Материалдар / Ашық сабақ. Шығармашылық.Сурет.Тақырыбы: " Мерекелік отшашу" ересектер тобы

Ашық сабақ. Шығармашылық.Сурет.Тақырыбы: " Мерекелік отшашу" ересектер тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға өздері тұратын қаласындағы мерекелер мен салтанатты шерулердің мәнін түсіндіру,мерекелер туралы білімдерін одан әрі жетілдіру,шығармашылық қиялдарын көркемдік талғамдарын дамыту,ұқыптылық пен жинақылыққа тәрбиелеу.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-қызметінің технологиялық картасы.


Тобы : «Айгөлек» ересек тобы

Күні : 22.12.2017 жыл

Тәрбиеші : Набиева.Сауле.Урынбаевна

Білім саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет

Тақырыбы: Мерекелік отшашу

Мақсаты: Балаларға өздері тұратын қаласындағы мерекелер мен салтанатты шерулердің мәнін түсіндіру,мерекелер туралы білімдерін одан әрі жетілдіру,шығармашылық қиялдарын көркемдік талғамдарын дамыту,ұқыптылық пен жинақылыққа тәрбиелеу..

Керекті құралдар: Акврель бояуы,үлкен-кіші қылқаламдар,су,картон қағаз,сулы сүлгілер,ПВА желімі,ас тұзы, қара қалам.

Білімділігі: Отшашу туралы білімдерін дамыту

Дамытушылық: Қол моторикасын дамыту,балалардың ойлау қабілетін эстетикалық талғамдарын дамыта отырып,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Отшашу суреттері.

Сөздік жұмыс: Отшашу

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндіру.Дәстүрден тыс сурет салу техникасы.Отшашу туралы видио көрсе

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Балалар залға кіреді,Педагог-тәрбиешімен бірге:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды қаламыз

Жарқырайды бақшамыз.

Саламатсыздарма құрметті апайлар!

Балалар,бүгін бізде ұйымдастырылған ашық оқу іс-қызметі ,бізге көп қонақтар келді.Бүгін біздің Айгөлек тобында үлкен мейрам! Сіздерге мына сұрақтарды қойғым келіп тұр.


Балалар тәрбиеші апайлармен жақсы көңіл-күймен амандасады

Саламатсыздарма!



Балалар көңілді түрде сұрақтарға жауап беруге келіседі

Іздену ұйымдастырушы

Сұрақ –жауап

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Сол үш айды атайықшы?

-Балалар, қыс мезгілінде ауа райында қандай ерекшеліктер болады?


-Қыс мезгілінде біздер қандай ойындар ойнаймыз?

-Балалар,апта күндерін білемізбе,бір аптада неше күн бар?

-Балалар,біз қай Республикада тұрамыз?


Өте жақсы,балалар,енді айтыңдаршы біз тұратын Қазақстан Республикасында қандай мерекелерді білеміз?


Балалар,енді теледидардың алдына келейік те мерекелік отшашуды тамашалайық ,өйткені біздің бүгінгі тақырыбымыз да «Мерекелік отшашу» суретін салу,сол үшін мұқият қарайық.


Балалар енді столға жақындайық,стол үстінде Аквариум бояуы,ас тұзы,сурет салатын картон қағазы,ПВА желімі,қылқалам,су және қолымызды сүртетін сулы сүлгілер

Сіздерді сурет салу техникасымен таныстырайын.

1.Қолымызды ауаға көтерейік те,отшашу суретін ауада қолмен салайық

2. Енді қолымызға ПВА желімін алып сурет салатын картон қағазға желімді саусақтарымыздың ұшымен қысып отшашуды салуды бастаймыз.

3.Алдымен қағаз бетіне нүкте салып,нүкте арқылы жоғары-төмен,оңға-солға астына –үстіне сызамыз

4.Енді ПВА желімінің үстіне ас тұзын саусақпен себелеп шашамыз,балалар бұл әдіс дәстүрден тыс сурет салу техникасы деп аталады.Мұның сіздерге үлкен пайдасы бар.Сендердің саусақтарыңыздың қозғалуы арқылы миға қозғау саламыз және ойлану процесі оянады,саусақ моторикаларың дамиды.


5.Балалар,ПВА желіміне ас тұзы сіңгенше денемізді сергітіп алайық.

Осы сәтте (Ғажайып сәт) Тазша бала келеді,өзімен бірге Ұлттық ойын «Тақия тастау»ойын ала келеді.

Тазша бала: Саламатсыңдарма, балалар

Көңіл күйлерің қалай?

Өте тамаша .Олай болса сендер қандай ұлттық ойындар білесіңдер?

Ендеше мен сіздерге қазақтың ескі ойындарының бірі «Тақия тастау»ойынын ойнаймыз.

Ойын 3-4 рет қайталанады.

6. Столға қайтып келеміз де сурет салуды жалғастырамыз балалар.

ПВА желіміне жабысқан тұздың үстіне аквариум бояуын қылқаламмен жағамыз.Әдемі қызылды-жасыл,сары,көк түстермен бояп мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлаймыз

Қараңдаршы балалар,біздің мерекелік отшашуымыз дайын




-Қыс

- үш ай бар

-Желтоқсан,қаңтар,ақпан

-Күн суытады,қар жауады,боран соғады,мұз қатады

-Шанамен сырғанаймыз,Аққала соғамыз

-Бір аптада жеті күн бар,Дүйсенбі,Сейсенбі,Сәрсенбі,

Бейсенбі,Жұма,Сенбі,Жексенбі

-Қазақстан Республикасында тұрамыз.


1-желтоқсан Президент күні,

16-Желтоқсан тәуелсіз күні

Жаңа жыл,Наурыз мерекесі


Балалар теледидар алдына келіп Мерекелік Отшашуды тамашалайды.



-Балалар стол үстіндегі заттармен танысады.


Қолдарына білекқаптарын киеді.






Тәрбиешінің көрсетуімен балалар ауада қолмен отшашуды салады.


Балалар картон қағазға ПВА желімін алып саусақтарымен қысып отшашуды сызады.


Тәрбиешінің көрсетуімен ПВА желімін саусақтарының ұшымен қысып картонға нүкте түсіреді.



Балалар ПВА желімінің үстіне ас тұзын себелеп шашады.






Балалар ортаға жиналады,және шеңбер жасап тұрады да ауыздың көмегімен,ұрт арқылы шарды үреді.Бірнеше рет қайталайды және Тазша балаға қызыға қарайды.Тазша баламен амандасады.

Барлығы бірге Жақсы

-Теңге алу,Алтыбақан,Асық ойнау,қол күрес


Балалар қызығушылықпен ойнайды


Тазша бала балалармен бірге сурет салуға қалады және бірге отшашуды бояға көмектеседі сурет салып үйренеді


Балалар қолдарына қылқаламды алады да суға батырып аквариум бояуымен желімге жабысқан тұздың бетіне жағады

Рефлексивті коррекциялаушы

Тәрбиеші Тазша баланың көмегімен балалардың салған суреттерін көргізбеге жинайды және мадақтайды .Бұл Отшашу мерекелік болғаны үшін балалар көтеріңкі көңіл күймен Музыка жетекшісі Танзиля Қайырғалиқызының жетекшілігімен «Қазақстан –Отаным менің»Патриоттың өлеңін айтады

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-қызметіне қонаққа келген Тазша бала өзінің ұлттық ойынын Рухани жаңғыру бойынша алып келгендігін ойынды балалардың тез үйреніп алғанына қуанғанын және шығармашылық саласы бойынша суреттен Мерекелік Отшашуды өте әдемі салғандарын айтады және қоштасып кетеді.

Тәрбиеші: Балалар,біздің де уақытымыз аяқталды қонақтармен қоштасайық, Сау болыңыздар!


Балалар өздерінің салған суреттері Тазша балаға ұнағанына қуанады.

Көтеріңкі көңіл күймен өлеңді айтады


Балалар Тазша баламен қоштасады,Сау болыңыз!











Балалар қонақтармен қоштасады. Сау болыңыздар!



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Мерекелік отшашу туралы түсініктері молаяды, білімдері жетіледі.


Игерді: Мерекелік отшашуды қағаз бетіне ПВА желімі және ас тұзымен түсіру ерекшеліктерін игереді.


Меңгерді: қағаз бетіне ПВА желімімен ас тұзы және аквариум бояуын қылқаламмен сала білу икемділігі мен дағдысы қалыптасады.











14 Қаңтар 2018
1742
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі