Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Табиғаттағы су айналымы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұзтаздарға керекті дерек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: Дүниетану

Күні: 24-қараша

Сынып: 4 «З»

Сабақ тақырыбы:

Табиғаттағы су айналымы

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың міндеттері:

Табиғаттағы су айналымын түсіндіру.

1. Табиғаттағы су айналымын түсінуге бағыт беру,

2.Тәжірибе арқылы судың қасиетін танып білуге мүмкіндік беру.

3.Топтық жұмыста өз бетімен ізденуге жетелеу.

Сабақтың түрі:  ашық сабақ 

Сабақтың көрнекілі: интерактивті тақта, оқулық, плакат, қима қағаздар, бейне түсірілім.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Суреттер арқылы топқа бөлінеді.

Топқа бөлу.

Тақтаның алдында тұрған суреттер бойынша топқа бөлініп отырайық.

1-топ. Жауын –шашын

2-топ. Мұз

3-топ. Күн

4-топ. Жер.

Балалар мына тақтада тұрған тізім бұл бағалау парағы. Сабақтың әр кезеңі бойынша, қатысқан оқушыларға магнит қойылады. Магниттерді қаншалықты көп жинауларына байланысты.






Сабақтың тақырыбын ашу: Мұғалім:

Тақырыпты ашпастан бұрын, сендерге бір құпия қонақтың хатын оқиын, ал сендер оның не екенін табыңдар!

Құпия қонақтың хаты:

Мен сұйықпын да, мұзбын да,

Тамшысымын жаңбырдың.

Оюланған қыраумын,

Жылымын да, салқынмын.

Шөлдесең кеуіп кенегең,

Мейірімді қандырдым.

Сыйлаймын мен тазалық,

Рақат беріп денеңе,

Айта қойшы бұл не? (Су)

Бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырып Су. Табиғаттағы су айналымы.

-Жақсы балалар, Су жайлы не айта аламыз балалар?

Мұғалім: Су- тіршілік көзі. Табиғаттағы ең көп таралған зат. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр. (Глобустан көрсету.)

Әрі қарай сабағымызды тәжірибе арқылы жалғастырайық.

Өткенді пысықтау

























Ой толғаныс











Топқа тапсырма.

Тәжірибелік жұмыс.

1-топ: Суды ішіп көріп, су мен қант және су мен тұзды араластырып көріңдер.

Суға қант салып, араластырғанда, қант еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды. Қант суда жақсы ериді.

Суға тұз салып араластырғанда, тұз еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болды. Тұз суда жақсы ериді. Олай болса, судың еріткіш екенін еске түсіріп өттік. Демек су еріткіш.

2-топ: Стақандағылардағы суға құм және саз араластырып көріңдер. Не байқадындар?

Стақандағы суға құм салып араластырғанда, құм қиыршықтары сол қалпында стақан түбіне шөгеді. Құм суда ерімейді.

Стақандағы суға саз салып араластырғанда, су лайланады. Суды біраз тұндырсақ, саз түбіне шөгеді. Саз суда ерімейді.

3-топ: Бұл топта мұғаліммен бірге тәжірибе жасап көрейік.

Кәстрөлге ыстық су құйып, бетін жауып қоямыз. Шамалы минуттан соң не байқадық?

Су буланып ауа қабатына көтеріліп, кәстрөлдің қақпағы су болып, төменге қарай су тамшылай бастайды.

4-топ: Партаның үстінде тұрған ыдыстың әр түріне су құйып көріңдер. Не байқадындар?

Ыдыстың әр түріне су құйғанменнен, судың пішіні ыдыстың пішініне қарай өзгерілді.

Тәжірибені қорытындылау:

Балалар тәжірибеде не байқадық? Судың қасиеті қандай болады екен?

Судың қасиеттері: иіссіз, түссіз, дәмсіз, пішінсіз, еріткіш.

Слайдпен жұмыс.

-Балалар суретте не көріп тұрсыңдар? (Мұз, су, бу.)

Бұл не? (Судың 3 күйі. Қатты мұз күйінде, сұйық,газ тәріздес

бу )

Оқулықпен жұмыс. Су. Табиғаттағы су айналымы

Мұғалім: Судың кереметі –оның жер бетінде тынымсыз айналыста жүруі. Күн сәулесі қызуынан су жерге түсіп буланады. Күн неғұрлым қаттырақ қыздырған сайын, булану да жылдамдайды. Күннің көзі көрінбесе де булану жүріп тұрады. Мұхит, өзен, көлдер бетінен де су буланып, аспанға көтеріліп бұлтқа айналып, қайтадан жаңбыр жауып жерге түсіп осылай үнемі табиғатта су айналып жүреді. Бұлттың бірнеше түрі болады: шарбы бұлт, будақ бұлт, қабат бұлт.

Бейне түсірілім. Табиғаттағы су айналымы

1-топ: Суды не нәрсеге пайдаланады?

2-топ: Су тұрмыста қалай қолданылады.

3-топ: Қазақстандағы Есіл өзені мен Балқаш көлінің ұқсастығы мен айырмашылығын табу. (венн диаграммасы)

4-топ: Табиғаттағы су айналымына сызба жасау.

Қызықты мәлімет: бейне түсірілім.

Кері байланыс

Күн, бұлт, найзағай суреттеріне стикер жапсыру.

Күн- сабақ ұнады, сабақты түсіндім деген оқушылар.

Бұлт- сабақ ұнамады, түсінбедім

Найзағай-сабақ ұнамады, мүлде түсінбедім

Үйге тапсырма

40-41- бет, түсініп оқу.

Бағалау

Балалар магнитті қаншалықты жинады, сол бойынша бағаланады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
728
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі