Ашық сабақ Судың қаситеті мен биологиялық маңызы 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Судың қаситеті мен биологиялық маңызы 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
. Жасқа сай құрылған сабақ жоспары ұстаздар,а арналған. Жекелей жұптық топтық жұмыстар орындалып, керібайланыстар арқылы тексерілед
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 7.4


Мектеп:

Күні:

Мұғаліматы-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Судың қасиеттері мен биологиялық маңызы.

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.1.1 Судың қасиеті мен оның тірі ағзалар үшін маңызын сипаттау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Судың қасиеттерін сипаттау .

Оқушылардың көпшілігі:

Судың тірі ағзалар үшін маңызын анықтау.

Кейбір оқушылар:

Судың қаиеттері мен тірі ағзалар үшін маңызы туралы тұжырымдар жасау.

Бағалау критерийлері

Судың қасиеттерін анықтайды.

Судың тірі ағзалар үшін маңызын анықтайды.

Судың қасиеттері мен тірі ағзалар үшін маңызы туралы тұжырымдар жасайды.

Тілдік мақсаттар


Негізгі сөздер мен тіркестері:

Тәжірибе кезінде: Судың беттік керілуі. Судың еріткіштігі, гидрофопты, гидрофилді, жылусыйымдылығы.

Тапсырмалар орындау кезінде: Фотосинтез, Зат алмасу

Құндылықтарға баулу


Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында жұмыс атқаратын барлық патриоттардың үлкен еңбегі.

Пәнаралық байланыстар

Химия – судың формуласы, еріткіш ретіндегі қасиеттері;

Физика – судың қайнауы,қатуы,қозғалысы, жылу сыйымдылығы;

География – судың табиғаттағы айналымы.

Алдыңғы білім

7.4.2.2 Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларын салыстыру. Жасуша құрылымдары.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут



І. Ұйымдастыру кезеңі және үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылaрмен сәлемдесу, оқушылaрды түгелдеу, сaбaққa нaзaрын aудaру.

«Сөзді тап» әдісі. Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындары салынған.

Оқушыларды осы қима қағаздарға жасушалар органоидтары, ұлпаның түрлері, мүшелер, мүшелер жүйесі жазылған сөздер арқылы төрт топқа біріктіру.

1-топ Жасуша органоидтары (цитоплазма, ядро, пластидтер, жасуша қабықшасы,вакуоль).

2-топ Ұлпалар (ұлпа анықтамасы, тірек ұлпасы, өткізгіш ұлпа, түзуші ұлпа, дәнекер ұлпасы).

3-топ Мүшелер ( тамыр, сабақ, жапырақ, ішек, бүйрек).

4-топ Мүшелер жүйесі (асқорыту, тынысалу, қанайналым, зәр шығару, тірек-қимыл жүйесі).

Әр оқушы өздеріне түскен қима қағазға жазылған сөздерге мәлімет береді.

Дескриптор. Білім алушы.

-Жасушаның құрылысы, ұлпаның, мүшелердің, мүшелер жүйесінің түрлерін ажырата алады.

-Жасуша органоидтарының, ұлпалардың, мүшелердің, мүшелер жүйесінің атқаратын қызметтерін айтады.





Бағалау.

«Басбармақ» әдісі

Интербелсенді тақта

Презентация

А4 қағазы





















Сабақтың ортасы


25 минут





























































Жаңа сабақ

«Миға шабуыл» әдісі арқылы.

Сұрақ: Қандай зат қатады, ұшады. қозғалады?

Жауабы: Су


«Су-өмір» тақырыбында бейнебаян көру.

Оқушылар бейнебаян бойынша өз ойларын ортаға салады.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарынан Жалпыға бірдей еңбек қоғамы жайлы әңгіме жүргіземін.



Прямая со стрелкой 1 Прямая со стрелкой 2 Прямая со стрелкой 3

Овал 1

Су



Ревизия жүргізу.


Прямая со стрелкой 5


Жаңа тақырыпты меңгеру. «ДЖИГСО» әдісі.

Су – еріткіш.

1 тәжірибе. Екі химиялық стақандардағы суға йодты және қантты саламыз. Йодпен не болатынын және қанттың суда еруін бақылаңыз.

Ескертпе: су көптеген биохимииялық заттар үшін жақсы еріткіш болып табылады.

Судың беттік керілуі.

2 тәжірибе. Тегіс жерге теңгені қойыңыз. Оның үстіне тамшуыр арқылы 1 тамшы су тамызыңыз. Осылай теңгенің үстіне неше тамшы суды тамызуға болатынын болжаңыздар. Су ағып кеткенше дейін жалғастырамыз.

Ескертпе: судың деңгейінің көтерілуі беттік тартылыс қасиетіне байланысты болуы мүмкін. Соған сәйкес су тамшылары жиналып, судың жапырақ бойымен жылжуына әкеледі.

3 тәжірибе. 2 стақанды алыңыз. Жартылай толтырып, әрбіреуіне су құйыңыз. Бір стақанға кішкене тамшы сұйық сабыннан тамызыңыз да шыны таяқпен былғаңыз. Қағаздан 2 дөңгелек жасап, әрбіреуін стақанға салыңыз. Кәдімгі су мен сабынды суда дөңгелектермен не болатынын байқаңыздар. Судың қасиетін қорытындылап, кестеге енгізіңіз.

Ескертпе: жуғыш заттар беттік керілісті бұза алады.



Судың қайнау және балқу температурасы.

4 тәжірибе. 2 полиэтилен пакетіне мұз кесектерін салыңыздар. Бір пакетке ас тұзын қосып, араластырамыз. Екінші пакеттегі мұз толықтай еріп кетуі қажет. екі пакеттегі температураны өлшейміз.

Ескертпе: тұзды судың қату температурасы тұщы суға қарағанда төменірек. Сондықтан мұхиттағы су қатпайды.

Дескриптер.Білім алушы.

-судың еріткіш қасиетін біледі;

-судың беттік керілуін біледі;

-судың қайнау, балқу температураларын біледі;

Бағалау. «Басбармақ»

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі.

Тапсырма - 1

а) Төмендегі суреттерді пайдаланып судың қасиеттерін сипаттаңыз.



В) Сіз анықтаған су қасиеттерінің тірі ағзалар үшін маңызын түсіндіріңіз.

С) Берілген тұжырымдардың ішінен қате тұжырымдарды «жоқ», дұрыс жауабын «ия» деп белгілеңіз.

1. Су дене температурасын тұрақтандырады;

2. Фотсинтез процесіне қатысады.

3. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалайды;

4. Дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді;

5. Ағзаның зат алмасу үдерісін тежейді;

6. Жасушалардың және бұлшықеттердің біругін қамтамасыз етеді.

7.Тері жасушаларын ылғалдандырады және салқындатады.

8.Өсімдіктердегі зиянды заттар су арқылы сыртқа шығады.

9.Кейбір тірі ағзалар сусыз тіршілік ете алады.

10.Минералды судың құрамындағы минералды заттар суда ерімейді.

Дескриптер.Білім алушы

-сурет бойынша судың қасиеттерін сипаттайды.

-су қасиетерін тірі ағзалар үшін маңызын

түсіндіреді.

-су туралы тұжырымдадың қатесін

анықтап,тұжырым жасайды.

Бағалау. Мұғалім оқушылардың орындаған жұмыстарына кері байланыс береді.

«Мадақтау, мақтау, қолпаштау» әдісі


Интербелсенді тақта

Стакандағы су.

Бейнебаян







Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: стакан, су, иод, қант, тиын, тамызғыш, қағаз, сұйық сабын, мұз















































































Суреттер

























ҚБ 22 бет

Сабақтың соңы

10мин

Қорытындылау.

«Карта ойыны» әдісі арқылы негізгі термин сөздермен жұмыс.

Дескриптор.

-Түйінді сөздерді жазады.

Фотосинтез, гидрофопты, гидрофилді, т.с.с.

-Түйінді сөздердің дұрыс жауабын табады.

Бағалау. «Бағдаршам» топтар бір-бірін бағалайды.

Қызыл - бұрыс жауап

Сары- әлде де толық тыруды қажет

ететін жауап

Жасыл - дұрыс жауап


Кері байланыс. «3:2:1» әдісі.

  1. 3 факті

  2. 2 қызықты жәйт

3. 1 сұрақ

Үйге тапсырма: «Су- тіршіліктің көзі» тақырыбында эссе жазу.

А4 қағазы

Түрлі-түсті қағаздар.

Саралау – Сіз қалайша көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында

Сіз қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Барлық оқушылар білетінболады: судың маңызы мен кейбір қасиеттерін біледі.

Оқушылардың көпшілігі: Судың биологиялық қызметтерінің мәнін атап және түсіндіре алады.

Оқушылардың кейбіреуі: фактілер мен материалдарға сүйене отырып анализ жасай алады.

«Басбармақ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау.

«Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалау.

Мұғалім оқушылардың орындаған

жұмыстарына «Мадақтау, мақтау,

қолпаштау» әдісі арқылы кері байланыс береді.

Кері байланыс «3:2:1» әдісі.

Топтық; жұптық, жеке жұмыс барысында техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары шындық қа негізделген болдыма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).

Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:


Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.07.2018
1108
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі