400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Шылау сөздер, шылаулардың емлесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақтың өту барысынан оқушылар ауызекі сөйле кезінде шылаулардың қызметі зор екенін түсінуге мүмкіндік алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән аты: Қазақ тілі мен әдебиеті

Оқытушы: Сейдахметова А.

Дәрістің түрі: аралас

Дәрістің тақырыбы: Шылау сөздер. Шылаулардың емлесі.

Дәрістің мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға шылау туралы лингвистикалық білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы шылаулардың емлесін түсіндіру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, ізгілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушыларды көркем сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, таратпа материал, суреттер.
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі, бейнелеу өнері.


І Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Үстеу дегеніміз не? Мысал келтіріңіз?
2.Үстеудің мағыналық түрлерін атаңыз?
3.Үстеудің сөйлемдегі атқаратын қызметі қандай?

4. Еліктеу сөз дегеніміз не? Мысал келтіріңіз?

5. Еліктеу сөздердің түрлерін атаңыз?

6. Еліктеу сөздер сөйлемде қандай қызмет атқарады?

«Артығын алып таста» ойыны. Тақтаға бір тізбеге бірнеше сөздер жазылады, соның ішінен артық сөзді алып тастау қажет. Артық сөз бүгінгі өтілетін тақырыптың аты болып шығады.


III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Шылау сөздер лексикалық мағынасы жоқ, бірақ басқа сөз таптарымен тіркесіп, сол сөз таптардың мағыналарын толықтырады және айқындайды. Сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы. Шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды.

Атқару қызметіне байланысты шылаулар 3 топқа бөлінеді:

  1. Септеуліктер

  2. Жалғаулықтар

  3. Демеуліктер

Септеуліктер – белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Сөздерді сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. Септеуліктер мезгіл, мақсат және себеп-салдар мағыналарын айқындап, сөзден кейін қолданылады. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, кейбір етістік түрлерімен тіркесе алады.


Атау септікті меңгеретін септеуліктер

  • Үшін

  • Сайын

  • Сияқты

  • Туралы

  • Арқылы

  • Бойы, бойымен

  • Шамалы, шақты, қаралы

  • Ғұрлы (ғұрлым)

Барыс септікті меңгеретін септеуліктер

  • Дейін (шейін)

  • Қарай, таман

  • Салым, тарта, жуық, таяу

Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер

  • Гөрі

  • Бері

  • Кейін

  • Соң

  • Бұрын

  • Бетер

Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер

  • Қатар

  • Бірге

  • Қоса


Мысалы:

  • университетке дейін

  • жыл бойына

  • айтуы бойынша

  • сабақтан соң

  • түстен кейін

  • сен арқылы

  • шаруашылық туралы

  • сен үшін

  • оқу үшін

  • былтырдан бері

  • менен бұрын

  • әрі отыр


Жалғаулықтар — сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байланыстырады.

Ыңғайластық

  • Және

  • Әрі

  • Мен/бен/пен

  • Да/де, та/те

Талғаулықты

  • Әлде

  • Біресе

  • Бірде

  • Не

  • Немесе

  • Я

  • Яки

  • Болмаса

  • Кейде

Қарсылықты

  • Бірақ

  • Алайда

  • Дегенмен

  • Әйтпесе

  • Әйткенмен

  • Сонда да

Себеп-салдарлық

  • Себебі

  • Өйткені

  • Сондықтан

Шарттық

  • Егер

  • Онда

Ұштастырғыш

  • Ендеше

  • Демек

  • Яғни


Мысалы:

  • Демалыс күндері – сенбі және жексенбі.

  • Ол қатал, әйткенмен әдiл адам. -

  • Не мен барамын, не сен бар.

  • Ол таңертең телефон соқпайды, себебі уақыты болмайды.

  • Жаңбыр көп жауды, сондықтан егін жақсы шықты.

  • Егер олар келмесе, онда біз өзіміз барамыз


Демеуліктер өзгермейді, түрленбейді, тіркескен сөздеріне қосымша мағына үстейді.

Сұраулық

  • Ма/ме, ба/бе, па/пе

Күшейткіш

  • Ау, ай, ақ

Нақтылық

  • Ғой, қой

Шектік

  • Ғана, қана

  • Тек

Болымсыздық

  • Түгіл

  • Тұрсын

  • Тұрмақ

Болжалдық

  • Мыс/міс

  • Екеш


Мысалы:

  • Сен киноға бардың ба?

  • Ол айтты ғой.

  • Сөзде ғана, істе жоқ.


Шылаулардың емлесі: Шылаулардың  көпшілігі өздері  қатысты сөзден бөлек жазылады және кейбірі сызықша арқылы жазылады.

1. және, мен (бен, пен) шылаулары қайталанбай қолданылады. Бұл жалғаулықтар байланыстырған сөздер мен сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы:  Керімбала мен Мұратәлі бұлар көшіп келген соң қыдырып келген.

2. Да (де, та, те) шылаулары бөлек жазылады, оны түсіріп те айтуға немесе жалғаулық мәнінде келгенде басқа жалғаулықпен алмастырып та қолдануға болады. Мысалы: Балабектің де барғысы келді.

3. Сызықша арқылы жазылатын шылаулар –ақ,-ай,-ау,-мыс (-міс),-ды, (-ді) демеуліктері өзі шылау болып жұмсалған, яғни өзінен бұрын тұрған сөзбен сызықша арқылы жазылады. Мысалы: Діңкелеп шаршаған  күн де ұясына барып қонды-ау ақыры.




IV. Жаңа сабақты бекіту.


1-тапсырма. Сөйлем құрау.

Оқушының алдына суреттер беріледі. Суреттерді пайдаланып, шылау қатысқан бір-бір сөйлемнен құрау қажет.


2-тапсырма.

«Қыс» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру (5-6 сөйлем)
(туралы, таман, дейін, соң, жуық, үшін шылауларын қатыстырып)


3-тапсырма.

І-топ.

*Жаман көрші – ұрыс ... керіс, (пен)
Жақсы көрші – алыс ... беріс. (пен)

*Етікшінің дүниесі – бізі ... инесі. (мен)

*Анаға баласы алтыннан ... қымбат. (да)

ІІ-топ.

*Жалқаулық дерттен ... жаман. (де)

*Ай ... күн әлемге бірдей. (мен)

*Мешкейдің өзі тойса ... , көзі тоймайды. (да)


4-тапсырма. Топпен жұмыс.

Сәйкестендіру стратегиясы. «Менің бағытым» ойыны. Сөздерді өзіне тиісті шылаумен байланыстыру.

Бардың            дейін

Өзің                 шейін

Ана                  ғана

Отан               туралы

Көрдің             үшін

Ауылға            ба?

Кешке              бе?


V. Қорытынды

  1. Шылау дегеніміз не?

  2. Шылау сөздер сөйлемде қандай қызмет атқарады?

  3. Шылаудың түрлерін атаңыз?

  4. Септеулік шылауларды атаңыз?

  5. Жалғаулық шылауларды атаңыз?

  6. Демеулік шылауларды атаңыз?


VІ. Бағалау

«5» ____ «4» ___ «3» ____ «2» ____


VII. Үй тапсырмасы: Шылауы бар 8-10 сөйлем құрау. Шылаудың емлесі туралы ережені жаттау.


Оқытушы: А.Сейдахметова


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
2841
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі