Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Судың түрлі күйі" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Судың түрлі күйі" 2 сынып оқушылыарын судың қасиетін түрін түсін дәмін білуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

1





«Дүниетану» пәні бойынша оқу жоспары

(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)

2-сынып

Тамыз 2016





2017-2018 оқу жылы


Мазмұны


Ұзақ мерзімді жоспар 4

Тілдік мақсаттар туралы 4

Орта мерзімді жоспар 5

1-бөлім: Өзім туралы 5

2-бөлім:Менің отбасым және достарым Ошибка! Закладка не определена.

3-бөлім: Менің мектебім 20

4-бөлім: Туған өлкем 27

5-бөлім: Дені саудың – жаны сау 36

6-бөлім: Салт-дәстүр мен ауыз әдебиеті 43

7-бөлім: Қоршаған орта 55

8-бөлім:Саяхат 66

Қысқа мерзімді жоспар 77

Сабақ жоспары 77


Ұзақ мерзімді жоспар

«Дүниетану» пәні 2-сынып

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1-бөлім Өзім туралы

3-бөлім Менің мектебім

5-бөлім – Дені саудың - жаны сау


7-бөлім Қоршаған орта

  • Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме?

  • Отбасы бюджеті деген не?

  • Менің қандай құқықтарым бар?

  • Міндеттерімді білемін бе?


  • Үйірмеде не үйренуге болады?

  • Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлері

  • Мектеп қоғамдастығы

  • Мектеп ережесін сақтаудың тиімділігі



  • Спорт сенің өміріңде

  • Дұрыс тамақтану

  • Дұрыс тамақтану пирамидасы

  • Айналадағы қауіп қатер

  • Адамдардың кеңістікте бағдарлануы

  • Жер бедері дегеніміз не?

  • Жергілікті жердің ауа райы

  • Қазақстанның климаты

  • Табиғи апаттар. Су тасқыны


2-бөлім Менің отбасым және достарым

4-бөлім Менің туған өлкем

6-бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

8-бөлім Саяхат

  • Туыстар арасында ұлттық салт-дәстүрлерді қалай сақтауға болады

  • Отбасындағы қамқорлық

  • Отан отбасынан басталады

  • Неліктен атамекен бәрінен қымбат?

  • Мен қазақстандықпын

  • Карта бойынша саяхат

  • Көлік және көлікте өзін ұстау ережесі



  • Наурыз мерекесінің қандай мәні бар?

  • Көненің көзі

  • Әр заман батырлары: Еділ және Алпамыс

  • Еділ - ғұн патшасы

  • Әл Фараби және шығармашылық

  • Жылқыны қолға үйретудің маңызы


  • Туристерге арналған саяхат

  • Қазақстандағы демалыс орындары

  • Қазақстандағы танымал туристік орындардың ерекшеліктері

  • Көне қалаларға саяхат


Ескертпе:

Бөлімдерге белгілі бір тақырыптар оқып-үйретілетін бірнеше сабақтар кіреді. Әрбір тоқсан екі бөлімнен тұрады.

Ұ = ұжымдық жұмыс ОТ = оқушы тәжірибесі

Т = топтық жұмыс МК = мұғалімнің көрсетілімі

Ж = жұппен жұмыс Қ= қалыптастырушы бағалау

Ө = өз бетінше жұмыс

Бағдарламада оқу мақсаттарын қолдануға, мониторинг жасауға тиімді болу үшін төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 2.2.1.4. кодында «2» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.

Орта мерзімді жоспардың «Оқыту ресурстары» бөлігінде мұғалімдерге қосымша ақпарат ретінде ағылшын тіліндегі дереккөздер берілді.


Тілдік мақсаттар туралы


Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетін және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Екінші не үшінші тіл арқылы оқитын көптеген оқушыларға олардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар оқытушылар мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пән мазмұны мен ғылыми тілді оқытуды үнемі қатар назарда ұстайтын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді оқып үйренуге көмектеседі.

Ғылыми тілді оқып үйренуді қолдау үшін оқытушыларға сабақ жоспарларына келесі оқу мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады:

оқушылар назарын ғылыми тілге аудару (мәселен, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажет терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану);

пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері);

алдын ала оқыту, оның ішінде ең бастысы, пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды контексте қолдану;

оқушылардың төрт дағдының барлығын түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым,тыңдалым-жазылым және т.б.) түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;

оқушыларды пікірталас диалогтарға қатыстыру (мәселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет лексикалық қормен қамтамасыз ету);

тілге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс дағдылары);

тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мәселен, тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді оқудағы жетістіктерді бағалау);

сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізген жетістіктерді талқылау.

Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару маңызды. Бұл құрамдас бөліктер келесі тақырыпшалармен көрсетілген:

(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология,

(2) диалог/жазылым үшін қажетті сөз тіркестері. Берілген тіл оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілді оқудағы мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі.

Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, анықтау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, болжау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар ойнау, қорыту, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.


Тілдік мақсаттардың кейбірін пән мазмұнын оқу мақсаты деп те есептеуге болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Бұл, сондай-ақ, жауаптар мен шешімдер іздеу үшін қолданылатын үдерістермен салыстырғанда, жауаптарға/шешімдерге аударылатын назарды теңгерімге келтіруге көмектеседі. Атап айтқанда, осындай үдерістерге баса назар аудару тілдің нақты қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына көмектеседі.

Тілдік емес пәндерде оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға бағдарланады, бірақ ең кемінде біреуі тіл дамытуға бағытталуы тиіс.


Орта мерзімді жоспар


«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 2-сынып

1-бөлім: Өзім туралы

Осыған дейін меңгерілген білім

1-сыныптан оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныс. Бөлімді оқу барысында өткен сыныпта алған білімдерін қолдана біледі.

Мазмұны

Оқушылар жеке тұлға түсінігін өзінің отбасы, сенімдері, қоғамдық орта контекстінде қарастыра алуы тиіс. Сол арқылы тақырыптар жан-жақты қаралады. Бөлім оқушының қоршаған ортамен қарым-қатынасын қамтиды.

Осы бөлімнің тілдік мақсаты

Оқушыларға арналған сәйкес академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалог/жазылымға арналған сөз тіркестері

  • өз ойын еркін білдіру;

  • диалогке қатысу

  • әдептілік;

  • жақсылық;

  • құрмет;

  • құқық;

  • міндет;

  • қажеттілік

Талқылауға арналған сұрақтар:


  • Құқық деген не?

  • Өз құқығың мен міндетіңді білудің маңыздылығы неде?

  • Менің құқықтарым мен міндеттерімнің артықшылығы бар ма?

  • Әдепті болуға не кедергі болуы мүмкін?


Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және академиялық тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

«Өзім туралы» бөлімінде оқушылар өз құқықтары мен міндеттері, әдептілік, өз қажеттіліктері мен отбасы бюджеті тақырыптарын қарастырады, жас туристер тобына таныстырылым дайындайды. Оқушылар түрлі дереккөздерді қолдану, сауалнама жүргізу арқылы этикалық нормаларды зерттейді. Бөлімді өзін- өзі тану, музыка және көркем еңбек пәндерімен байланысты қарастыруға болады.







Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқыту мақсаттары

Сабақта ұсынылатын жұмыс түрлері

Мұғалімнің назарына (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

Өзім туралы

1.1 Менің отбасым













2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау


















































Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме?

(МК, Ұ) Сабақты оқушыларға айнаға қарауды ұсынудан бастаңыз. Балалар өзіне ұнайтын эмоцияларды (жақсылық, қорқыныш, қайырымды және т.б.) бейнелейді. Оқушылардан өз эмоцияларын парақшаларға жазып тақтаға ілуін сұраңыз.

Тақтада қандай эмоция басым екенін анықтау, нәтижесін диаграммаға салу.

Қоғамда қуаныш пен қайғы, әділдік пен әділетсіздік, жақсылық пен жамандық қтар кездесуі мүмкін. Неліктен бұлай? Қоғамда жақсы эмоцияға қайырымдылық көп орын алу үшін адамдар нені ескеру керек? Пікіралмасу.

(Ж,Т) Үлестірме қағаздарда берілген сұрақтарды өзара талқылайды.

  • Жақсы іс атқарудың қандай артықшылығы бар?.

  • Жамандықтың соңы неге әкеледі?

  • Сенің жақсы дос болу қолыңнан келе ме?

Топта өз пікірлерін ортаға салады.

(Ұ) Жақсылық пен жамандық арасындағы күрес туралы шағын мәтінді оқып танысуға ұсыныңыз.

Талқылау сұрақтары:

  • Неліктен екі қасқыр арасында күрес жүрді?

  • Сен қай қасқырды асыраған дұрыс деп ойлайсың? Неліктен?


(Ж) «Домино» ойыны. Әдептілікке қандай іс-әрекеттер жатады? Әдептілікке қандай іс-әрекеттер жатпайды? Ой қорытындысын жасау.

(Т) «Әдептілік» терегін шағын топта құрастыру, әр оқушы өз қолынан келетін жақсы істер мен әдептілікті кеспе қағаздарға жазып, теректі безендіруді ұсыныңыз.

Топта оқушылар өз бойында кездеспеген, бірақ басқалар жазған жақсы істер мен әдепті мінез-құлықты анықтайды. «Бұл менің де қолымнан келуі мүмкін, егер мен ...» деп өз дерегін сыныпқа ұсынады.



Алдын ала оқушыларға сабақ өткізілетін күні айна алып келуін сұраңыз.

Жазылған парақтарды тақтаға орналастырамыз. Тақтаның қандай сөздермен толыққанын сұраңыз: жақсы сөздермен бе, жаман сөздермен бе?



Жақсылық және жамандық тақтадағы жазулардың оң және сол жағына орналастырыңыз.



















«Екі қасқырдың адаммен күресі туралы мысал» мультфильмін көру.

Балалардан қасқырдың бейнесі нені білдіретіндігін және қасқырды басқаша қалай атауға болатындығын нақтылаңыз. Мүмкін, балалар бұл күрестің басқаша болу мүмкіндігін біледі.



Домино ойынына қатысушылардың өзара 2 сұраққа кезектесіп жауап беруі тиіс. Ойыншы сұраққа жауап айтқан соң ғана жүреді. Сұраққа жауап бере алмаса, бір жүрістен айырылады.



Алдын ала сөздер жазуға арналған жапырақ үлгісіндегі қағаздарды дайындап қою керек.



Оқушыларға 13 -қарашада атап өтілетін Дүниежүзілік Мейірімділік күні туралы жақсы дәстүрді әңгімелеңіз. Бұл қозғалысқа жағымды, шыншыл, салауатты іс жасаушы барлық үміткерлер қосыла алатындығы туралы айтыңыз. Қозғалыстың қатысушылары интернет көмегімен байланыса алады, олар өз ресурстарында жақсы істер идеялары мен оларды жүзеге асыру тәсілдері жөнінде жазады.

Суреттер



Сөздер: жақсылық, ыза, қуаныш, ашу, көз жасы, қорқыныш, достық, жалқаулық.

Жапырақсыз теректің суреті бар постер.

Екі қасқыр туралы аңыз.

ttps://www.youtube.com/watch?v=jCkyr1qeahQ







https://www.youtube.com/watch?v=6EVZfPJ6U-I










































1.1 Менің отбасым

2.1.1.4 бақылау мен сұрақ-жауап арқылы тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау


2.1.1.1 отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау

2.1.1.2 мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру


Отбасы бюджеті деген не?

(Ө,Т,Ұ) Оқушыларды шағын топтарға біріктіріңіз. Оқушылардың әрбіріне өзіне қажет заттардың тізімін дайындауды ұсыныңыз. Оқушылар тізімдегі қай заттарды міндетті алу , ал қай заттарды алу аса міндетті еместігін топта талқылап, анықтайды. Топтың тізімін құрастырады. Әр топ өз тізімінің аса қажет екенін дәлелдеулері тиіс. Топтардың ұсыныстарынан сыныптың жалпы тізімі құрастырылады.

(Т,Ө,Қ) Сыныптың жалпы тізіміндегі заттарды ұқсас белгілеріне/түріне қарай топтарға жіктеу. Тізімдегі заттарды сатып алу үшін орындалатын әрекеттерді анықтау.

  • Қаржы қайдан алынады?

  • Қаржыны кімдер табады?

  • Отбасына қаржы алып келу қаншалықты маңызды?

  • Оқушылар қаражат жұмсауды жоспарлауға қатыса ала ма?

Сенің отбасың қаражат жұмсауды қалай жоспарлайды?

Талқылаулардан соң, отбасының кіріс және шығыс кестесін құрастыру.

(Т) «Отбасылық бюджет» ойыны. Топта әрбір отбасы бюджетін қалай толықтыруға үлес қосатынын ойластырып, кіріс көзін анықтатыңыз.

Алдын ала құрастырылған кірістер мен шығыстар кестесін қолдануға болады. Топтың әр мүшесі отбасына қажетті азық-түліктер мен тауарлардың тізімін құрастырады. Мысалы, анасы түскі ас әзірлеуге қажет болатын азықтардың тізімін жазады, әкесі машинаға қажетті аспаптар, құрал-жабдықтарға тапсырыс береді, баласы планшет немесе приставка алғысы келеді, т.б. Шығыс тізіміне кино, театрлар, саяхат және т.б. баруды қосуға болады

(Т,Ө) Ересек адамдардан отбасы қажеттілігі туралы сауалнама алуға арналған 3 сұрақ құрастыру. Сауалнама алу.

Оқушыларды топтастыру үшін түрлі тәсіл қолданыңыз. Мысалы, түстер, суреттер, цифрлар, банкноттар т.б













Көрнекі құралдардың көмегімен отбасы бюджеті қалай құрылғанын көрсетіңіз. Одан әрі балаларға отбасында қандай кіріс көздері болатынын талқылауды ұсыныңыз.

Ол үшін отбасы мүшелерінен тұратын отбасылық ағаш құрастыруға болады. Кім қандай кіріс алатынын жазу. Ата-аналар еңбекақы, ата мен әже – зейнетақы алады. Егер үлкен әпкелері мен ағалары – студенттер болса, олар шәкіртақы алады деп жорамалдауы мүмкін. Осылайша кірістің тұжырым-картасы жасалады. Шығыс картасын да осыған ұқсас жасаңыздар.

Оқушылармен бірлесіп қажеттіліктердің тұжырым-картасын құрастырыңыздар. Ол үшін топтар жазған азық-түліктер мен тауарлар тізімін қысқышпен қысып жіпке іліңіз. Содан соң жіпті шешіп алып «Қажеттіліктер» деген жазуы бар қапшыққа салыңыз.

Бюджет сызбасы

Қажеттіліктер сызбасы, кірістер мен шығыстар суреті, «Қажеттілік» деген жазуы бар қалташа, Кір жаятын жіп пен қыстырғыштар

«Отбасылық бюджет» мультфильмі http://rutube.ru/video/4e91c3de29861d812d52ac0e278ec44e/


1.1 Менің отбасым

2.1.1.4 бақылау мен сұрақ-жауап арқылы тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін білу






Ақша не үшін қажет?

(Т) Берілген суреттерді (тері, асыл тас түрлері, бидай, ақша банкноттары, тұрмыстық қолданыстағы заттар ) қандай да бір белгісіне қарай топтастыру. Топтастыру себебін негіздеу. Ерте заманда адамдар өздеріне қажет заттарды қалай алған? Тауарды алудың қандай жолдары болған? Ой талқылау.

(Ұ,Т) Ақша қалай пайда болды деп ойлайсыңдар? Қандай валюта түрлерін білесіңдер? Қазақстандық валютаны қалай ажыратасыңдар? Шет елдік саяхатшыға өз валютамызды қалай таныстырар едіңдер?

(Т) Егер еліміздің жаңа банкнот ақшасын шығару керек болса, қандай дизайн ұсынар едіңдер? Топта жаңа банкнот дизайн ойлап табу. Сынып алдында таныстырылым жасау.

(Ж,Т) Ақшаны қалай үнемдеуге болады? Қандай қажеттіліктерді соңына қалдыруға болады. Ақшаны үнемдеу ережесін өзара құрастыру. Топтың ережесін құрастырып, сынып алдында өз жұмыстарын қорғайды.

(Ұ,МК) Оқушылардың үнемшіл және ысырапшыл сөздерінің мағынасын түсінуін анықтаңыз. Егер отбасы алынған шығысқа сыйса, онда бюджет үнемді болғаны. Егер кіріске сай келмесе және сұраныс артық болса, бұндай бюджет ысырапшылық болып саналады.

(Ө,Т) Сауалнама қорытындысын шығару.

Қаржылық білім күрделі экономикалық кеңістікте бағдарлану білігіне, сатып алумен, қаражат салумен және шығын шығарумен байланысты экономикалық шешім қабылдау білігіне, яғни қаржылық сауаттылығына тәуелді болады. Мектеп пен отбасы бірлесе отырып кіріс, шығыс, бюджет және қажеттіліктер тәрізді мәселелерді түсінуге көмектесулері тиіс. Оқушыларға бюджеттің барлық құрамдас бөліктерінің өзара байланыстарын көрсету өте маңызды. Егер кіріс шектеулі болса және қажеттіліктерге әрдайым сәйкес болмаса, онда балаларға міндетті және қалаулы сұраныс мысалында үнемдеу тәсілдерін көрсету қажет. Бастауыш сынып оқушысы экономикалық үдерістерге қатысады. Ол ата-аналарымен бірге дүкенге барады, сауда жасайды, осылайша алғашқы экономкалық тәжірибе алады.

Осылайша балалар отбасылық бюджет туралы неғұрлым ерте білсе, оның бойында соғұрлым ерте отбасылық қажеттіліктердің құрылымы туралы қаражаттық пайдалы білім қалыптасуы мүмкін. Бастауыш сынып оқушыларының ойлауы көрнекі-образдық ойлау сипатына ие болғандықтан, практикалық іс-әрекеттерді сүйемелдеуші көрнекі құралдар және кестелерді көбірек қолдану қажет болады.

Оқушылардың назарына фильм тамашалауды ұсыныңыз.


Әке мен бала:

https://www.youtube.com/watch?v=LxqudWHXZe4

Ақша қалай пайда болды: https://www.youtube.com/watch?v=qt0ZoW0EF1A



Азбука денег тетушки Совы: https://www.youtube.com/results?search_query=%D1%82%D0%B5%D1%82%D1%83%D1%88%D0%BA%D0%B0+%D1%81%D0%BE%D0%B2%D0%B0+%D1%81%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%B9%D0%BD%D1%8B%D0%B9+%D0%B1%D1%8E%D0%B4%D0%B6%D0%B5%D1%82




1.5 Құқық және міндет






2.1.5.1 өз өмірінен мысалдар келтіру негізінде құқықты, міндетті және жауапкершілікті ажырату



2.1.5.2 қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру




Менің қандай құқықтарым бар?



(Ұ,Т) Топтастыру: «Құқық» сөзін естігенде ойға қандай ассоциациялар келеді? Ой бөлісу, тірек сөздерді белгілеу, жазу.

Оқушылардың құқық және міндет сөздерін қалай түсінетіндігін анықтаңыз.

Топтарға сюжетті суреттер тарату және бейнелер бойынша балалардың қандай құқықтары бар екенін анықтату.

(Т, Ж)

  1. Балалардың құқықтары қандай жағдайларда бұзылуы мүмкін?

  2. Балалардың арасында өзара кикілжің қандай жағдайларда туындайды?

  3. Кімдікі дұрыс, кімдікі қате екендігін анықтаудың пайдасы бала ма?

  4. Кім әділетті, кім әділетсіз?

Оқушылар суреттерді топта қарастырып және онда бейнеленген жағдаятты талқылайды. Балалардан бұл жағдаят оларға таныс па деп сұраңыз. Адамның дербес құқығының бар екендігін түсінуге және суреттегі баланың тәртібі жағымсыз екендігін түсінуге алып келіңіз.

Ойлан

  • Балалар құқығын кімдер қорғайды?

  • Неліктен оларды сақтау қажет?

Балалармен өз араңда кикілжің болдырмау үшін не істер едің?


(Т/Ж) Сабақты одан әрі оқушылар жұптасып бала құқығы дегенді қалай түсінетіндігін талқыласын. Ол үшін осы түсінікке ассоциациялар ойластырсын, оларды жазсын. Оқушыларда құқық ережелермен ассоциациялануы мүмкін. Бұл өте маңызды ережелерді мемлекет орындауға тиісті екендігін түсінуге жетелейді. Балалар «Балалар құқығы - бұл...» деген қорытынды жасасын. сонан соң балалар құқығын кім қорғайтынындығын және неліктен оларды орындау қажет екендігін сұраңыз.

  • Балалар құқығын қорғай отырып мемлекет қандай мақсатты көздейді?

  • Мүгедек балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалар барлық балалармен бірдей құқыққа ие және мемлекеттің ерекше қамқорлығына бөленгендігін пысықтаңыз.

(Т) Балалар өздерін бала құқығы бойынша халықаралық сарапшылар рөлінің орнына қойып көрсін. «Менің құқығым» мультфильмін тамашалап, қандай мәселе көтерілгенін және оны қалай шешуге болатындығын анықтауды ұсыныңыз.

(Т,Ұ) Әр топқа түрлі тезистер тізімі мен суреттерді ұсыну.

Балалар тезисті талқыласын және оның мәнін берілген суреттің көмегімен «ашып көрсетсін». Балалар құқын қорғауға арналған тезистерді суреттермен бір топқа жинақтайды. Орындап болғаннан кейін, әр топ өз жұмысын презентациялап түсіндірсін.

Бұдан соң топтар бірігіп, өз жұмыстарынан «Балалар құқығының суреттік анықтамалығын» құрастыруына болады.


Кейбір елдерде қыз балаларға мектепке баруға тыйым салынатындығы жөнініндегі жағдаятты естеріне салуға болады. Білім алу мен прогрестен тыс қалған, кішкене кезден бірыңғай үйдегі еңбекпен айналысуға мәжбүр қыздар қандай сезімде болуы мүмкін? Әлемде кейбір елдерде балалар ауру және емделу мүмкіндігінен айырылған. Кейбір елдерде балалар кішкене кезден ауыр еңбекпен айналысуға мәжбүр.















Конвенция тезистерін тізімге қосыңыз: «Өмір сүру құқығы», «Білім алу құқығы», «Ақысыз медициналық көмек алу құқығы» т.б.

Плакаттар

«Балалар құқығы»,

Түйін сөздер бар карточкалар

Бала құқығы туралы тезистер

жазылған беттер

флипчарттар, фломастерлер топта жұмыс жасау үшін





































Мультфильм «Менің құқығым»

https://www.youtube.com/watch?v=CZECWGL1pqg&index=2&list=PLrT1_ZnhJbRA5jIOh6e3jr8IymkPaVtkX




2.1.5.1 өз өмірінен мысалдар келтіру негізінде құқықты, міндетті және жауапкершілікті ажырату




























Міндеттерімді білемін бе?

(Ж,Т) Міндет деген не? Құқық пен міндетіңді ажырата аласыңдар ма? Оқушылар жұпта құқық пен міндеттің арасындағы айырмашылықты талқылап, өз күнделікті тәжірибесінен мысалдар келтіруді ұсыныңыз. Топта қорытындылау.

Балалар қандай еңбек әрекетін атқара алады? Балалар атқарған істер айналасындағы адамдарға қалай әсер етеді?

Еңбек операцияларының суреттерін ұсыныңыз: ыдыс жуу, бөлмені жинастыру, үй тапсырмасын орындау, дүкеннен нан әкелу, т.б. Оқушылар отбасы мүшелері арасында еңбек әрекетін бөліссін.

(Т) Оқушыларға жолда жүру ережесін сақтаудың міндет екенін ескермеген жүргізуші немесе жолаушы туралы суретті талқылауға ұсыныңыз.

Оқушылар топта екі жағдайдың да салдарын тізбегін құрып және ой қортындысын жасатыңыз:

«Егер міндеттерді орындасам, онда ... », «Егер міндеттерді орындамасам, онда ...» . Әр істің қандай салдары болуы мүмкін екенін болжайды. Болжамын сызба түрінде ұсынады. «Үйде», «Мектепте», «Көшеде» суреттерінің бірін таңдап коллаж жасайды. Жұмыстарын басқа топтарға ұсынады.


(Ө) «Мен қандай міндеттерімді орындап жүрмін?» постерін құрастыру. Шығармашылық жұмысты үйде жалғастыруға болады. Оқушылар өз күнделікті өмірінен фотолар алып келіп постерді толықтырады.

Заңнамалық құжаттарда құқықтармен қатар міндеттер туралы да айтылатындығын түсіндіріңіз. Бұл сөзді балалар қалай түсінетіндігін, олар қандай мысалдар келтіре алатындығын сұрауға болады.

Отбасында кім қандай жұмыстарды атқарады және неліктен екендігі туралы пікірлерін анықтаңыз. Үйдегі еңбек әрекеттері ерікті түрде орындалады, бірақ оның орындалуына үй-ішінің жайлылығы мен тазалығы байланысты екендігін көрсету. Ананың демалуға құқығы бар, олай болса, оған көмектесу керек. Кәрі адамдар көмекке зәру, олай болса оларға көмектесу керек, бір кезде олар да саған қамқорлық жасаған еді.

Ал міндет – жүктелген жауапкершілік. Оқушыларға бір нәрсеге құқығы болуы, басқа адамда міндетті туғызуы мүмкін екендігін жеткізу керек. Құқық пен міндеттің арасындағы байланысты оқушылар ұсынған мысалдар арқылы қарастыруға болады.

Балалар жолда жүру ережесін ескермеген жағдайдың салдарынының тізбегін болжайды. Ережені орындамау Жол полициясымен арадағы мәселеге алып келеді. Жүргізуші куәлігінен айырылу мүмкіндігі, қоғамдық көлікпен жүру, жұмыстан кешігу, жұмыстан айырылу, жұмыссыздық, жоқшылық және т.б. Бұл болжамды сызба түрінде бейнелеуге болады. Бала өміріне қауіп төну, жарақат алуы, денсаулықты жоғалтуы....




































«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 2-сынып

2-бөлім: Менің отбасым және достарым

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар отбасылық салт-дәстүрлер, мерекелер және олармен байланысты нәрселер туралы біледі. 1-сыныпта оқушылар отбасы тақырыбын меңгеріп, отбасылық салтанаттарды, мерекелер мен салт-дәстүрлерді зерттеу үшін берік негіз дайындады.

Мазмұны 1-сыныпта өткен білімдерін толықтырады. Халқымыздың салт дәстүрлері түсіне отырып, жаңа туыстық атауларымен танысады. Отбасылық саяхаттарға, дәстүрлерге құрметпен қарауды қалыптастырады.


Осы бөлімнің тілдік мақсаты

Оқушыларға арналған сәйкес академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген.

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалог/жазылымға арналған сөз тіркестері

  • Тұрмыс салт жырларын айта білу;

  • Салт-дәстүрлер туралы тыңдарманның назарын аударып сөйлеу;

  • Мақал-мәтелдер қолдану

Мыналарды қамтиды:

  • салтанаттар, салт- дәстүрлер;

  • мерекелер, кештер, музыка;

  • үйлену тойы, үйлену той салтанаты, молда, күйеу жігіт, қалыңдық, жезде, жеңге, құда;

  • фотографтар, туыстар, отбасылық ағаш.

Талқылау үшін сұрақтар:


  • Үйлену тойы фотосуретінен не байқадың?

  • Қазақстандағы басты мерекелерді атап шығыңыз?

  • Неліктен отбасылық салт-дәстүрлер маңызды?

  • Отбасы нені білдіреді? Сіздің өміріңізде туыстарыңыздың рөлі қандай?

Сіз неліктен екенін айта аласыз ба?

  • үйленуі тойлары маңызды әрі қуанышты?

  • отбасылар отбасы өміріндегі маңызды оқиғаларды атап өтеді?

  • ресми мерекелер бекітілген күндері тойланады?

Жазбаша анықтама:

  • Үйлену тойын сипаттау үшін қажет болатын сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.

Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және академиялық тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Бөлімде отбасы тақырыбы «Дүниетану» бағдарламасының мазмұнына сүйеніп әр алуан тұрғыдан зерттеледі. Үйлену тойы басты отбасылық оқиға ретінде қарастырылады. Басқа отбасылық салтанаттарды енгізу үшін саланы кеңейтеді және салт-дәстүрлер мен мерекелерді отбасы контексінде қарастырады. Қазақ тілі, математика, музыка, көркем еңбек сабақтарымен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.



Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқыту мақсаттары

Сабақта ұсынылатын жұмыс түрлері

Мұғалім назарына (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

1.1 Менің отбасым

2.1.1.1 Отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау

























2.1.1.2 Мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру


Туыстар арасында ұлттық салт-дәстүрлерді қалай сақтауға болады?

(Ұ) Қазақтың үйлену тойының бейнебаянын көрсетіңіз.

(Ұ) Суреттердің көшірмелерін үлестіріп беріңіз, көрсетіңіз немесе тақтаға орналастырыңыз. Оқушыларға жылдам, қарапайым сұрақтар қоя отырып, суреттен мейлінше көбірек ақпарат алуға көмектесіңіз. Мысалы:

  • Сіз суреттен көріп тұрған адамдардың санын санаңыз.

  • Сурет қайда түсірілген?

  • Алдыңғы қатарда көрсетілген қыздың басында қандай баскиім бар?

  • Үстелдің басында отырған адам кім болуы мүмкін?

  • Суретте қандай отбасылық мереке бейнеленген?

  • Үйлену тойында қандай салт-дәстүрлер сақталады?


(Ж)(Т) Әрбір топқа зерттеу үшін сурет бөліктерінің екі көшірмесінен беріңіз, яғни әрбір топқа бір данадан (Оқу дереккөздерін қараңыз). Жұптан олардың бөліктерін толығырақ қарап алып, «кім, не, неліктен?» деген сұрақтарға жауап беруді сұраңыз. Әрбір жұп өз суретін талқылайды. Содан соң жұптар қосылып, суреттерді өз тобында талқылайды (қосымша тапсырма ретінде топтар суретті зерделеп толығырақ қарап, оған ат береді, сұрақтар қояды).


(Ұ) Тақтада суретпен тұжырымдамалық негіздер желісін құрыңыз. Әрбір топ сыныпқа өз суреті туралы пікірін ұсынады. Алған білімдерін пайдаланып, суреттердің шетіне жауаптарын жазады (үлгі ретінде тақтадағы шаян тәрізді (формасы) тұжырымдамалық негіздер желісі сызбасын толтыру үшін жақсы жазатын оқушыны немесе жұпты таңдауға болады).

(Ұ) Үйлену тойы қазақ отбасылары салтанаттарының бірі екенін түсіндіріңіз.

(Т) Топтарда оқушылар кем дегенде үш отбасылық салт-дәстүр (мысалы, туған күн, шілдехана, тұсау кесу, т.б. мерекелер) туралы пікір алмасады.


(Ұ) Оларды тақтаға немесе қайырмалы блокнотқа жазып шығыңыз.


(Ұ) Тапсырманы талдаңыз және қамтылған түсініктер мен ойларды тексеріңіз. Оқушылардан негізгі сөздердің қарапайым және нақты анықтамасын беруін сұраңыз. Мысалы: «туыстар».







Тақырыпты ашу үшін, қазақтың үйлену тойы идеясын оқушылардың туыстар, отбасылық мерекелер және салтанаттар туралы, бұл мерекелердің уақыт өте келе қалай өзгергені туралы білімдерін дамыту мүмкіндігі ретінде қолданады.

Сынып оқушыларын топтарға бөліңіз. Әрбір топта жақсы оқитын, жазатын оқушы болады.

Іс-әрекет оқушының визуалды сауаттылығын дамыту мақсатында

құрылады. Көзге көрінетін бейнелерді дәлелдер ретінде «оқу» қабілеттілігін, өз білімін дамыту мен тақырыпты түсінуінде пайдаланады.

Тапсырма оқушыларға ұсынылған екі визуалды элементерден басталады – үйлену тойының бейнебаяны мен суреттері. Бұл - осы және кейінгі тапсырмалар үшін алғашқы саты.

Қолданылатын «суретті оқудың» көптеген әдістері бар. Олар суретті түсінуді қалыптастырады және ескертулер/түсіндірулер құрастыруды қамтиды. Сондықтан басып шығарылатын суреттің жиегіне тапсырма орындауға жеткілікті орын қалдырыңыз.

Тапсырма туыстар, салтанаттар мен салт-дәстүрлер тақырыбын қазақтың үйлену тойы арқылы таныстырады. Онда дәстүрлер, музыка, мақал-мәтелдер, олармен байланысты тарих, туыстарының қатысу рөлі мен сипаты қамтылған.

Үйлену тойы тақырыбы арқылы туыстар тақырыбының мазмұны кеңейеді. Бұл тапсырманың сөздік блогында мына сөздер қамтылған:

  • қалыңдық;

  • күйеу жігіт;

  • жезде;

  • жеңге;

  • құда;

  • мерекелер;

  • салтанат;

  • куәлік;

  • неке қию;

  • имам;

  • туыстар;

  • үйлену тойы.




Қазақтың үйлену тойының бейнебаяны

Заманауи қазақтың үйлену тойының суреті (мүмкін болса, әрбір жұп үшін бір көшірме), мысалы,

Қазақтың ұлттық киімін киген күйеу жігіт пен қалыңдық

Егер жұппен және топтарда жұмыс мүмкін болса, суреттерді кесіп/алты бөлікке бөліңіз:

  • Үстел басында отырған адам

  • Оң жақтағы бас киімі бар әйел – басы мен иығы көрініп тұр

  • күйеу жігіт

  • қалыңдық

  • кітаптар және қағаздары бар үстел

  • аудитория


1.1 Менің отбасым



























2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау


2.1.1.1 Отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау






Отбасындағы қамқорлық


(Ұ) Оқушылардан кімнің үйлену тойында болғанын сұраңыз. Үйлену тойы кезінде не болғанын сипаттаумен осы тақырыпқа әңгіме құратыңыз. Оқушылардан кез келген мереке, кеш, музыка, би және басқа да шаралар секілді қызықты сәттер болатыны туралы ойлануын сұраңыз.

«Ыстық орындыққа» бір оқушыны отырғызыңыз. Ол сыныптың алдында оқушылардың қойған сұрақтарына жауап береді.


(Ж) Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Әрбір жұп блиц- сұрақ алуға қатысатын оқушыға бір сұрақ қоюы тиіс.


(Ұ)(Ө) Блиц-сұрақ алуға қатысатын оқушы сұрақтарға жауап береді. Оқушылар қазақтың үйлену тойлары туралы ой-пікірлермен лексиканы жинақтайды.


(Ұ) Оқушылар үйлену тойы суреттерін зерттеуді жалғастырады. Оларға тарихи детективтер секілді суреттердегі адамдарды зерттейтінін айтыңыз.


(Ж) Оқушылар қолдың 5 саусағымен белгіленген сұрақтардың көмегімен жұпта, суреттегі адамдардың оларды күйеу жігітпен және қалыңдыққа туыстық қатынастарын анықтау үшін сұрақтар ойластырады, талқылайды.


(Ұ) Оқушының жауаптарын тақтада кесте, диаграмма немесе суреттегі отбасының отбасылық шежіре ағашын жасау үшін пайдаланыңыз. Бұл – келесі тапсырмада қолдануға арналған оқушылардың үлгісі.


(Ұ,Ж,Т) Оқушыларды шежіре ағашының үлгісімен қамтамасыз ету. Оқушылар үлгіні жұппен/жеке өз отбасы, туыстары туралы деректерді пайдаланып толтырады. (Мұғалім қажет жағдайда қосымша деректер ұсына алады)

(Ұ)(Т) Оқушылар топтарда Қазақстандағы туыстардың маңыздылығы мен рөлін талқылайды. Бұл қарапайым түсінік туыстардың маңыздылығы туралы оқушылардың білімін дамыту мен түсінуі үшін қолданылады.

(Ұ) Зерттелген материалды, соның ішінде жаңа сөздер мен сөз тіркестеріне шолу жасалады.

Оқушылар қосымша сыныптан тыс тапсырмадан отбасылық мерекелер мен салт-дәстүрлер туралы біле алады.




Тапсырма туыстар және отбасылық салт- дәстүрлер, мерекелер туралы.

Тапсырма суретті қолдану жауап алу, көзбен көру көмегімен жұмыс әдісіне сүйенеді. (алдыңғы тапсырманы қараңыз).

Бес саусақтағы сұрақтар бес сұраулы сөзден тұрады:

  • Кім?

  • Қайда?

  • Қашан?

  • Не?

  • Неліктен?

Үйлену тойы суреттеріне қатысты сұрақтардан, адамдардың күйеу жігіт пен қалыңдыққа туыстық қатынасын талқылаудан тұрады. Мысалы: жақын туыстар, алыс туыстар, достары.

Суретті зерттеу 30 минутқа созылуы мүмкін, бірақ отбасылық құрылымдары мен үлгілеріне сәйкес аса қарапайым түрдегі шежіре ағашын жасау басты назарда болады. Ескертпе. Осы тақырыпқа аса мұқият болыңыз. Қажет болса, ұстаз өзінің жеке немесе ойдан шығарылған шежіре ағашын пайдалана алады.

Тапсырма тарихи және әлеуметтік білімдердің маңызды көзі ретінде ауызша ақпарат түсінігін енгізеді.

(Қ) Оқушылардың шежіре ағашын толтыруын оны әрі қарай қолдануын бақылау арқылы қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыруға болады.

Бұл тапсырманың сөздік блогында мына сөздер қамтылған:

  • тойлау;

  • жауап алу;

  • оқиға;

  • отбасы тарихы;

  • халық музыкасы;

  • қабылдау;

  • сұрақтар;

  • дереккөздер.





Қазақтың заманауи үйленуі тойының суреті (алдыңғы тапсырмадан)

Қазақ отбасы мен оның мүшелерінің әр түрлі ұрпақтарын қамтитын отбасы ағашының бос сызбасы

Отбасы тарихын зерттеу үшін пайдаланылған дереккөздер

авторлық орындық





Бес саусақ атауына байланысты өлең.

Шежіре ағашының суреті



(Ұ) Тақтада жылдық күнтізбенің бос диаграммасын көрсетіңіз. Оқушылардан отбасылық салт-дәстүрлер ұлттық мейрамдар және олардың қалай өткізілетіні туралы ойлануды сұраңыз.


(Ө) Оқушылар диаграмма сызбасын көшіреді немесе жекелеген көшірме бойынша жұмыс істейді.


(Т)(Ж) Оқушыларды жұптарға немесе топтарға бөліңіз. Олардан өздері, сондай-ақ олардың туыстары қатысқан бір немесе бірнеше отбасылық салт- дәстүрлер, мерекелерді еске түсіріп талқылауды сұраңыз.

(Ұ) Жауаптарды тыңдаңыз. Оларды тақтаға жазып, атап шығыңыз.


(Ө) Жауаптар туралы жекелеген оқушылардың пікірін тыңдаңыз.


(Ұ) Оқушылардан бұл мерекелердің неліктен маңызды екенін сұраңыз. Үйлену тойы тақырыбының жоспарына мақал-мәтелдерді, әңгімелерді, ән мен музыканы қоса алатыны туралы оқушылардың ой-пікірлерін біріктіріңіз.


(Ұ) Оқушылардан білгендерінің ішінен ненің көбірек қызықты болғанын сұраңыз.




Бұл тапсырма үш негізгі мақсаттан тұрады:

  • жыл ішіндегі мерекелерге талдау жасаңыз;

  • оқушылардың үйлену тойы туралы ойлаған кезде қандай мақал- мәтелдер, әңгімелер, өлеңдер мен музыка естеріне түсетіні туралы пікірлерін біріктіріңіз

  • үйлену тойы тақырыбын туыс балалар туралы білімдерін кеңейту мен тереңдету үшін қолданыңыз.

Жылдық күнтізбе оқушыларға Қазақстанда негізгі салтанатты мерекелер мен дәстүрлер қашан болатынын түсінуге және олардың мәнін ұғынуға көмектеседі.

Диаграмма мынадай тақырыптан («Ай» «Мереке» «Не болып жатыр») және айлар бағанында аталған жыл айларынан тұруы тиіс.

Бұл тапсырманың сөздік блогында мына сөздер қамтылған:

отбасылық мереке;

отбасылық дәстүрлер;

уақыт диаграммасы.



Алдыңғы тапсырмадан: қазақтың заманауи үйлену тойының суреті. Жылдық күнтізбе (толық ақпарат үшін оқытушының ескертулерін қараңыз)




3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және


2.3.5.3 Қазақстан халықтары достығының маңыздылығын түсіндіру


Отан – отбасынан басталады

(Ұ,МК) Сурет негізінде Қазақстанды қандай ұлт өкілдері мекендейтінін сұраңыз. Қонақжайлылық постерімен жұмыс. Қонаққа қандай ұлт өкідері келді? Оларды қалай ажыраттың? Олар қандай мерекеге байланысты қонаққа келуі мүмкін? Олардың қарым-қатынасы туралы не деуге болады?

Адамдардың қандай эмоцияларын байқадыңдар? Өз мектептеріңде қандай ұлт өкілдері оқитындығын анықтаңдар.

(Т) Оқушыларға ойлануға және талқылауға тапсырма беріңіз:

  • Отбасындағы сыйластық қарым-қатынас басқа ұлт өкілдерін сыйлауға қалай көмектеседі?

  • Түрлі ұлт адамдарының ұқсастығы мен ерекшелігі неде?

  • Қазақстандағы халықтар достығының маңыздылығы туралы ой қорытындысын жасауға бағыттау

(Ж,Т) Жұпта немесе топта талқылауды сұраңыз

  • Сенің отбасыңда сыйласым мен келісім қалай қолдау табады?

  • Сен «Отан отбасынан басталады» деген мақалды қалай түсінесің?



(Ұ) Оқушыларға 1 мамыр – Қазақстан халықтарының білігі мерекесі. Бұл халықтардың әрқайсысы ерекше, олар бірақ ынтымақтасқан бір халық. Бірінші мамыр мерекесінің мағынасы да осында екендігін нақтылаңыз.


2-сынып. Тіл дамытуға арналған постерлер топтамасы.









«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 2-сынып

3-бөлім: Менің мектебім

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар осы тақырыпқа қатысты кейбір мәселелерді 1-сыныпта өткен. Бұл бөлім берілген тақырып бойынша бастапқы білімді негізге алады.

Мазмұны

Бөлім оқушылар сыныптан тыс қандай шараларды пайдаланғанын, олардың мәнін және рөлін зерттейді. Оқушылар мектепті екі басқа планетадан келушілерге таныстыру үшін 2-бөлімнің мазмұны бойынша бағдарлама жоспарлауы керек. Оқушы шығармашылығы оқу тапсырмалары арқылы дамиды.

Осы бөлімнің тілдік мақсаты

Оқушыларға арналған сәйкес академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалог/жазылымға арналған сөз тіркестер

  • Сыныптан тыс шараларды, соның ішінде ойындар мен ермек түрлерін талқылай алады.

Келесі сөздер қамтылады:

әуестік , ойындар, қызығушылықтар, қызмет түрі, би, футбол, атқа міну, музыка, спорт

басқа планеталық, ғарышкер, ғарыш кемесі.

Талқылауға ұсынылған сұрақтар:


  • Сен неге қызығасың және ермек етесің?

  • Сіздің әуестігіңіз жөнінде басқа планеталық қандай сұрақтар қояды?

Сіз .... неге екенін айта аласыз ба?

  • (қызығушылығыңыз және әуесқойлығыңыз) маңызды ма?

Олар басқа планеталықтарды қызықтыра ма?

Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және академиялық тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Бөлімнің тұжырымдамалық келістірілуі сілтеме жасалатын бір топ мәселелерді қарастырады. Мысалы: Әл-Фараби шығармашылығы, мектептен тыс және мектеп қабырғаларында, жанұя мен достардың рөлін зерттеу.

Бөлімде оқушылар басқа планетадан келушілерге тақырыптарды үйрету арқылы, оқыту үдерісін жалғастырады. Өнермен пәнаралық байланыс стоп-кадрларды және бейнелі қимылды пайдаланған кезде жүзеге асырылады.

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқыту мақсаттары

Сабақта ұсынылатын жұмыс түрлері

Мұғалім назарына (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы

2.1.2.1 Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру

Үйірмеде не үйренуге болады?


(Ұ) «Сиқырлы ғарыш кемесі» тақырыбын енгізу үшін бейнебаян көрсетіңіз. Оқушыларға әңгіме айтып беріңіз: Ғарыш кемесі Қазақстан Республикасына келіп қонды. Бұл – басқа ғаламшардан келушілерге толы сиқырлы кеме. Олар мейірімді және жылы шырайлы, өздеріңмен жасты ұл бала және қыз бала. Олар сендердің сыныптарыңа келуді ұйғарыпты.

Ғарыш балалары сендердің бос уақыттарыңда мектептен тыс не істейтіндіктеріңді, мектептен тыс шараларды, ойындар мен қызығушылықтарыңды, отбасы және достарың туралы білгісі келеді. Басқа планеталықтардың оқушыларға қандай сұрақтар қоя алатынын сұраңыз.

(Ұ) Оқушылардан отбасы немесе достары айналысатын мектептен тыс шараларды/үйірмелерді атап өтуді сұраңыз (спорттық ойындар, музыка, домбыра, ермек, қызығушылық). Тізімді тақтаға жазыңыз.

(Т) Сыныпты топтарға бөліңіз. Әр топта екі жұп болу керек. Әр жұп тізімнің ішінен сыныптан тыс үш шараны/үйірмені таңдайды немесе өздерінің жеке идеяларын ұсынады.

Таңдаған шараларына төмендегідей талқылау жүргізуі керек:

  • Ол несімен қызықты және жағымды?

  • Достары және отбасы мүшелерінің қайсысы онымен айналысады?

Бұдан соң әр жұп өз идеяларын топтарында біріктіріп қайсысы ең жақсысы екенін талқылайды.

(Ұ) Басқа планетадан келушіге сипаттама беру үшін оқушылар ұсынылған материалдарды, интернетті пайдаланып, үйірмесі/ермегі нені қамтитынын зерттейді және олардың фотосуреттерін және бейнелерін ұсынады.

(Ұ) Аталған үйірмелер және т.б. неліктен адам үшін маңызды,

келушілерге қызықты екендігін талқылаңыз.


(Т)(Ө) Оқушымен немесе топ оқушыларымен үйірме немесе сыныптан тыс қызықты немесе тартымды шаралар туралы сауалнама өткізіңіз.


(Ұ) Оқушылар меңгерген ақпаратты қорытындылап, сөздік қорларына жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қосады.






Мүмкін болса, негіз дайындау үшін БП туралы оқушыларға бейнефильм көрсету.

Егер ғарыш кемесі туралы идея өте қиын болса, мұғалім № 1 бөлімнің мазмұнына сүйеніп, оның орнына шетел оқушыларының келу идеясын пайдалана алады.

Ғарыш кемесі идеясы немесе оқушылар тобының келуі. Бағдарламаның түрлі бөлігі арасында байланыс орнатудың шығармашылық әдісі болып табылатындықтан, басқа бөлімдерде қайта пайдаланылады.

Сыныптан тыс шараларды атап өткенде шығармашылық тапсырмаларды қосыңыз. Мысалы: музыка, өнер, үлгілер жасау. Сонымен қатар атпен байланысты тапсырмалар (атқа міну, оларды күту).

Сыныптан тыс шараларды кітапхана қызметін, ақпарат құралдарын (мүмкіндік болса АКТ арқылы интернетті) пайдалана отырып зерттеу арқылы бұл шаралардың ауқымын кеңейте аласыз.

«Авторлық орындық» - бұл әдіс бойынша оқушы немесе оқушылар тобы сынып алдында отырады, ал басқа оқушылар осы тақырып бойынша оларға сұрақтар қоя алады.

Осы тапсырма шеңберіндегі тақырыптық сөздік (түсініктеме үшін 5-бетті қараңыз) төмендегі сөздерді қамтиды: би

  • басқа планеталық;

  • футбол;

  • ойындар;

  • әуесқойлық (әуес ісі);

  • музыка;

  • әңгімелер;

  • робототехника;

  • спорт.






YouTube-та БП туралы бейнебаян:

http://www.youtube.com/watch?v=s7BsDVArvMw

Сыныптан тыс шараларды зерттеу үшін интернетке шығу және материал жинақтау.

1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы




2.1.2.1 Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру




Мектептегі оқу және оқудын тыс әрекет түрлері


(Ұ) Соңғы тапсырманы қараңыз. Сыныптан тыс шаралар тізімін қарап шығыңыз және олардың ішінен қайсысы мектепте өткізілетінін немесе басқа планеталықтардың (БП) мектебінде өткізуге болатынын айтыңыз. Тізімнен осы шараларды белгілеңіз. Бұл шараларды мектепте

БП-ды мектепте өткізілетін сыныптан тыс шаралармен таныстыру үшін арнайы күн жоспарланатынын оқушыларға айтыңыз.


(Т) Сыныпты топтарға, топты жұптарға бөліңіз. БП тізімде белгіленген кез келген шара жөнінде сұрауы мүмкін. Әр жұп тиісті шараларына байланысты үш сұрақтан дайындап, жазуын сұраңыз.


(Ұ) Оқушылардан жауабын алыңыз. Оқушылар сұрақтар мен жауаптарды талқылайды.


(Ұ) Сыныпқа БП балаларының қонаққа келетінін айтыңыз. БП балаларына мынадай іс-шаралар жүргізіледі: мектепке келу, сыныппен танысу, мектеп бойынша саяхат, сонымен қатар басқа оқушылармен және қызметкерлермен танысу.


(Т)(Ө) Әр топ күн кестесін дайындайды және оған БП келушілеріне көрсете алатын сыныптан тыс шараларды қосады (тізім ішінен).

Тақырыбы бар сызбаны кестені не жұлдыз сызбаны/тұжырымдамалық желінің элементтерін салыңыз. Тақырып мынаны қамтуы мүмкін:

  • уақыт;

  • қызмет атауы;

  • орын;

  • шараны таңдау себебі.

Топтар өз кестелерін немесе диаграмманы толтырады және өздеріне көшіріп алады.


(Т)(Ө) БП келушілеріне күн кестесін таныстыру үшін әр топ баяндамашысына кем дегенде бір минут беріледі.


Тақтадағы жазылған сөз тізбесін оқушылардың жазғанымен салыстырыңыз. Жұптық жұмыс жүргізіңіз. Бірнеше жауаптарды қарастырыңыз. Топтық жұмыс кезінде оқушылар өзара міндеттерін бөлісіп алады,тапсырманы орындаудың тиімді жағдайларын қарастырады. Бұл тапсырманы орындау жұмыс барысында тиімді тәсіл болып табылады. Келушілердің сапар жоспары – бір күндік сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруға зейіндерін дамытуға көмектеседі.






Соңғы тапсырма тізімі тақтада, қағаз бетінде немесе басылған үлестірмелі материал ретінде

Оқушылардың толтыруына арналған шаблон немесе күн кестесінің жоспары (БП-ты өз мектебімен және сыныптан тыс кейбір шаралармен таныстыру)

1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы





2.1.2.2 Мектеп қауымдастығының құрылымын және оның мүшелерінің атқаратын қызметін анықтау

(Ұ) Оқушылардан БП келушілер қандай тілде сөйлейтінін және мектеп пен сыныптан тыс шаралар туралы ақпарат берген кезде қандай қиындықтар тууы мүмкін екенін сұраңыз. БП және оқушылар бір-бірінің сөзін/тілін түсіне алмауы мүмкін екенін хабарлаңыз.


(Ұ) Оқушылардан БП келушілерімен қатынас жасау үшін оларда қандай шығармашылық идеялар туындайтынын сұраңыз.


(Т) Бір күндік келу кестесін пайдалана отырып, әр топ мектеп бойынша саяхатты ойластырып, талқылайды. БП-ға серуен кезіндегі адамдар және орындар туралы таныстыру үшін оқушылар жеке қарапайым сөйлемдерді электронды аудармашы арқылы қарастырады.


(Ұ) Оқушылар БП-ға сыныптан тыс шаралар туралы баяндау үшін сценарий техникасындағы стоп-кадрды немесе кестені пайдаланатынын түсіндіріңіз.


(Т) Әр топ өзінің стоп-кадрлары үшін өз тақырыбын таңдайды. Оқушылар өз тақырыбына кем дегенде үш стоп-кадр әзірлеп, тәжірибе жүргізеді. Олар кадрдан кадрға бірқалыпты көшуді тәжірибеден өткізеді (бейнелі қозғалыс).


(Т) Топтар сыныпқа өз стоп-кадрларын ұсынады. Басқа топтар стоп-кадрларларда қандай әрекет көрсетілгенін таба білуі керек.


(Ұ) Оқушылардан алған білімдеріне өз ойын білдіруін сұраңыз.



Біз балалар алдына БП келушілермен қалай әңгімелесуге болатыны туралы міндет қоя отырып, жаңа сарынды шығармашылық енгіземіз.

Топтардың өз сапар кестесі болуы керек.

Қажет болғанда, еске түсіру жауаптары болуы мүмкін, олар келесіні қамтиды:

  • адам/БП аудармашы;

  • электронды аудармашы;

  • ым/көрініс;

  • визуалды бейнелеу сюжетті суреттер, суреттегі әңгіме, үлгілер, кино/бейне;

  • әзірлемені көрсету.

Сыныптан тыс шараларды түсіндіре отырып, оқушылар стоп-кадр өнер (қойылым) техникасын және бейнелі қозғалысты пайдаланатын болады.

Стоп-кадр немесе кесте іс-әрекеттің нақты түрінің «сәтін» ұсынады. Оларды бірізділікпен көрсету кезінде оқушылар, бір кадрдан екіншісіне көшіп, бейнелі қимылдарды көреді.

Мұғалім оқушыларға жазып алу үшін стоп-кадрларды көрсетеді.

Уақыт жетіспеушілігі іс-әрекетті бір стоп-кадрға дейін, яғни қозғалыссыз шектеуі мүмкін.







Күндізгі мектепке келу кестесі (ескі тапсырмадан)

1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы




2.1.2.3 Мектеп қоғамдастығындағы ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын түсіндіру

































2.1.2.4 өз сыныбын сипаттау

Мектеп қоғамдастығы


(Ұ) Оқушылардың өз беттерімен қағазға өздері білетін мектеп қызметкерлерінің тізімін жасауын сұраңыз. Кімде қанша шыққанын біліңіз. Оқушылар өз тізімдерімен алмасып және жұппен талқылауына болады. Ең көп тізімі бар баладан дауыстап оқысын. Одан әрі олар қандай қызметтерді атқаратынын әңгімелейді. Оны ойын түрінде «Кім не істейтінін тап» ойнауына болады. Оқушы бір мекетеп қызметкері жазылған карточканы таңдайды да сол қызметкердің атқаратын әрекетін бейнелейді. Қалған оқушылар оны табады.

Жауаптары: директор, мұғалім, директордың орынбасары, дәрігер, күзетші, аспаз, киім ілуші, техникалық кызметкер және т.б.

(ОТ) Оқушыларды шағын топтарға (4-5) біріктіріңіз, оларға сызықтармен 4 бөлікке бөлінген пирамиданың суреті салынған плакатты таратыңыз. Әр топқа берілген конверттің ішіне жазылған 4 карточка салыңыз: оқушылар, директор, директордың орынбасарлары, мұғалімдер. Берілген сөздерді атқаратын міндетіне қарай мектеп пирамидасына орналастыруды сұраңыз. Өз жауап нұсқасын түсіндіруін сұраңыз.

(Т) Оқушыларға төрт түсті қарындаш/карточканың бірін алуын сұраңыз. Түсіне қарай оларды 4 жаңа топқа біріктіріңіз: мұғалімдер, оқушылар, директордың орынбасарлары, директор.

Сонан соң мектеп директорының, оның орынбасарының және мұғалімнің видиожолдауын ұсыныңыз (олар өздерінің атқарып отырған жұмыстары туралы әңгімелейді)

Немесе олармен алдын ала келісіп алып, олардың сыныпқа 1-2 минутка кіріп әңгімелесуін немесе директордың, орынбасарының, мұғалімдер бөлмесінде олармен әңгіме өткізуін сұраңыз.

Көріп болғаннан (әңгімелесуден кейін) әр топ өздері таңдаған мектеп қоғамдастығы мүшесінің атқарып отырған басты қызметін және оның жұмысының мектеп өмірі үшін маңызы туралы қорытынды жасайды.

Мектеп ережесін сақтаудың тиімділігі

(Ұ,Т) Топтастыру «Мектеп ережелері» Мектепте қандай ережелерді сақтап жүрміз? Барлық оқушыларға ортақ ережелерді топтастырып, сыныпқа таныстырады.

(Т) Оқушыларды топқа бөліңіз, оларға өз мектебінің жарғысын/ережесін таратып беріңіз, сұрақтарға жауап даярлауын сұраңыз

  • Өздері белгілеген ережелер мектеп ережесіне сәйкес пе?

  • Қандай толықтырулар енгізуге болар еді?

(Ж) Спорт алаңындағы/залындағы, кітапханадағы немесе асханадағы тәртіп ережелері туралы пікір алмасу.

(Ж,Т) «Неліктен тәртіп ережелерін сақтау керек?

Мектептегі тәртіп ережелерін сақтамаса не болады?», - деген сұрақтардың көмегімен суреттерді талдап, сабақты қорытындылауға болады. Білім алушыларға мүмкін болатын жауаптардың ортақ құрылымын ұсынуға болады. Ол:

«Егер де біз мектептегі ... тәртіп ережелерін сақтамасақ, онда ... ».

«Мектеп ережесін сақтау тиімді, себебі....»

(Т) Өз сыныбындағы оқушылардың тәртіп ережелерінің сақталуын үлгіге ұсынуға болатын тұстарын анықтау. Өз сыныбын сипаттау. Қорытындылау.

Сабаққа дайындық

Алдын-ала камераға директордың, орынбасарының және мұғалімнің жолдауын түсіріңіз және 2 минуттық видео түсіріңіз.



Оқушулардың көңілін мектеп басқару құрылымы сыйластық пен сенімге құрылатынына аударыңыз.






Суреттер бойынша балаларға мектепте оқудың осы сатысында өзекті болып табылатын кейбір тәртіп ережелерін анықтауды ұсынуға болады.



Ресурстар

Мектеп қызметкерлерінің атаулары жазылған карточкалар


Пирамида суретімен 4-5 постер, мұғалім, оқушы, директор, орынбасарлар сөздері жазылған карточкалар салынған конверт (4-5дана)


А4 форматтағы қағаз, түрлі-түсті маркерлер


Ойыншық микрофон






























«Мектеп жарғысы» т.б.

Түйін сөздер бар карточкалар

Мектеп жарғысынан ережелер

жазылған беттер

флипчарттар, фломастерлер топта жұмыс жасау үшін

Мультфильм «Менің құқығым»

https://www.youtube.com/watch?v=CZECWGL1pqg&index=2&list=PLrT1_ZnhJbRA5jIOh6e3jr8IymkPaVtkX




























«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 2-сынып

4-бөлім: Туған өлкем

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы үш бөлімде оқушылар жергілікті жердің ерекшеліктері арқылы осы бөлімнің кейбір мәселелерімен танысты.

Мазмұны

Бөлім жергілікті жердің, сол секілді ұлттық масштабта оқушылардың білімдерін дамыту үшін Дүниетану бағдарламасының мазмұнын туризм және мерекелер тақырыбы бойынша бейімдейді.

Осы бөлімнің тілдік мақсаты

Оқушыларға арналған сәйкес академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалог/жазылымға арналған сөз тіркестері

  • туризм және мерекелер туралы әңгімелей алады

Мыналарды қамтиды:

  • отбасылық, ұлттық және кәсіби мерекелер;

  • демалыс орталығы, шипажай;

  • орналасқан жері, мектеп мерекелері, теңіз жағалауы, спорт және ойындар;

  • шаралар, көркем галереялар, шіркеулер, дін;

  • саяжай, орналасқан жері, қалашық, ауыл;

  • ойын-сауық, халық әндері;

  • ауылдық жер, ормандар, жер бедері, бұлақтар, өзендер мен көлдер, ескерткіштер, мұражайлар, саябақтар.

Мысалы (тілдік мақсатқа)

байланысты)

Талқылау үшін тақырыптар:

  • Мереке деген не? Ол нені білдіреді және нені қамтиды?

  • Салтанатты мереке орталықтары қай жерде орналасқан? Онда қандай мерекелерді өткізеді?

Сіз неге екенін айта аласыз ба?

  • біз демалысқа барамыз?

  • сіз демалыста рахаттанасыз?

  • сіз туристердің келу жерлерін таңдадыңыз?

  • Қазақстан туристер үшін танымал жер болды?

Жазбаша ескертулер:

  • Өз постеріңіз үшін ақпарат таңдап алыңыз.

  • Қазақстанды өте тартымды түрде таныстырыңыз.

Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және академиялық тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

4-бөлім оқушылардың жақсы идеяларымен өзімен жасты шетелдік келушілерге олардың жерлері туралы нақты түсінік беретін тамашалайтын орындарды таңдату идеясын пайдаланады. «Бізді қоршаған әлем» тұжырымдамасы бүкіл Қазақстанды қамтиды. Туристерге арнап орындарды таңдау арқылы оқушылар Қазақстанның климаты және жер бедерінің алуан түрлілігімен танысады.







Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқыту мақсаттары

Сабақта ұсынылатын жұмыс түрлері

Мұғалім назарына (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

1.3 Менің атамекенім

2.1.3.1 Өз зерттеулеріне сүйене отырып, аймағының көрнекі жерлерін сипаттау және бейнелеу

Неліктен атамекен бәрінен қымбат?

(Ұ) Қазақстан туралы мультфильмді тамашалау. Талқылау сұрақтары:

  • Балалар қандай игі істер атқарды?

  • Олар өз елін қалай таныстырды?

  • Ал сендер қалай таныстырар едіңдер?


(Ұ,Т) Шетелдік қонаққа өз туған жері, атамекенін таныстыру керек. Оқушылар топта қонаққа өз туған жері туралы қандай мағлұматтар айтатынын ойластырады. Мәліметтерді қайдан алады, оларды жинақтау, негізгі тұстарын белгілеп, ой қорытындысын шығару.

Әр топ өздері көрсететін буклет пен таныстырылым дайындайды. Оқушылар өздеріне жас шетелдік туристер тобы қоюы мүмкін сұрақтар туралы ойланулары керек.

(Т,Ұ) Әр топ әзірлеген тақырыбына қатысты шетелдік жас турист қоюы мүмкін бір сұрақтан әзірлейді. Сұрақ олардың постері немесе презентацияларының атауы болуы да мүмкін.

Әр топтың сұрақтарын сыныпта талқылаңыздар.

(Т) Әр топ постері немесе презентация/сурет тақырыбын қолжетімді ресурстар мен материалдарды қолданып зерттейді және құрастырады. Қандай жаңа деректер қосуға шешім қабылдағанын айтады..

(Ұ, Ө, Қ) Топ баяндамашылары немесе топ құрамындағы оқушылар бірігіп бүкіл сыныпқа топтың постерін немесе презентациясын таныстырады. Топтар бір-бірінің орындаған жұмысына кері байланыс жасайды. Бағалау критерийлер бойынша

  • Дереккөздерді атай білуі

  • Туған жерінің көрнекті жерлерін сипаттауы

  • Тыңдарманды қызықтыратын сөздерді қолдануын

  • Таныстырылымның түсініктілігі

Оқушылар туған жер неліктен қымбат екендігін анықтау үшін зерттеушілер мен журналистер ретінде жұмыс істейді.

Әрбір топ жұмыс істейтін тақырыптар тізімін қолжетімді ету немесе тақтаға орналастыру керек (алдыңғы тапсырманы қар.).

Топты әр мүшесі белгілі бір рөлге ие: репортер (баяндамашы); ақпарат жинауға жауапты; топтың жұмыс процесін бақылаушы; топ іс-әрекетін тіркеуші.

Бұл тиімді топтық жұмыстың стандартты үлгісі (тек жай ғана топ ішінде ғана емес, топ ретінде де жұмыс істеу). Оқушылар осындай нысандағы жұмысқа 1-сыныптан бастап үйренген.

Әр топ жұмыстарын аяқтап презентация орындауға дайындалады.


Топтар өз зерттеулерін қалай жүргізгені туралы және мұны қалай жақсартуға болатынын қарастырған кезде қалыптастырушы бағалау үшін мүмкіндіктер бар.

Осы мақсатта сабақта:

  • пікіралмасу және талқылау;

  • сұрақтар қою;

  • зерттеу;

  • жазу;

  • ұйымдастыру.

Ғажайыпстанға саяхат. Қазақстан туралы https://www.youtube.com/watch?v=hw6IWxIS8zc



3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік

2.3.5.2 бақылаулар негізінде ҚР мемлекеттік рәміздерінің қолданылу саласын анықтау

Мен қазақстандықпын

(Ұ)(Ж) Оқушыларды көздерін жұмып, олардың нағыз Қазақстандық екенін сезінуге немесе ұғынуға көмектесетін екі зат туралы ойлауын сұраңыз. Олар көздерін ашқан кезде оқушылар жауаптарын тыңдаңыз.

(Ұ) Интерактивті тақтадан елімізді дәріптейтін қысқаша бейнебаян көрсетіңіз.

(Ұ)(Ж) Оқушылардан өздерімен қатарлас шетелдік туристердің мектептерін тамашалауға келгенін көз алдарына елестетуді сұраңыз. Олардан келушілерге мемлекеттік рәміздеріміз туралы не айта алатынын сұраңыз.Тудағы әрбір элемент нені білдіреді?

(Ұ) Кішкентай туристерге Қазақстан туралы таныстырылым дайындайтынын айтыңыз.

Қорытынды презентация мыналарды қамтиды:

  • сәлемдесу;

  • өз елін таныстыру;

  • мемлекеттік әнұранды айту.

(Т) Топтарға бөлініп жас туристерге еліміздің рәміздерінің өздері үшін қаншалықты маңыздылығын түсіндіру мақсатында буклет дайындайды. Сыныпты әр топта жақсы оқитын оқушы болатындай етіп топтарға бөліңіз. Оларды топ ішінде жұпқа бөліңіз. Ол жұптар бірге жұмыс істейтін болады.

(Ж) Мен Қазақстан азаматымын тақырыбын жұппен талқылауларын сұраңыз.

(Ө) Әр оқушы өз ойын ортаға сала отырып, Қазақстан азаматының бейнесін құрайтын факторларды көрсету үшін концептуалдық картасын жасайды.

(Ұ)(Ө) Мұғалім тақтаға оқушылар өз концептуалды картасынан ұсынған идеялардан кесте немесе тізім жазады. Кесте/тізім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері мен оқушылар ұсынған басқа да кез келген элементтерді қамититындығына көз жеткізіңіз.

(Ұ) Оқушыларға концептуалды карталар мен тізімдерін тақырыпты зерттеу негіздемесі ретінде, ал содан кейін жас туристерге арналған бірқатар буклеттер немесе дайын презентациялар пайдаланатындықтарын айтыңыз.

(Ұ) Әнұранды орындау


Қазақ болмысы немесе Қазақстан азаматы – кең ауқымды тақырып. Бұл тақырыпты жүзеге асыруда төмендегі жағдайларды ескеру қажет:

  • тақырып және ресурстарды оқушылар түсініп, салыстыра алатын деңгейде ұсыну

  • жас туристерге сыныппен түсіндіре алатындай болуы керек.

Дайындық барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері мен картасының суреттерін сынып ішінде көрсетіңіз. Егер макеттер мен/немесе қол өнер бұйымдары, тұрмыстық жабдықтар, ұлттық киім-кешектер т.б. болса, оларды қолданыңыз.

Оқушы жұмысында концептуалық карталар стандартты элемент болуы керек. Оқушылар оларды тез дайындай алады және олар идея мен ақпаратты анықтау мен қалыптастыруда пайдалы құрал болып табылады .

Талқылауды толық сыныппен немесе жұппен жүргізе алады.

Талқылау үшін ықтимал мәселелер мыналарды қамтуы мүмкін:

  • ауылшаруашылығы/өнеркәсіп /сауда

  • ұстанымдар /құндылықтар;

  • ғимарат сәулет;

  • этникалық этнос;

  • мерекелер;

  • ту;

  • халық әндері ертегілер;

  • география/территория;

  • тарих батырлар және көшбасшылар;

  • мемлекеттік Гимн;

  • мемлекеттік рәміздер;

  • поэзия/әдебиет/музыка;

  • ауа райы/климат.

Тілдік мақсаттарды қолдау үшін, сабақпен байланысты ерекше лексикадан тұратын «сөздік блок» дайындай алады. Оқушылар сөздік қорларын толықтыра алады.

Осы тапсырма үшін сөздік блок Гимннен алынған негізгі сөздерді қамти алады:

  • ежелден;

  • Ел;

  • бірлік;

  • даңқ;

  • тәуелсіз.

Мемлекеттік рәміздер туралы Таңшолпан бағдарламасы:

https://www.youtube.com/watch?v=bgiV_8YvbqI




«Али мен Айя» Астана туралы!

https://www.youtube.com/watch?v=L4JxCzJeKvM


Фортепиано. Мемлекеттік Гимн

https://www.youtube.com/watch?v=r_5FrzEATEU


Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимн

https://www.youtube.com/watch?v=LnuS3Eh4A14


1.3 Менің атамекенім





2.1.3.2 Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді қалаларды жолдарды, өз облысын,көрсету

Карта бойынша саяхат

(Ұ) Қазақстан картасы бойынша жұмыс.

Картадағы түстер нені білдіруі мүмкін?

Қоңыр түспен нені белгілеген дұрыс? Өзен, көлдерді қандай түспен белгілеген дұрыс деп ойлайсыңдар? Жолдарды қалай бейнелеуге болады? Талқылулар ұйымдастыру.


(Т) Қазақстан картасынан өз облысын анықтау. Қандай түстер кездеседі? Қандай өзен, көлдер бар? Олардың орнын табу. Өз облыс, аудан, ауыл төңірегінен қандай жолдар өтеді? Ол жолдар қай қалаларды/ аудандарды қосады? Карта көмегімен анықтау.


(Ж,Т) Өз өңіріңе қонаққа келген жас туристерге гид қызметін көрсету керек. Қонақтар міндетті түрде өзен, көлді барып көргісі келеді. Картаны қолданып, саяхат маршруты сызбасын/жобасын дайындау.

Өз жұмыстарын топта таныстыру. Түрлі идеяларды жинақтап, топ мүшелері бірігіп үздік саяхат маршрутын құрастырады. Қандай көлік түрімен саяхаттауды ұсынады? Неліктен?

  • Жас туристер тобына арналған саяхат маршрутын топпен талқылайды.

  • өз идеяларын барлық сынып алдында постер немесе буклеттер түрінде ұсынады.

(Ұ) Таныстырылым мазмұны төмендегідей болатынын айтыңыз:

  • саяхат мкаршруты атауы,

  • жол сызбасы;

  • сурет немесе фотосурет (тер);

  • 15 сөзге дейінгі мәтін.

(Т) Буклеттер мен таныстырылым жасау үшін қолданатын материалды әр топқа үлестіру. Топ оқушылары тақырып бойынша жұмыс жасайды және сыныпқа көрсету үшін дайындайды.

(Ұ)(Т) Әр топ сыныпта өз саяхат маршрутын немесе буклетін ұсынады. Мұғалім өз қорытынды презентациясы арқылы оқушылар таныстырылымын толықтырады.

Топтың өз идеяларын дайын постер/презентация немесе буклеті арқылы ұсынуы - сыныптың ақпарат алмасуының тиімді тәсілі.


Маршрут дизайны маңызды, сондықтан нақты үлгісі көрсетілуі тиіс. Ол визуалды, сондай-ақ жазбаша элементтерді қамтуы керек.


Оқушылардың топта қалай жұмыс жасайтынын бақылаңыз.


Ғажайыпстанға саяхат, Алакөлге саяхат https://www.youtube.com/watch?v=xVUyyJf0Bgw


1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік

2.1.4.3көлік түрлерін, олардың қажеттілігін ажырату



2.1.4.4 қоғамдық көліктегі өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіру

Көлік және көлікте өзін ұстау ережесі



(Ұ) Бұл сабақты сынып бөлмесін көлік тәрізді жабдықтап, оқушылар жолаушы міндетін орындайтындай етіп ойын түрінде өткізуге болады.

(О\Т) Оқушылардың тәжірибесіне сүйене отырып, мұғалім көлікте өзін ұстауы жөнінде әңгіме жүргізеді. Көлік құралдары бейнеленген суреттерді пайдалана отырып, мұғалім сұрақ қояды: «Суреттен не байқадыңдар?», «Атаңдар». Әрбір жауаптан соң оқушыларға нақтылау қажет: «Адамдарға автобус не үшін қажет? »(жеңіл автокөліктер, поезд, ұшақ, т.б.) Көлік суреттерін тізбектей отырып, оқушыларды «көлік» ұғымымен танысады.

Ойынды жалғастыра отырып, мұғалім оқушылардан автобус салонында отырғандай сезінуін сұрайды, автобус жүргізушісін, кондукторды таңдайды, қалған оқушылар қайда баратыны жөнінде ойланады. «Сонымен, балалар бізде автобус жүргізушісі бар, ол ... (оқушылардың есімін айтады)»-дейді. «Жолаушы» түсінігімен таныстырады: «Көлікпен жүретін адамдарды «жолаушы» деп атаймыз. Міне, сендер автобус салонында отырсыңдар, ендеше сендер жолаушысыңдар». Автобус ішінде қандай ақпараттық бейнелер беріледі? Олардан қандай ақпарат алуға болады?

(Т) Оқушылар өзінен кіші бауырларына жолда жүру қауіпсіздігі туралы «Автобуста» жобасын құрастырады. Жол қауіпсіздігі туралы ақпараттық белгілер ойлап құрастыру немесе бейнелеу. Сайыс түрінде өткізуге болады. Әр топ жобасы түсінікті, есте сақтауға жеңіл болуына назар аудару керек.

Жолда қауіпсіздік сақтауға нелер көмектеседі? Жаяу жүргіншілерге арналған қандай жол белгілерін білесіңдер?

(Ж) Оқушылардың жұптаса отырып, талқылауын сұраңыз:

  • Велосипедтерге, машиналарға, жылқыларға, мотоциклдер мен жүк машиналарына арналған қозғалыс жолдарында қыдырып жүрген кезде ең қауіпті нендей жағдай болуы мүмкін?

  • Жолдағы ең қауіпті не болып табылады?

Оқушылар қауіптің түрлері мен қауіпті жерлер туралы ойлана отырып, осы сұрақ бойынша өздерінің естеліктері мен тәжірибелерін талқылайды. Ниет білдірген оқушылар өз естеліктері мен тәжірибелерімен сыныппен бөліседі.

(Ж) Оқушылардың жұптаса отырып жолдан қауіпсіз өтуге көмектесетін ережелер тізімі туралы ойлауын сұраңыз. Жұптар топ ішінде өздерінің тізімдерін салыстады және талқылайды, одан кейін әрбір топ өз тізімін үлкен қағаз парағына жазады.

(Ұ)(Ж)(Т) Бұл парақтарды қабырғаларға іліп қойыңыз және оқушылардың жақын келіп, басқа топтардың жұмыстарын қарап шығуын сұраңыз.

(Ө) Оқушылар топтық тізімдерді өздерінің дәптерлеріне көшіріп жазады.

(Ұ) Не оқып үйренгендіктеріне қорытынды жасаңыз.

Жол қауіпсіздігінің зор маңызы бар. Тапсырмалар оқушыларға мектептен үйге қарай жүрген кезде және үйлерінің жанында, ауылдарда, шағын қалаларда, ірі қалаларда немесе қала маңында серуендеген кезде қауіпсіздікте болуына көмектесу үшін идеялар жиынтығын келтіреді.

Тапсырма қауіпсіздікке және жолдан қауіпсіз өту туралы оқушылар не істеуі/білуіне қатысы бар бейнероликтен басталады.

Сайыс - қызықты жұмыс түрінің бірі, және бұл жерде қолданылған жарыс жолдан қауіпсіз өту жөніндегі өзінің жеке құралын жасау мен басқа оқушылардың жұмыстарын бағалау контексінде болады (алдыңғы тапсырманы қараңыз).

(Қ) Құралдарға шолу жасағанда және тізімдер солардың көмегімен қосылуы немесе жақсартылуы мүмкін болатын тәсілдерді қарастыру кезінде қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік бар.

Бұл тапсырмаға арналған сөздік блокқа кіруі мүмкін сөздер:

  • бұрылыс;

  • ашық;

  • күйме

  • велосипедші;

  • жүргізуші;

  • жолжиек;

  • жүк машинасы;

  • көпір;

  • жол қозғалысына қатысушы;

  • жол белгісі.


ABC+ - Жолда жүру ережелері


https://www.youtube.com/watch?v=tHnx9wPGrb4

1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік

2.1.4.4 қоғамдық көліктегі өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіру

Жол белгілері – қауіпсіз қозғалыс көмекшілері


(Ұ)(Ж) Оқушыларды жұптарға бөліңіз. Әр жұпқа сыныптағы (немесе мектептегі) белгілі бір орын туралы ойлап, серіктесіне осы орынға дейін қалай жетуге болатындығына, нұсқаулықтар жазып беруін тапсырыңыз. Олар нұсқаулықта белгіленген орынға жету үшін кілт ретінде қызмет атқаратын белгілерді енгізе алады. Одан кейін оқушылар өздерінің серіктерінен нұсқаулықтарды алып, оларды сыныптағы (мектептегі) орынды табу үшін пайдаланады.

(Ұ) Тапсырма бойынша оқушылар жолда жүру тәртібі туралы не үйрететіндігін және қалай қауіпсіз қозғалатындықтарын талқылаңыздар.

(Ұ) Мектептен кем дегенде километрдей жердегі жақсы таныс орынды таңдаңыз. Оқушыларға мектепке келген шетелдік балаларға мектептен осы жерге дейін қалай жетуге болатынын түсіндірулері керектігін айтыңыз. Шетелдік балалар қазақ немесе орыс тілінде сөйлей немесе оқи алмайды және қолдарында карталары жоқ. Оқушылардың нұсқаулықтары қонақтардың тіліне оңай аударуға болатындай анық әрі қарапайым болуы тиіс. Оқушылармен бірге талқылаңыздар:

  • Олар келушілерге қайда бару керектігін қалай түсіндіреді?

  • Олар маршрутты қалайша анық және толық түрде сипаттайды?

  • Орынды табу үшін келушілерге қандай бағдарларды көрсетеді?

  • Келушілердің қолында бағдар болу үшін олар сандық камера мен планшеттің немесе смартфонның көмегімен қандай көрнекті орындарды суретке түсіріп алады?

(Оқыту ресурстарын қараңыз)

  • Келушілер қандай жаяу жүргіншілер және жол белгілерінен өтеді? Олардың мағынасын қалай нақты түсіндіре алады? (Оқыту ресурстарын қараңыз)

  • Қауіпсіз саяхаттау үшін келушілер не істеулері керек?

  • Келушілер көліктің қандай түрлерін және қалай пайдалана алады?

  • Келушілерге қоғамдық көлікте өзін қалай ұстау керектігі туралы нені білулері керек?

(Ж) Оқушылар жұптасып жұмыс істейді. Ресурстарды пайдаланып, өздерінің нұсқаулықтарына анық және толық нақты бағытты, маршрутты қалай табу керектігіне қатысты кеңестерді қағазға (мүмкіндік болса планшет қолдануға болады) жазады. Жазбаның бар екендігіне көз жеткізу үшін бірін-бірі тексереді.

(Ұ)(Ө) Шетелдік балалардың мектептен белгіленген орынға дейін қалай жете алатындығы туралы өз нұсқаулықтарын сыныпқа айтып беруі үшін әр топтан бір оқушыны таңдап алыңыз.

(Ұ) Оқушылардың нені білгендігін және қандай жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйренгенін тексеріңіз.






Бұл тапсырмада, оқушылардың нұсқаулықтары ағылшынша сөйлейтін келушілерге арналып жазылған болса, ағылшын тілімен пәнаралық байланыс болады.

Тапсырманы орындау үшін визуалды образдарды жазатын, сұрыптайтын, ұйымдастыратын және көрсететін сандық технологияларды пайдаланыңыз, Бұдан басқа, баспа ресурстарын пайдалану арқылы оқытуға болады.

Жұптарды белсенділіктерін, сынып мүшелерімен үйлесімді жұмыс істеу қабілеттерін ескере отырып, өзгертуге болады.

Жұптар міндеттерді шешудің әртүрлі тәсілдерін, бір тақырыпқа әртүрлі көзқарастар мен пікірлер болатынын және олардың бәрі де міндеттерді шешудің дәлелі бола алатындығын түсіндіреді.


(Қ) Нұсқаулықтар жазу процесінде олардың қаншалықты нақты екендігін анықтау үшін оқушыларға «бес саусақты» пайдаландырыңыз. Бұл жерде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

  • Бұл тапсырмаға арналған тақырыптық сөздікке төмендегі сөздер енедібағыттар;

  • километр;

  • солға;

  • қозғалу;

  • қоғамдық көлік;

  • оңға;

  • жол белгілері;

  • қауіпсіздік;

  • тура;

  • жаяу жүргінші белгілері.












Айжұлдыз. Жолда жүру ережесі https://www.youtube.com/watch?v=0e4SE-38dL0



«Жол жүру ережелері». Мультхикая (Испания, 2007 ж.)

https://www.youtube.com/watch?v=Uq5rfaWxNbo






«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 2-сынып

5-тарау: Дені саудың – жаны сау

Осыған дейін меңгерілген білім

Қауіпсіздікке, тәртіпке, жаттығуларды орындауға, дұрыс тамақтануға қатысты мектепте және үйде күшті әрі дені сау болуы үшін не қажет екендігін біледі.

Мазмұны

Бұл тарауда дені сау болу үшін үйде және мектепте дұрыс тамақтану ережелерін қарастырады. Денсаулық пен гигиена «Өзім туралы», «Менің мектебім» және «Бізді қоршаған әлем» тарауын толықтырады.

Осы бөлімнің тілдік мақсаты

Оқушыларға арналған сәйкес академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалог/жазылымға арналған сөз тіркестері

дұрыс тамақтану және салауатты өмірдің маңызды екендігін талқылай алады.

  • дұрыс тамақтану;

  • жаттығулар жасау;

  • дені сау, сымбатты, күшті болу;

  • диета, ауру, көміртектер, жемістер мен көкөністер;

  • сүт өнімдері: сүт, ірімшік, май, йогурт, айран;

  • жол қозғалысы қауіпсіздігі және жол белгілері;

  • жолдан қауіпсіз кесіп өту ережелерін сақтауға және үйдегі және қоршаған ортадағы қауіптен аулақ болуға үйрену.


Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Дұрыс тамақтануды не құрайды?

  • Дұрыс тамақтану не үшін қажет? ?

  • Қалпында болу немесе қалпын сақтамау деген нені білдіреді?

Неліктен ... екендігін айта аласыздар ма?

  • бізге не үшін керек?

[Жазбаша ескертулер:]

  • Сіздерге ұнайтын тағамның түсін, пішінін, дәмі мен исін сипаттайтын сөздер туралы ойлаңыздар.

  • Жолдан қауіпсіз өтіп бара жатқанда сенімді болған кездегі ойларыңыз бен сезімдеріңізді сипаттаңыздар.

  • Жолдан өткен кезде қауіпті сезінген сәттегі өзіңіздің ойларыңыз бен сезімдеріңізді және келесіде қауіпсіз өту үшін не істеуіңіз керектігін сипаттаңыз.

Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және академиялық тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

5-тарау оқушыларды салауатты тамақтану мәселесімен және дұрыс тамақтану үшін олар не істей алатындықтарымен таныстырады. Ол оқушылардың назарын ауру және сау өсімдікке немесе жануарға аударып, олардан бұлардың неліктен бір-бірінен ерекшеленетіндіктерін сұраудан басталады. Тапсырма тамақты және оның біздің салауатты өміріміздегі рөлін қарастыруға бағытталған. Бұл тарау «Жаратылыстану» пәнімен байланысты. Тараудың екінші компоненті қауіпсіз саяхатқа арналады, тапсырмалар жол қауіпсіздігімен танысуға мүмкіндік беретін түсінікті және белсенді әдіс-тәсілдерді ұсынады.


Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқыту мақсаттары

Сабақта ұсынылатын жұмыс түрлері

Мұғалім назарына (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы





2.1.2.1 Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру



Спорт сенің өміріңде


(Ұ) Сабақты көңілді музыкалық дене жаттығуларынан бастаңыз. Спорттың бір түрін аталады, ал оқушылар соған сәйкес келетін қимылды көрсетеді. Шынықтыру шапшаң ырғақпен орындалуы керек.

(Ұ) «Қазақстан барсы» мульфильм тамашалау және талқылау.

Барыстың жеңіске жетуіне қандай қасиеттері ықпал етті деп ойлайсыңдар?

(Ж,Т) Өз денсаулығыңды жақсарту үшін қандай жаттығулар орындайсың? Күнделікті жаттығу орындауға қанша уақыт бөлесің? Қандай спорт үйірмесіне қатысасың немесе қатысқың келеді? Неліктен бұл спорт түрін таңдадың?

Қай спортшыларға ұқсағың келеді?

(Т) Әр топқа спорт және спортшылар туралы жазылған газет, журналдар, суреттер таратып беріңіз. Оқушылар коллаж жасасын және өз жұмыстарына ат қойсын, сонымен бірге спорт тақырыбына жазылған әр түрлі цитаталармен, мақал-мәтелдермен және суреттермен толықтырсын. Мағынасын сынып алдында түсіндіреді.


(ОТ) Оқушыларға шағын зерттеу жүргізуге уақыт беріңіз. Оқушылар сыныптастарының спорттың қай түрімен айналысатынын сұрап, мәліметті өзіне белгілеп алады. Оқушылар зерттеу нәтижесін шығарады, олар ер балалар арасында спорттың қандай түрлері кең таралғандығын, сол сияқты қыздар арасында қайсысы басым екендігі туралы нәтижені хабарлайды. Жұмыс нәтижесін диаграмма түрінде көрсете алады.


Сабақ басталар алдында Лондон және Сочи Олимпиадасында жеңіске жеткен спорт жүлдегерлерінің фото суреттерінің көрмесін даярлаңыз. Балалардан бұл адамдарды білетінін не білмейтінін сұраңыз. Олимпиадалық ойындарда жеңіске жеткен жүлдегерлер өз Отанының атын шығаратынын атап кетіңіз.


Егер мүмкіндік болса «Олимпиядалық ойындар» тақырыбына презентация немесе казақстандық спортшылар туралы видеофильмнен үзінді көрсетіңіз.


Қазақстан барысы: https://www.youtube.com/watch?v=P3fT69lOOhg


Біз сендерді мақтан тұтамыз, Олимпиада чемпиондары!


https://www.youtube.com/watch?v=2Y_MvDAKl2g



1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік

2.1.4.1 Түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау

Дұрыс тамақтану


(Ұ)(Ж) Мүмкіндігінше, бүкіл сыныпты шеңбер бойымен отырғызыңыз. Оқушыларды жұптарға бөліп, әрбір жұпқа нөмір беріңіз. Оқушылардан олардың үйінде немесе бау-бақшасында қанша өсімдік бар және неліктен бұл өсімдіктер сау болуы және жайқалып тұруы керек екендігін сұраңыз. Олардың өсуіне және сау болуына не көмектесетіндігін сұраңыз.

(Ж) Шеңбердің екі жағынан немесе бөлменің әр тарапынан екі балаға екі түрлі өсімдіктің суретін таратып беріңіз. Оқушылар өсімдік суреттерін жұпта қарап, талқылап шығады. Оқушылардан гүлдерді қарап, талқылауын сұраңыз. Олар қандай айырмашылықты көріп тұр? Өсімдіктердің бірінің сау, ал екіншісінің ауру болуының қандай себептер болуы мүмкін?

(Ұ)(Ж) Әр жұп сұрақтарға жауап береді. Тақтадағы кестеге неліктен бір өсімдік сау, ал екіншісі ауру екендігі туралы оқушылар келтірген себептерді жазыңыз.

(Ө) Оқушылар тақтадағы кестеден ең сенімді себептерді дәптерлеріне көшіріп жазады.

(Ұ)(Ж) Оқушыларға біздің жануарлар мен өсімдіктерге ұқсайтындығымызды, біз немен тамақтанатынымыз, деніміз сау болуына не көмектесетіндігі туралы ой талқы ұйымдастырыңыз. «Дұрыс тамақтану», «Диета» сөздерінің мағынасын ашыңыздар.

(Ж)(Т) Оқушылардың алдымен жұптармен, одан кейін топ ішінде бізге салауатты диета қалай әсер ететіндігін талқылауын сұраңыз. Әрбір топ үш азық-түлік түрінен тұратын тізім құрастырады. Төрт адамнан тұратын әрбір топ осы үш фактордың қайсысы аса маңызды болып табылатындығын және олардың маңыздылық деңгейін анықтайды. Топ тізімін жасап, сынып алдында таныстырады.



Бұл тақырып оқушылардың өмірімен тығыз байланысты. Өсімдіктің жақсы өсіп-өнуіне нелер ықпал ететіндігін анықтаудан басталады. Кейін оқушылардың өсімдік мәселесіне ұқсас салауатты өмір және диета тақырыбына өтеді. Мұғалім гүлді көру аймағында барлық оқушылар көре алатындай ұстап тұрады. Егер өсімдіктер болмаса, онда өсімдіктер бейнеленген суретті қолдануға болады

Тақтаға екі тақырып жазыңыз – «Дені сау болудың себептері», «Әлсіз болудың себептері» – және оқушылардың жауаптарын сәйкес жауаптарын бағандарға жазыңыз.

Әр жұптың өсімдікті қандай жағдай ауруға шалдықтыратыны және қандай жағдай сау болуына ықпал етуі туралы жауаптарды жеткілікті мөлшерде келтіргендеріне көз жеткізіңіз.


Дұрыс диетаны қалыптастыратын факторларға басты назар аударылады. Жұптасып, кейін төрт-төрттен жасалған жұмыс барлық оқушылардың мәселені шешу процесіне қосылғандығына және олардың ауызша процеске толығымен қатысатындығына кепілдік береді.

Сабақта тапсырмаға арналған сөздік қор:

  • диета;

  • сырқат;

  • тамақ;

  • сау;

  • ыстық;

  • жарық;

  • ауру;

  • науқас;

  • су.




Екі (немесе одан көп) құмырадағы өсімдіктер, бірі сау, екіншісі ауру және өлгелі тұрған

НЕМЕСЕ

Бірі сау, екіншісі ауру екі өсімдіктің суреттері, мысалы:

http://www.stockphotopro.com/photo-thumbs-2/AK25X2.jpg




https://www.youtube.com/watch?v=O7Lg63vLt2Y


1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік

2.1.4.1 түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау


Дұрыс тамақтану пирамидасы


(Ұ)(Ж) Өсімдіктер немесе жануардың суреттерін сыныпқа көрсетіңіз. Оқушылардан олардың қайсысы дұрыс, қайсысы нашар күтіп-бапталғанын және неліктен екендігін сұраңыз. Оқушылардың жақсы бапталған өсімдік пен жануарды түсіндіру үшін қандай сөздер мен сәйкес идеяларды

пайдаланатындықтарын сұраңыз. Идеяларын тақтаға жазыңыз, бағыттары бар диаграмма түрінде жазуға болады. Жаңа сөздерді сөздік блогына қосыңыз.

(Ұ)(Ж) Жұптағы оқушылардан салауатты тамақтану және дұрыс тамақтанбау ағзаға қалай әсер ететіндігін сұраңыз. Әрбір жұптың сынып алдында айтып беруін сұраңыз. Олардың идеяларын «салауатты» және «дұрыс емес» деген тақырыптардың астына тақтаға жазыңыз.

(Ұ)(Ж) Сыныпқа, өсімдіктердің, жануарларды дұрыс күтіп баптау және дұрыс тамақтану адамдардың денін сау қылатындығын және олардың өсуіне көмектесетіндігін түсіндіріңіз. Неліктен балаларға дұрыс тамақтану пайдалы екендігін сұраңыз. Оқушыларға олардың өсіп келе жатқандығын және олардың қазір не жейтіндігі олар өскен кезде қандай болатындығына әсер ететіндігін айтыңыз.

(Ж) Әрбір жұпқа пирамиданың үлгісін және түсті фигуралардың жинағын таратып беріңіз. Оқушылар бұл фигуралардан пирамида қалай пайда болатындығын көру үшін бірге жұмыс істейді. Олар фигураларды пирамидадағы нақты бір жерге бекітеді.

(Ұ) Сыныппен олар дұрыс тамақтану туралы қандай маңызды нәрсені білгендігін талқылаңыздар.

Оқушыларға ауру, арық жануардың бейнесін өте аянышты болуы мүмкін, ондай жағдайда, жануардың суретін қолданбасаңыз да болады.

Ауру және сау өсімдіктер мен жануарларды салыстыра отырып, оқушылардың назарын осы тұжырымдаманың мысалдарына жинақтап аударыңыз. Оқушылар сондай-ақ олар көрген өсімдіктер мен жануарларды талқылай алады.

Өсімдіктер мен жануарларға өсуіне және сау болуына ненің көмектесетіндігін нақты, мысал келтіре отырып, түсіндіріңіз.

Пирамида идеясын және ол салауатты тамақтануды қалай көрсететіндігін енгізіңіз. Пирамида төрт қабатты алты бөлікке бөлінген (Оқытушы ресурстар).
Осы тапсырмаға арналған сөздік блокқа мына сөздер кіруі мүмкін (түсініктеме үшін 5-бетті қараңыз):

  • дұрыс тамақтану көміртегі;

  • сүт өнімдері;

  • табиғи майлар мен жасанды майлар;

  • жеміс;

  • ет және балық;

  • өсімдік;

  • ашығу/аш;

  • күшті;

  • көкөністер;

  • әлсіз.



http://3.bp.blogspot.com/_RgkheysTzdo/TLtykCJ1mNI/AAAAAAAAAFE/owJBMxhSipA/s1600/emaciated+foal.jpg


Салауатты өмір салтына байланысты мақал мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар

Салауатты тамақтану пирамидасының үлгісі (айналасында жазу және суреттерді жабыстыру үшін кеңістігі бар бос теңбүйірлі үшбұрыш – төмендегіні қараңыз)

Түрлі түсті фигуралар жинағы (дәлірек айтқанда,оқушылар сегменттерді пирамиданың үлгісіне дұрыс орналастыруы үшін, төменде көрсетілгендегідей, пирамида сияқты осындай үшбұрыштан 6 сегментті қиып алыңыз)

Желім

Дұрыс тамақтану пирамидасы (жалғасы)

(Ұ)(Ж) Алдыңғы тапсырманы, дәлірек айтқанда, деніміз сау болуы үшін және біз түрлі азық-түліктің дұрыс мөлшерін тұтынған кезде біз «дұрыс тамақтану» диетасын ұстанамыз деп айта алатындығымызды қайталаңыздар.

(Ұ)(Ж)(Ө) Салауатты тамақтану пирамидасын көрсетіңіз. Сегменттерді атаңыз және таңбалаңыз және оқушылардан бұл диетада қандай азық-түлік түрлері болуы керектігін сұраңыз. Әртүрлі азық-түліктің суреттері бар гиперсілтемелерді пайдаланыңыз және оқушылар оларды есте сақтай алуы үшін үстінен басыңыз. Азық-түлік атауларын тақтаға жазыңыз.

(Т) Оқушылар өткен тапсырмада жасаған пирамиданың әрбір алты сегментінде белгілеулер жасайды.

(Ұ)(Ж) Үйлестірілген диетаны ұстанып, деніміз сау болу үшін біз әрбір сегменттен қандай азық-түлікті тұтынуымыз керектігін түсіндіріңіз. Азық-түліктің суреттерін таратып беріңіз. Өздерінің тақтадағы сөздерін пайдалана отырып, оқушылар азық-түлікті қиып алып, диаграммаларының айналасына жапсырады (немесе суретін салады), олардың әрқайсысының астына атауын жазады және әрбір өнімнен ол жататын сегментке қарай сызық жүргізеді.

(Ж) Оқушылар жұптаса отырып, осы пирамидадағы қандай азықтар ұнайтындығын, қайсысы ұнамайтындығын, олардың қайсысын бірнеше күн бойы жегендерін, сондай-ақ олар тағамға пайдаланбайтын қандай да бір азық бар ма екендігін сұраңыз. Әрбір жұп олар нені анықтағандықтарын сыныпқа хабарлайды.

(Ұ)(Ж) Сынып қалай дені сау болып, үйлестірілген диетаны ұстауға болатындығы туралы қандай жаңа ақпарат білгендігін талқылайды.

Азық-түлік пирамидасымен жұмыс істеу оқушылардың назарын дұрыс тамақтануға ықпал ететін факторларға аударады.

Ескертпелері бар сегменттер:

  1. төменгі қабат көміртегілер (немесе нұсқа ретінде, нан, күріш, макарон, қызанақ);

  2. екінші қабат, сол жақ сегмент көкөністер;

  3. екінші қабат, оң жақ сегмент жемістер;

  4. үшінші қабат, сол жақ сегмент сүт;

  5. үшінші қабат, оң жақ сегмент ет және балық;

  6. үстіңгі қабат (пирамиданың ұш арбасы) – жасанды май мен табиғи май.

Оқушылардың тамақтануы туралы сауалнама мұқият жүргізілуі тиіс.

Жоғарғы сыныптарда оқушылардың білімінің осы аспектілерін ұлғайту ақуыздар, дәрумендер мен басқа аспектілерге қатысты болады.

Неліктен кейбір азық-түліктер салауатты және дұрыс тамақтану үшін қажетті екендігін түсіндіретін суреттерге гиперсілтемелері бар пирамиданың слайды PowerPoint

Пирамидалар (алдыңғы тапсырмадан)

Пирамиданың барлық алты сегментінен алынған тамақ өнімдерінің суреттері бар шағын картинкалар (көшіру немесе қиыпалу үшін)

Қайшы

Желім

Сызғыш

1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік

2.1.4.2 күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық орындарда,) қауіпсіздік ережелерін түсіндіру

Айналадағы қауіп-қатер


(Ұ)(Ж) Оқушыларға жанып тұрған шырақтың суретін көрсетіңіз. Шыраққа қарағанда қандай ойлар келетіндігі туралы сұраңыз. Оттың адам өміріне маңызы туралы сұраңыз. Отсыз өмір сүру мүмкін бе?

(Т) Оқушыларға оттың қауіпті болуы туралы ескертіңіз. Өрт шығу себептерін анықтаңыз. Оқушыларға өрт кезінде іс-әрекеттердің алгоритмін құруын тапсырыңыз. Әр топ құрған алгоритмін айтқан соң, ортақ бір алгоритм шығарыңыз.

(Ж) «Өрт» тренингін өткізіңіз. Өрт жағдайында құжаттарды алып тез арада сыртқа шығып кету керек. Ересек адамдарға немесе телефон қолжетімді болған жағдайда өрт қызметіне хабарласып, нақты мекен жайды айтып, хабар беру керек.

Бұл тапсырманың қорытындысы ретінде сұрақтар қойыңыз:

  • Жиналуға қанша уақыт қажет болды?

  • Қаншалықты нақты мекен жайды айтқандарың маңызды?

  • Үлкендерден не үшін көмек сұрау керек?

  • Құжаттан басқа қандай зат алып шықтыңдар?

  • Көп қабатты үй жағдайында пәтерден шығу мүмкін болмаса, қай жер ең қауіпсіз орын болуы мүмкін? (ванна, киіміне, үстіне су ағызу)

(Ж) Оқушылар жұптасып жұмыс істейді.

Ботаның жұмбағын шешуін сұраңыз. Оқушылар жұпта біреуі «Су – біздің досымыз», екіншісі «Су қауіпті де болады» деген пірікірді дәлелдейді.




(Ұ)(Ө) «Жасап көр» тапсырмасын орындатыңыз. Олар сынып ішінде және мектептен тыс, аулада қандай қауіп болуы мүмкін туралы ойлайды. Солардың тізімін жазып шығуын сұраңыз. Қауіп-қатер кез келген уақытта, кез келген жерде болуы мүмкін.Олар айналамызда толы. Кез келген зат қауіпті болуы мүмкін. Бірақ біз олардан алдын ала сақтануымыз керек деген қорытындыға келу керек.

Ойын кезінде де әр түрлі жарақат алуы мүмкін. Сондықтан әрқашан абайлап жүру керек.







Бұл тапсырмада оқушылардың қиялын дамытуға болады. Сонымен қатар өмірмен байланыс білімдеріне сүйенеді.


Тапсырманы орындау үшін визуалды образдарды жазатын, сұрыптайтын, ұйымдастыратын және көрсететін сандық технологияларды пайдаланыңыз, Бұдан басқа, баспа ресурстарын пайдалану арқылы оқытуға болады.


Жұптарды белсенділіктерін, сынып мүшелерімен үйлесімді жұмыс істеу қабілеттерін ескере отырып, өзгертуге болады.








Жұптар міндеттерді шешудің әртүрлі тәсілдерін, бір тақырыпқа әртүрлі көзқарастар мен пікірлер болатынын және олардың бәрі де міндеттерді шешудің дәлелі бола алатындығын түсіндіреді.


Оқушылардың өмірде дұрыс іс-әрекеттер жасау, сақтанып жүру, айналадағы заттарға байқағынтықпен қарау деген түсініктерді қалыптастыру.


(Қ) Оқушыларға «Билеттер алу» тапсырмасын ұсыныңыз. Билетте мұғалім қойған сұраққа жауаптар жазылу керек («Өрттің алдын алу», «Судағы қауіпсіздік», «Көрінбейтін қауыптер» т.б. тақырыптар бойынша)







«Өрт кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбына плакат;

фотосуреттері немесе PowerPointо презентациясы ( ойын алаңы, баспалдақтарбалкон, биік үйлердің терезесі және т.б..),

М/ф «Қауіпсіздік азбукасы»

http://etvnet.com/tv/multfilmyi-filmyi-i-peredachi-dlya-detej-online/smeshariki-azbuka-bezopasnosti-tushenie-elektropriborov-1-chast/142844/























«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 2-сынып

6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті


Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың Алтын адам және Бәйтерек монументі тақырыбы арқылы дәстүр және ауыз әдебиетінен 1-сыныптан меңгерген түсініктері бар. Алдыңғы тарауларда дәстүр және ауыз әдебиетінің тарихи тұжырымдамалық мағынасын оқып үйрену үшін негіз қалады.

Мазмұны

6-тарауда әр заманның батырлары туралы қарастырады. Ежелгі еліміздің негізгі тарихи оқиғалары Еділ патша және Әл Фараби туралы аңыз әңгімелер арқылы беріледі.

Осы бөлімнің тілдік мақсаты

Оқушыларға арналған сәйкес академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалог/жазылымға арналған сөз тіркестері

  • Аңыз әңгімелер арқылы Қазақ елінің батырларымен танысады.

Біздің заманымызға дейін;

  • батыр, Отан қорғаушы;

  • жаулап алу;

  • тарихи деректер;

  • Ғұн империясы;

  • басқыншылық;

  • аңыздар;

  • аңыздар

  • кезең;

  • хронология.

Талқылауға арналған сұрақтар:


  • Сіз дереккөз нені көрсететіндігін толық сипаттап бере аласыз ба?

  • Сіз тарихты өз сөзіңізбен айтып бере аласыз ба?

  • Сіз тарихи дереккөздің түрін атай аласыз ба?

  • Сіздің ойыңызша, бұдан әрі не болуы мүмкін еді?

  • Алпамыстың тарихы бізге батырлар туралы не айтады?

  • Сіздің пікіріңізше, қазіргі қазақтардың ішінен кім батыр бола алар еді?

  • Ресурстарды оқығаннан сіз нені білдіңіз?

Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және академиялық тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

Бұл тарау Еділ патша мен Алпамыс батыр сияқты еліміздің тарихындағы басты тұлғалар арқылы қазақтың ұлттық болмысының дамуының тарихи негіздерін, сондай-ақ батырлар тұжырымдамасын зерттейді. Оқыту хронологиялық тәртіппен құрылған. Бұл тапсырмалар оқып үйренген тарихи кейіпкерлер туралы дәлелдерін бағалауды, олар туралы жеке болжамдарын ұсынуды және олардың маңыздылығы мен мәнділігін түсінуді талап етеді. Әңгімелер мен ертегілер арқылы әдебиетпен, тиындарды дайындау бөлімі бойынша өнермен пәнаралық байланыстар бар.



Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқытудың мақсаттары

Сабақта ұсынылатын жұмыс түрлері

Мұғалім назарына (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

1.6 Мерекелер






2.1.6.1 таңдауы бойынша ҚР ұлттық және мемлекеттік мерекелерінің мәнін түсіндіру

Наурыз мерекесінің қандай мәні бар?

(Ұ) «Наурыз» («Айт») мерекесіне байланысты бейнебаян немесе сюжетті суреттерді көрсетіңіз. Оқушылар «Наурыз» мерекесі туралы не білетіндіктерін сұраңыз, және еліміздегі үлкен мерекелердің бірі екені туралы түсіндіріңіз.

Оқушыларды топтарға бөліп алыңыз. Әр топқа Наурыз/айт дастарханына қалай дайындалатынын бейнелейтін суреттер салғызыңыз немесе нақты заттарды пайдаланып ұйымдастыруыңызға болады. Жарапазан айтқызуыңызға болады. Ораза айында айтылатын ұлттық ән екенін түсіндіріп кетіңіз.

(Ұ)(Ө) Оқушыларға мерекелер туралы нені біле алатындарын, ол мерекеге біздің қалай қарайтынымыз туралы айтыңыз. Оқушылардан мереке туралы түсінік беруін сұраңыз. Мерекенің өту барысына өздерінің қосатын үлесі туралы айтуқызыңыз.

(Ұ) «Мереке» сөзіне анықтама беріңіз. Ұлттық және қоғамдық мерекелер деп бөліп, Қазақстанда қандай мерекелер, сондай-ақ мектептік және отбасылық мерекелер барын нақты мысалдармен келтіріңіз.

(Ж)(Т) Оқушыларды топқа, топты жұптарға бөліңіз. Оқушылар бастапқыда Қазақстанның негізгі ұлттық мерекелерін жұптарда, сосын топтарда талқылайды. Әрбір топ осындай екі мерекені ұсынуы және талқылауы тиіс:

  • бұл күндерде не болатынын

  • өзі және отбасылары мерекеге қалай дайындалатынын

  • оларды қалай тойлайтынын

  • қандай әңгімелер, мақал-мәтелдер, музыка мен билердің бұл тақырыппен байланысты екенін

Олардың қайсысы сүйікті болып табылатынын және неге екенін талқылайды.

(Ұ) Мерекелердің аттарын және тойлайтын күндерді тақтадағы кестеде атап шығыңыз

(Ө) Оқушылар кестенің өз нұсқаларын сабақ соңына дейін толтырады.



Тапсырма оқушылардан бірлесіп мерекені қалай өткізетінінен сұраудан басталады.

Сонымен қатар балалар білмеген жағдайда, айттауды сынып ішінде топтармен ұйымдастыруға болады.

Сүйікті мерекесін таңдау ойлау дағдыларын қамтиды және оны таңдау. Оқушылар өз деңгейінде мерекелерді таңдауға әсер ететін бірқатар себептерге көзқарасын білдіру.

Келесі тапсырма берілген материалға сүйенеді және мүмкін мекерелерді өзінің зерттеуін қалыптастыру үшін белгілерді қолдану арқылы оқушылардың ойлауын дамытады.

Бұл тапсырманың сөздік блогында мына сөздер қамтылған:

  • демалыс орталығы

  • айт мерекесі;

  • жарапазан;

  • ораза;

  • татуласу;

  • кешіру.






Наурыз: https://www.youtube.com/watch?v=yETZNakHLBA





Әли мен Айя Наурыз мерекесі туралы

https://www.youtube.com/watch?v=f9ewhk9h7T4



Қош келдің, Наурыз!+караоке https://www.youtube.com/watch?v=pc0j3HaC-BU






3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер






2.3.1.2 түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау



Көненің көзі


(Ұ) Оқушылардан тас дәуіріне саяхат жасауды көз алдарына елестетуін және тас дәуірінің адамдары туралы нені біле алулары мүмкін екендігін қалай ойлайтынын сұраңыз. Оқушыларға тас дәуірі кезеңі туралы кейбір басты жайттарды айтып беру үшін оқулықтың хронологиясын пайдаланыңыз.

(Ұ) А бейнебаянын көрсетіңіз. Бізге тас дәуірінен жеткен дәлелдер мен заттардың арқасында бүгін біз тас дәуірі туралы қалай біле алатындығымыздың негізгі тәсілдерін талқылаңыздар. Мысалы: В фотосуретіндегі сияқты, тастан жасалған еңбек құралдары мен қару-жарақтар.

(Ұ) Тас дәуірінің адамдары қалай өмір сүріп, не істегендіктерін, қайта қалпына келтіру үшін заттарды қалай пайдалана алатынымызды талқылаңыздар. (А және В ресурстарында көрсетілген тас дәуірінің адамдары заттарды қалай жасағандықтарын көрсететін) С бейнебаянын және (тас дәуірінің адамдары отбасылық топтарда өмір сүре алғандығын көрсететін) Д суретін көрсетіңіз.

(Ұ)Тас дәуірінің адамдары қалай өмір сүргенін – аң аулағандығын және азықты қалай тапқандықтарын, яғни аңшы-терімшілердің қоғамын талқылаңыздар және түсіндіріңіз.

Біз тас дәуірінің адамдары:

- өз бұйымдарын өткізу үшін ұзақ қашықтықтарға барғандығын;

- жануарларды аулап, азық іздеп алысқа сапар шеккендерін;

- хабар жібере алғандығын (жануарларға күтім жасаған кезде) оларды қайда және жылдың әр мезгілінде әр түрлі жерлерге қалай көшіру керектігін білулері тиіс болғандығын білеміз.

(Ұ) Оқушылардан көздерін жауып, жолдан алыс ауылдық елдімекенге серуендеуге жиналып жатқандығын елестетуді сұраңыз. Тосыннан олар адасып қалғандығын елестетсін. Олар өздерін қалай сезінеді? Олар үйге қайтатын жолды қалай таба алады? Оқудан тыс уақытта қосымша тапсырма ретінде оқушылардың мына міндетті шешуін сұраңыз: егер тек қана ашық жер болып, ешқандай жол болмаса, олар бір жерден екінші жерге баратын жолды қалай таба алар еді?

(Ұ)(Ө) Оқушылардың өздерінің пікірі бойынша ең маңызды деп ойлайтын оқып үйренген білетін жайттардың бірін таңдауын сұраңыз.



Оқулықтың хронологиясы оқушыларға тас дәуірі қалайша тарихымыздың жалпы дамуына кіретіндігін түсінуге мүмкіндік береді. Оқулықтың хронологиясы суреттерімен бірге, әрбір кезеңге арналған екі-үш анық әрі қарапайым сөздермен бүгінгі күнге дейінгі негізгі кезеңдерді көрсетеді.

Басты элементтерге мыналар кіреді: тастан, ағаш пен сүйектен жасалған құралдар, жолдар мен машиналардың болмауы, оқу мен жазу мүмкіндігінің болмауы.

A: Бұл бейнебаян тақырып бойынша брифинг үшін өте қолайлы – мұнда анық ақпарат бар. Бұл тас дәуірінің құралдары туралы анық және нақты ақпарат береді.

Бейнебаянды қалай пайдалану керектігін, яғни оқушылар үшін қай әдіс лайықты екендігін мұғалім шешеді. Оқушыларға көрсету үшін бейнебаянның сәйкес үзінділерін таңдап алыңыз. Осы тапсырманың тақырыптық сөздігіне мына сөздер кіреді: (түсініктеме үшін 5-бетті қараңыз)

  • археология;

  • жебе (лер);

  • айғақ (зат)

  • кесетін құрал – пышақ;

  • дәлел;

  • кремнийден жасалған пышақ;

  • балта;

  • аңшы-терімшілер қоғамы;

  • оқиғаларды қалпына келтіру;

  • найзалар;

  • тас дәуірі;

  • тас дәуірінің құралдары;

  • елестету.





Оқулықтың хронологиясы

A: YouTube-тегі бейнебаян бетіндегі бейнебаян, Қазақстан-Әлемнің алғашқы салтаттысы [Ботай]

http://www.youtube.com/watch?v=ef1tXU0pHh8


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАНЫСТЫРУ ВИДЕОСЫ |

https://www.youtube.com/watch?v=ZIO90Ci00KQ


B: Еңбек құралы, қару-жарағы мен заттары бар тас дәуірінің фотосуреті немесе суреті

http://watermarked.heritage-images.com/1155253.jpg


C: Тас құрал-саймандарды дайындауYouTube

https://www.youtube.com/watch?v=-cHM8rfmQII

DТас дәуірініңкөркем суреті

http://www.culture24.org.uk/asset_arena/4/25/60/306524/v0_master.jpg

3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер

2.3.1.2 түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау

Әр заман батырлары: Еділ және Алпамыс

(Ұ) Оқушылардан бір сызықтың бойына тұруын, одан кейін өздерінің туылған күндеріне сәйкес сапқа тұруын сұраңыз. Олардың бір-бірінен туылған күндері арасындағы уақыттық аралықты білдіретіндей азын-аулақ қашықтыққа алыстауын сұраңыз.

(Ұ) Оқушыларға Қазақстан тарихындағы ұлтты қалыптастыруға ықпал еткен негізгі оқиғаларды қарастыратындықтарын және қазақтар өздері туралы не ойлайтындықтарын айтыңыз. Қазақ тарихындағы негізгі оқиғаларды (осы тараудың негізгі тақырыптарын

Ғұндардың Еділ патшасы және қазақ батырлары, ішінара Алпамысты қоса алғанда) көрсету үшін олардың желісі мен Уақыт желісі арасында сәйкестілікті көрсетіңіз.

(Ұ) Сыныпты топтарға бөліңіз. Әрбір топтың капитаны келіп өз тобы үшін даталар жазылған карточкалар жиынтығын және оқиғалары бар төрт карточканы алады. Тапсырма карточканы уақыт желісіндегі дұрыс орынға орналастыру керек болатындығын түсіндіріңіз.

(Ұ) Даталар мен уақыттың мағынасы мен маңыздылығын, сонымен қатар біз оларды қалай жазатындығымызды (мысалы, секундтар, минуттар, сағаттар, күндер, апталар, айлар, жылдар, б.з,д., б.з. кейін) талқылаңыздар.


(Ұ)(Т)(Ө) Топтарға олардың карточкаларын жазуға және талқылауға уақыт беріңіз. Бірінші тапсырма олардың парталарындағы карточкаларды уақыт желісіне сай орналастыру болып табылады. Әрбір топтан жауап берушінің сыныпқа ең ертеректегі датаны атауын сұраңыз. Егер топтар бұл датаның дұрыстығына келіссе, топтың мүшесі карточканы тақтаға жабыстырады. Бұл тапсырманы барлық карточкалар, олардың арасында жеткілікті арақашықтық сақталуына назар аудара отырып, тақтада болғанша жалғастырыңыз.

(Ұ)(Т)(Ө) Әрекеттің соңғы бөлігі негізгі оқиғаларды, кезеңдерді және адамдарды көрсететін карточкалармен қайталанады. Әрбір топтан әр түрлі оқушылардың Уақыт желісіндегі дұрыс орынға карточканы орналастыруын және сыныпқа карточкада не жазылғандығын айтып беруін сұраңыз.

Бұл тапсырмада барлық карточкаларды уақыт желісіне жабыстырылып болғанда аяқталады.

(Т)(С)(Ж) Топтар еліміздің тарихының өткені туралы не білгендіктерін талқылайды.




Бұл әрекет уақыт желісі арқылы хронологияны енгізуді мақсат тұтады. Уақыттық желі сондай-ақ қазақ ұлтының тұтастығы мен сәйкес тұлғалық тұтастықтықты пайымдауын дамытуға көмектеседі.

Бұл тапсырманың бастапқы сатысы өте қызықты және Уақыт желісімен қарапайым әрі сәйкес тәсілдің көмегімен таныстырады. Бірінші болып рет-ретімен айлар келуі мүмкін, дәлірек айтқанда, алдымен оқушылар туылған айларына қарай,содан кейін ай күндерінің реті бойынша сызыққа тұрады. Бірақ алдымен оқушылар өздерінің туылған күні мен айын білетіндігіне көз жеткізіңіз.

Уақыт желісі сабақта оған даталар мен оқиғалар жазылған карточкаларды бекітуге болатындай етіп алдын ала дайындалуы тиіс.

Уақыт желісі бар тапсырмалар оқушылардың жасы мен деңгейіне қарай өзгертілуі мүмкін. Мысалы, даталары бар карточкалар желіге тапсырманы орындаудың алдында бекітілуі немесе оқиғалары бар карточкалардың саны қысқартылуы мүмкін.

Оқушылар жазу және уақытты өлшеу дағдысын меңгеруі тиіс. Олардың бұл туралы білімі болуы тиіс, бірақ мұны тексеру керек.

Бұл тапсырма Уақыт желісін құруда және басты даталар арасындағы хронологиялық арақатынасты байқауда оқушылардың белсенді қатысуын талап етеді.

Әрбір топ үшін оқиғалар жазылған карточкалардың жеткілікті екендігіне көз жеткізіңіз. Қайталанатын карточкаларды да пайдалануға болады.

Карточкаларды Уақыт желісіне орналастыру сұрақты, жауапты, талқылауды және түсіндіруді жеңілдетеді.

Қосымша тапсырма ретінде оқушылар даталар мен оқиғаларды өздерінің жеке Уақыт желісіне жаза алады.

Бұл тапсырмаға арналған сөздер блогына мыналар кіруі мүмкін (түсініктеме үшін 5-бетті қараңыз):

  • біздің заманымыздан кейін;

  • біздің заманымызға дейін;

  • батыр – Отанын қорғаушы;

  • кезең;

  • Рим империясы;

  • Уақыт желісі.




Жуан жіп немесе кір жаятын жіп қабырғаның бойымен немесе сыныптың бір қабырғасынан екіншісіне қарай қауіпсіз қашықтықта тартылады, жіпте карточкаларды қыстыратын қыстырғыштар болуы тиіс (Бұл жіп б.з.д 1000 жылдан біздің заманымыздың бүгінгі уақытына дейінгі уақыт сызғышы ретінде пайдаланылатын болады.)

Топқа бір-бірден мәліметтері бар карточкалар жинағы (б.з.д 1000, б.з.д.500, б.з. 0, б.з.500, б.з.1000, б.з. 1050, б.з. 2000)

Есімдерді, даталарды бейнелейтін тарихтағы негізгі оқиғалардың, кезеңдердің және адамдардың, егер мүмкін болса суреттері, карточкалар жинағы (Мысалы, Әл Фараби, Ғұн патшасы Еділ, Ботайдағы бірінші үй жылқысы, Алпамыс, Шыңғыс хан , Моңғол империясы, Рим империясы, Бірінші дүниежүзілік соғыс, Екінші дүниежүзілік соғыс,Қазақстанның тәуелсіздігі және т.с.с.) – әрбір топқа төрт карточкадан

Уақыт желісі үлгісі немесе оқушылардың толтыруына арналған үлгі

3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары











3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер


2.3.2.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ғұндардың өмір салтын сипаттау










2.3.1.1 көрнекі материалдар негізінде иемденуші және өндіруші шаруашылық арасындағы айырмашылықты анықтау


Еділ - ғұн патшасы

(Ұ) Еділ (Аттила) патша туралы қысқа бейнеролик көрсетіңіз немесе аңыздан үзінді оқып беріңіз.

(Ұ) Оқушыларға тарихи мазмұнды түсіну үшін уақыт желісі бар алдынғы тапсырмаға жүгіне отырып, Еділ патша туралы не естерінде қалғандығын сұраңыз. Оларға Еділ патшаны әр түрлі дереккөздерден оқып үйрену бойынша тапсырма алатындығын айтыңыз.

(Ж) Оқушылардың жұптасып Еділ патша туралы не білгісі келетіндіктерін және оның өмірінің қандай аспектілерін зерттегілері келетіндіктерін ойлануын сұраңыз. Сұрақтар тізімін құрастырып, жауаптарды біріктіріңіз. Ортаға Еділ образын пайдалана отырып, оқушыларға топтастыру жасатқызыңыз. Еділ патша жөніндегі тақырыптарды ұсынуын сұраңыз. Әрбір идея ойлар жазылған «көбікшеге» ұқсас қандай да бір беттің суретінен тарайтын сызықтан соң жазылуы тиіс.

(Ұ)(Ж) Оқушылардан біз Еділ патша туралы қалай біле алатындығымызды және осы кейіпкерді зерттеу үшін қандай дерекөздерді (археологиялық, фольклор, ауызша хикаяттар, жазбаша деректер) пайдалана алатынымызды сұраңыз. Оқушылар жұптаса отырып, Еділ патша туралы ақпаратты қалай алатындығын және олардың білетіндіктеріне қалай сене алатындын талқылайды. Жауаптарды талқылай аласыз.

(Ұ)(Ж)(Ө) Әрбір оқушыға Еділ патша туралы жазбалар жазу үшін сызба беріңіз. Оларды әр түрлі дереккөздермен таныстырыңыз. Сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, деректерді пайдаланып жұмыс істеңіз. Әрқайсынан олар Еділ патша туралы қандай ойларға жетелейтіндігін және олардың қаншалықты дұрыс болуы мүмкін екендігін сұраңыз. Оқушылар жұптаса отырып талқылайды, олар әрбір дереккөзден не алғандықтары туралы ойларын Еділ патшаны зерттеу жөніндегі өз сызбасына жазады.

(Т) Естіген тарихты, тұжырымдамалық желіні және дереккөздерден білгендерін пайдалана отырып, оқушылар аңыз ретінде Еділ патша жайлы өз тарихын құрастырады.

(Т) Топтарда оқушылар оқиғаларымен алмасады және оларды бір-біріне оқып береді.

(С)(Ө) Ниет білдірген баладан әңгімелерін оқып беруін сұраңыз. Зерттеулерден Еділ патша туралы біздің білгендерімізді қарастыра отыра, тарихтың

айтқандарына біз сене аламыз ба дегенді сыныппен талқылаңыздар.


Бұл тапсырма екі сабақты алуы мүмкін: алғашқысы дереккөздерді оқып үйрену үшін, екіншісі Ғұн патшасы Еділ туралы аңызды жазу үшін.

Бұл тапсырма Еділдің, сондай-ақ оның неліктен және қалай тарихи тұлғаға айналғандығы айналасында топтастырылады.

Оқушылардың көптеген әр түрлі дереккөздерді қарастыруы сұралады. Тапсырма бейнебаянның немесе дыбыстық жазбаның көмегімен Еділ жөніндегі фольклорлық әңгімеден бастауға болады.. Сондай-ақ мұғалім Еділ туралы аңызды бүкіл сыныпқа оқып немесе айтып бере алады.

Ақпарат көздері барлық оқушылар үшін қолжетімді болуы тиісСұрақтарда жұптасып құрастыру, пікір алмасу арқылы идеяларды біріктіру және тақырыптарды салыстыру оқушыларға түрлі фольклорлық оқиғалар үшін кеңістікті қамтамасыз етеді.

Таңдап алынған деректер Еділдің тұлғасын және оның неліктен әлі есте қалғандығын түсіндіреді.

Бұл тақырыпқа бүкіл тарау бойынша өтетін тақырыптар кіреді – оқушыларға түсінікті тәсілмен дереккөздердің нақтылығын тексеру. Барлығы неге негізделеді? Айтылғанға сене аламыз ба? Біз мұны қалай тексере аламыз? Мұны оқушылардың деңгейіне қарай қарастыру қажет.

Қолда бар оқулықтар мен тарихи кітаптарды пайдалану баға жетпес болып табылады – олар қолжетімді және тарихи дереккөз ретінде пайдаланған кезде оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын (сондай-ақ жалпы дағдыларын) жоғары деңгейдегі дамытудың негізгі элементі бола алады.

Жазбаша тапсырманы тіл сабағымен тығыз байланыста өткізуге болады. Дереккөздерден білім ала отырып оқыту балалардың, орындап отырған жұмыстың құрылымына және олардың өз тарихын құрастыру үшін Еділді түсінуіне қатысты анық болуы тиіс.

Жазбаша тапсырмаға «сөз шаршысы» енгізілуі мүмкін, дәлірек айтқанда, сөзді таңдап алып, оны шаршының ортасына қойып, сыныптың орталық сөзбен байланысты төрт сөз ойлап табуын сұрау. Кезекпен, әрбір жаңа төрт сөз оның мағынасын кеңейтетін үш сөз алуы тиіс.

Оқушыларға көмектесу үшін оларға бастапқы байланыстырушы және аяқтаушы сөздер мен сөз орамдарын беріңіз – бұл тағы да сауаттылыққа үйретудің бір бөлігі болып табылады.

Бұл тапсырма үшін келесі сөздер тізімі қолданылуы мүмкін (түсініктеме үшін 5-бетті қараңыз):

  • археология;

  • қалалар;

  • ауылдық жер;

  • қирату;

  • фольклорлық әндер;

  • ғұндар;

  • басып кіру;

  • ауызша дәстүр;

  • беріктік;

  • жазбаша деректер.

A:Ғұн патшасы Еділ (Аттила) туралы бейнеролик немесе қазақ мифтері, аңыздары немесе тарихынан алынған сипаттама

B:Еділ патша басқарған Ғұн империясының картасы, мысалы:

http://blogs.smithsonianmag.com/history/files/2012/02/800px-Huns_empire-500x286.png

C:Еділдің оқу құралдары мен балалар тарихындағы бүгінгі сипаттамасы

D:Еділдің жауынгер ретіндегі бүгінгі бейнесі

E:Оның бейнесі бар қазақ теңгелері, мысалы:

http://cis-coins.com/upload/coins/kazakhstan_KZ0134/KZ0134_kz_2009_attila_gr_p.png

F:Еділдің қандай болғандығы туралы римдік сипаттама:

«Оның бойы онша биік емес, кеудесі кең және басы үлкен: оның көздері кішкентай, сақалы күмістей жылтыраған ағарғандары бар селдір болатын. Ол қырмұрын, терісі қоңырқай болды».

G:Еділдің сапары мен тойға келуін Римдіктердің сипаттауы (Прииск):

Күміс табақтарда ұсынылған тамаша тағам біздерге және жабайы қонақтарға арналып дайындалды, бірақ Еділ патша ағаш табақтағы еттен басқа еш нәрсе татып алмады. (a)
Басқа жағынан да ол өте қарапайым болды; оның тостағаны ағаштан жасалған, ал қонақтарға күміс пен алтыннан жасалған тостағандар ұсынылды. (b)
Оның киімі де өте қарапайым болды, бірақ оның үнемі таза болуын тексеріп отырды. Оның қылышы бүйіріне бекітілген, оның скифтік аяқ киімі, атының жүгені, Скифтердің алтынмен, күміспен немесе басқа да бір қымбат тұратын затпен әшекейленетін киімдері мен аяқ киімдерінен ерекшелігі, еш нәрсемен әшекейленбеген болды.(c)

Бірінші бағанда келтірілген дереккөздер және оқушылардың «деректерге сүйенген Еділ патша туралы ойларын» жазуға арналған бос бағаны бар Еділ патша туралы шығарманы құрастыру сызбасы (дамуға және олардың түсінігін көрсетуге қажетті оқушыларды тілдік қолдауды қамтамасыз ету үшін).

3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
















2.3.4.1 әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелеу






















әл-Фараби және шығармашылық


(Ұ)(Ж) Оқушылардың әрбір жұбына сюжетті бейнелерді таратыңыз. Оны оқуға уақыт беріңіз. Сюжетті бейнелерді хабарламаны/ақпаратты, яғни белгілі бір жанрды қалай жеткізетінін талқылаңыз. Бұл жанрды үлгілеу өте тез. Сосын сюжетті бейнелерді жинап алыңыз. Банкноттарда және пошта маркаларында хабарламаларды жеткізу үшін суреттердің қалай қолданылатынын талқылаңыз.


(Ұ) әл-Фараби бейнесі бар банкнотты көрсетіңіз. Сыныптан бұл кім екенін танисыңдар ма? – деп сұраңыз. Оқушыларға әрбір топтың БП келушілерге арналған әл-Фараби альбомын дайындауды айтыңыз, олар альбомды өз ғарыш кемесіне алып кететінін ескертіңіз.


(Ұ) әл-Фараби тарихын оқып шығыңыз немесе бейнебаян түрінде көрсетіңіз. Оқушылардың әл-Фарабидің жетістіктері туралы жазылған дереккөздермен қамтамасыз етіңіз.

(Ұ) Оқулық хроникасындағы және қазақ тарихы хронологиясындағы әл-Фарабидің орнын анықтаңыз. Оның қазақ тарихы мен қоғамына «зор бейнесі» ретінде қалай енетінін сыныптың түсінуіне көз жеткізіңіз.

(Ұ) Оқу үшін балалар сюжетті бейнелерінің көшірмелерін сюжетті бейнелерді оқушыларға таратыңыз немесе тақтаға орналастырыңыз. Оларға балалар сюжетті бейнелерді шытырман оқиғалары туралы әңгімелейтінін айтыңыз.

(Ж) Жұптасып оқушылар сюжетті суретті зерттейді және «Тарих деген не?», «Кейіпкер дегеніміз кім?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, мазмұнын талқылайды. Мұғалімнің басшылығымен және қолдауымен оқушылар сюжетті суреттің элементтерін талдайды. Сюжетті суреттердің элементтерін көрсетіңіз және үлгілеңіз. Мыналарды ескеріңіз:

  • сюжеттік желі әрбір картина тарихи оқиға туралы әңгімелейді;

  • мәтін тақырып және жұлдызшадағы сөздер оқушыларға оқиға барысын қадағалауға көмектеседі;

  • суреттер – сюжетті суреттер әрбір кадрда негізгі элемент болып табылады: оның рөлі алдыңғы және кейінгі кадрлармен байланысып, тарихтың бір бөлігін нақты бейнелеуден тұрады;

  • аудитория сезімі ең негізгі мақсаттың бірі.


(Т) Әрбір топ сюжетті суреттерінің кадрын дайындайды. Ол БП келушілерге Әл-Фараби туралы айтуы керек. Әрбір сюжетті сурет мыналарды қамтиды:

  • атауы;

  • өмірден оқиға;

  • әрбір оқиғаның немесе кадрдың өзінің жеке атауы (бірден төрт сөзге дейін);

  • тарихты әңгімелейтін сурет;

  • суретті түсіндіретін мәтін (мысалы, сөз бұлттары немесе жазбалар).




