Ашық сабақ "Сын есімді қайталау" 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Сын есімді қайталау" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып мұғалімдеріне міндетті түрде қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

Мұғалім: Теміралы М.Н Класы: 4 «б»

Күні: 10.05.18ж.

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сын есімдер туралы, негізгі және туынды сын есімдер туралы алған білімдерін тиянақтауға, қайталауға, бекітуге мүмкіндік туғызу;

Сабақ міндеттері:

1.Білімділік:оқушыларды сын есім туралы білімдерін нақтылай отырып , оқу мен жазуды ұштастыру.

2.Дамытушылық:оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

3.Тәрбиелік:ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер,слайд,кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Психологиялық тренинг

Ойға толы санамыз

Бестік баға аламыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.

«Бір әріптің ізімен» берілген әріптермен сәттілік тілеу мүмкіндігінше сын есім болғаны жөн.Мысалы Әә-Әйгерім әдемі

Жұмбақ шешу.

Қар мұз еріп су көбейіп,

Сай салаға толады.

Бүршік жарып,жарық ашып,

Гүл бәйшешек басады.

(Көктем)

Ал осы көктемнің белгісі ретінде 4-топқа бөлу.

«Розалар» «Бәйшешектер» «Қызғалдақтар» «Сарғалдақтар»

Топ басшы сайлау

Топ басшы өз тобының оқушыларын бағалау шкаласы бойынша бағалап отырады.

Аты-жөні

Балл

Баға







ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

60-жаттығу.223-бет. Ребусты шеш.Шешуіндегі сөзге әңгіме құра.

Білім.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

Ребус. Сын есім.

,,,,,, ,,,, ,, ,,,,, ,, ,, ,, , ,,, ,,,,


Сұрақтармен жұмыс:

1.Сөз таптарына нелер жатады?

Сын дегеніміз не?

Ол қандай сұрақтарға жауап береді

Негізгі және туынды сын есімдер туралы не айтуға болады? Мысал келтір.

Сын есім-заттың сынын,сапасын,дәмін,түр-түсін білдіреді.Оған қандай? қай? деген сұрақтар қойылады.Сын есім негізгі және туынды болып бөлінеді.Түбір сөзден болған сын есімді негізгі сын есім дейміз.таза,үлкен,қызыл.Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы сын есім дейміз.Таудай,өнерлі,сезгіш.Алма-қызыл,тәтті,домалақ.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс:

а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу

Аласа, әдемі, сұлу.

62-жаттығу.Өлеңді жатқа жаз.

Алматы қаласы

Жап-жасыл ағашы,

Қып-қызыл алмасы.

Ақ басты тауы бар

Алматы қаласы.

Сын есімдердің астын сыз.Оларға сұрақ қой.Сын есімдердің дара және күрделі екенін айт.

«Сипатта сырын аш».берілген сөздерге сурет салып,сол затты сипаттап жазады.

Шаш, кітап,бөлме,гүл

63-жаттығу.Берілген сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріп жаз.

Ақ боз-ақ боз ат, қара ала-көйлек, ақ қасқа-сиыр,боз ала-таң, қара шұбар-жылқы.

Осы сөздердің ішінен өзің қалаған сын есімдерді қатыстырып 2-3 сөйлем құра.

«Сиқырлы сурет».Суреттегі заттардың сынын білдіретін сөздерді тауып жаз.

Кітап,доп

Сергіту сәті. «Көңілді күн»

66-жаттығу.Сұрақтың орнына күрделі сын есімді қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.

1.(Қандай?) ат мәреге бірінші боп жетті? 2.(Қандай?) сиыр бұзаулады? 3. Теңізден (қандай?) жел соғып тұр? 4.Оны (қандай?) адам қарсы алды? 5.Оның әкесі (қандай?) кісі екен?

Жоғалған жалғау.Жоғалған жалғауларды орнына қойып,өлеңді қалпына келтір.Сын есімді тауып,сөйлем құра.

Тау мүлгіге жаңғырған,

Қорыққандай жаңбырдан.

Аспанда жүр қара бұлт,

Жерді моншақ тамдырған.

Берілген бөліктерден сын есімдерді құрастырып жаз.

Жасыл,қара ала,ақылды,жүзгіш,қышқыл,кең,қып-қызыл,әсерлі,тұнық,айбатты,ақ сары,көк ала.

67-жаттығу.Мақалдарды көшіріп жаз.Сын есімдерді талда,негізгі немесе туынды екенін айт.Қарсы мәндес сын есмідерді тап.

1.Саналы адам сағыңды сындырмас,

Санасыз адам жағыңды тындырмас.

2.Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.


ҮІ. Бекіту.

Семантикалық картаны толтыру.

сөздер

Зат есім

Етістік

Сын есім

Келді




Жақсы




Парта




Домалақ




Жаңа





Қорытындылау

- Балалар, бүгінгі сабақты қорытындылай келе сендерге жарқыраған күндей мейірімді жан шуақты, көңілі ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін азамат болыңдар деп тілек тілегім келеді.Топ басшылар бағасымен таныстырады.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 69-жаттығу.Суреттегі малдарды сипатта.

Сиыр,жылқы,түйе.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2018
1064
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі