Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Шын дос болу бақыт"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Шын дос болу бақыт
Тәрбие сағатының мақсаты:
-
Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
-
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
-
Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Пайдаланылатын көрнектілер:
Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, видеопроектор.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Шын дос болу бақыт» тәрбие сағаты.
ІІІ. Тақырыпты ашу сұрақтары
-
Дос деген кім?
Дос
Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсінетін адам
Көмекке әрдайым дайын адам
Қандай жағдай болмасын болмасын бірге болатын адам
Сенімді адам
2.Достық дегенді қалай түсінеміз не?(Жауапты сурет арқылы бер. Әр бір оқушы өзі салған сурет бойынша түсіндіреді)
1 - жауап:Адамдар арасындағы байланыс 2-жауап: Достықты шеңберге теңедім
3-жауап: Жүрек 4-жауап : Гүл
3.Досың бар ма? Ол кім?
4. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
5. Достық жасқа байланысты ма?
6. Қыз бала мен ер балавның арасында достық бола ма?
7. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
8. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
9. Дос қандай болу керек?
Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
-
Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
-
Достықтықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі – амал достық.
«Енді оны қалай ажырата
аламыз» дегендерге:
Бірінші, жан дос. Қуанышта да, қиыншылықта да қасыңнан табылар
сенімді серігің. Жан дос қайғыңды да тең бөлісе алады.
Екінші, жалған дос/амал дос/. Әрқашан қасыңда. Бірақ қиыншылықта
емес. Қара басының қамын үшін, қарнының тойғанын
ойлайтындар. Яғни пайдакүнем.
Оқушылардың пікірлері тыңдалады.
(Видео бейне)
IV. «Сөйлемді аяқта» тренингі
Екі топқа сөйлемдер беремін. Топтағы әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын табу керек.
А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ...
Ә) Сыйластық бар жерде ...
V. Жағдаяттан шығу.
«Достық» және «Сыйластық» топтары
1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?
Y. «Мінездеме беру» тренингі
Өзіңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар.
Тірек сөздер:
Адал арам
жомарт өз қамын ойлайтын
адамгершілігі мол кекшіл
қарапайым сөзге түсінбейтін
мейірімді жалқау
кешірімді тәккапар
төзімді қатал
ақылды мейірімсіз
сабырлы сараң
салмақты қызғаншақ
кек сақтамау тұйық
ашықтық
бүкпесіздік
Екі дос / аудио тыңдау/
YІ.Мақалды жалғастыр
1. «Кемшіліксіз .... іздеген адам .... қалады».
2. «Дұшпан .... айтады, дос....айтады».
3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ .......».
4. «.... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы.».
5. «..........ақшаң болғанша, көп досың ...».
6. «Досы көппен .... ,
Досы жоқпен ... ».
7. «Досы ... , өзі де жақсы».
8. «.... басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз ....ақылды дұшпан ....».
10. « Досың мың ....,
... біреу болса да көп».
11. « ... адам тамыры жоқ ... тең»
12. « ... дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
... дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
Жауаптары
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының-өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да-аз,
Дұшпаның біреу болса да-көп».
11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
12. «Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
.
Қорытынды:
-
Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
-
Досыңды алдамай, оған адал бол.
-
Досыңды қорлама.
-
Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
-
Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
-
Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Қатысқандарыңызға рахмет!
Тақырыбы: Шын дос болубақыт
Мақсаты: оқушылардың арасындағы жағымды қарым – қатынас орнату, бір – бірін сыйлауға , адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативтілікті дамыту. Достықтың адам өміріндегі өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру арқылы, оқушылардың достық қасиеттерін ұштастыру.
Көрнекілігі: тақырып , слайд, нақыл сөздер, шарлар
Барысы:
Дүниедегі ең қымбат, ең асыл, ең таза сезім достық емес пе? Бір-біріңді көзқарасыңнан түсініп, сөздеріңді айтқызбай ұғатын, нағыз, шынайы достыққа дүниеде ешбір сезім жетпесе керек.
Ал, сол нағыз достықты, нағыз досты табу әр адамның арманы. Тапқан адам, әрине, бақытты адам екен. Ендеше , бүгінгі «Шын дос болу бақыт» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
-
Шаттық шеңбері.
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық
«Досыммен бірге»-Бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.
-Достасуға бел буған тұрған адамның бет- әлпетін, түр сипатын саламыз
-Жауласуға бел буған адамның бет –әлпеті қандай болады, соны саламыз.
Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. /үш шапалақ жасаймыз/
Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көретудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту үшін «ол мұны қалай қабылдауы мүмкін» деп ойлануың керек болады кейде. Немесе «Қойшы, бәлкім түсінбей қалар» деп райыңнан қайтасың. Ал дос сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады.
Хор: Дос туралы жыр
әні С.Бәйтерековтікі
сөзі Т.Молдағалиевтікі
Іздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көріспесек сағыныштан жүдейтін,
Кім бар жақын бала күнгі досыңнан.
Қайырмасы:
Жан досым,
Үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңісіңді көрейін,
Сырымыз да бітпесін,
Жырымыз да бітпесін.
Қос бұтағы секілденіп ағаштың,
Қатар тұрып сырымызды сан аштық,
Жол тапсақ та, бірге жүріп жол таптық,
адассақ та, бірге жүріп адастық.
Қайырмасы.
Өмір өзі арқамызға жүк салып,
Бәрімізді қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құсқа ұқсадық, әлде біз
Қатар жанған екі шамға ұқсадық.
Қайырмасы.
Мұғалім:
• "Адамдар бір-біріне адал,қалтқысыз сеніп,ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады.Достық-өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың,рухани жақындықтың белгісі.”
Достық қалай сезіледі?
-
Достық ұстаған кезде қандай болады олайсыңдар?
-
Дәмі қандай?
-
Қандай ауа райын достыққа теңеуге болады?
-
Қолдардың достасуы мүмкін бе?
Біздің қолдарымыз қандай болады? (мейірімді, ашулы)
-
« Достың қолы, достың демеуі » /достың көмегі/
-
Достық деген сөзді қандай жануармен байланыстыруға болады?
-
-Достықты қандай бояулармен бейнелер едің?
Достық дегенді қалай бейнелер едің?
(Жауапты сурет арқылы бер. Әр бір оқушы өзі салған сурет бойынша түсіндіреді және түрлі түсті бояулар берілген)
1- жауап:Адамдар арасындағы байланыс 2-жауап:Достықты шеңберге теңедім
3-жауап: Жүрек 4-жауап : Гүл
Мұғалім: Достық – деген таусылмайтын қазына
Көктемде де солып қалар гүл емес
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес
Халықтың қара сөздерінің қара жолдай арналы бір тақырыбы достық,
жолдастық. Шын досың сырттан әр ісіңе тілектес болып жүреді. Қиын
қыстау күндерде сенімді ақтар дос бар да, дос қадіріне жетіп,
достықты кіршіксіз сақтай алу бар.Адал дос мінін айтқанға арланбай
ақылмен тыңдап, өз мінезінің қисығын жөндейді. Сондықтан достарың
айтқан сын сөзді дұрыс қабылдай білу
керек.
Аманжол Нұртуған: М.Мақатаев «Дос болам десең...»
Дос
болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің...
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме-өзім мін артып...
Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып, ауласында өлген мың артық.
Мұғалім: Не жетеді ғазиз досқа расында,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда
Қиналады, сен қиналсаң болғаны
Ұйықтамасаң, ұйықтамайды ол – дағы
Адам үшін ата – анадан кейінгі ең жақыны - жақсы дос. Адам ес
білгеннен бастап өзің түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос
іздейтіні анық. Достық адам өмірінің
тірегі.
Екі дос / аудио тыңдау/
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
- Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
-
Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?
-
Аңыз- әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?
-
Сендердің де адал достарың бар ма?
-
Олардың адалдығын қай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?
Мұғалім: Адал дос дегеніміз-өтірік айтпайтын,шындықты жақтайтын,досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын,барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін,қашан да қасынан табылатын,барын бөлісетін нағыз жолдас
Әділжанов Есімжан: Бір досым
бар..
Бір досым бар есімімді мақтаған,
Бір досым бар дос болса жат маған.
Бір досым бар көтеретін көңілімді,
Соны көрсең қуаныштан шаттанам.
Бір досым бар үмітімді жалғайтын,
Бір досым бар сәлемімді алмайтын.
Бір досым бар білсең айтшы дегенде
Білсе-дағы білмеймін деп алдайтын.
Бір досым бар,қиындықтан қашпайды,
Бір досым бар,барсам есік ашпайды.
Бір досым бар қолда барын ұсынып,
Мерейімді бір өсіріп тастайды.
Бір досым бар тату-тәтті бәрімен,
Бір досым бар жүрші дейді әріден.
Бір досым бар ақыл қосар әркезде
Дос дегенің жақсы екен гой бәрінен!
Мұғалім:
Буат-буат ақшаң болғанмен бақытыңды бөлісер бір
досың болмаса тірлігіңнің мазмұнды бола қоюы қиын. Қазақ халқы үшін
"дос” киелі ұғым. Бұл – кезінде батыр бабаларымыздың досы үшін
жанын пида етуге дейін барғандығымен-ақ айқындалып тұр. Бұл мақал
осыдан шықса керек: "Ақылы көпті жау алмас, досы көпті жау алмас” .
Бүгінгі таңда достықтың құны базардағы бағадай қымбатпа, әлде арзан
ба? Жалпы дос деген ұғымды сенімділігіне қарай үш түрге бөліп
қарауға болады.
Бірінші, жан дос. Қуанышта да, қиыншылықта да қасыңнан табылар
сенімді серігің. Жан дос қайғыңды да тең бөлісе алады.
Екінші, жалған дос/амал дос/. Әрқашан қасыңда. Бірақ қиыншылықта
емес. Қара басының қамын үшін, қарнының тойғанын ойлайтындар. Яғни
пайдакүнем.
Үшінші, виртуалды дос. Бұған сенуге де сенбеуге де болмайды.
Қазіргі тілмен айтар болсақ агенттегі дос. Бірі таныс, бірі жат.
Бірі ашық, бірі жұмбақ. Бір қызығы, кейде интернет арқылы танысып
бақытты өмір кешіп жатқандарды да кездестіріп қаласың.
Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын
жан. "Жігітті досына қарап таны! - деген қазақ пәлсапасы өте орынды
айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек әрбір адам дос тұрғысынан да
адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары
болмақ.
Ән: Асан Пердешов « Достар»
Орындайтын: Әділжанов Есімжан, Аманжол Нұртуған
-
Достықты сыйлаған достарын қимаған
Қуанған сәттерде достарын жинаған
Іс түссе басыңа досыңнан жасырма
Адал дос қалады қондырып қасыңда
Қайырмасы:
Сырғып өмір өзен орында тұрмайды
Жастық шақ өтеді бір күн қол бұлғайды
Сыйластық алады достар әлемінде
Достық пен ынтымақ болсын бар елінде
-
Достықтың нышаны сіз бізден басталған
Ыстық дос құшағы сезілер ашқаннан
Досым барда қайғы қардай еріген
Әнді достық жайлы шырқап менімен
Қайырмасы:
-
Сен жақын досымсың берік сенімге
Тек достар қосылсын өмір төрінде
Кел, досым жаныма өткенді еске алайық
Балалық шағыма кел бірге барайық
Қайырмасы:
Кәрібай Өміржол:
М.Шаханов. Достық туралы
Айқындалмас жақының мен алысың
Доссыз жүру мүмкін емес сол үшін
Өз көңілінен сезім таба білмеген
Досқа досша ұсына алмас қол ұшын
Доссыз менің өмірімде бар ма сән
Досым барда арманға асам, айға асам
Мақтау күткен адамдық арыңды
Көкірегімді оққа тосып қорғасам
Адам деме жалған күліп алдасам
Не берсем де сеніп бере алмасам
Тар кезеңде талшық етер жанымды
Жарты құртты бөліп бере алмасам
Дос құшақтан босамасын қолдарым
Осы менің осы менің арманым
Достығыма сенетін жан аз болса
Онда құрбым менің әлсіз болғаным
Несіпбаев Нұрсұлтан:
Досым, саған сенемін. Сеніп
өтем!
Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген — адамның көрігі екен,
Достық деген адалдың серігі екен.
Қыран күлкі-тамаша — бәрі осында,
Отырмын думан-тойдың арасында.
Береке бойдан асып жатқанымен,
Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба?
Ұйытқып жатыр көңілде кұйын-дауыл,
Неге сен келе алмадың жиынға бұл?!
Жыраққа жалғыз мені жібермеші
Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр!
Әне, жұрт өзді-өзімен, сөйлеседі,
Өзімсіп: — Ей! — деседі, — өй! — деседі.
Шіркіндер-ай, даурығып тындар емес!
Есіме ап, тост көтерсем, кейде сені.
Сенсіз көңіл қашан да хош тұрған ба?
Сенсіз думан — қызылсыз бос қырман да.
Әсіре ойнап қайтемін, әсіре күліп,
Сенін орның құлазып, бос тұрғанда.
Аманжол Нұртуған: Дос-ажырамас серігің
Досың сенің –жаныңдағы тірегің,
Сені өзіне үлгі ете білетін.
Сеніменен әрдайым бірге болып,
Сен ойнасаң ол да ойнап күлетін.
Дос дегенің- бірге жүрген сырлас жан
Жүрегіңнің жан пейілін ұғысқан
Біле білсең, нағыз досың сен үшін
Жақын екен ағайын мен туыстан
Дос бола біл жан құрбыңмен сырласып
Адалдықтың туын көкке көтеріп,
Құрметтеуден бірін-бірі тынбасын.
Досың болса қорықпайсың ешкімнен,
Дос дегенді нәзік, таза деп білем.
Орны толмас өкініш болар еді,
Адал достық қадірін сен кеш білсең.
О, адамдар, досыңды құрметтей біл,
Әрқашан досыңның жаныда жүр.
Қуанғанда сен де бірге қуанып,
Қайғырғанда жанынан табыла біл.
Дос болмағын ешқашан ақша үшін,
Жоғалтпасын саған деген дос сезімін.
Әрқашанда досыңа шынайы бол,
Қадірлей біл досыңның пәк көңілін.
Хор: Заман тобы «Достарым-ай»
Біз келеміз сағынышпен кундер санап
Қашан болар сол кездесу
Қайта оралмас сол кездерді еске алып
Достарым –ай ән бастадым
К-сы
Бірге болсын қуаныш тағы да
Асығамыз көруге
Ак жүрекпен арнадым сіздерге
Осы әнді достарым
2. Бірге ойнап бірге жүрген достарым ай
Жалындаған жастық шағым
Талай күнді бірге откізген өздеріңмен
Кайдасыңдар жан достарым
К-сы К-сы К-сы
Мұғалім:
Ү. «Сөйлемді аяқта» тренингі /жұппен жұмыс/
Екі жұпқа сөйлемдер беремін. Топтағы әрбір оқушы сөйлемнің жалғасын табу керек.
А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ...
Ә)
Сыйластық бар жерде ...
Б) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...
Ал, енді балалар, достыққа қарама-қайшы сезім –ол дұшпандық,
сатқындық.
Әрине досы үшін жанын қиярға дайын, адал ниет, ақ көңіл адам жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ шын дос табу қандай қиын болса, мәңгілік дос болып қалу одан да қиын.
«Мінездеме беру» тренингі
— Менің қолымдағы өз достарыңның суретін аласың. Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта қолыңыздағы суреттегі балаға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар Ешкімге көрсетпей, досың туралы әңгімелейсің. (суретті таңдап алу)
Тірек сөздер /тақтада көрсетілген/:
Адал арам
жомарт өз қамын ойлайтын
адамгершілігі мол кекшіл
қарапайым сөзге түсінбейтін
мейірімді жалқау
кешірімді тәккапар
төзімді қатал
ақылды мейірімсіз
сабырлы сараң
салмақты қызғаншақ
кек сақтамау тұйық
ашықтық
бүкпесіздік
Мұғалім: «Балалық шаққа саяхат».
Дос дегеніміз кім? Ол қандай болуы керек?
Достық жасқа байланысты ма? Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
Осы достық деген сөзді кім, қалай түсінеді екен. Сол туралы ұстаздарымызбен сыр бөліскен болатынбыз. Соны тамашаласақ. /бейнеролик/
VІ. Тыныштық сәті:/музыка ойнап тұрады/
«Керемет бақ» арт – терапия, релаксация.
Өзімізді ыңғайлы, қалыпты ұстап көзімізді жұмамыз. Аяғымызды, денемізді толықтай бос ұстаймыз. Үш рет терең дем аламыз. Енді көз алдыңызға әдемі гүлдерге толы, әсем керемет бақтың ішінде жүрміз деп елестетіңіз. Сіздің алдыңызда иісі мұрынды жаратын жұпар иісті, әдемі жүздеген, мыңдаған гүлдер өсіп тұр. Кенеттен бетіңізге самал жел соққандай болды. Жүріп келе жатып сізді алыстан көз тартып шақырғанда болып тұрған гүл өзіңіздің жаныңызға жақын. Сол гүлді қолыңызға алып иіскеп, гүлге аялап қарап тұрдыңыз. Сол гүлді сіз өзіңіздің жақын адамыңызға немесе досыңызға тарту еттіңіз. Досыңызда осы гүл сияқты өте әдемі. (Транстан шығып өз әлемімізге ораламыз)
Б) Ойын: «Сиқырлы орындық».
Мақсаты: адамның тек қана жақсы қасиеттерін танып
білу,адамға деген қызығушылығын
арттыру
Ә) Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады.
Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтып жүрекшелер
сыйлау.
Жағдаяттар шешу.
Тақтада шарлар ілулі Сол шарларды көздеп шарлардағы сұраққа жауап беру.
*Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?
*Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?
*Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?
*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?
*Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?
*Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувеиріңді ұнатып қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болжы.Қимас досың сұраса берер ме едің
Мұғалім:
Досқа сын Төлеген Айбергенов /тыңдау/
Қанша дос боп жалғасам да аяулы арман-тілекті,
Аямайтын ащы сыным ашындырар жүректі.
Табысыңа шын қуанып, сырға қоссам сыр алуан,
Бекер басқан қадамыңды бетке айтпай да тұра алман.
Білген жанға өмір деген мәңгі жарқын жаз емес,
Жұмыр бастан, кетіп жатар кемшілік те аз емес.
Әрине, оған кейде-кейде керек шығар кешірім,
Алайда оны кешірместен досша айтудың несі мін.
Өмір бізге кінәлі емес, шексіз достық сый еткен,
Сондықтан да менің сыным өтер бәлкім сүйектен.
Мейлі ұнат, мейлі ұнатпа мені тіпті ол үшін,
Қажет болса қолды саған бір сермеу де борышым.
Сені өкпе мен ренішке батырғанда белшеден,
Кем мұңайып, аз қиналып тұрмын ба екен мен сенен?!
Бұл айтылған достық сынды мейлің шын ұқ, шын ұқпа,
Тек қана оның маған да жай тимегенін ұмытпа.
«ДОСтық күншуағын құрастырайық.
Әр түрлі түсті қағазға берілген тапсырмаларды
орындаймыз.
Адал дос болу үшін басқа оқушыларға талап қояды.
Адал дос болғаның дұрыс.
Досыңды алдамай, оған адал бол
Адал дос болуда шыдамдылық танытқаның жөн.
Досыңа берік болуға тырыс.
Досыңды қорлама, қиын кездерде бір-біріңе көмектесіңдер
Адал дос болу үшін басқа оқушыларға ақылдарын айтады.
Менің ақылым-досыңа адал болсаң мақсатыңа жетерсің
Менің ақылым-досыңа жасаған жақсылығыңды міндет етпе
Менің ақылым-әрқашан да досыңа сыйлы бол
Менің ақылым-досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл
Адал дос болу үшін барлық оқушыларға өз ойларын айтады.
Менің ойым- нағыз адал дос болып қалыптасу.
Менің ойым-досыңның ісіне жауапкершілікпен қарау.
Менің ойым-өзімді,досымды сыйлау.
Менің ойым досымның кемшілігін кешіре білу
Адал достық күншуағын құрастырдық. Барлық достар бір-біріне адал болсын!
Досыма
Жылдарды салып араға,
Кездеспей кеттік досым-ай.
Олармен өзім қасымда,
Оңаша шақта осында.
Қ-сы
Өтеді өмір дөңелеп,жөні бөлек жол бөлек,
Меніңде жаным шөлдейді, дос жоқ көңіл бір бөлек.
Деседі тірлік базарлы достың жөні бір бөлек,
Қасқағым мынау жалғанда сағынатын дос керек.
Алыстап кетті балалық,
Қоңырау соңы соқты да.
Аңсайды екен адамдар,
Бір мезгіл өткен шақты да.
Қ-сы
Жылдардың төгіп жаңбырын,
Әрдайым бастан өткенді.
Қызыққа толы көктемнің,
Екенін бәрі шектеулі.
Қорытындылау.
Мұғалім:
Ертеде бір ақылды қария болыпты.Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:
-Ақсақал,мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті.Қарт жігітке:
-Жолдасыңды көрсет,сонан соң айтамын,-депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті.Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп,ақырында жігіттің өзін шақырыпты.Жігіт келген соң,қарт:
-Шырағым,жаман жігіт емессің,-депті.
-Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?-депті жігіт.Қарт күліп:
-”Жігітті жолдасына қарап бағала” дейді халық,-депті.
Айнымас досы бар адам –ең бақытты адам.Досы уәдесіне берік болса,досымен бірге болса,қолынан келген көмегін аямаса,жабырқағанда қасынан табылса,ол әрине айнымас дос.Ондай досы бар адамның бақытты болмауы да мүмкін емес.
*Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?
*Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?
*Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?
*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?
*Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?
*Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувеиріңді ұнатып қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болжы.Қимас досың сұраса берер ме едің
YІ. Мақалды
жалғастыр
1. «Кемшіліксіз.... іздеген адам.... қалады».
2. «Дұшпан.... айтады, дос.... айтады».
3. «Жаңылмайтын... жоқ, сүрінбейтін тұяқ.......».
4. «.... жаңасы жақсы,... көнесі жақсы.».
5. «.......... ақшаң болғанша, көп досың...».
6. «Досы көппен....,
Досы жоқпен...».
7. «Досы..., өзі де жақсы».
8. «.... басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз.... ақылды дұшпан....».
10. « Досың мың....,
... біреу болса да көп».
11. «... адам тамыры жоқ... тең»
12. «... дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
... дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
Жауа птары
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да - аз,
Дұшпаның біреу болса да - көп».
11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
12. «Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетіңді қайтарар».
Өздері қалаған адамына өз қолынан даярлаған сыйлығын тапсырады.
.
-"Жігітті жолдасына қарап бағала” дегенде нені түсінесіңдер?
• (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
• Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас,дос болады.Шын жолдас,достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады,бойына сіңіреді,олар бір-біріне өте жақын,бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді.Осындай жолдастық,достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі-адалдық.Біз бүгінгі сабақта адал достық туралы әңгімелесеміз.
Сабақтың тақырыбы : Дос болайық бәріміз
Көрнекілігі : қағаздан қиылған жүрекшелер , гүлдер , музыка , слайд.
Сабақтың барысы :
Шаттық шеңбері
1. Күліп тұрған адамның бейнесі
2. Алақан суреті
3. Күннің суреті
4. Жүрек суреті
Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан мезі қылмайды, ешқашанда орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет, әр береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын, дәмін жоғалтады» деген.
Достық - адам өмірінің сан бояулы, көп қырлы қасиеті. Сондықтан да достық ұғымына толық анықтама беру мүмкін емес. Достықтың да түрлері көп. Адал достық, шынайы достық т.б. Ең алдымен дос болу үшін бізге қарым – қатынас жасау жолдарын білуіміз керек.
Дос қандай болуы керек?
Ақылды, көмегін аямайтын, сенімді, қамқоршы, шыншыл, қайырымды, білімді, ұқыпты т.б.
«Еркін би» жаттығуы.
Мақсаты: Бұл жаттығу қатысушыларға басқалардың алдында қысылмай билей алуына мүмкіндік береді. Топтың араласып кетуіне , өзіндік ашылуына жағдайлар туғызу. Сонымен қатар ол би терапиясын аяқтауға көмектеседі.
Жүру барысы: Қатысушы топ дөңгеленіп отырады. Осы қатысушының арасынан біреуі ортаға шығып билейді. Алайда оған «жақсы биші» болу қажет емес. Оның қимылы еркін болуы керек. Оны ешкіммен салыстырмайды, ол өзінің денесіне бағынады. Бірнеше минуттан кейін ол отырады да, оның орнына яғни ортаға басқа қатысушы шығады. Осылайша әркім өз еркімен шығып, 1-2 минут болса да өзінің биін билеп ойын ары қарай жалғасады.
«Май шам» тренингі.
Барлығымыз бір – бірімізбен жағымды қарым – қатынас орнату үшін, достығымызды нығайту үшін жылы сөздер, тілектер айту арқылы жалғастырамыз.
Қоштасу ритуалы.
Күлім қағып қолымды,
Бір-екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы – жылы жүзбенен,
Маңдайыңнан сипайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныңмен,
Қолыңды бер қысайын.
Амандасып өзіңмен,
Құшақтап бір қысайын.
Балалар бүгін біздер достықты берік сақтау үшін, оны одан әрі нығайту үшін көптеген нәрселермен таныстық. Сонымен қатар бойымыздағы жаман қасиеттерден арылуға күш салдық. Әрқашанда бір – бірімізді сыйлап жүрейік, өйткені сыйластық арқылы адамның бойында жақсы, ізгі қасиеттер қалыптасады екен.
Жаңа ақпарат
• "Айнымас досы бар адам-ең бақытты адам”