Мектепалды даярлық
тобы
Білім саласы:
Таным.
Ұйымдастырылған оқу-іс
әрекеті:Қоршаған ортамен танысу.
Сабақтың
мақсаты:
1.Білімділік:Балаларға табиғат әсемділігі
туралы түсіндіру,табиғаттың қажеттілігі, пайдасы туралы
түсініктерін кеңейту.
2.
Дамытушылық: Балалардың тереңнен ойлау
қабілетін, тіл байлығын сахналық қойлым арқылы шығармашылық,
көркемдік көзқарасын қалыптастыра отырып дамыту.
3.Тәрбиелігі: Балаларды табиғатқа,
өсімдіктермен, жан-жануарларға, құстарға қамқорлық жасай білуге,
бір – бірімен достық әдептілікке қарым- қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: Табиғат суреті,макеттер жабайы
аңдар, құстар, өсімдіктер т.б.
Әдіс
–тәсілдері: Диолог,көрнекілік көрсету,
сахналық қойлым, қимыл ойындар, тақпақ айту.
Әрекет
кезеңдері.
-Тәрбиешінің
әрекеті.
- Баланың
әрекеті.
Сабақтың
барысы:
-
Ұйымдастыру
кезеңі.
-Балалар
зейінін сабаққа аудару.
-Оқушылар
түгелдеу.
2. Психологиялық
дайындық.
-Шаттық
шеңберінде:
Арайлап
күн шықты .
Алтын
шуақ тараты.
Жалтырайды қаламыз.
Жалтырайды даламыз.
Қайырлы
күн достарым!
Қайырлы
қүн қонақтар!
Қайырлы қүн
апайым!
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар! Ал, енді
мына менің қолымдағы үш түрлі түсті шаршы пішіндес қағаз
барбір-бірлеп алып сол түске сәйкес отырамыз.
-
Сары-
Тілшілер.
-
Жасыл-Жас
ғалымдар
-
Қызыл-Көрермендер
ІІІ.
Откенді еске түсіре отырып жаңа тақырыпқа жол
ашу.
Тәрбиеші:
Құрметті жасғалымдар Қоршаған орта дегеніміз не?
Балалар:
Айналадағы табиғат және адам жасаған заттар бұл қоршаған дүние
дейміз.
-
Тілшілерімізге Табиғат
дегеніміз не?
Күн,ауа,ай,жер, су, адам, өсімдіктер,жануарлар –бұл
табиғат.
-
Көрермендерімізге
Табиғаттың жанды және жансыз денелерін атайық?
-Жанды
табиғат- қоректенеді, көбейеді,
өседі.Адам,жануарлар,өсімдіктер.
- Жансыз
денелер- қоректенбейді, өспейді, көбеймейді. Күн,ауа,
тас,құм,тау,саз.

ІҮ.
Топпен жұмыс:
Тәрбиеші:
Балалар біздің табиғатымыда маусымдық өзгерістер болады. Бізде бір
жылданеше мезгіл болады?
Мына
менің қолымдағы суреттерді сәйкес жыл мезгіліне қойып
шығамыз.
-
Кыс. 2. Көктем 3. Жаз 4.
Күз
-Әр топ
бір жыл мезгілін қорғап шығады. Күз мезгілін жалпы
қорғайды.

Ү.
«Ойлан тап » ойыны
Шарты:үй
жануарлары мен жабайы жануарларды өз мекеніне алып
бару.

ҮІ.
Сахыналық қойылым.
-Дархан
мен Диас екеуі бақшада ойнап жүреді. Ал Диас бақшадағы ағаш
бұтақтарын аяусыз сындыра береді. Ағаш: Ой-ой менің қолымды
сындырды ауырып бара жатыр. Дархан неге сындырдың? Менің атам
сынған ағашқа саз лай жағып орамалмен байлап қойсаң қайта өседі
деген. Жүр қайта байлап қояйық.
Ағаш
басындағы ұяны жерге құлатып тастайды. Сол кезде Торғай шырылдап
ұяны айналып ұшады. Дархан Неге құлатасың? Дейдіде ұяны ағаш басына
қояды.
Дархан:Таспен атып
торғайды,
Ұя бұзған
оңбайды.
Құс өкпелеп
кетеді,
Бақшамызға
қонбайды.

Балалар:
Құс ұясын
бұзбайық!
Жұмыртқасын
алмайық!
Обалына
қалмайық!
Тақия тұзақ
салмайық!
Қарғысына
қалмайық!
Әдейі көздеп
атпайық!
Көп күнаға
батпайық
Балалар мұны
ұғыңдар
Уәдеден
шығыңдар
Диас : Кешірші Дархан,
Кешіріңдерші балалар мен енді бұндай әдепсіздікке
бармаймын.
Тәрбиеші: Балалар Диасты
кешіресіңдерме?
Сергіту
сәтті.
Тәрбиеші: Балалар ағаш
бұтағы ары қарай өсіп кету үшін біз «Ұшты-Ұшты ойынын
ойнайық.
Ұшты-ұшты қарға
ұшты.
Ұшты-ұшты гүл
ұшты.
Ұшты-ұшты торғай
ұшты.
Ұшты-ұшты ағаш
ұшты.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Бізге
басқа сынып балаларынан хат келді. Ол хатта не жазылған екен
оқиықшы.
Хат ішінде: Құрметті
мектеп алды даярлық балалары.
Сендер қоғамдық
орындарға серуенге шыққанда қандай сақтық шараларын
қолданасыңдар?
Балалар: Кез-қелген
жерге қоқыс төкпеу,шөпті таптамау, ағашты сындырмау,құс ұясын
бұзбау,өзен, көлдер арнасына қоқыс төкпеу, от жақпау.
Қортынды:
Тәрбиеші: Ия балалар табиғатты орынсыз
ластай берсек табиғатымыз әдемілігін мәңгіге жоғалтады. Сондықтан
балалар табиғатты аялайық,ластамайық.
Сабақты
қорыту: Сабақта белсенділік танытқан
балаларды мадақтай отырып сабақты қортындылау.
Күтілетін
нәтежие:
- Қоршаған орта туралы
түсінік алады.
-Табиғаттың жанды және
жансыз дүниелерін біледі
- Табиғатты қорғай
білуді үйренеді.