жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ «Шынықсаң шымыр боласың!»
Сабақтың
тақырыбы : «Шынықсаң шымыр
боласың!»
Сабақтың
мақсаты: Балаларға
денені шынықтырудың пайдасын,адамның дені сау сергек болуына
көмектесетінін түсіндіру. Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты
өмір сүруге қызығушылығын арттыру.Спортпен айналасудағы әртүрлі
дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену және оларды
қолдану.
Дамытушылық:Балалардың спорттық қабілеттерін,бұлшық
еттерін,дене мүшелерін
дамыту.
Тәрбиелік:Ептілікке,жылдамдылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
барысы:
Шаттық
шеңбері
Біз бақытты
баламыз,
Шыныға да
аламыз.
Сәулетті елдің
көгінде,
Шамшырақ боп
жанамыз. (Иіліп сәлем
беру).
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
Балаларды
саппен жүргізу, жаттығу жұмыстарын
жасау.
1.Жан-жақты
жаттықтырылатын жаттығулар.
-Бір қатармен
жүру,жүгіру,екі қолды белге қойып,аяқтың ұшымен жүру,жүрелеп
жүру,жүгіру
Басқа арналған
жаттығулар.
-қолымызды
белімізге қойып,басымызды оң жаққа төрт рет сол жаққа төрт рет
айналдырамыз.
-қолымызды
иығымызға қойып,екі рет алға,екі рет артқа
айналдырамыз.
-қолымызды алға
созып,қайшы жасаймыз.
-екі қолымызды
көтеріп,алға қарай
айналдырамыз.
Белге арналған
жаттығулар:
-қолымызды
белге қойып,оң жаққа екі рет, сол жаққа екі рет
созыламыз.
-қолымызды
белімізге қойып,белімізді
айналдырамыз.
Тізеге арналған
жаттығулар:
-қолымызды
тіземізге қойып,тіземізді
айналдырамыз.
-бір дегенде
қолымызды көтереміз,екі дегенде түсіреміз,үш дегенде отырамыз,төрт
дегенде тұрамыз.
ІІ.Негізгі
бөлім
Шынықсаң шымыр
боласың,
Сауығып айдай
толасың.
Спортты серік
ете біл,
Чемпион болу
оңай ма.
Арман болған
талайға.
1.Жыланша
ирелеңдеп құрсаудың араларынан жүгіріп
өту.
Шарты
:Балалар екі
қатарға тұрып,белгі берілгенде құрсауды құлатпай арасынан өту
керек.
2.Допты себетке
салу.
Шарты:Балалар
допты қолдарына алып,бос тұрған жәшікке допты лақтырып дәл ішіне
түсіру керек.
3.Құрсаудан
еңбектеп өту.
Шарты
:Балалар мына
тұрған құрсауды құлатпай арасынан өтіп шығуларың
керек.
4.Екі қатармен
еңбектеп,доғаның астынан өтіп,жалаушаға
жет.
Шарты:Екі
топтың балалары екі қатарға тұрып,белгі берілгенде доғаның арасынан
өтіп,мәредегі жалаушаға кім бірінші жетуі
керек.
Кеудеге
арналған жаттығулар.
-бір-біріне
басының үстінен допты беру.(артқа және
алға).
-қолды алға
көтеріп,оңға және солға
көтерілу.
Сабақты
қорытындылау
Балалар бүгінгі
сабақ ұнады ма?
Күтілетін
нәтиже:
Негізгі
тапсырмаларды дұрыс орындап, салауатты өмір салтын және дене
мәдениетін қалыптастыру.
Түсінеді: жүру,
жүгіру, лақтыру, жорғалау техникаларын
меңгереді.
Қолданады:
әртүрлі жаттығуларды істей
алады.
Сабақтың тақырыбы
: «Дос болу- үлкен
адамгершілік»
Мақсаты:
1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,достықтың шынайы белгісі
туралы түсіндіру;
2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін
қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының
қалыптасуына,һз ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне
көмектесу;
3.Оқушыларды досытққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа
тәрбиелеу;
Түрі:Тренинг элементтері аралас танымдық сағат
Көрнекілігі:интереактивті тақта, нақыл сөздер,сызбалар.
Барысы:
І.Ұйымдастыру
бөлімі.
Психологиялық
дайындық
Үлкенге де «сіз»,кішіге де «сіз».
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.
ІІ.Негізгі
бөлім
-Кім достық туралы мақал біледі?
Мұғалім:-Олай болса бүгінгі ашық сынып сағатымыз «Дос және
Достық»деп аталады.
-Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
1-оқушы:Достық-ізгі ниетті адамдардыңбір-біріне тек жақсылық
жасауға серттесіп,ниет қосып іс-әрекетке ортақтасуы.Достық ізгі
қасиет.
2-оқушы:Достықтың нәрі оның қадіріне
жете білу.Достық киелі ұғым.
3-оқушы:Жаны таза,жүзі жылы,жөні түзу,ақылды,парасатты болу-нағыз
достықтың белгісі.
4-оқушы:Достықтың сенімі адамдардың бір-бірін қажетсінуі мен шынайы
құрмет тұтуы.
5-оқушы:Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа.
6-оқушы:Достасу,серік табу адамның бақытына бақыт қосады.
Мұғалім:
-Дұрыс айтасыңдар,балалар.Достық-аспандағы жарық жұлдыз,теңіздегі
гауһар тас.Жұлдызды да,гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды.Достық
адамды асқақтатады.
Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады.Олар бір-бірініің
қуанышында да.сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.
Жалған достықтың-ғұмыры қысқа болады.Олар бір-біріне шынайы
болмайды.Бір-бірінің кемшіліктерін
түземейді.
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет
деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде замандастары шешеннен:
-Достық нешеу?-деп сұрапты.
Әйтімбет:
-Достықтың 2түрі болады. Бірі-адал достық,екіншісі-амал
достық,-дейді.
-Дұрыс –ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
- Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа-деп жауап
беріпті.
Осыны қалай түсінесіңдер?
Мұғалім:
-Ал енді достықты бір нәрсеге теңеп көрейікші.Теңеген затымыздың
суретін лайық.Сосын сол бойынша түсіндірейік.
Мысалы:
Достық-адамдар арасындағы байланыс.
Мұғалім:
-Дос деген кім?
Шарты: Бір сөйлеммен айту.
Сыр бөлісетін адам.
Мені өте жақсы түсінетін адам.
Сенімді адам.
Мұғалім:
-Дос қандай болу керек?
Көрініс: «Екі дос»
1. Екі жауынгер қалай дос
болыпты?
ІІІ.Қорытынды.
1.«Алақан» тренигі.
2.Жағдаяттар шешу.
*Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2күн болды сені көрсе
қашқақтайды.Сен не істейсің?
*Досың сенің жақсы көретін киіміңді
күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?
*Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не
істейсің?
*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып
жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не
айтар едің?
*Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувеиріңді ұнатып
қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болжы.Қимас досың сұраса берер ме
едің?
Мұғалім сөзі:
Қорыта келгенде,менің сендерге айтарым:
Достықты қадірлей біліңдер
Досыңның кемшілігін кешіре біл.
100 сом ақшаң болғанша 100 досың болсын дегенді
ұмытпа
Сабақтың тақырыбы :«Әке –асқар тау».
Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту.Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру.Әкеге деген бала махаббатын ояту.
Көрнекіліктер: мақал –мәтелдер,әкелерінің суреті
бар плакат,ребус,шарлар.
Сабақ барысы: Құрметті бүгінгі кешіміздің
қонақтары,ұстаздар,ата-аналар,оқушылар сіздерге арналған «Әке-асқар
тау» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
1-оқушы:
Есімде бейнесі әкемнің
Күлімдеп қарайтын
Мен саған талпынсам
Құшағын жая сап,көтеріп
алатын.
2-оқушы:
Сәулелі сөз сөне ме?
Орны бөлек
батаның
Бізге тәлім
өнеге
Ақ тілеуі
әкенің .
3-оқушы:
Әр сөзінің ақырын
Жақсылыққа тірейді
Қадап айтып
ақылын
Көпке бақыт
тілейді
Көрініс: «Әке мен бала»
4-оқушы:
Атамның ән-күйі ғажайып
Әжемнің әлдиі ғажайып
Анамның мейрімі ғажайып
Әкемнің пейілі ғажайып
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан
азайып.
5-оқушы:
Аққудай ақ орманым
Ауырмашы әкешім
Ауруы көп-ау жалғанның
Қартайиашы әкешім
6-оқушы:
Бойға қуат береді
Әй
жарайсын дегені
Мен
әкемнен әр кезде
Соңы
естігім келеді.
Ребус
шешу: Маған да,саған да
Жақын туыс
бес адам
Үш әріптен
тұратын
Оңға
оқы,солға оқы.
Өзгермейді
еш одан
Бәрі де өз
жұртын
Айтады кәне
кім атын?
(
ата,ана,апа,аға,іні )
Ойын сәті: Ер балалар мен әкелері арқан тартысып,күш сынасады.
Кім тез? : Шарларға әкелерінің аттарын жазып жарысу.
Балалардан
7 атасын сұрау.
(әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)
Қорытынды:
Бата беру (үлкен кісіден бата сұрау)
Сұрасан бата берейін
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін.
Дастархандарына береке берсін;
Бастарына мереке берсін.
Дендеріне саулық
берсін!
Сабақтың
тақырыбы : «Ардақты
менің-анашым»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көктемнің алғашқы аналар мерекесі
туралы мағлұмат беру.
Көрнекілігі: "Ана" туралы нақыл сөздер, суреттер, сөзжұмбақ
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің алғы сөзі: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем
күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер
мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға
амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен
жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ
қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған
мерекелеріңіз құтты
болсын!
1-оқушы: Бізді өсіріп,
баптаған,
Жақсы болсақ, шаттанған
"Алтыным" деп мақтаған
Аяулы менің ақ мамам!
Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтағам
Анашым деп мақтанам,
Аяулы менің ақ мамам!
2-оқушы: Мақтаныңдар,
аналар,-
Қыздардан батыр, дана бар.
Әлем сүйген батырлар -
Әлия мен Мәншүкте!
3-оқушы: Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас
иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!
4-оқушы: Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,
Адалдықты ар-намысты сақтаған
Мен ананың сонысына мақтанам.
5-оқушы: Әже деген көп шығар,
Әжелердей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Ойын: «Қағазбен орау»
Шарты: ортаға 3 ана мен 3 оқушы шақырылады, анасы баласын қағаз
біткенге шейін тез орау
керек.
Ол саған бәрінен де қымбат. Сен үшін ол - жақының, досың ұстазың. Сондықтан да сен бір - ақ адамды білесің. Ол - ана!
Олай болса ана туралы мақал - мәтел айтайық.
1. Ананың сүті бал, баланың тілі
бал.
2. Ана
сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
3. Ердің анасы - елдің анасы.
4. Ағайын алтау - ана біреу.
5. Ана жақсылығын ауырсаң білесің.
6. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы
жылы.
Бәрі хормен
Анаң - күнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
Ойын: «Кімнің анасы». Оқушылардың салған суреттері тақтаға ілінеді, ата-аналары қай сурет қайсыныкі екенін айтады.
"Анаға сыйлық сыйлау" көрініс.
Ата - ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын.
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын - дей отырып сөз кезегін аналарға
береміз.
Бүгінгі "Аяулы менің - анашым" атты тәрбие сағатымыз аяқталды.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рахмет. Мерекелеріңіз
құтты болсын!
Сабақтың тақырыбы : «Отан – оттан да ыстық»
Сабақтың мақсаты:
Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген
сүйіспеншіліктерін арттыру.
Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа,
елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға, патриоттық сезімдерін
тәрбиелеу.
Көрнекілік: Слайдтар: ата заң туралы мәліметтер,
Видиофильм «Қазақстанның гүлденуі»
Сабақтың барысы:
Экранда слайдпен сабақтың тақырыбы көрсетіледі. ( Слайд)
Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Қазақстаным –
менің болашағым!».
Мұғалім: Мақсатымыз: туып өскен жеріміз Қазақстан
Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан –
отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.
Мұғалім: Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? Өз
ойларыңды әрқайсысың қағазға жазыңдар.(2мин.). Енді көрші
отырған балалар бір-біріңмен ойларыңмен алмасыңдар.(1мин.).
Ойларыңды топқа салыңдар. Әр топтан бір оқушы
сөйлейді. (Оқушылар өз ойларын айтады).
Мұғалім «Отан деген не» екенін түсінік ағашының көмегімен
оқушылардың ойын қорытындылайды.
Экранда Қазақстанның картасы көрсетіледі.(Слайд)
Мұғалім: Ендеше балалар мына сұрақтарға жауап берейікші.
Еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев қай жылы сайланды?
Еліміз тәуелсіздігін қашан жариялады?
Қашан Қ.Р. Туы, елтаңбасы, әнұраны туралы Қ.Р.заңына қол
қойылды.
Қ.Р. Ата заңы қашан қабылданды?
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы кім әңгімелеп
береді?
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы
мағлұмат.
Мұғалім: Енді әр топ оқушыларына «Менің Қазақстаным – менің
болашағым» тақырыбында дайындаған жобаларын қорғау ұсынылады.
Мұғалім: Ал енді сынып сағатының қорытындысы ретінде мына бір
шумақты назарларыңа ұсынамын:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады
Тақырыбы: «Қош келдің, мерекелі Наурыз!»
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың
Ұлы күні туралы толық мағлұмат беру. Халықтың салт-дәстүрі ,
әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың мейрамы екенін ашып
көрсету.Қазақ халқының ұлттық тағамдарын насихаттау, нақыл сөздерін
қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.
Сабақтың
барысы:Құрметті ұстаздар, ата-аналар, балдырған бүлдіршіндер,
оқушылар!Сіздерді Қазақ халқына келіп жеткен Ұлыстың ұлы күні
Наурыз мерекесімен
құттықтаймын!
-Қадірменді халайық! Жер
әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып,
Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді!
Наурыздың 22-сі барша мұсылман халқымыздың Жаңа Жылы.Бұл мейрам –
дін мейрамы емес, ұлт мейрамы.Ызғарлы қыс кетіп, көктем келетінін
үмітпен күткен халық, Ұлыстың ұлы күні ел елжірей қуанып, есік ашып
дасархан жайып, қазан қазан көже пісіріп, ауылдан ауылға, үйден
үйге жүгіріп, кәрі-жас бәрі де мәз болып, қуанып, бірін-бірі
құшақтап, көрісіп
құттықтайды.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Наурыз құтты болсын! – дей келе, бүгінгі оқушылардың дайындаған
ертеңгілігін тамашалайық.
Би:
«Қаражорға»
Ау, жараңдар, келіңдер!
Той қызығын көріңдер!
Наурыз айға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер!
Ата- бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызыққа еш тоймаған,
Дархан дала, қарлы шың.
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты әніміз.
Ән салып, жас-кәріміз,
Би билейміз біріміз.
Би билейік ән салып,
Келді наурыз жар салып.
Жылда келсін Ұлыс күн,
Тұрайық есен қарсы алып.
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбенен бірге жырлашы.
Дастарханына елімнің,
Береке- ырыс сыйлашы.
Сәнді көктем- нұрымыз,
Наурыз тойы- жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Тіршілік жаңа оянсын.
Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді – жылбасы.
Шуақ төкті жарық күн,
Мейрамында халықтың.
Бата беріп атамыз,
Бата беріп
апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
Наурыз тойында ұлттық
ойындардың да ерекше мәні бар.
Мысалы: қыз қуу, аударыспақ, күш сынасу, арқан тартыс, асық ату
т.б.
1 асық: сүйінші қай уақытта
сұралады?
2 – Базарлық деген
не?
3 –
сүндет той туралы түсінік беріңіз?
4 – Ұлттық тағамдарды атаңыз?
5 – Киіз үйдің құрлысын , бөліктерін
атаңыз.
Мұғалім: Осымен «Хош келдің – Наурыз» тәрбие сағаты аяқталды. Наурыз құтты болсын!
Тәрбие сағатының
тақырыбы: «Әдепті бала- арлы
бала»
Тәрбие сағатының
мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке,
үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына
сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам
бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін
бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік
тақырыбында өтіледі.Әдептілік- адамдардың өзара жақсы
қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.Осы әдептілік ережесін
сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы
болып өсуі керек.
Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез,
жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті,
ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден
тыңдайық.
1- оқушы;
Ата- ананың тілегі- адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің- әуре сарсаң әлегің.
2-оқушы:
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
3-оқушы:
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты.
4-оқушы:
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын
Салыр салақ болмағын.
5-оқушы:
Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
«Жалғастыр»
ойыны:
«Не істеуге
болмайды?» деген сөзді мұғалім
айтады, оқушылар әрі қарай өздері
жалғастырады.
-
Үлкендердің алдын-
-
Кішкене баланы-
-
Құстарды-
-
Қыз баланы-
-
Сабақтан-
-
Үйге жүгіріп-
-
Үлкен кісіні-
-
Оқу –құралдарын-
-
Сыныпта айғайлауға-
Не істеу керек?
—
Үлкендерді сыйлау
керек
— Ата-
аналардың тілін алу керек
—
Тәртіпті болу керек
—
Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау
керек
—
Сабақты жақсы оқу
керек
Оқушылар
хормен:
Аулақ жүріп жаман қылық,
әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез
әдептен.
Әдептілік жайлы мақал-
мәтелдер айту.
-
Ұлық болсаң- кішік бол.
-
Кішіден ізет- үлкеннен құрмет
-
Әдепті бала ата- анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата- анасын
қақсатар.
4.Жақсы адам ай мен күндей
Әлемге бірдей.
5.Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолықса, өте шығар
кекиіп.
Сұрақ- жауап: «Сен
маған, мен саған»
-
Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
-
Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
-
Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
-
Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?
Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.
Тақырыбы: « Қазақтың халық аспабы-домбыра»
Мақсаты:1.Қазақ халқының ұлттық өнерін әңгімелеу, ұлттық аспап домбыра туралы түсінік беру.
2.Оқушылардың сабаққа ынтасын, қызығушылығын арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Оқушы бойына музыкалық тәрбие қалыптастыру, ұлттық өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың өтілу барысы
І.Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлықтарын тексеру.
Қазақстан Республикасының Әнұраны хормен орындалады.
1.Психологиялық дайындық
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Әдептілік
әлемі» тақырыбында өткен тәрбие сағатында берілген
тапсырмаларды тексеру.
ІІІ.Өткен сабақты
пысықтау.
Қызығушылықты ояту
«Әдептілік» сөзін топтастыру.
ІV. Жаңа сабақ Мағынаны тану.
1.«Ой қозғау»
«Тақырыпты ашу»
Қай ұлттың болмасын өзінің ұлттық музыкалық аспабы болады. Музыкалық аспап белгілі бір ұлттың музыкалық өнерін насихаттаушы құрал.
Қазақ халқының музыкалық аспаптары сан алуан. Біздің ерте заманда өмір сүрген ата-бабаларымыз аспапты ойлап тауып, қолдан жасап ойнай білген екен. Ең алғаш пайда болған аспаптар — домбыра мен қобыз аспабы. Уақыт өте келе аспаптың басқа түрлері де шыға бастайды: қылқобыз, шаңқобыз, жетіген, сыбызғы, асатаяқ, сазсырнай, дауылпаз, тұяқтас және т.б. (Суреттері көрсетіледі)
.Жұмбақтар шешу.
1. Бұл аспап-ата көзі, баба мұра.
Қазақ үшін теңі бар ма, бағалы да,
Тербеліп кетсе шектер, теріп перне.
Теңіз күйлер төгіледі шанағында. (домбыра)
2. Қос желі, үш жерінен қазығы бар,
Құбылған қоңыр желден азығы бар.
Желіні сабалайды дыңылдатып,
Байғұстың
соншама не жазығы бар?
3. Екі ішекке бір тиекті
қондыра,
Ойнаймыз біз қолымызды талдыра.
Білсең егер айта қойшы балақан,
Бұл қай аспап? (Бұл- кәдімгі домбыра)
Халық арасында кеңінен тараған ең танымал аспап – домбыра аспабы. Домбырада әр түрлі музыкалық шығармалар орындалады. Ән, күй, терме, жыр, толғау тіпті классикалық шығармалар да орындауға болады.
Бұрын ел арасында небір әнші, жыршылар мен күйшілер өмір сүрген. Олар ел аралап, домбырамен тойларда ән салып, халықтың көңілін көтерген. Жаугершілік соғыс кезінде домбырадан төгілген күй адамға рух беріп, еңсесін көтерген екен. Аты аңызға айналған ер жүрек батыр Махамбет те домбырада ән салып, күй тарта білген. Ал, ұлы күйшілер күй өнерінің негізін қалаған Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Тәттімбеттер домбыра аспабында өте шеберлікпен ойнағанын мақтанышпен айтамыз.
(Сурет
бойынша ауызша түсіндіру)
V.Сергіту
сәті
Қаздар, қаздар Га –га- га
Жем
жейсіңбе? Иә- иә- иә.
Жем жесеңдер келіңдер, Жоқ — жоқ
Неге?
Тауда қасқыр
орнаған,
Жібермейді оңбаған. ( 2 рет
қайталату)
Домбыра туралы өлең
шумақтары
1. Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл –сәл кем бұра.
Қазақ –нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ —
домбыра.
2. Домбыра – шертіп
тартылатын ішекті
аспап.
3. Домбыра, мұнша шешен болдың неге,
Күй талғап көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің
Саусағың тиіп кетсе ішегіңе.
4.Домбырамен сөйлеткен
Махаббаты халқымның
Жігер беріп күй деген
Шақырады алтын күн.
5. Домбыра тілегімді қуаттасаң,
Үніңе үзіле бір құлақ тосам.
Тарихтың тереңінен сыр ақтарсаң,
Бойдағы қуатыма қуат қосам.
«Кім жылдам» ойыны.
Ойынның шарты: Қазіргі кезде домбырамен ән айтатын әншілеріміздің суреттері көрсетіледі. Сол әншінің кім екенін табу.
Сабақты қорытындылау.
«Өнер таусылмас азық,жұтамас байлық»-,дейді халық даналығы.Өнер түрлері өте мол.Соның ішінде домбырамен ән айту,күй тарту халықпен бірге жасап келеді,жасай да береді.Сондықтан домбыра аспабын атадан қалған мирас,мұра ретінде қастерлеп,құрметтеп төрімізге іліп қоялық.
Сабақтың
тақырыбы: «Еңбек-ердің
айнасы».
Сабақтың
мақсаты:
«Еңбек»
адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін
кеңейту.
Сабақтың
міндеттері:
- еңбектің адам
өміріндегі мәні туралы түсінік
беру;
- еңбек етуге
қызығушылықтарын дамыту;
-
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекі
құралдар: Сара Назарбаева туралы бейнефильм, фотосуреттері,
үнтаспа, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға
арналған құралдар, презентациялар, түрлі - түсті суреттер,
жүрекшелер.
Амандасу
Біз әдепті
баламыз,
Біз ерекше
боламыз,
Қонақтарды
көргенде,
Сәлеметсіздер
ме! – деп
Сәлемдесіп
аламыз.
Мұғалім
сөзі:
- Балалар, мен
сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің
күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз
аптаның сәтті күнінде яғни, сәрсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан
сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңбері –
шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық
шеңбері
Оқушылар
мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, бүгінгі күнге
тілек айтып, А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» әнін
орындайды.
Жақсы бала
еңбекшіл Таза бала
мұнтаздай,
Ер азамат
болады. Сүйсінеді қараған
Қиындықты жеңіп
кіл, Ұқыпты деп бұл қандай
Құшағы гүлге
толады. Жақсы көрер бар
адам.
Қайырмасы:
Еңбекшіл досым – ай,
Болайықшы
осындай.
Ой
шақыру
Сөзжұмбақ шешу
арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын
айқындау.
Сөзжұмбақ
шешейік.
1. Қасиетті
сан.
2. Қателігіңді
түсінген кезде айтатын сөз.
3. Біз өткен
тақырып «............ мен
сауап»
4. Үлкенге
-..........., кішіге – ізет.
(құрмет)
5. Аптаның
соңғы күні.
Әңгімелесу
Бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы – «Еңбек-ердің
айнасы». Тақырып
төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу
жүргізіледі.
- Еңбек адамға
не үшін қажет деп
ойлайсыңдар?
- Еңбекқор деп
қандай адамды айтамыз?
- Өздерің
қандай еңбекпен айналысқанды
ұнатасыңдар?
- Адам бойында
қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге
болады?
Слайд арқылы
«еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру
жасау.
Еңбектің
пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады,
бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді,
ширатады, шынықтырады.
Балалардың
жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір
сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіріліп, өзін -
өзі тану пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге ұсыныс жасап, осы
жолда аянбай еңбек еткен еңбекқор жан Сара Алпысқызы Назарбаева
жайлы фотосуреттер және бейнефильм
көрсетіледі.
Оқушылар екі
топқа бөлініп жұмыс
істейді.
1 – тапсырма:
Мақал – мәтел кітапшасын жасау тапсырылады. Оған еңбек туралы мақал
– мәтелдер жазып, мағынасын
түсіндіреді.
2 – тапсырма:
«Еңбек – бақыт бастауы» әңгіме
құрастыру.
Дәптермен
жұмыс
Берілген
суреттерді пайдаланып әңгіме құраңдар, суретті
бояңдар.
Қорытындылау
- Балалар,
осымен сабағымызды қорытындылайтын кез де келді. Ендеше, біз
«Еңбекқорлар еліне» барып, саяхат жасап қайтайық. Ол үшін «Біз не
үйрендік? Не білдік?» деген сұрақтарға жауап береміз. Әрбір дұрыс
жауап берген оқушы әртүрлі суреттермен еңбекқорлар елін
безендіреді.
Тақырыбы:
« Ас -адамның арқауы»
Мақсаты: 1. Асты қадірлеп, қастерлеуге үйрету.
2. Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген
адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.
3. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін
есте сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгін біздер «Ас – адамның арқауы» сынып
сағатын өткізгелі отырмыз.
І. Қызығушылықты
ояту.
Ас дастарханға қалай келеді?
Оқушылардың пікірін тыңдау
ІІ. Мағынаны тану
Нан туралы ақыл – кеңестер.
Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл
тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.
Нанды сатып алған кезде таза дорбаға салыңыз.
«Дүниедегі көп байлықтың ең негізгісі – нан»
«Ас жүрген жер – береке»
«Дастархан дәмі – киелі»
І бөлім «Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар»
1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып
тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек
адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып
алма.
3.Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
6.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
7.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу
керек.
Мұғалім:ІІ. «Дастархан басындағы дәстүрлерді айту
1. Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында
бөліскен. Өсиет айту, бата
беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан да
халық дастарханды «Құтхананың берекесі» деп қасиет тұтады. Сонымен
бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген
адамға дәм таттыруға, той – тамашаға, ас – су беруге жайылады.Ас
ішу кезінде сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда
ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.Қолға су құю
оң жақтан солға қарай орындалады..Дастарханнан дәм татқандар
татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды. Нан туралы
тақпақтар
1-оқушы:Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті арқауы
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
2-оқушы:Бір кезде болып
нанға зар,
Қадірін білген адамдар.
Әулие тұтып нанды ұстап,
«Нан ұрсын» деп қарғанар
Нан ардақты адал ас
Кәрі – жас одан аттамас.
3-оқушы:Нанға үлкен
жүрекпен қараңдар
Нанды өмір деп санаңдар
Нан болмаса
Қызығың, бақытың
Құр әуре, далбаса.
4-оқушы:Нандай жоқ қой асыл дәм
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарқаннан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
Ей, балалар, балалар
Болмаңдар сірә нанға зар
Өмірдің алтын арқауы
Бар қасиет нанда бар.
Мұғалім:
Жұмбақтар жасыру
Алға жайып тұз
дәмін
Келтіреді үй сәнін
Ол халқымның ақ жаны
Жақсы дәстүр маржаны
Кең пейілде арайлы
Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастархан)
Беттескен қос
табақ
Ортасында бас табақ
Көзбен шоққа ораса,
Дәм піседі тамаша. Бұл не? (тары)
1. Тарта жесең, тай қалар,
Қоя жесең, қой қалар,
Қоймай жесең не қалар.
Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.
2. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.
3.Тамақ ішіп отырып,кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.
4.Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады.
Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.
5.Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы,
6.Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы – қарта, жал – жая, қымыз –
шұбат, құрт тағы басқалар жатады.
Қорытынды
Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ырым – тыйымдарды
білдіңдер. Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен
келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды
қарның тіленбей» , – демекші еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек
еткендерің – ата-ананың айтқанын тыңдау, орындау, сабақты жақсы
оқу.
Тақырыбы: «Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі.»
Сабақтың мақсаты:
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының батырлары, олардың ерліктері жайлы мәліметтерді пысықтау, тиянақтау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөзі.
Ұрпақ үшін белшесінен қан кешкен,
Отан үшін талай ерлер мерт еткен.
Болмасыншы, болмасыншы қан соғыс,
Соғыс десе жүрегіміз селт.
1-слайд.Ұлы Отан соғысына 70 жыл толды. Ұлы Отан соғысы кезінде қиыншылықтарды көп көрген.Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз.Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып – жоюға бағышталған.Адам адам болғалы осылай.
2-слайд.Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан.Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.
3-слайд.Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды.
4-слайд.Бұл соғыс қайғы –қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жас қиылды.
5-слайд.Солардың 40 пайызы ерлермен тізе қосып жауға қарсы шығуға бекем буып,өз беттерімен өтініш беріп, соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары болғанын естен шығармауға тиіспіз.
6-слайд.Оларды соғыс өрті ерте есейтті. Кеше ғана қызылды-жасылды киініп, қару асынып тілі, діні бөлек жаумен шайқасқа шықты.
7-слайд.Оқ пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті.
Ұлы Отан соғысының Қазақстан батырлары. Батыр атағын алған екі-ақ қыз бар. Бұлар қазақтың Мәншүгі мен Әлиясы.
Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары
1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды.Осы дивизияны 28 панфиловшыбатырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.
Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді.
Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы
( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры
Бауыржан Момышұлы болған.
Ленинград үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:
Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы
полкы құрамында майданға аттанды.
Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нүркен
жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде
оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған
3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін,
бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты.
Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де
еліміздегі ең мәртебелі атақ –
Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді
Қазақстандықтар Сталинград үшін
шайқаста
Мәскеу түбінде жеңіліске ұшыраған фашист
әскерлері астық пен мұнайға бай оңтүстік аумақты жаулап алмақ
болып,
Сталинград бағытына ең таңдаулы әскерін жіберді. Кеңес
жауынгерлері: “Өліспей беріспейміз!” – деген ант берді. Сталинград
қаласының әр үйі, әр көшесі қамалға айналды. Қазақ жауынгерлері
таңғажайып ерлік
көрсетті.
Қорытынды.
70 жыл да толыпты ұлы күнге,
Оңайлықпен келген жоқ осы күн де.
Мың тағзым жанын берген батырларға,
Жеткізген мына бізді осы күнге.
Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана-жарын жолғалтқан жесір, бала- әкесінен, анасынан айырылған жетім атанды.Фашистердің тұтқын лагерлерінде ана мен бала айуандықпен өлтірді. Ал тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы- қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс жсаады. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойында отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі.
Сабақтың тақырыбы: «Табиғатқа табын, Адам!»
Мақсаты: Табиғаттың алуан
сырларын білуге, қоршаған ортаны қорғауға баулу.Табиғат туралы
танымдарын молайту, ой өрісін кеңейту.Туған жер, табиғатқа деген
сүйіспеншілігін арттыру..
Барысы: 1.Ұйымдастыру.
Кіріспе
сөз.
Табиғат жүрекке жылы,көңілге қонымды терең мағыналы сөз, ұлағатты
мол ұғым емес пе? Табиғатсыз өмір жоқ.Ол бар байлықтың көзі, адам
өмірінің негізі. Табиғат — бізді қоршаған дүние. аспан,жер,тау, су,
жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашанда табиғат
әсемдігіне,сұлулығына тамсанып таңданған, қуанып шабыт алған және
қамқорлық жасаған.
Адам табиғатынан сұлулықты, әдемілікті үйренеді.
Ол үшін адамға табиғатты тану, сезіну және оның ерекше екенін терең
түсіну керек. Адам табиғаттың сұлулығын әсерлі сөзбен, сырлы
өлеңмен, ғажап суреттермен жеткізе алады. Адамның табиғатқа деген
сүйіспеншілігі оның сұлулығы мен байлығын сақтауға
көмектеседі.
Әдеби
монтаж
Табиғат сұлулығына суретшілер сурет салса, ақындар өлең жазып, ал
сазгерлер ән жазған. Ендеше, табиғат жайлы не біледі екенсіңдер,
байқап көрейік.
Хормен: Армысың, шапағатты күніміз,
Армысың, мейірімді жеріміз.
Армысың, табиғат анамыз,
Келді сізге өзіңіздің балаңыз.
(Оқушылар табиғат жайлы жаттаған өлеңдер, нақыл сөздер айтады)
— Туған жер, өскен ел тәрізді жүрекке жылы сөздердің бәрі де
“Табиғат” деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Олай болса
“Табиғат деген не?” жауап
беріңдерші.?
Сергіту үшін ойын”Жер,су
,ауа”
Біздің ата бабаларымыз бұлақтың көзін ашып, айналасына жасыл
еккен.Әрбір ұрпақ үшін ата бабаның туған жжер табиғатын қорғау
дәстүрі — әрі өнеге, әрі асыл
мұра.
1.Табиғатқа өздерің қандай
қамқорлық жасадыңдар?Әңгімелеп беріңдер. ( Оқушылар өз ойларын
ортаға салады)
Сөйлемдерді толықтырып айтыңдар.
— табиғатқа қамқорлық керек, өйткені……….
— табиғатқа қамқорлық керек, өйткені……….
— табиғатқа қамқорлық керек,
өйткені……….
Керекті сөздер:мен табиғатты сүйемін, табиғат менің екінші анам, табиғат сұлулық мекені т.б
2.Табиғатқа тілек
айтайықшы.
— Күніміз ашық болсын!
— Суымыз тұнық болсын!
— Гүліміз жақсы өссін!
— Ауамыз таза болсын!
Қорытынды
Біз әсем табиғат аясы, ондағы тіршілік және қорғау туралы
білімімізді ортаға салдық. Енді осыдан
не
үйреніп, не білдік? Табиғат дегенде көз алдарыңа не елестеді? (Көз
алдарыңа елестеген заттың суретін салу немесе атауын
жазу)
Табиғатты аялау — әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы. Табиғатты сүйе білген, оны аялай білген адамның ары да, жаны да таза болады. Жасыл желекті ағаштарды, әсем гүлдерді,сайраған құстарды, жан жануарларды қорғаңдар! Жер сенің аяулы бесігің. Осы жер үстінде сен тіршіліктің есігін аштың. Бүкіл тіршілікке жер үлкен қара шаңырақ іспеттес. Сондықтан да сен өз туған жеріңді, оның табиғатын қорғай біл!

