Материалдар / Ашық сабақ, сызықтық перпектива. 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ, сызықтық перпектива. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ, сызықтық перпектива. 5 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2024
125
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 5 сабақ 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Индустриалды пейзаж. Қала пейзажы. Сызықтық перспектива

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.1.1.1-Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

5.2.1.1-Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

Сабақтың мақсаты:

  • Сызықтық перспективаның басты ережелерімен танысу

  • Табиғатты бейнелейтін суретшілердің жұмыстарымен таныстыру

  • Сызықтық перспективаны сақтай отырып эскиз орындау

  • Практикалық жұмысты орындау

Құндылықтарды дарыту

ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК

  • нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы


5 минут


Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру.

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында ой қозғау.
Оқушыларды мақал және өлеңдер арқылы топқа бөлу.

Сабақтың басында оқушылардың дайындығын тексеру.

Сабақ басында техника қауіпсіздігі мен санитарлы-гигиеналық нормалар туралы нұсқама жүргізу.

Ұ = ұжымдық жұмыс

Сабақ мақсаттары мен жетістік критерийлері айтылады.

 Топқа бөлу

«Сан таңдау» әдісі арқылы бөлінеді.

Екі топ үстелдеріне қойылған бағалау шкаласында оқушы нөмірі белгіленеді.Таңдаған сан қай топқа түссе, оқушы сол топқа отырады.

Бағалау әдісін түсіндіреді.

«Рейтинг шкаласы»

Сабақтың 3 кезеңі бойынша фигуралар жинайды. Әр кезең тапсырмасы оқушы белсенділігіне қарай өте жақсы орындаса не жауап берсе қызыл фигура, орташа жағдайда ашық қызыл фигура беріледі.

3 қызыл фигура – 10 ұпай «өте керемет»;

2 қызыл фигура – 9 ұпай «жарайсың»;

1 қызыл фигура – 8 ұпай «жақсы».

Сабақ соңында жинаған фигураларды өсу ретімен жапсырып шығады.әр топтағы қызыл фигуралардың саны арқылы жеке оқушыны, топтағы барлық қызыл фигуралардың саны арқылы жеңімпаз топты анықтаймыз.

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

Оқушылар жабық перфокартаны таңдау арқылы алған мақал немесе өлеңдерін оқиды, солар арқылы екі топқа бөлінеді.





Бағалау шкаласымен танысады.

Қалыптастырушы бағалау: Өзін –өзі бағалау.









Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер



Балаларға арналған тақпақтар - еңбек (zharar.info)

Миға шабуыл

3 минут


Ортасы


















1 кезең

10 минут











































































2 кезең

20 минут
















3 кезең

5 минут








Бағалау

3 минут


Ұ = ұжымдық жұмыс: «Миға шабуыл» әдісі

Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.

Пейзаж түрлері:

Ауыл, Саябақ, Теңіз
Сәулет пейзажы, бірақ бүгін біздің қарастыратымыз:

Индустриялық және қала пейзажы.

Қала пейзажында адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді.

Мәскеу суретші Алексей Шалаев Суретші Ерышев Индустриялық пейзаж

Индустриялық пейзажда суретші зауыттар мен фабрикаларды, бөгеттер мен электр бекеттерін, вокзалдар мен көпірлердің айшықты құрылымдарын, теміржол тораптарын салған жасампаз адамның рөлі мен маңызын көрсетуге тырысады.

Сызыктық перспективаның заңдылықтары Белгілі бір бұрышпен көкжиек сызығына карай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеге барып қосылады.Параллель сызықтардың қосу нүктесі әр уақытта көкжиек сызығында жатады. Көкжиек сызығына жуықтаған сайын параллель сызықтардың ара қашықтығы бір-біріне жақындай түседі. Көрушіден алыстаған сайын тіке сызықтардың ара қашықтык өлшемдері кішірейе түседі. Мысалы: телеграф бағаналарының көкжиек сызығынан төмен орналаскан сызықтары төменнен жоғары карай бағытталса, көкжиек сызығынан жоғары орналасқан сызықтар жоғарыдан төмен қарай бағытталады,бәрі көкжиек сызығында түйіседі.

Сызықтық перспективаны бейнелеу ережелері:

Бақылаушыдан алыста тұрған заттардың өлшемдері әрдайым кіші болып бейнеленеді.Конус, цилиндр формасы геометриялық заттар бойындағы шеңберлер перспектива заңдылығы бойынша овал болып бейнеленеді.


  1. кезең. «Адасқан төртбұрыштар» ойыны

Берілген мәтіннің мазмұны арқылы кестені ретімен орналастырып шығу.

Көкжиек сызығы – суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем.
Көру нүктесі – сурет салушының затты бақылайтын орны немесе нүктесі.
Шығу нүктесі – өзара параллель түзулердің алыстаған сайын бір – біріне жақындап, көкжиек сызығында барып қосылатын нүктесі.
Көру деңгейі – суретшінің көз деңгейін білдіретін ойша алынған жазықтық.

р\с

Пейзаж атауы

Мазмұны

1

Көкжиек сызығы

Шығу нүктесі Көру деңгейі

Көру нүктесі

Сурет салушының затты бақылайтын орны немесе нүктесі.

2


Суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем

3


Өзара параллель түзулердің алыстаған сайын бір – біріне жақындап, көкжиек сызығында барып қосылатын нүктесі.

4


Суретшінің көз деңгейін білдіретін ойша алынған жазықтық.

Дескрипторлар:

- Оқушылар кестені ретімен орналастырып шығады;

- Өз кестелерін қорғап шығады.

Shape1 Shape2 Оқушылар бағалау шкаласына фигураларды жапсырады.

2 кезең Сарамандық жұмыс: (музыкалық сүйемелдеу)

Біз бүгін күзгі пейзажды және ондағы перспективаны үйренеміз.

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік:

-Жұмыс орнын ретке келтіру.

-Қарындаштарды ауызға салмау.

-Жұмыс құралдарын түгелдеу


«Сызықтық перспектива» тақырыбына нұсқау карта

р/с

Жұмыстың орындалу реті

Бейнеленуі

Қажетті құралдар

1

Алдымен жұмыс орнын ретке келтіру.

Көкжиек сызығын есептеп, көру нүктесінен шығатын шығу нүктелерін салып аламыз.

Жұмсақ қарындаш, пішім

2

Шығу нүктелерінің бойына үйлерді орналастырамыз. Үйдің барлық бөліктерінің сызықтық перспективаларын сақтаймыз.


Жұмсақ графитті қарындаш

3

Сызықтық перспективаларды салып болғаннан кейін барлық бөліктерді ауалық перспективалардың ережесін сақтай отырып үш жоспарда штрихтап бояймыз.

Түрлі графиттегі қарындаштар

Жұмысты қорғау.

-Суретте ең бірінші сызықтық перспективаның қай ережесі қолданылды?

- Ауа перспективасының заңдылығын қай кезеңде көрсеттің?

Дескрипторлар:

- Сызықтық перспективаны дұрыс орналастыра біледі;

- Перспектива заңдылығын біледі.

- Перспектива заңдылығын қолдана алады;

Shape3 Shape4 Оқушылар бағалау шкаласына фигураларды жапсырады.

3 кезең Бекіту. Жұптық жұмыс:

«Аламан бәйге» ойыны


  1. Пейзаж жанрындағы бейненің нысаны не?

  2. Ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар қандай пейзажда бейнеленеді?

  3. Пейзаж өнердің қай түрінде жиі ұсынылады?

  4. Алыстаған сайын кішірейетін перпектива?

  5. Суретші зауыттар мен фабрикаларды, бөгеттер мен электр бекеттерін қандай пейзажда бейнелейді?

Оқушыларға слайд арқылы сұрақтар беріп, дұрыс жауап бергендерге қызыл фигура беріледі. Сұрақты толықтырған оқушыларды да марапаттаймыз.

Дескрипторлар:

- Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Shape5 Shape6 Оқушылар бағалау шкаласына фигураларды жапсырады.

(Ө) Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз жұмысын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді.


«Рейтинг шкаласы»

3 қызыл фигура - 10ұпай «өте керемет»;

2 қызыл фигура – 9 ұпай «жарайсың»;

1 қызыл фигура – 8 ұпай «жақсы»

Сабақ соңында жинаған фигураларды өсу ретімен жапсырып шығады.

Әр топтағы қызыл фигуралардың саны арқылы жеке оқушыны, топтағы барлық қызыл фигуралардың саны арқылы жеңімпаз топты анықтаймыз.

Оқушылар «миға шабуыл» әдісімен өткен сабақты еске түсіреді.




















Оқушылар топтасып ақылдасып кестені рет – ретімен сәйкестендіріп қойып шығады.

























Оқушылар бағалау шкаласына фигураларды жапсырады.



Оқушылар қауіпсіздік ережесімен танысады.







Нұсқау картасы бойынша суретті түрлі түсті қарындаштармен бояйды.













Өз жұмыстарын қорғайды.

Оқушылар бағалау шкаласына фигураларды жапсырады.









Оқушылар ойын арқылы қойылған сұрақтарға жауап береді









Оқушылар бағалау шкаласына фигураларды жапсырады.





Барлық ұпайларын есептеп, өздерін бағалап шығады.

Жеңімпаз топ марапатталады.


















































Дискриптор

Оқушылар кестені ретімен орналастырып шығады;

Өз кестелерін қорғап шығады.








Дескриптор

Сызықтық перспективаны дұрыс орналастыра біледі;

Перспектива заңдылығын біледі.

-Перспектива заңдылығын қолдана алады; Перспектива заңдылығын біледі.





















Дескриптор

Сұрақтарға дұрыс жауап береді.











Htpp://mypresentation.ru/presentotion/zanimateinye_voprosy_po_izobratelnomu_iskusstvu

https://in.pinterest.com/pin/702631979339927819/

htpp://www.decormaster.kz/about.php

Материалдар мен құралдар: қарындыш, сызғыш, өшіргіш, фломастеры, желім қайшы т.б)













https://dzen.ru/a/Zao41o_5TGRrI7yR













https://infourok.ru/kopilka-priyomov-refleksii-bolee-priemov-3463151.html?ysclid=m1v3vlyry4383149

























https://www.youtube.com/watch?v=xkR-OOafL6o


Аяқталуы


5 минут

Кері байланыс

- Қандай қиындықтармен сіз кездестіңіз?
- Сіз жұмысынызға ризасыз ба?
-Кімнің жұмысы сізге ұнайды?

Өз пікірлеріңізді стикер- смайликке жазып,

Түстер” рефлексиясына жапсырыңдар

Сабақтан алған әсерің қандай?

Shape7

Сұрақтарға жауап беру арқылы кері байланыс жасайды.



Түстер бойынша өз рефлексиясын көрсетеді.

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!