-гі ақпаратты түсі-неді.Басым бөлігі шағын көлемді

мәтіндерге жоспар құрайды, негізгі ақ-паратты анықтай-ды, қысқаша баян-дайды. Кейбір оқу-шылар жоспарға сүйеніп өз ойын жеткізе алады.

Бағалау (топ- топты өзара дескрипторға сүйеніп тексереді )

Дескрипторға сүйеніп«Бас бармақ» әдісі бағаланады.

2 тапсырма (жұптар постерді қорғайды, қорытынды жасайды,дескрипторға сүйеніп бағаланады)

Формативті бағалау «Жеке әңгіме» әдісі





АКТ-ны қолдану

Дүниетану

География



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!