Материалдар / Ашық сабақ Талаптыға нұр жауар 8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Талаптыға нұр жауар 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін-өзі тану пәнінен сабақ өткізетін ұстаздарға керек. 8-сынып "Талаптыға нұр жауар" тақырыбында "Өмірде адамның алдына қойған түрлі мақсаттары мен ойлаған ойларын жүзеге асыруда талаптың алатын орны туралы түсінік беру. Оқушыларды талаптану барысында адамгершілік ізгілік құндылықтарын тірек етіп алуына ықпал ету" мақсатында өткіздім.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2018
1478
16 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Өзін-өзі тану

8-сынып 7-сабақ

Сабақтың тақырыбы

Талаптыға нұр жауар

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Мерсер (1995), Александер(2004)

Жалпы мақсаттары




Өмірде адамның алдына қойған түрлі мақсаттары мен ойлаған ойларын жүзеге асыруда талаптың алатын орны туралы түсінік беру. Оқушыларды талаптану барысында адамгершілік ізгілік құндылықтарын тірек етіп алуына ықпал ету.

Түйінді идея

Адам өмір бойы ізденуге, өмірдің беймәлім сырларын ашуға талаптанады. Сол жолда ол адамгершілік қасиеттерді тірек етіп алғанда да жақсылық жаршысы болмақ.

Негізгі мақсат

  • Жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлауға, құрметтеуге үйрету.

  • Балалар достық орнатуға, өзге топ мүшелерімен ынтымақтасып жұмыс істеуге ықпал ету;

Нәтиже

Оқушылар талаптана білуге үйренеді.

Жаттығулар




Топтық жұмыс
















Тыныштық сәті: « Әсем әуен» 
Ыңғайланып отырыңыздар, деңелеріңізді түзу ұстаңыздар. 
Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде жүргенінізді елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз. Күннің көзі жер бетін қыздыруда. Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз . 
Тыныштықта тұрып, табиғаттың әсем үні сізді сезімге бөлейді. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Самал жел сізді тербеп тұр. Жүрегіңіздегі барлық мұңды, өкпені , ренішті барлығын жіберіңіз. Сіз пәк, таза, мейірімді жансыз. Қазір колымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз. Көздеріңізді ашуға болады. 
Мұғалім: Рахмет. Сіздерге «Тыныштық мезеті» ұнады ма? Табиғатта серуендеу сізге қандай сезімді тудырды? 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 6 сабақ Берілген хаттың шешімін тауып жауап жазу. 
Алдиярдың Ақжарқынға жазған хаты 
ІІІ. Жағымды ой пікір (дәйексөз) 
Талап қылса ер егер, ұлт тағдыры көгегер 
Халық нақылы 
1.Нақыл сөзден түйген ойыңыз? 
2.Талаптану адамға қандай мүмкіндіктер береді? 
ІV. Оқиға айту (әңгіме) 
«Өмір сүрудің ең жақсы жолы» 
Шағын бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастапта жіберіпті. Ол ақ көңіл, жайдарлы, еңбекқор болғандықтан ауылдың барлық адамдары оны жақсы көріпті. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын.Ауылдың тұрғындары тамыр – таныстарына да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған еңбекқор жан , бір жылдың ішінде жан жақтағы қалалардан сондай шағын дүкендер ашып тастайды. Бір күні науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып: 
Үшеуіңнің біреуі барлық дүкенімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің жиған дүние мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір – бір доллардан беремін. Осы долларға бір нарселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нарселерің менің осы бөлмемді толығыменн толтыруы керек.Шартым осы. Ұлдары бұл мүмкіндіктен айырылып қалмауды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларларын жаратты. Кешкісін әкелеріне келіп, үлкен ұлы: 
Әке, досымның шаруашылығына барып, екі қап сабан сатып алдым, - деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады. Екінші баласы: Дүкенге барып екі жастық алдым,- деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүндерін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ, жүн де бөлмені толытыра алмады. 
Үшінші ұлы: 
Әке, долларды ұсақтап, 50 центін мешітке, 20 центін қайырымдылық қорына, ал 20 центін мүсәпір кемтарларға тараттым. Қалған 10 центіне екі нарсе алдым,- деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді. Әкесі ұлына риза болып: 
Мирасымды саған қалдырамын ұлым. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналана жарық тарату деген екен 
Сұрақтар: 
1.Үшінші ұлының әрекетіне деген өзіңіздің көз қарасыңыз? 
2.Айналана жарық тарату дегенді қалай түсінесіз? 
3.Әкесі неліктен баласының талабына риза болды? 
V. Шығармашылық жұмыс 
Топпен жұмыс 
1топ Тапқырлар : «Алынбайтын асу жоқ» сахналық қойылым 
2 топ Алғырлар: «Талапты бала талпынған құстай» шағын эссе жазу 
VІ. Топпен ән айту 
«Жаса Қазақстан» 
1.Бабалар бұл жерде елін қорғап терлеген 
Батырлар бұл жерде намыс қолдан бермеген 
Жерін қорғап қазақ жауға қылыш сермеген 
Қазақстаным, Қазақстаным 
Ал қазір мақтаныш бізге қазақ даласы 
Байлығы мол, тағы бар жаужүрек баласы 
Арманға бастаған бұрылған көп қаласы 
Қазақстаным, Қазақстаным 
Қайырмасы: 
Алға Қазақстан, Қазақстан! 
Самға Қазақстан, Қазақстан! 
Жаса Қазақстан, Қазақстан! 
Байлағым менің, тәуелсіз елім. 
3.Баршаға танулы ұлан байтақ жерім бар 
Егемен тәуелсіз қазыналы елім бар 
Ашық көк аспан, асқарлы тау көлім бар 
Қазақстаным, Қазақстаным 
Жасасын қазағым жаса, батыр жастарым 
Желбіретіп туды, жеңіске жол бастаған 
Елбасы, тарихы болсын мәңгі дастаным 
Қазақстаным, Қазақстаным 
Қайырмасы: 
Алға Қазақстан, Қазақстан! 
Самға Қазақстан, Қазақстан! 
Жаса Қазақстан, Қазақстан! 
Байлағым менің, тәуелсіз елім. 2рет 
VІІ.Үй тапсырмасы: «Талаптанса алмайтын асу жоқ» эссе жазу 
VІІІ.Сабақтың қорытынды сәті 
Болғанда ақылың дария, кеудең кеме, 
Кемесіз дариядан өтем деме. 
Кеудеңде саңан болса, талап ізде, 
Талапсыз мақсатыңа жетем деме 
Бүгінгі сабақтан Не білдіңіз? Нені білгіңіз келеді? 
ІХ. Тыныштық сәті. 
Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің мейірімін, жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Сіздерді талай биік асулар, бақытты сәттер күтіп тұр.

Рефлексия


Саған сабақ ұнады ма? Сабақта не ұнамады ?

Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!