Сюжетті бейнелер қабілеттері әр түрлі оқушыларды сауаттылықты көтеру процесіне тартудың тиімді құралы болып табылады. Оқушылар сюжетті бейнелердегі мәтін мен суреттерді теңестіріп баяндайтынын түсіне алады. Сондай-ақ өнермен пәнаралық байланысы бар.

әл-Фарабиді бейнелейтін маркалар мен банкноттардағы суреттер мен альбомдар арасында байланысты жүргізіңіз.

әл-Фараби қазақ тарихы мен мәдениетіндегі негізгі бейне болып табылады.

Оның ілімдері, философиясы мен пайымдауының ауқымы, алуандығы мен өмірге бейімділігі қазақ жастарының сыни ойлауын дамытуда маңызды рөл атқарған.

Стандартты ынталандыру болып табылатын кіріспе тапсырма оқушылардың жоғары деңгейлі қызығушылығын оятады. Жұмыстың келесі кезеңіне өту мұқият бақылауды қажет етеді.

Хронология оқушыларға әрбір кезең үшін анық және қарапайым, суретпен екі-үш сөзден тарихи кезеңдерден біздің күндерімізге дейінгі негізгі уақытпен көрсетуі тиіс.

Жұмыстың нәтижелі болуы оқушылардың ақпарат, ұсынылған аудитория, авторлық, модель және нақты мазмұн тұрғысындағы элементтермен жұмыс істеуіне байланысты.

Жұмысты кеңейту ретінде оқушыларды мультфильмдер жасау процесімен таныстырылуы мүмкін.



(Қ) Басқа топ оқушыларының олардың сюжетті бейнелер туралы сұрақ қою арқылы қалыптастырушы бағалау үшін мүмкіндік бар.





Танымал қазақ балалар немесе мультфильм

Әл-Фараби бейнесі бар қазақстандық банкнот:

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f3/KazakhstanP20-200Tenge-1999-donatedoy_f.jpg/800px-KazakhstanP20-200Tenge-1999-donatedoy_f.jpg

әл-Фараби тарихы – қазақ тілінің қолданыстағы оқулықтарынан үзінді алуға болады (Әңгіме солардың арқасында әл-Фараби танымал болған төрт әр түрлі дүниеден тұруы тиіс)

Оқушылардың деңгейіне сәйкес келетін әл-Фараби туралы қарапайым, түсінікті ақпараттық парақ


Бұрынғы заманнан бүгінгі күнге дейін Қазақстан тарихының кітап хрологиясы (Хронология қазақ ұлттық күнді белгілеу саясатына сәйкес тиісті үлгілерді пайдалануы тиіс)


Мультфильмнің төрт кадры үшін шаблон



3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар



2.3.3.1 Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау

2.3.1.1 көрнекі материалдар негізінде иемденуші және өндіруші шаруашылық арасындағы айырмашылықты анықтау


Жылқыны қолға үйретудің маңызы


(Ұ) Оқушыларға мектепке келген шетелдік оқушылардың біріне ашықхат дайындайтындарын айтыңыз. Ашықхат қазақ жылқысы туралы болады. Бір жағында жылқының немесе күймеге жегілген жылқының суреті, екінші жағына жылқының бес сипаттамасын жазады. Оқушыларға әр құрлықтың адамдары үшін жылқы малы қаншалықты маңызды екенін айтып өтіңіз. Оқушыларға шетелдік оқушылардың қандай құрлықта немесе қандай мұхиттың аралдарында тұратыны, олар тұратын елдің немесе аралдың аттары көрсетілген тізімі беріледі.


(Ұ) Биенің сүтін тұтыну (қымызды), немесе тағаны, жүгенді немесе басқа ат әбзелдерінің бірін көрсету арқылы сыныпты ынталандырыңыз. Егер де бұл қауіпсіз болса, оқушыларға қымызды татып көруге немесе заттарды қолдарына ұстап көруге беріңіз. Оқушылардың бұл не нәрсе екендігін ойлап табуын және мұның қазақтардың өмірі мен мәдениетінде неліктен маңызды екендігін айтуларын сұраңыз. Қазіргі Қазақстанның территориясында жабайы жылқы алғаш рет қолға үйретілген кезеңнен бері жылқының қазақ мәдениетінде маңызды болғандығын айтыңыз.

) Жарыстардағы, байқаудағы немесе рәсімдердегі қазіргі қазақ жылқыларының суретін немесе бейнебаянын көрсетіңіз. Сұрақ қою арқылы жылқылар туралы суреттер қандай ойға жетелейтіндігін, олардың қазақ халқы үшін, салттары мен дәстүрлері үшін неліктен маңызды екендігін талқылаңыздар.

(Ұ) Оқушыларға жылқының тас дәуірінен бастап қазіргі күнге дейін Қазақстан тарихындағы және қазақ мәдениеті, музыкасындағы, әңгіме-баяндарындағы басты рөлі туралы айтып беріңіз.

(Ж) (Ө) Жұптаса отырып Қазақстанда – өткен кезеңдегі, бүгінгі таңдағы, жылқының рөлі туралы оқушылардың не білетіндігін талқылаңыздар. Әрбір оқушы жұптар талқылаған тармақты жазады.

(Ұ) Оқушылар пікірлерді біріктіріп, оларды талқылайды. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін сөздік блогына қосады.

(Ұ)(Ө) Оқушылардан тақтаға шығып, өздерінің тәжірибесі мен жылқылар туралы білетін ақпараттарын тақтаға жазуын сұраңыз.

(Ұ)(Ө) Қазақстанда Ботай қонысында жабайы жылқыларды қолға үйрету туралы бейнебаянды көргеннен кейін тақтада кесте құрастырады. Оған алдыңғы жазылған тармақтар да енуі мүмкін. Басты элементтерді түсіндіру үшін, оқушылардың сұрауы бойынша бейнебаянға кідіріс жасай аласыз. Ботай қонысы, жылқыны қолға үйрету туралы не білгендерін және қалай білгендерін талқылау. Бейнебаян қандай дереккөздерге сүйенген? Олар қаншалықты сенімді?

(Ұ)(Ө) Қосымша тапсырма: жылқылар туралы әңгімені оқып беріңіз. Халық ертегілері бізге жылқының маңыздылығы мен рөлі туралы түсінік бере алатын дереккөздер болып табылатындығын талқылаңыздар. Олар қаншалықты сенімді?

Сюжет пен бейнебаянда оқушылар әрбір тармаққа қарама-қарсы кестенің бос жерлерін толтыратын ақпарат болады. Кіріспеге енгізу/тапсырманы түсіндіру. Аңшылық кезеңнен көшпелі өмір салтына өту.

(Ұ) Сөздер тізіміне жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қоса отырып, қазақ мәдениетінде жылқылар туралы не оқылғандығын қараңыздар.


Қонақтар қайдан келетіндіктерін анықтау үшін мұхиттар мен құрлықтарды оқып үйрену тәсілі ретінде шетелдік студенттердің сапары идеясына қайта ораламыз.


Тапсырма жылқы және оның қазақ мәдениетіндегі, қоғамындағы рөлі, ұлттық болмыс сезімін зерттейді және аңшылық кезеңнен, көшпелі бақташылық өмір салтына өту кезеңін қамтиды.


Тапсырма жылқы мен күймелердің суретін салатын оқытудың мақсатын қамтиды. Дегенмен, бұл үлгіні қайта қарау қажет болуы, тапсырма күрделендірілуі мүмкін, мысалы компьютерде ашықхат жасап, жүктеу үшін Интернетті пайдалана отырып, одан кейін қазақ жылқылары бар фотосуреттерді кесіп алып, қойып, әр түрлі орналастырып немесе жай ғана сәйкес иллюстрациясы бар ашықхатты қолдану арқылы. Бұл жағдайда өнермен пәнаралық байланыс бекітілуі мүмкін.


Оқушылар тани алатын ынталандыруды таңдаңыз. Шынайы зат жақсырақ, бірақ қажет болған жағдайда суретті немесе бейнебаянды да пайдалануға болады.

Бұл тапсырма адамзат қоғамындағы, Қазақстандағы Ботайдан шыққан жылқының революциялық рөлін толығымен және анық мазмұндайтын және түсіндіретін бейнебаянға негізделеді.

Жылқы Қазақстан тарихындағы басты элемент болып табылатындығы және қазақ халқының ұлттық болмысын білдіретіндігі туралы идеяны енгізу. Жылқының қазақ халқына көшіп-қонуға және жаңа жерлерді игеруге мүмкіндік бергендігі туралы баяндайтын оқулықтың хронологиясына жүгініңіз.Жұптасып, топтарда және бүкіл сынып болып талқылау арқылы идеялар тудыру және білімдер алу.

(Қ) Оқушылардың тарихқа дейінгі замандар туралы не білетіндігін тексеру кезінде қалыптастырушы бағалауға мүмкіндіктер бар.

Осы тапсырманың сөздік блогына төмендегі сөздер кіреді (түсініктеме үшін 5-бетті қараңыз):

  • Ботай;

  • қолға үйрету;

  • малшылық;

  • жылқының рөлі;

  • рәсімдер, фестивальдер;

  • мерекелеу;

  • жаулап алу;

  • биенің сүті (қымыз);

  • жүген;


Хронологиялық оқулық

Қазақ жылқысының немесе жылқылардың суреті (оның пайдалануды қоса алғандағы, негізгі функцияларын бейнелейтінінің бірін таңдаңыз.Сурет жылқы өзекті рөл атқаратын белгілі дәстүрлі қазақ оқиғасын бейнелеуі тиіс)

Биенің сүті немесе жылқымен байланысты заттар

А: Қазақ жылқысының немесе жылқылардың қатысуымен өткен фестивальдің, байқаудың немесе рәсімнің фотосуреті немесе бейнеролигі Мысалы:

http://yeinjee.com/wp-content/uploads/2007/08/kazakhstan-folk-festival.jpg

B: http://www.youtube.com/watch?v=ef1tXU0pHh8

C: Жылқының қатысуымен қазақ ертегісі


































«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 2-сынып

7-тарау: Қоршаған орта

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар түрлі контекстегі табиғи ортаға қатысы бар тақырыптарды алдыңғы тарауларда қарастырған. Ол туралы айтарлықтай білімдері бар.

Контекст

«Қоршаған орта» тақырыбы табиғат пен туризм туралы географиялық материалдарға сүйенеді. Жылдың түрлі мезгілдерінде туристер келетін орындарды зерттеу арқылы оқушылар туған өлкесіндегі, сондай-ақ Қазақстанның басқа бөліктеріндегі қоршаған ортаны оқып біледі.

Осы бөлімнің тілдік мақсаты

Оқушыларға арналған сәйкес академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалог/жазылымға арналған сөз тіркестері

Оқушылар:

Туризммен байланысты, табиғат, климат және сәйкес табиғи құбылыстар тақырыбын бейнелейтін лексиканы оқып үйренеді.

  • Қоршаған орта, табиғи орта

  • табиғат, климат, туризм

  • қарлы боран, бұлттар, тұман, теңіз дауылы, бұршақ, мұз, жаңбыр, қар

  • табиғи апаттар: көшкіннің құлауы, топансу, құрғақшылық, құм борандар

  • жыл мезгілдері: көктем, жаз, күз, қыс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • «Қоршаған орта» және «табиғи орта» дегендер нені білдіреді’?

  • Бүгін ауа райы қандай?

  • Сіздің ойыңызша, климат сөзі нені білдіреді?

  • Жыл мезгілдерінде сізге не ұнайды және не ұнамайды?

Неліктен … екендігін айта аласыз ба?

  • қоршаған орта туристерді тартады?

  • Қазақстанда осындай жоғары және төмен температуралар байқалады?

Жазбаша ескертулер:

Демалысты өткізуге арналған нақты тармақты таңдау үшін жазбаша үлгілердің тақырыптары.

  • Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және академиялық тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

  • Қысқаша шолу

  • Бұл тараудағы тапсырмалар жергілікті, сондай-ақ ұлттық контекстегі қоршаған орта, ауа райы, климат және туризм ұғымдарымен таныстырады. Оқушылар Қазақстанның түрлі туристік орындарындағы әр түрлі жыл мезгілдеріндегі: қыстағы Шымбұлақ таулы-шаңғылы курорты, көктемдегі Астана, оқушылар жаз бен күзге таңдаған курорттардағы табиғатты, климатты және қоршаған ортаны оқып үйренеді.





Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқыту мақсаттары

Сабақта ұсынылатын жұмыс түрлері

Мұғалім назарына (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

2.1 Жергілікті жерде бағдарлану











2.2.1.1. тұсбағдар көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау









Адамдардың кеңістікте бағдарлануы


(Ұ)(Ө)(Ж/Т)Тұсбағдарды/құбылнаманы қалай пайдалану керектігі туралы бейнебаян қосыңыз. Төмендегі түсіндірмелерді бірізділікпен орындаңыз:

  • Тұсбағдардың не үшін қолданылатындығын түсіндіріңіз.

  • Тұсбағдар бағдары – С,Ш,Б,О – солтүстік, шығыс, батыс және оңтүстік секілді мнемотикалық құрылғыны пайдаланыңыз.

  • Тұсбағдарды оқу сағат оқумен бірдей.

  • Оқушыларға тұсбағдар сызбасы бар картаны көрсетіп – оның картада қайда орналасқанын түсіндіріңіз.

  • Картадағы бағытты ауыстыра отырып, топтарда немесе жұптарда тәжірибе жүргізіңіз.

  • Картаның немесе сыныптың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында немесе батысында орналасқан объектілерді көрсетуін сұраңыз.

  • Тұсбағдар көмегімен оның үнемі тек солтүстікке нұсқайтындығын көрсетіп, түсіндіріңіз. Оқушыларға, тұсбағдармен қозғалуға мүмкіндік беріңіз.

  • Үнемі солтүстікті нұсқайтындығын көрсету үшін, жіпке магнит байлап, тұсбағдардың жұмыс принципін көрсетіңіз.

  • «Жол» ойыны. Оқушы тұсбағдарды алып, әр түрлі бағытта бірнеше қадам жасайды.

(Ұ)(Ө) Сыныптағы, балалар алаңындағы немесе мектеп территориясындағы берілген нүктеге қалай жетуге болатындығы туралы нұсқау беру міндетін қойыңыз. Жеке оқушылар табиғи құбылыс пен тұсбағдарды пайдалана отырып, саяхатты жоспарлайды.




Бұл тапсырмада оқушылар қарапайым міндеттерді шешеді. Бұл оларға жұппен және топтарда жұмыс істеуге, өз жауаптарын біріктіруге мүмкіндік береді.


Мұғалім тапсырманы жекелеген оқушылардан қашан болса да адасып кеткен кездері болды ма? Егер де болса, онда нені сезінгенін жететін жерге дейінгі жолды табу үшін не істегенін сұрау арқылы орындатады.

(Қ) Оқушылардың қалыптастырушы бағасы үшін олардың «менің қолымнан келеді» деген мәлімдемелерін пайдаланыңыз. Мысалы: «оңтүстік-батысты көрсету менің қолымнан келеді», «солтүстікті табу үшін құбылнаманы қолдану менің қолымнан келеді» және т.с.с.

Осы тапсырмаға арналған сөздікке төмендегі сөздер кіреді (түсініктеме үшін 5-бетті қараңыз):

  • тұсбағдар;

  • тұсбағдар раушаны;

  • бағыттар;

  • магнетизм;

  • қозғалу;

  • Солтүстік және Оңтүстік полюс;

тұсбағдардың көрсеткіштері.


Құбылнама туралы бейнебаянды пайдалану

https://www.youtube.com/watch?v=vEAk_qurSY4

http://www.prodetey.ru/3018-kak-nauchit-detei-polzovatsya-kompasom - балаларға құбылнаманы қолдануды қалай үйретуге болады

Қазақстанның құбылнамалық сызбасы салынған үлкен масштабтық картасы

Карталар, яғни топқа немесе жұпқа бір-бірден

Оқушылардың пайдалануы үшін құбылнама немесе бірнеше құбылнамалар, яғни топқа немесе жұпқа бір-бірден

Магнит – оны іліп қою үшін бір сабақ жіп

2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері


































2.2.3.1 Ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен өзендер) шаруашылық маңызын анықтау































Жер бедері дегеніміз не?


(Ұ) Қазақстан картасынан таулар мен жазықтар, өзен-көлдерді тауып, олар туралы түсіндіру үшін оқушыларды алты топқа бөліңіз. Әр топ шетелдік турист оқушылар болып өз елдерін таныстыруы қажет. Ол үшін әр топтан бір оқушы қоржындағы нөмірленген асықтардан алады. Өздері алған асықтың нөміріне сәйкес нөмірленген жермен таныстырады. Табиғи нысандар туралы ақпарат беретін тақтаға ілінген суреттерден өздеріне қажеттісін таңдап алады. «Мен із кесушімін» ойынына тарту. Сыныпты екі А және В топтарына бөліңіз. Әрбір топқа алты шетелдік оқушылар мен олардың елдерінің атауынан тұратын тізімді беріңіз (мұғалімнің жазбаларын қараңыз).

Әр топ А тобынан бастап кезекпен сөйлейді.

А тобы оқушыларының бірі: «Мен із кесушілікпен айналысамын және әрпінен басталатын жерді жасырын бақылап жүрмін» деп өз тізіміндегі жердің атауының бірінші әрпін айтады.

Б тобы осы әріптен басталатын жерді картадан тауып, оның атын атауы тиіс. Уақытқа қатаң шектеу қойыңыз. Егер де топ берілген уақыт ішінде дұрыс атауын таба алмаса, А тобы бір ұпай алады. Егер де олар жердің атауын атаса, Б тобы ұпай алады. Жерді анықтаған кезде, сондай-ақ олар орналасқан өңірді анықтау қажет.

Оқушылар тізіммен жұмыс істегенде Қазақстан картасында аталған жерлерді белгілейді. Мұғалім жерлердің атаулары бар бағандарды толтырып, кестені аяқтайды.


(Ұ)(Ө) Оқушылар үшін табиғи нысандар атауы көрсетілген көрсеткіші бар қабырғаға ілінетін картаны пайдаланыңыз.

Әрбір оқушыға ашықхаттың үлгісін беріңіз. Шетелдік оқушылардың бірін өз еліне шақырып хат жазуы керек. Өз бетінше ашықхатын жазып аяқтайды.


Мұхиттар мен құрлықтарды табу бойынша жаттығуды «Мен із кесуші» ойынының көмегімен оқушылардың түсінігі деңгейінде орындауға болады. Бұл күшті уәждеме және оқушыларды қатысуымен оқытудың үздік тәсілі бола алады.


Оқушылар табиғи нысандарды орналасу орнын атауымен ассоциациялай отырып белсенді түрде зерттейді.

Ашық хат оқушылардың толтыруы және сурет салуы үшін қаңқаны немесе құрылымды қамтамасы з етеді. Қиып алып, қою үшін түрлі суреттермен қамтамасыз етіңіз. Оқушылар өз ашықхаттарын оқудан тыс уақытта аяқтай алады.

Аяқталған ашықхаттарды кабинеттегі қабырға стендіне орналастырыңыз.

(Қ) Ашық хатты қарастырғанда әлі де қалай жақсарту мүмкін екендігіне қатысты идеяларды біріктіруде қалыптастырушы бағалау үшін мүмкіндіктер бар.

Осы тапсырма аясындағы сөздік қор:

  • таулар;

  • көлдер;

  • жазық

  • шөл дала

  • өзендер

  • ашық хат


Қазақстан картасы

Оқушылар өздерінің ноутбуктарында немесе планшеттерінде атауларын оқи алуы үшін сол картаның компьютерлік нұсқасы

2.2 Климат және ауа-райы































2.2.2.1 ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау




























Жергілікті жердің ауа райы

(Ұ)(Ж) Суреттерді таратыңыз. Жұптардан жылдың әр түрлі мезгілінде барғылары келетін курорттардың суреті бар төрт суретті талқылауын сұраңыз. Жұптағы оқушылар өздері қоятын сұрақтарды және олардың пікірінше, өздерін бәрінен көп не тартатынын талқылайды. Сынып идеяларды біріктіреді.

(Ұ)(Ж) Оқушылардан «қоршаған орта» ұғымының нені білдіретіндігі туралы ойлауын сұраңыз. Оқушылар жұптаса отырып, олардың пікірінше, қоршаған ортаны не қалыптастыратындығын талқылайды. Ойлану процесіне көмек ретінде оларға жазбаша немесе визуалды еске салу жасаңыз.

(Ұ)(Ө) Талқылай отырып және жекелеген сөз тіркестерін тақтаға жазып, оқушыларан сіздің сұрағыңызға жауап беруін сұраңыз. Оқушылардың деңгейіне сәйкес келетін қоршаған ортаның анықтамасын оқып беріңіз. Оқушылар ауа райы сөздігін жасау үшін пайдаланылуы мүмкін сөздерді өз сөздер тізіміне қосады.

(Ұ) Неліктен ауа райы қоршаған ортаға ықпал ететінін және формасын анықтайтын немесе баратын орындарды таңдау факторы болып табылатындығын және біз ауа райы қандай болатындығын қалай біле алатындығымызды (дәлірек айтқанда, ауа райы болжамдары немесе ауа райы туралы есептерді) талқылаңыздар.

(Ұ) Сынып болып бүгінгі ауа райы қандай екендігін талқылаңыздар. Олардан ол қаншалықты жылы немесе суық екендігін өлшеуін және ауа райын сипаттау үшін біз қандай сөздерді қолданатынымызды сұраңыз, мысалы, «температура» термині.

(Ұ)(Ө) Тақтаға синоптикалық картаны орналастырыңыз, сондай-ақ әрбір оқушыға оның көшірмесін таратып беріңіз. Әр оқушыға бүгінгі ауа райы жөніндегі ақпараты бар парақты беріңіз. Оқушылар параққа жазылған сұрақтарға жауап береді. Қағаздың парағына жазылған сұрақтар сыныпқа бүгін ауа райы қандай екендігі туралы ұжымдық пікірді қалыптастыруға көмектесуі мүмкін, мысалы:

  • Ол ыстық, қоңыржай, қоңыр салқын немесе өте салқын?

  • Бұлыңғыр, ашық, бұлтты, тұманды немесе ашық?

(Ұ) Егер уақыт жеткілікті болса, бір күнге арналған ауа райының бейнеролигін көрсетіңіз және ол оқушылардың бақылауларымен ұқсас екендігін талқылаңыздар.

(Ұ)(Ж) Оқушылардың төмендегі сұрақтарға жауап ойлауға жұптасып жұмыс істеулерін, содан соң жауаптарын беруді сұраңыз:

  • Біз қалай, қайдан және қашан ауа райы көрсеткіштерін жазып ала аламыз?

  • Біз ауа райы туралы нені, дәлірек айтқанда, қандай дереккөздерден біле аламыз?

  • Температураны, күннің белсенділігін, сондай-ақ жауын-шашынды жазып алу үшін біз қандай құралдарды пайдаланамыз?

(Ұ) Сыныпқа термометр дегеніміз не және оның қалай жұмыс істейтіндігін көрсетіңіз. Күндізгі температураны көрсету үшін термометрді пайдаланыңыз. Егер қолжетімді болса, оқушыларға жауын өлшегіш пен флюгерді көрсетіңіз.

(Ж) Оқушылар күннің белсенділігін, жауынды, желді көрсету үшін символдарды қоршап немесе бөліп көрсетіп және ағымдағы температураны жаза отырып, бүгінгі күнге синоптикалық картаны толтыру үшін жұптасып жұмыс істейді.

(Ұ) Ауа райы туралы мақалдарды, мәтелдерді және әндерді талқылаңыздар.

Сыныптан тыс қосымша тапсырма ретінде оқушылар апта бойы күн сайын синоптикалық карталарды толтыра алды, бұл жерде мұғалім оқушыларға температураны, егер бұл мүмкін болса, жел мен жауынның бағыттарын жазуға көмектесуі тиіс.




Ауа райы мен климат табиғи түрде қоршаған ортаны, туризмді және табиғи апаттарды байланыстыратын орасан зор тақырып болып табылады. Тапсырманы табиғи апаттарға жалғастыра отырып, туризм контексіндегі ауа райы мен климатты оқып үйренуге кірістіреді.

Бұл тараудағы тапсырмалар екі элементті қарастырады: ауа райы және климат. Біріншісі ауа райы ұғымын, екіншісі Қазақстандағы климат ұғымын енгізеді, ал қорытынды тарауда оқушылар Қазақстанның үш ауданындағы ауа райы мен табиғи апаттар туралы жаңалықтар ашады:

  • Арал теңізі (тартылуы)

  • Таулы шаңғылы курорт (көшкін жүруі)

  • Астана және жақын орналасқан облыстар (су тасқыны).

Мектепке шетелдік оқушылардың келуі әдісі қоршаған ортаны меңгеруге қатысты ауа райы, климат пен табиғи апаттар тақырыбына кірістіру үшін қолданылады.

Туристерге қарап, оқушылар ауа райы мен климатты салыстыра отырып, жылдың төрт мезгіліндегі төрт елдімекенді қарастырады.

Оқушылар шетелдіктердің келу сапарына ауа райы туралы өте қарапайым, түсінуге жеңіл есептерді, сондай-ақ ауа райы мен климат, қоршаған орта мен табиғи апаттар жөніндегі нұсқаулықтарды дайындайды.

Бірінші тапсырма апта бойғы мектептегі ауа райын зерттеудің айналасында болып, ауа райы мен климат идеясын енгізеді.

Өтініш, «қоршаған орта» элементі қосымша тапсырма болуы және уақыттың жетіспеушілігіне байланысты алынып тасталуы мүмкін екендігін белгілеп қойыңыз.

А-дан бастап Я-ға дейінгі сөздік блоктарға негізделген ауа райы сөздігі сауаттылықты қолдаудың үздік тәсілі болып табылады. Оны тілді меңгертуде қолдануға болады (Қазақ тілді оқушылары мұғалім қазақстандық ауа райын сипаттау үшін пайдалы деп тапқан ағылшын сөздігін үйреніп жатқандығы туралы бейнебаянды көрсетуге болады).

Қосымша тапсырма ретінде ниет білдіргендерден сыныпқа қазіргі ауа райы қандай және олардың пікірі бойынша, күннің қалған жартысында қандай болатындығы туралы айта отырып, бүгінгі күнге метеоролог болуын сұраңыз.

Бұл тапсырмаға арналған сөздік блокқа мыналар кіруі мүмкін (түсініктеме үшін 5-бетті қараңыз):

  • қоршаған орта;

  • тұман;

  • бұршақ;

  • мұз;

  • табиғи апат;

  • бақылау;

  • жауын өлшегіш;

  • температура;

  • термометр;

  • туризм;

  • ауа райы болжамы.




Қазақстанның әр түрлі демалыс орындарының суреттері

Қоршаған ортаның анықтамасы

(оқушылардың деңгейінде)

Синоптикалық карталар (төрт жол мен төрт бағаннан тұратын кестедегі ауа райы түрлерінің атаулары мен суреттері, мысалы, бұлтты, тұман, күннің көзі, суық, аязды, ыстық, жылы, құрғақ, бұршақ, жауын, қар, самал, тынық, жел, теңіз дауылы, нөсерлер) – және әр оқушы үшін олардың көшірмелері

Бүгінгі күнгі ауа райы туралы ақпарат бар парақ (мұғалім жасаған, ауа райының әр түрі туралы суреттері және сұрақтарымен)

Бір күнге арналған ауа райы бар бейнебаян немесе теледидар бағдарламасы

Термометр (көрсету үшін)

Мүмкіндігінше, жауын өлшегіш пен флюгердің үлігісі

Келесі аптаға, әр күнге арналған синоптикалық карталар

2.2 Климат және ауа-райы
























2.2.2.1 ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау




















Қазақстанның климаты

(Ұ) Оқушылардан климат олардың өміріне қалай ықпал ететіндігін, олар климат туралы не ойлайтындықтарын, оларға жылдың әр мезгілінде не ұнайтындығын және не ұнамайтындығын, жылдың әр мезгілі келген сайын не өзгеретіндігін (мысалы, олар киетін киім) сұраңыз.

(Ұ)(Ө) Бір оқушыны тұрғызыңыз және егер/неліктен ол жылдың әр мезгіліне қарай белгілі бір киімді киетіндігін біліңіз.

(Ж)(Т) Қосымша тапсырма: әрбір жұпқа немесе топқа бір-бір жыл мезгілін беріңіз. Олар тамаққа, киімге, ойындарға, шұғылданатын істеріне және т.б. қарай қай мезгіл жақсырақ екендігі туралы пікір таластыруы тиіс.

(Ұ) Бір күнге арналған синоптикалық картаны құрастыру арқылы алдыңғы тапсырмаларды қайталаңыздар. Температураны өлшеу үшін термометрді пайдаланыңыз және егер мүмкіндік болса, желдің және жауынның бағытын жазыңыз.

(Ұ) Күнделікті ауа райы климаттың біз сезінетін бір бөлігі болып табылатындығын түсіндіріңіз. «Климат» сөзін тақтаға орналастырыңыз және жауаптарды осы сөздің идеясы мен мағынасын құру үшін пайдаланыңыз.

(Ұ) Сыныпқа қазақстандық ауа райы туралы есепті оқып беріңіз (A оқытуға арналған ресурстары). Сыныптың жеткілікті дәрежеде түсінгендігіне көз жеткізу үшін оны талқылаңыздар.

(Ұ) Бейнебаян көрсетіңіз және оқушылардың қазақстандық климат туралы не көрсетілгендігі туралы сұраңыз. Жылдық цикл – жылдың төрт мезгілі бар климат идеясын енгізу үшін бейнебаянды пайдаланыңыз. Оларды тақтаға жазыңыз. Оқушылардан жыл мезгілдері туралы айтылатын мақамдар мен әндерді білетіндіктерін сұраңыз.

(Ұ)(С) Құрлықтың дәл кіндігіндегі Қазақстанның орнын көрсетіңіз. Оның теңіздерден алыста орналасқандығына назар аударыңыз. Мұның Қазақстанның климаты мен ауа райына әсері бар ма екендігін, егер болса, онда қандай екендігін сұраңыз

(Ж) Әрбір жұптан жылдың әр мезгілін көктемді, жазды, қысты, күзді анықтайтын бір сөзді немесе сөз тіркесін сұраңыз. Тақтада жылдың әр мезгілі үшін сөздердің немесе сөз тіркестерінің тізімін жасаңыз.

(Ұ) Сыныпқа Қазақстандағы жыл мезгілдері туралы өздерінің мектептерінің жас шетелдік қонақтарына арналған құрал дайындайтындықтарын айтыңыз. Оқушыларға жыл мезгілдері жөніндегі туристік оқу құралының үлгісін, сонымен қатар жыл мезгілдерінің аты бар парақтарды немесе соған ұқсас нәрсені таратып беріңіз.Оқушылар жұптасып, қандай сурет қай маусымға лайықты екендігін талқылайды.

(Ө) Оқушылар суреттерді қиып алып, оларды парақтарға жапсырады. Атауында және жазуға арналған орынға олар әрбір жыл мезгіліне үшін сәйкес сөздерді немесе сөз орамдарын және олар таңдап алған суреттерді жазады.

(Т) Олар осы тапсырманы аяқтаған кезде, төрт оқушыдан тұратын топтар Туристік оқу құралдарымен алмасып, олар бойынша Қазақстан мен оның ауа райы туралы нені білуге болатындығын талқылай алады.

(Ө) Қосымша тапсырма: Оқушылар жылдың әр мезгілін сипаттайтын сөздерді ойлап тауып – сезіну, көру, ойлау, иіскеу, есту, елестету – және бұл сөздерді жыл мезгілдерінің бірі туралы өлең немесе шығармашылық оқиға жазу үшін пайдалана алады.

(Ұ) Оқушылардан, егер олар қыста таулы-шаңғылы демалыс орнына және жазда Каспий теңізіне жиналатын болса, өздерімен бірге қандай киім алатындықтарын сұраңыз.


Қайталауға берілген тапсырма соңғы тапсырмамен байланысты және бекіту қызметін атқарады. Мүмкін болса, интерактивтік тақтадағы синоптикалық картаны пайдаланыңыз.

Климатты оқып үйренуге өту жеткілікті дәрежеде анық болып табылады. Ол оқушылардың өздерінің жеке тәжірибесіне, сондай-ақ БАҚ арқылы тәжірибесіне, теледидар мен радиодағы ауа райы болжамдарына сәйкес табиғат туралы білімдеріне негізделеді.

Біз бұл тақырыппен байланыс орнату үшін туризм, туристер мен шетелдік қонақтар тақырыбына қайта ораламыз.

Бейнероликті оқушылардың әр ролик көрсететін климатқа баса назар аударуын сұрай отыра туризм туралы қолжетімді роликтерден таңдап алуға болады.

Қыстағы және жаздағы жоғарғы температуралар мен қазақстандық ауа райының жыл сайынға үлгісі/циклі ұғымын бөліп көрсету қажет. Астана әлемдегі екінші ең суық елорда болып табылады.

Тапсырманы/қарқынды өзгерту үшін әр алуан мүмкіндіктер бар, мысалы оқиғаларды креативті, образды баяндауды пайдалана отырып, ауа райының, демалыстағы ауа райы туралы ойлар мен күтетін жайттардың, аяқасты қойылымдардың, стоп-кадрлардың және әр алуан түрлерін мазмұндап және т.с.с.

Бұл тапсырмаға арналған сөздік блокқа мыналар кіруі мүмкін (түсініктеме үшін 5-бетті қараңыз):

  • күз

  • климат

  • киім

  • құрлық

  • табиғат (ауа райы) жағдайлары;

  • жыл мезгілдері;

  • көктем;

  • жаз;

  • температура;

  • термометр;

  • қыс.


A:Қазақстанның климаты туралы есеп, мысалы, ол туризм бойынша ресми ақпараттаналынуы мүмкін:

Қазақстанда жаз ыстық, ал қыс суық. Қазақстан елеулі аумақты алып жатқандықтан, ауа райы оның жекелеген бөліктерінде әркелкі болуы мүмкін. Мысалы, оңтүстікте егіндік маусым басталғанда,солтүстікте әлі көп қар жатуы мүмкін.

Ең суық ай -қаңтардағы орташа температура -солтүстікте18, 7°С ,және оңтүстікте -1, 5°С құрайды. Қазақстанның көп бөліктеріне тән құрғақ ауа мен ашық күн себебінен -15°С температурасы ылғалды ауа райында -5° – 0°С сияқты сезілуі мүмкін. Қарлы қыстар спорттың қысқы түрлері үшін өте лайықты, мысалы, таулы-шаңғылы курорттарда.

Қазақстан - өте шуақты ел және оның кейбір өңірлері жылдың 330 күніне дейін күннің рахатын көреді, ал Қазақстандағы аспан үнемі дерлік ашық көгілдір. Қазақстанға қош келдіңіздер!

Бүкіл жыл бойындағы Қазақстандағы ауа райын көрсететін бейнебаян

Барлық жағынан құрлықпен қоршалған ел ретіндегі Қазақстанның, континентальді елдің орналасуын көрсететін Еуропа мен Азияның картасы

Жыл мезгілдері бойынша туристік оқу құралы (соңында жазуға арналған әрбір блоктың үстіндегі тақырыптар үшін бағандары бар төрт блокқа бөлінген A4 форматындағы сурет)

Жыл мезгілдері бар парақтар (жылдың төрт мезгілінің суреттері бар – оқушылар кесіп алып, өздерінің туристік оқу құралдарына жапсыра алатын суреттер немесе фотосуреттер)

Қайшы

Желім

Таза парақтар

2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері

2.2.3.2 зерттеу негізінде өз өңіріндегі табиғи жағдайлардың (жер бедері, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) оң және кері жақтарын талдау

















(Ұ) Алдыңғы тапсырманы еске түсіріңіздер де, Шымбұлақтағы қыс мезгілі мен Астанадағы көктемнің байланысын келтіріңіздер.

(Ұ)(Ө)(Ж) Жұптасып, оқушылар Қазақстанның астанасы туралы не білетіндіктері туралы ойлайды. Оқушылардың астананың атауын, ол қайда орналасқандығын және онда қандай ескерткіштер бар екендігін естерінде сақтап қалғандығын тексеру үшін жауаптарды алға тартыңыз (1-сыныпты қараңыз).

(С)(Жеке) Сыныптың Астананың картадағы орналасуын білетіндіктерін тексеріңіз. Топырақ, өзендер, өсімдіктер, сондай-ақ ландшафт бейнеленген Астананың картасын көрсетіңіз.

(Ж) Жұптасып, олардың түсінігінде Астанамен ненің байланысы бар екендігін ойлануын сұраңыз. Жетекші сөздер арқылы оларға көмектесіңіз, мысалы, туристік орындар, мешіттер мен шіркеулер, ескерткіштер, ғимараттар. Оқушылардың жауаптарын тақтаға жазыңыз.

(С) Астанадағы және оның айналасындағы көктемді көрсететін бейнероликті қосыңыз.

(Ж)(Т) Жұптасып, одан кейін төрт адамнан топтасып, оқушылар осы роликтің түсіруші командасында болса, олар нені сезіп, көріп, еститіндігін талқылайды. Сөздер мен сөз тіркестерін сөздікке қосыңыздар.

(С)(Ж) Егін егуді және қазақтар өңдеген жер телімдерін талқылаңыздар. Егін егу, тұқым және дәнді дақылдардың әр алуан түрлері сияқты сөздерді сөздікке қосыңыз. Оқушылардың жерде, отбасылық жайылымдарда немесе жалға алған телімдерде өз отбасыларына көмектесудегі жеке тәжірибесіне сүйеніңіз.

(Ж)(Т) (Егер уақыт болса немесе қосымша тапсырма ретінде) Жұптаса жұмыс істей отыра оқушылар көктемдегі Астананың және оның айналасының суреттерін өздерінің кадрлеулерін талқылайды, зерттейді және толтырады. Олар картинаның атауынан және бір сөйлемнен тұратын түсініктемеден нені түсінгендіктерін жазады. Бүкіл сынып болып туристік картиналардың атауларын және оқушылар олар туралы білген деректерді талқылаңыздар, мысалы:

  • Көктемдегі үйлер

  • Фермалар мен бақтар

  • Спорт пен ойындар

  • Ауа райы

  • Қауіптер мен қатерлер, мысалы, су тасқыны.

Өз тобында әрбір жұп Астананың осы суретіне арналған идеясын екінші жұпқа ұсынады.

(С)Астанадағы су тасқыны туралы суретті немесе бейнероликті көрсетіңіз және су тасқынының алдын қалай алуға болатындығын әрі ол орын алған жағдайда не істеу керектігін талқылаңыздар.




Бұл тақырып оқушылар 1–сыныпта алған астаналар мен ескерткіштер туралы, сондай-ақ алдыңғы нақты орын, қыстағы Шымбұлақ жөніндегі туристік құрал жасау бойынша тапсырмадан (егер ол енгізілген болса) алған білімдеріне құрылады.

Астанада оқушылар оны туристік орталық және көктемде (немесе ерте жазда) демалыстарын өткізуге арналған орталық ретінде оқып үйренетіндігі қисынды.

Астана жөніндегі құрал оны қала маңында қарастыратын болады.Астананың мысалында табиғи апатты оқып үйренуге болады, мысалы, су тасқынын

Астананы оқып үйренуге қатысты 1–сыныпқа арналған оқу материалдарын қайта қараңыз.

Туристік брошюралар оқушылардың назарын аудару үшін жақсы материалды қамтамасыз ететіндігіне қарамастан, уақыттық шектеулер мұндай тапсырмаға рұқсат бермеуі мүмкін, сондықтан да сіз сәйкесінше Сабақ жоспарын өзгертуге тиіссіз.

Қазақстанның картасы Астананың орналасқан жер іжөніндегі алдыңғы жұмысты бекітеді – жергілікті топографиялық карта табиғи апаттармен жұмыс істеуге арналған элемент болып табылады, ал су тасқыны болған жағдайда Астанада су басудан қорғауға арналған сызбаны талдау қажет.

Астананың айналасындағы елді мекендер бар бейнебаян тек қана қалаға бағдарланғаннан басқа көзқарасты беру үшін өте маңызды болып табылады. Ол қала маңының табиғиәдемілігін, егін алқаптарын өңдеуді, жер жыртуды және тұқым себуді, астық жинауды, мал мен жылқыны бейнелеуі тиіс. Мүмкіндік болса, егілген бақшалары мен жер жайылымдары бар қазақ ауылын да көрсеткен жөн.

Оқушылармен өзінің тәжірибесі жөнінде әңгімелесу үшін жергілікті елдімекеннің тұрғынын әкелуг емүмкіндік бар.

Бұл тапсырмаға арналған сөздік блокқа кіретіндер (түсініктеме үшін 5-беттіқараңыз):

  • Елорда;

  • астық өнімі;

  • гүлдер;

  • жеміс;

  • ескерткіш;

  • мешіт;

  • жер жырту;

  • тұқымдар;

  • себу;

  • мүсін;

  • көкөністер.




Астананың орналасуын көрсететін Қазақстанның картасы (дисплейдегі,тақтадағы немесе ноутбуктардағы, планшеттердегі)

Өзен, аңғарлар, қыраттар, өсімдіктер зоналарын көрсететін жергілікті топографиялық карта

Қазақстандағы, мүмкіндігінше Астананың айналасындағы, көктем туралы бейнеролик

Көктемдегі Астананың кадрлік топтамасы немес есуретте ржинағы (мысалы, үйлер, шаруашылықтар мен бақтар, спорт жән еойындар, климат және т.б.)

Астанадағы су басу туралы бейнеролик

http://www.youtube.com/watch?v=nuL6WT9wQeI

2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері

2.2.3.3 Табиғаттың қолайсыз және қауіпті құбылыстарын жіктеу

Табиғи апаттар. Су тасқыны


(Ұ)(Ө) Оқушылардың жалпы жаздағы ауа райын сипаттайтын бір сөйлем ойлап табуын сұраңыз.Тез арада сыныпты аралап өтіп, жауаптарды жинап алып, оларды тақтаға жазыңыз.

(Ұ)(Ө)Оқушылардан олар жазда Қазақстанда қандай демалыс аймақтарына барғандықтарын немесе білетіндіктерін сұраңыз. Оларды тақтаға жазыңыз және жазылған демалыс орындарының қайсысы ең танымал болып табылатындығын сұраңыз. Оқушылар өз идеяларымен және білімдерімен бүкіл сыныппен бөліседі, аймақтардың/орындардың атауын жазып алады.

(Ұ)(Ж) Сыныпқа олар Каспий теңізі туралы ақпаратты зерттейтіндігін және ол неліктен танымал демалыс аймағы болып табылатындығын айтыңыз. Жұптасып оқушылар Каспий теңізі ауданындағы жаздағы ауа райын және неліктен ауа райы демалыс үшін осы жерді таңдауға жақсы себеп болуы мүмкін екендігін зерттейді және талқылайды.Олар идеяларымен бүкіл сыныппен бөліседі. Оқушылардың себептерін тақтаға жазыңыз.

(Ұ)(Ж) Оқушыларға Каспий теңізі демалыс өткізу үшін жақсы жер болып табылатындығын байқау үшін оны басқа демалыс аймақтарымен салыстырып, олардың ішінен жақсысын таңдау керектігін түсіндіріңіз. Әр түрлі жазғы демалыс орталықтары, олардың климаты мен ауа райы туралы бейнероликті көрсетіңіз немесе ақпараттық парақтарды таратып беріңіз. Демалыс аймақтарының кестесін беріңіз. Оқушылар жұптасып, кестелерді толтырады және сүйікті демалыс орындарын таңдайды. Олар өздерінің Каспий теңізі туралы және оны басқа демалыс орындарымен салыстыру кезінде неліктен таңдап алғандықтары/ бас тартқандықтары туралы өз идеяларын жазу үшін үлгіні пайдаланады. Жазбаша үлгі шетелдік балалардың біріне жазда қайда бару керектігі жөнінде кеңес беру түрінде болуы мүмкін.

(С) Оқушылар нені оқып үйренгендіктеріне шолу жасаңыз.




Кіріспе оқушылардың жазғы ауа райы мен жазғы демалыс туралы білімдеріне негізделеді. Оқушылардың жазғы ауа райы туралы жауаптары Қазақстандағы басты (танымал) жазғы демалыс аймағы Каспий теңізіндегі ауа райын зерттеу үшін негізді қамтамасыз етеді.

Демалыс туралы мәселе алдыңғы тапсырмаларда да қарастырылды – бұл тапсырма оқушылардың білімдерін тереңдетеді және кеңейтеді. Сындарлы ойлау дағдылары жазғы демалысқа арналған орындардың мүмкін нұсқаларын қолдау немесе бас тарту үшін себептер ұсыну арқылы дамытылады.

Егер уақыт болса немесе қосымша тапсырма ретінде, қауіп немесе қатер ретінде құм дауылдарын еске сала отыра, Каспий теңізіне арналған Туристік оқу құралын немесе кадрлық топтама жасау бойынша тапсырма орындалуы мүмкін (Астана мен Шымбұлақ тақырыбына да осындай тапсырманы қараңыз).

(Қ)Осы тараудың соңында қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі бар: жұптардың ішінде кезекпен бір-біріне табиғи апаттар немесе олардың алдын алу кезіндегі сақтандыру шараларын түсіндіргенде.

  • Бұл тапсырмаға арналған сөздік блокқа кіретіндер (түсініктеме үшін 5-бетті қараңыз):

  • жағажай;

  • таулар;

  • пейзаж;

  • жақсы ауа райы;

  • күн өту;

  • шомылатын костюм;

  • бассейн;

  • серуендеу.





Болжамдағы жазғы курорттар туралы бейнеролик, e.g.

https://www.youtube.com/watch?v=ZdbbYQBevS4

https://www.youtube.com/watch?v=edIhduuTIEo

Және/Немесе

Жазғы демалыс туралы ақпараты бар парақтар (яғни, типтік туристік брошюрадағы сияқты, бірақ 2-сыныптың оқушыларына бейімделген демалыс аймақтары туралы түсінікті және нақты ақпарат беру үшін дайындалған)

Келтірілген өлшемдерге сәйкес жазғы демалыс аймақтарын бағалауға арналған кесте

Жазбаша үлгі немесе қолдаған және қарсы айғақтары бар пікірталастар/пікірсайыстар форматындағы тілдік қолдау





«Дүниетану» пәні. Бастауыш мектеп. 2-сынып

8-бөлім: Саяхат

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар «Бізді қоршаған әлем» бөлімінен туризм туралы оқи отырып саяхат ұғымының алғашқы аспектілерімен танысты. Оқып үйрену үшін байланыстырушы тақырып ретінде туризмді қарастырғанына негізделеді.

Мазмұны

Бұл бөлім «Бізді қоршаған әлем», туризмді байланыстырушы арқау ретінде қарастырады. Оқушылар 8– бөлімнің тақырыбын Қазақстанға келген жас шетелдік оқушылардың көмегімен оқып үйренуді жалғастырады.

Осы бөлімнің тілдік мақсаты

Оқушыларға арналған сәйкес академиялық тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген

Оқушыларға пәндік мақсаттарға жетуге көмек үшін сәйкес академиялық тілдегі тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген.

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология

Диалог/жазылымға арналған сөз тіркестері

  • жол белгілерін түсінеді және нұсқау бере алады

Мынаны қамтиды:

  • әлемнің төрт бұрышы - солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыс;

  • бағыт, саяхат;

  • жол және жол белгілері;

  • солға, оңға, тіке бұрылу;

  • айналым торабында, жол айрығында;

  • бағдаршам.

Мысалы (тілдік мақсаттарға байланысты) зависимости от языковой цели):

Талқылау үшін тақырыптар:

  • Біз бағытты қалай көрсете аламыз?

Неліктен ... екендігін айта аласыздар ма?

  • құбылнама керек?

  • карта керек?

Басқа тілдік мақсаттарды қою үшін және академиялық тілді дамытуға қатысты қосымша нұсқаулықты жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімді қараңыз.

Қысқаша шолу

«Саяхат» тақырыбы тарих пен географияның, дүниетанудың бірқатар тақырыптарын байланыстырады. Қозғалу жергілікті контексте қарастырылады. Бұл тақырып тас ғасырындағы саяхатпен байланыстырылады. Жылқыны қолға үйрету адамның саяхаттау формасын өзгертті және Қазақстанды қалыптастырған көшпелі қоғамы мен мәдениетінің дамуы үшін негіз қалады. Дүниежүзілік мұхиттар мен құрлықтар бойынша туристік сапарлар тараудың соңғы тақырыбы болып табылады. Жылқылар мен күймелердің суретін салғызғанда өнермен, әдебиетпен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.


Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқытудың мақсаттары

Сабақта ұсынылатын жұмыс түрлері

Мұғалім назарына (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары

2.4 Туризм























2.2.4.1 туризмнің негізгі түрлерін ажырату


























Туристерге арналган саяхат

(Ұ)(Ө) Оқушылардан демалыстың ең жақсы күндерін естеріне түсіруін сұраңыз. Әр оқушыға нөмір беріңіз. Бір нөмірді атаңыз.Нөмірі аталған оқушының жауап беруін сұраңыз. Жауап бергеннен кейін оқушы басқа нөмірді атайды, сол нөмірлі оқушы жауап береді және т.с.с. жалғаса береді.


(Ұ) Оқушылардан туристер тобына өздері тұратын жер мен өңір туралы не айта алатындарын ойлануды сұраңыз. Оларға зерттеу жүргізетіндерін және осы ауданға туристерді тарту үшін презентация дайындайтындарын айтыңыз.


(Ұ)(Т) Сыныпты топтарға бөліңіз. Оқушылардан туристерді қайда апаруға болатынын, ол жерде не көрсете алатындарын қайдан білуге болатынын талқылауды сұраңыз. Олардың жауаптарын тақтаға жазыңыз. Тізім мыналарды қамтуы тиіс:

  • Интернет

  • туристік/ақпараттық орталықтар

  • кітаптар, брошюралар, буклеттер, постерлер және басқа баспа материалдар

  • ауызша ақпарат – не білетіндері және бұл туралы не естігендері

  • жеке ақпарат – жергілікті көрнекі жерлерге барудың жеке тәжірибесі


(Ұ)(Ж) Баруға болатын жерлердің және сол жерде нені көруге және не істеуге болатын тізімнен (мысал ретінде мұғалім жазбаларын қар.) элементтерді топтар арасында бөліңіз. Әр топтағы жұптар бір немесе бірнше тармақпен жұмыс істейді. Әр жұп өз тармағын(тарын) зерттейді және ол туралы өз ойларын жазады.


(Т)(Ұ) Топтар туристерге көрсету үшін қайсы элементті қолдануға болатынын талқылайды және таңдайды. Содан кейін сынып әр топтың әр түрлі атаулары бар екеніндігіне көз жеткізіп, ақырғы тізімді бекітеді (мүмкін болса).


(Т)(Ө) Оқушыларға әр топ өздерінің тармақтары үшін туристік ақпараты бар таныстырылым дайындайтынын айтыңыз. Туристерге арналған ақпараттық постер нені қамтитынын және қалай жұмыс істейтінін оқушыларға көрсетіңіз және түсіндіріңіз. Постер атауды, суретті және мәтінді қамтуы тиіс.

Оның дизайнына әсер ететіндей өз ойыңызды ұсыныңыз:

  • мақсатты аудитория кім болып табылады;

  • постерде қамтылатын хабарлама;

  • ол қандай пішінде болады – суреттер, жазулар, мәтін, түс;

  • өлшем.


(Т) Өз зерттеулерінің нәтижесін пайдала отырып, әр топ нені қамтитынын таңдап және атауын, суреті мен мәтінін әзірлеп жұмыс істейді.

Топ бірлескен топтық жұмыстың зерттелген рәсімдерін қолданып, жұмысты оның мүшелері арасында бөледі.


(Ұ)(Т) Әр топ сыныпқа өз слайдын көрсетеді.


(Ұ) Сынып таныстырылым дайындаған уақытта не білгендерін талқылайды.






Бұл кіріспе сабақ екі сабақты алуы мүмкін, себебі ол туристерге арналған презентацияны дайындауды қамтиды.

Келуші-туристерге арналған презентация оқушыларды ізденуге, айналадағы әлем туралы пікірлерін ұсынуға қолайлы әдіс болып табылады.

Мұнда басқа да форматтар, мысалдар, туристік плакаттар құру қолданылады (оқытудың баламалы ресурстарын қараңыз).

Баруға және көруге болатын жерлердің тізімі және ол жерде не істеуге болатынын жұптармен зерттеу үшін берілген тапсырмада төмендегілер қамтылған:

  • көркем галереялар

  • ғимараттар

  • ауылды жер

  • саяжай

  • ойын-сауық

  • халық әндері

  • ормандар

  • өнеркәсіп

  • жер бедері және пейзаж

  • ескерткіштер

  • мұражайлар

  • саябақтар

  • бұлақтар, өзендер және көлдер

  • қалашықтар және ауылдар

  • саяхат және көлік

  • тірі табиғат.

Бұл тізім кең болса да, ол оқушыларға қоршаған әлем туралы түсінігін дамытуға бағытталған диапазон және қызмет көлемі туралы кейбір көрініс береді.

Бұл жұмыс кеңейту барлық слайдтарды қиыстыруды талқылауды қамтиды, яғни слайдтарға тапсырыс беру және кіріспені, соның ішінде карта мен жергілікті музыка саундтрегін қосу.

Бұл әрекет үшін сөздік блок (түсініктеме үшін 5-бетті қар.) жоғарыда аталған тақырыптардың тізіміндегі сөздердің кейбіреулерін қамтуы мүмкін.





Негізгі ерекшеліктер, қалалар және туристік назар аударарлық жерлер көрсетілген облыс картасы

Баспа, сол секілді сандық форматтағы өңір туралы ақпарат

Интернет сілтемелері бар компьютерлер

немесе қағаз, бор, қаламсаптар, қарындаштар, қайшы, желім

Кесуге арналған жергілікті өңір суреті бар үнпарақтар, брошюралар, журналдар

постерлер шаблоны

2.4 Туризм

2.2.4.1 Туризмнің негізгі түрлерін мақсаттары бойынша жіктеу

2.2.4.2 зерттеу негізінде Қазақстанда туризмнің түрлерін дамытуға қолайлы нысандарды анықтау

Қазақстандағы демалыс орындары


(Ұ) Оқушыларға жергілікті аймақты туристік бағыт ретінде зерттеп, олар Қазақстанның туристік пунктерімен танысатындарын және демалыс аймақтары туралы не білуге болатынын көре алатындарын айтыңыз

(Ұ) «Демалыс» анықтамасын қайталау үшін сұрақтар мен жауаптар қолданыңыз.

(Ұ) Демалыстың әр түрін, мысалы, ұлттық, діни, қоғамдық, жұмыс, мектептік және отбасылық демалыс түсінігін дамыту үшін таныстырылым немесе фотосуреттер жинағын қолданыңыз.

(Ұ)(Ж) Сыныпты жұптарға бөліңіз. Оқушылардан мектеп демалыстары олардың достарына, өздеріне және отбасыларына ұнайтындығын және демалыс уақытында қайда баратындарын жұбымен талқылауды сұраңыз. Оқушыларға мысал келтіріп, отбасылық фото немесе қазақ отбасының демалыс сәті туралы бейнебаян ұсыныңыз. Фотоны немесе бейнебаянды сыныппен талқылаңыз. Оқушылардан бейнебаян не туралы екенін түсіндіруді сұраңыз және суреттегі адамдар не туралы сөйлесуі, ойлауы және не істеуі мүмкін екенін болжауды ұсыныңыз. Оқушылардан демалыста болған қызықты оқиғалар туралы айтуды сұраңыз.

(Ұ) Егер бүкіл сынып демалысқа баратын болса, олар қайда барар еді? Шешім қабылдауға көмектесу үшін, оларға Қазақстанның туризмі туралы бейнебаян (немесе уақытқа байланысты бейнебаяннан үзінді) көрсетіңіз. Барлық ұсыныстарды тақтаға жазып, ең танымал туриттік орталықты анықтау үшін дауыс беріңіз. «Турист» сөзін анықтау үшін сұрақтар мен жауаптарды қолданыңыз.

(Ж)(Ұ) Оқушылар жұпта Қазақстанда демалуға қайда барғылары келетінін, сыныппен қайда барғылары келетінін және неге екенін талқылайды. Жұптардан түсіндірмелерін бүкіл сыныпқа ұсынуды, талқылауды және ұсынылып жатқан демалу типтері мен шипажай орталықтарының тізімін тақтаға құруды сұраңыз. Кім қайда барғысы келетініне дауыс беру.

(Ө) Сөздік тізіміне жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қосыңыз.

) Аталған жерлерді Қазақстанның картасынан анықтаңыз.

(Ө) Қосымша кеңейтілген тапсырма ретінде оқушыларға мәтінге арналған рамкасы бар ашық хат беріңіз. Олар отбасының мүшесі үшін таңдаған демалыс орталығының сипаттамасы бар қарапайым хабарлама жазады.

(Ұ) Оқушылардан Қазақстан және демалыс туралы қандай жаңалық білгендерін түсіндіруді сұраңыз.




Бөлім оқушылардың «Бізді қоршаған әлем» туралы білімдерін дамыту үшін туризм және демалысты қамтиды. Идеясы оқушылар айналадағы әлем туралы тек жергілікті масштабта қана емес, ұлттық масштабта да білуден тұрады.

Бастапқы нүкте оқушылар және олардың отбасылары, олар демалысқа қалай жиналып жатқаны туралы көрініс болып табылады. Негізі балалардың демалыста саяхатқа бару тәжірибесі бола алады– оларды қызықты және толқыйтын сәттерін естеріне түсіреді.

Тапсырма «Бізді қоршаған әлем» түсінігін оқушылар өздері тұратын Қазақстан жерінен қазақтар демалуға баратын жерлерге дейін кеңейтіп, «қоршаған әлем» және «туризм» арасында байланысты орнатады.

Сыныппен демалу (немесе біркүндік саяхат) идеясын ұсыну демалуға басқа жерлерге бармайтын балалардың кез келген мәселесін шешуге көмектеседі.

Оқушыларға үкімет бекіткен ресми мерекелер мен ұлттық мерекелердің және басқа мерекелердің арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Мерекелердің әртүрлі өзгешеліктерін көрсету үшін PowerPoint слайдтарын немесе фотосуреттер жинағын қолданыңыз. Фотосуреттерді оқушылардың ойлау қабілеттерін кеңейту үшін қолдануға болады. Мысалы, әрі қарай ойланып құрастыру арқылы, оқушылардан фотода бейнеленген адамдар не туралы сөйлесіп жатқандарын ойлауды және сурет түсірілер алдында бес минут бұрын немесе кейін не болғанын болжауды сұрауға болады және т.б.

Қазақстанның картасы оқушылардың демалуға барғылары келетін орындарды талқылау объектісі болып табылады.

Осы тапсырма үшін тақырыптық сөздік келесі сөздерді қамтуы мүмкін (түсініктеме үшін 5-бетті қар.):

  • демалыс;

  • демалыс орталығы;

  • музыка;

  • орналасу жері;

  • мереке;

  • пейзаж;

  • мектеп демалыстары;

  • теңіз жағалауы;

  • спорт және ойындар;

  • театр;

  • турист;

  • туристік орталық;

  • ауа райы;

  • тірі табиғат.




PowerPoint мерекелердің әртүрлерін көрсету немесе мерекенің әр түрлісін көрсететін суреттер жинағы. (Әр слайдтың немесе суреттің атауы болыу тиіс)

Қазақ отбасы мерекесінің суреті немесе бейнеклипі (әр жұпқа көшірмесі немесе дисплей тақтада)

YouTube Қазақстандағы туризм туралы бейнеклип

https://www.youtube.com/watch?v=TPpEYsDwf00

Негізгі туристтік назар аударарлық жерлері көрсетілген Қазақстанның картасы. (Карта оқушылардың көздерінің деңгейіне орналасуы тиіс және туристтік облысқа байланысты белгілер, мысалы жүзу,желкен спорты, альпинизм, күеқақтылық, жүріс, шаңғы спорты тізімін қамтуы мүмкін бас демалыс орталықтарының суреттерін қамтуы тиіс.)

Пайдалы веб-сайттар келесіні қамтиды :

http://www.mydestination.com/kazakhstan?gclid=CO3i85LDkrcCFfQZtAodBX0APg

http://www.tripadvisor.co.uk/Tourism-g293943-Kazakhstan-Vacations.html

Ашықхат рамкасындағы жазу

2.4 Туризм


2.1.3.1 Өз зерттеулеріне сүйене отырып, аймағының көрнекі жерлерін сипаттау және бейнелеу


2.2.4.3 Туристік нысандардың ерекшеліктерін сипаттау

Қазақстандағы танымал туристік орындардың ерекшеліктері


(Ұ)/(Т)Туристер тобының суретін көрсетіңіз немесе таратып беріңіз. Олар кім екенін және не істеуі мүмкін екендігін сұраңыз. Оқушыларға олардың демалып жүрген жерлерін және сол өңірдегі қызық орындарды зерттеп және танып жатқандардықтарын анықтауға көмектесу үшін көмек беріңіз. Жұптар осы мәселені талқылайды. Жұптарды аралап, жауаптарын сұраңыз. Оны талқылап, «турист» сөзімен байланысты қолданып, «туристер» және «туризм» сөздерінің түсінігін құрыңыз.


(Ұ)(Т) Оқушыларға әр топ Қазақстанның ең танымал туристік шипажайларының, аймақтарының немесе орталықтарының бірінің өз брошюрасын дайындайтынын айтыңыз. Бұл брошюралар таныстырылып, ең үздігінің авторы жеңімпаз атанады.


(Ұ)(Ж)Қазақстанның негізгі туристік орталықтары бар үлкен картасын көрсетіңіз. Бұл не екенін және нені көрсетіп тұрғанын түсіндіріңіз. Оқушылардың жұптары кез келген туристік орталық туралы сұрағылары келетін сурақтарды ойластыруда. Электрондық тақтаны қолданып оқушының сұрағына жауап бергенде картадан туристік объектілердің суреттерін/фотосуреттерін көрсетіңіз.


(Ұ)(Ж)(Т) Оқушылардан өз отбасыларымен Қазақстанда демалуға барса, демалыс орталығында не тапқылары келетінін сұраңыз. Оқушылар жұппен өз жауаптары туралы ойлап отыр. Төрт адамнан тұратын топтар олардың жауаптарын талқылайды және жақсы демалыс үшін не маңызды болып табылатынын шешеді. Жауаптарды бүкіл сыныппен талқылаңыз және демалу орнын таңдау үшін алты себеп / белгіні келісіңіз (оқытушының ойлауға арналған жазбаларын қар).


(Ұ) Оқушылардан Қазақстанның мерекелері мен шипажайлары туралы соңғы тапсырмадан естерінде не қалғандарын сұраңыз. Тақтада демалуға арналған бірқатар орындарды жазып шығыңыз (саны қолжетімді брошюралардың санына байланысты). Оқушыларға картада орындарды көрсетіңіз. Олардан бұл жерлер туралы толығырақ қайдан білетіндер сұраңыз.


(Ұ)(Т)(Ж) Әр топқа белгілі туристік орталықты бекітіңіз және сол жер туралы брошюраларды таратыңыз (топтағы әр жұп үшін сол брошюра). Жұп өз туристік брошюрасын зерттейді. Олардан:

  • оның негізгі ерекшеліктерін – атауын, жазуын, суреттерін, диаграммаларын, ақпаратын анықтауды

  • мақсаты бойынша қалай әзірленгенін, яғни бұл жерді туристер үшін қалай тартымды қылуға болатынын талқылауды сұраңыз.

Әр топқа брошюранын шаблонын беріңіз және оқушылардан оларды зерттелген брошюраның үлгісі бойынша өз орталығы туралы ақпаратпен толтыруды сұраңыз.


(Ұ) Брошюраларды көрсетіп, жеңімпазды таңдаңыз. Не қамтылғанын қараңыз.

(Ө) Оқу уақытынан тыс қосымша тапсырма ретінде оқушыларды шетелдік туристерді қызықтыруы мүмкін туристік орындар туралы ақпаратты табуды тапсырыңыз.





Оқушылар сұрау, талқылау және идеялар мен ақпаратты біріктіру арқылы түсінікті құрастырып, туристер тобының фотоларын зерттейді.

Жұмысты үлгілеу әдісі сауаттылықты дамытудың пайдалы әдісі болып табылады. Мұғалім брошюраның немесе буклеттің мазмұнын «үлгілейді». Оқушылар бұл үлгіні өзінің жеке Қазақстандағы туристік орталығының брошюрасын/буклетін жасау үшін қолданады.

Демалу орындарын таңдау себептері/белгілері келесіні қамтуы мүмкін:

  • жер бедері/пейзаж;

  • жанды табиғат;

  • бос уақыттарында: жүзу, жүру;

  • ауа райы;

  • орналасқан жері;

  • халық әндері, би, музыка, фильм;

  • спорт және ойындар.

Оқушылар өз ойлау қабілеттерін демалу орындарын таңдау себептері мен белгілерін анықтау арқылы дамытады. Олар таңдауға өз деңгейінде әсер ететін бірқатар себептерді ойлап табуы керек.

Қызмет оқушының демалыс орнын таңдауға кеңес алу арқылы түсінгеніне негізделеді. Олар белгілерге сүйене отырып қоятын сұрақтарын ойлап табуы тиіс. Олар қолдағы саусақтардың саны бойынша 5 сөзді (жоғарыдан қар.) немесе алты сұраулы сұрақты: неге, қайда, қашан, не, кім, қалай - қолдана алады.

Ойлау дағдылары қосымша пысықталуы мүмкін.Оқушылардан анықтағандары шыңдық болып табылатынын, қалай тексеруге болатынын ойластыруды сұраңыз.

Демалыс орындары мен мерекелердің әр түрлі бөліктері бар Қазақстанның картасын ендіру тапсырманың соңғы бөлігін орындау үшін негіз болып табылады. Бұл келесі тапсырмаға әкеледі. Мұнда оқушылар Қазақстандағы әр түрлі орындарға қатысты өз білімдерін кеңейтеді.

(Қ) Оқушылар брошюраларды бағалау және оларды жетілдіру мүмкіндіктерін қарастырған процесінде қалыптастырушы бағалаудың мүмкіндіктері бар.

Осы тапсырмаға арналған тақырыптық сөздік келесіні қамтуы мүмкін (түсініктер үшін 5-бетті қар.):

  • демалыс;

  • демалыс орталығы;

  • пейзаж;

  • мектеп демалыстары;

  • теңіз жағалауы;

  • театр;

  • турист;

  • туристік орталық;

  • ауа райы;

  • тірі табиғат


Туристер тобының фотосуреті (Үш немесе төрт турист бар фотоны табу.)

«Турист» орталық сөзі немесе соңында бос графалары бар тұжырымдамалық вэбсызба

Негізгі туристік орталықтары бар Қазақстанның үлкен картасы

Қазақстанның танымал туристік жерлерінің брошюралары және буклеттері (олар оқушылардың брошюраларын үлгілеу үшін қолданылатын болады)

Брошюралар шаблондары немесе үлгі (оқушылар таңдаған шипажай туралы идеяларын жазу үшін қолдау ретінде қолдануға), соның ішінде: атауы, үш фотосуретке дейін, фотоға жазулар, айналасында 30 сөзге дейін

қайшы

желім

Шымбұлақ (қосымша материал)


(Ж) Оқушылардың жұптасып Қазақстанның туристік орталықтары туралы ойлануын, содан кейін бұл жөнінде сыныпқа айтып беруін сұраңыз.

(Ұ)(Ө) Оқушылардың немесе оқушылар жұбының Қазақстан картасына жақындап, онда Астананы, Шымбұлақты, Каспий теңізін және басқа да туристік орталықтарды белгілеуін сұраңыз.

(Ұ) Оқушылардың көздерін жауып, Қазақстандағы қысты сипаттай алатын сөздер, сөз орамдары, сондай-ақ суреттер/картинкалар туралы – олар нені көретінін, олар нені сезінетінін, олар нені киетінін, қалай жылынатындығын, қандай ойындар ойнайтындығын, қыста өздерімен және достарымен болуы мүмкін тәжірибе/оқиға/жайт/нәрселер туралы ойлауын сұраңыз.

(Ұ)(Ө) Оқушылар өздерінің идеяларымен, ойларымен және ақпаратымен сыныппен бөліседі. Мұны талқылаңыздар және Қазақстандағы қыс дегеніміз не екендігі туралы неғұрлым толық түсінікті қалыптастыру үшін ақпарат жинаңыздар. Кез келген жаңа сөзді немесе сөз тіркесін сөздікке қосыңыздар.

(Ұ,Ө) Оқушыларға фольклорлық оқиғалар немесе ертегілердің көмегімен өткен кезеңдердегі қазақ қысы туралы нені біле алатындықтарын түсіндіріңіз. Оқушының қыс туралы фольклорлық ертегіден – қыс қандай болғандығын сипаттайтын оқиғадан үзінді оқып беруін сұраңыз. Оқиғаны талқылаңыздар және сөздікке жаңа сөздерді немесе сөз орамдарын қосыңыздар.

(Ұ) Шымбұлақтағы көшкіннің жүруі туралы бейнебаянды немесе қыс мезгіліндегі Шымбұлақтың суретін көрсетіңіз. Роликте/суретте не көрсетілгенін және Шымбұлақта ауа райы мен климаттың қандай екендігін талқылаңыз.

(Ұ)(Ж) Шымбұлақтың қыс және жаз мезгілінде қандай болатындығын талқылайды, зерттейді және өздерінің туристік құралдарының үлгілерін толтырады. Олар түрлі тақырыптардан білгендерін жазады. Сынып болып туристік құралдың тақырыптарын және сонымен байланысты оқушылар тапқан деректерді талқылаңыздар.






Осы және келесі екі тапсырма таңдап алынған жыл мезгіліне сүйене отыра демалыс аймақтарындағы/туристік орталықтардағы ауа райы мен климаттың әр алуан түрлерін қарастырып, әр жыл мезгіліндегі Қазақстан ауа райына басты назар аударады.

Туристік брошюралар осы тақырыпты оқыту үшін тамаша базаны бергенмен де, уақыт шектеулігі себебінен бұл тапсырма Жоспарға кірмей қалуы мүмкін, соған орай Сабақ жоспарын сәйкес түрде құрастырыңыз.

Бұл тапсырма алдыңғы тапсырмағы және ауа райы жазбаларына құрылады. Ол сондай-ақ жетекші сөздер мен сөз орамдарын пайдалан отырып, оқушылардың қыс туралы білімдеріне сүйенеді.

Шымбұлақ –Интернет осы таулы-шаңғылы демалыс орны туралы, сондай-ақ қазақстандық ауа райы мен жалпы табиғи катаклизмдер туралы ақпарат алу үшін пайдалы ресурс болып табылады.

Қазақстанның туристік картасы оқушыларға географиялық оқытудың маңызды мақсаты – туристік орталықтар қайда орналасқандығын көрсетеді.




Турист ретінде оқушылардың, олардың отбасыларының, сондай-ақ шетелдіктердің баруына болатын орындарды көрсететін Қазақстанның туристік бағыттарының картасы

Қыс туралы қазақ фольклорлық әңгімесі

Қыстағы Шымбұлақтың суреті

Шымбұлақтағы көшкіннің жүруі туралы бейнебаян (төменде бірдей екі бейнебаян келтірілген –олардың екіншісі шаңғышыларға арналған көтергішпен не болғандығын көрсетеді)

https://www.youtube.com/watch?v=rD65O0Nt9vE

https://www.youtube.com/watch?v=u9vOVYdQofg

Шымбұлақтың туристік құралының үлгісі (сәйкес атаулары мен төрт тараудан тұратын, мысалы, үйлер мен бақтар,киім, ауа райы, ойын-сауық, қауіптер)

Интернет таулы-шаңғылы курорт туралы ақпаратты іздестіруге арналған қосылғышы бар

Шымбұлақ туралы қағазға басылған ақпарат


3.1 Көне мәдниеттер мен өркениеттер








































































2.3.1.2 түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау








































Көне қалаларға саяхат


(МК, Ұ) (Ұ)/(Т)Балаларға көне қалалардың суреттерін көрсетіңіз немесе таратып беріңіз. Олардан бұлар қандай қалалар екенін және олар қалай аталғанын сұраңыз. Оқушыларға қалалардың көне аттарын және қазіргі аттарын анықтауға көмектесу үшін көмек беріңіз.

(Ж) Жұптар осы мәселені талқылайды. Жұптарды аралап, жауаптарын сұраңыз. Оны талқылап, «Көне қалалар» жөнінде түсінік беріңіз.

Қазақ жерінде көне қалалар бар. Ол қалаларда көбіне ірі,тарихи оқиғалар орын алған. Содан соң көне қалаларды қазіргі атауларымен байланыстыра отырып түсіндіру керек.

Көне қала

Қазіргі атауы

Әулиеата

Тараз

Испиджаб

Сайрам

Сунақ

Сығанақ

Сарай Жүк

Сарайшық

Фараб

Отырар


(Ұ) Интерактивті тақта арқылы ежелгі Тараз қаласына сырттай саяхат жасауды ұсыныңыз.

Ежелгi Тараз - Ұлы Жiбек жолын жалғап жататын тұрақты сауда-саттык қарым-қатынас жасалатың қаланың бірі. Таразда қолөнер өндірісі жақсы дамыған .

Қала 1856 жылы - Әулиеата деп аталды, 1936 жылы - Мирзоян аты берiлдi, 1938 жылы жыр алыбы Жамбыл есiмiн иелендi. Ал 1997 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республика Президентiнiң жарлығымен ежелгi аты қайтарылып, Тараз аталды.

(Ұ) Оқушыларға көне Тараз қаласын туристік бағыт ретінде зерттеп, олар Қазақстан жеріндегі көне қала туралы не білуге болатынын көре алатындарын айтыңыз.

Оқушыларға көне Тараз қаласын туристік бағыт ретінде зерттеп, олар Қазақстан жеріндегі көне қала туралы не білуге болатынын көре алатындарын айтыңыз.

«Көне қалалар» туралы қайталау үшін сұрақтар мен жауаптар қолданыңыз.

(Ұ) Көне қалалар түсінігін дамыту үшін таныстырылым немесе фотосуреттер жинағын қолданыңыз.

(Ұ)(Ж) Сыныпты жұптарға бөліңіз. Оқушылардан көне қалаларда кімдер өмір сүрген, немен айналысқан, қандай құрал-жабдықтарды пайдаланған т.б.туралы суреттер бойынша болжауды жұбымен талқылауды сұраңыз.

(Т) Оқушыларды топқа бөліп көне Тараз бойынша суреттер,қазіргі Таразды бейнелейтін фото немесе бейнебаян ұсыныңыз. Суреттерді, фотоны немесе бейнебаянды топпен талқылап салыстырсын.

(Ж) Оқушыларды жұпқа бөліңіз.Олар жұптарымен көне қалаларды көргенін не көрмегенін, көргісі келетіндігі туралы бір бірімен талқыласын. Олар жазғы демалысқа шыққанда ата-аналарымен бірге Таразға,Сарайшыққа және т.б. көне қалаларға саяхат жасауға мүмкіндіктері бар екендігін айтыңыз және өз маршруттарын картаға түсіруін сұраңыз.




Сабақ төмендегідей рет бойынша жүзеге асырылады.


Мұғалім түсінідіруі бойынша оқушылар өз пікірлерін білдіреді.

Оқушылар Қазақстан жеріндегі көне қалалар атауымен таныса отырып, қазір қалай аталғандығы жөнінде мағұлмат алады.




Интерактивті тақта арқылы ежелгі Тараз қаласының тарихымен танысады.

  1. Ежелгі Тараз тарихы, орналасуы

  2. Тараздағы сауда-саттық жолдары

  3. Шаруашылығы

  4. Мәдениеті

  5. Ескерткіштер










Қысқа мерзімді жоспар Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспарды қараңыз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгі негізінде әзірлеуге болады.

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


Сабақ мақсаттары

Сабақ мақсаттарын анықтап алыңыз. Олар оқу мақсаттарымен (ОМ) бірдей болуы немесе ОМ ұзақ мерзімді сипатта болса, нақты осы сабаққа бейімделген болуы мүмкін (ОМ қол жеткізу үшін бірнеше сабақ қажет болған жағдайда)

Барлық оқушылар:



Көптеген оқушылар:



Кейбір оқушылар:

Бағалау критерийлері

Формативті (қалыптастырушы) бағалау (ФБ) бойынша мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтар құжатынан таңдап алынған ОМ үшін жетістік критерийлерін көшіріп алыңыз.

ФБ үшін таңдап алынбаған ОМ үшін бағалау критерилерін өзіңіз құрастырыңыз.

Тілдік мақсаттар


Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз



Пәнге тән лексика мен терминология:



Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:


Құндылықтарды дарыту




Осы сабақта балалардың бойына сіңіруге арналған кіріктірілген оқу бағдарламасындағы құндылықтар мен ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтарды көрсетіңіз.

Құндылықтарды дарыту … арқылы/көмегімен жүзеге асады (іс-әрекетті және/немесе тақырып мазмұнын сипаттау).

Пәнаралық байланыстар

Ықтимал пәнаралық байланысты әріптесіңізбен талқылаңыз немесе дереккөздерге жүгініңіз.

Сабақта пәнаралық кіріктірілу қалай жүзеге асырылатынын көрсетіңіз (іс-әрекет және/немесе мазмұн арқылы)

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар қандай АКТ дағдыларын дамыта алатынын көрсетіңіз

Бастапқы білім


Оқушылар бастапқыдан нені біледі немесе осы сабақ алдында олар нені білуі керек? (негізгі ұғымдар, фактілер, формулалар, терориялар)

Бұрыннан бар білімді қалай белсендендіре аласыз?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуға

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға

көңіл бөлу қажет


Сабақтың ортасы

Сабақ мақсатына орай бар білімдерді қалыптастыру мен дағдыларды дамытуға бағытталған іс-әрекет.

Іс-әрекет барысында ақпаратты талдау және өңдеу, зерттеу, практикалық жұмыс, проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы оқушылардың бойында білім мен дағдылар қалыптасады және дамиды


Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет



Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады


Дифференциация оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Дифференциация бойынша іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
940
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі