жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Талдау және синтез 10 сынып
IV бөлім. Ойлау дизайны. Ашық сабақ |
Мектеп:Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы « Есік мектепаралық оқу өндірістік комбинат» МКҚК |
||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Айтбаева Шынар Унласуновна |
||||||
Сынып: 10. |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||
Сабақтың тақырыбы |
|||||||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) |
10.4.3.1 Мәселені дұрыс айқындап және сипаттай біледі; 10.4.3.2 Сұхбаттан алынған ең маңызды тұжырымдарды анықтайды; 10.4.3.3 Ақпараттың маңызды сәттерін бөледі және оларды ары қарай қолдану үшін тиімді рәсімдей алады; 10.4.3.4 Сұхбат кезінде алынған ақпаратты топтайды. |
||||||
Сабақтың мақсаты |
Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен: - Мәселені дұрыс айқындап және сипаттай білуіне; - Сұхбаттан алынған ең маңызды тұжырымдарды анықтауына; - Ақпараттың маңызды сәттерін бөледі және оларды ары қарай қолдану үшін тиімді рәсімдей алуына; -Сұхбат кезінде алынған ақпаратты топтауына. |
||||||
Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер) |
1-меңгеру деңгейі.Барлық оқушы:Сұхбаттан алынған ең маңызды тұжырымдарды анықтайды.(өнімсіз деңгей); 2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі: Ақпараттың маңызды сәттерін бөледі және оларды ары қарай қолдану үшін тиімді рәсімдей алады.Оқушылар алған білімдерін тереңдетеді, жүйелейді.(конструктивті деңгей); 3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі Сұхбат кезінде алынған ақпаратты топтай-ды(өнім деңгейі).Тақырыпты толық меңгерген оқушы шығармашылық тапсырманы орындайды. |
||||||
Тілдік мақсаттар |
Лексика және терминология:талдау-анализ-analysis;синтез-синтез-synthesis; салыстыру-сравнение-comparison. |
||||||
Құндылықтарға баулу |
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы мен ұлттық қауіпсіздікті насихаттау. |
||||||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
«Ыстық алақан», «Жұптас-бөліс», «Сұрақтарға жылдам жауап беру», «Джигсо», «Шең-бер бойымен сұрақ қою»,«Блоб ағашы» |
||||||
Қолданылатын ресурстар |
Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер |
||||||
Алдыңғы білім |
Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мы-салы: «Есіңе түсір!» рубрикасындағы сұрақ бойынша:1.Эмпатия дегеніміз не? 2.Эмпатия бизнесте қалай қолданылады? |
||||||
Сабақтың басы 10 минут |
1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Ыстық алақан» тренингін ұйымдастырады (оқушылар өздерінің алақандарын жақын ұстап,мейірімді сөздер айтады,мысалы, «сен әдімісің,ақылдысы» және т.б). 2.Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды. 3.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық ситуация тудыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін «Жұптас-бөліс»әдісін қолданылады. Төмендегі сұрақтар талданады: 1.Эмпатия дегеніміз не? 2.Эмпатия бизнесте қалай қолданылады?Оқушылармен әңгімелесу барысында мұғалім сабақтың тақырыбын анықтайды.Олар сабақтың мақсаты мен міндеттерін болжайды. |
||||||
Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру 10 минут |
1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы.Өзіңіздің серігіңізге бұрылып,жұптасып жұмыс істеңіздер.Өткен материал бойынша сұраққа жауап беріңіз. 1.Талдау дегеніміз не? 2.Синтез дегеніміз не? 3.Талдау
мен синтездің өзара қарым-қатынасы
неге байланысты? 5.Бизнес
мәселелері дегеніміз не? 7.Ұйымның
ең өткір мәселелерін анықтау кезеңдері
қандай? 2)Бір-бірін толықтыра отырып,жұптар өз кезегінде жауаптарын береді.Олар мұғалім-мен негізгі идеяларды талқылайды,оларды дәптерлеріне жазады. 2. «Ойланайық,талқылайық» дағдысы. Джигсо әдісі бойынша топтық жұмыс. 1-топ:1.Сұхбат
жүргізуді жоспарлаудың қай кезеңінде
оның нәтижелерін қандай тәсілмен
өңделетіні туралы ойлану
керек?Неліктен? 2-топ:1.Бизнес талдау үшін мүдделі тараптармен әңгімелесуді қалай өткізуге болады? 2.Бизнес талдау үшін сұхбатты қалай құжаттауға болады? 3-топ:1.Неліктен сұхбат нәтижелерін обьективті еме бағалау тәуекелдері пайда болады? 2.Жүргізілген сұхбат нәтижелері бойынша есептер нені қамтиды? 3.«Талдап,салыстырайық» дағдысы. Талдау мен синтез әдістерін салыстырып,кесте толтырыңыздар.
|
||||||
Сергіту сәті 2 минут |
«Жеті шырық» жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қа-шықтықта жеті жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз.... мүмкін-дігінше баяу, терең дем алаңыз.Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз.Демді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барын-ша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді. Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған шырақтарды біртіндеп үрлеп өшіресіз. 4.«Дәптерге орындайық» дағдысы. Тақырып мазмұны бойынша тірек-сызба құрас-тырыңыздар. 5.«Қолданып көрейік»дағдысы.Топтық жұмыс. Өзіңізге таныс бір компанияның құрылымын тақырыпта берілген әдістерді пайдала-нып,талдау және синтез жүргізіңіздер. 6.«Ой бөлісейік»дағдысы. Талдау және синтез жасау арқылы ел экономикасының қай саласының проблемасын анықтауға болады? Электронды қосымшамен жұмыс («№28 қосымша материал»). |
||||||
Сабақтың соңы. Кері байланыс 3 минут |
Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Оларға мағынасы түрлі дәрежедегі смайликтер таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес смайликті таңдап, оның теріс жағына өзінің атын жазады да, тақтада ілулі тұрған «Блоб ағашының» суреті бар флипчартқа жапсырады. Мұғалім сабақтың қорытындысын шығарып, нәтижесін өзінің жеке сынып журналына тіркейді. Мұғалімнің қалауы бойынша:«Төңкере оқыту»талаптарына сәйкес, оқу-шылар келесі тақырыптағы теориялық материалды үйде өз бетімен оқи ала-ды.Олар мәтіннің соңында берілген сұрақтарға қысқаша жауап береді. Осы-лайша,келесі сабақтағы жаңа тақырыпты оқушыларды өздігінен меңгеру үшін алдын ала үйде дайындалады.Бұл сыныптағы практикалық тапсырма-ларға қажетті уақытты үнемдейді. |
||||||
Рефлекция 5 минут |
Сұрақтарға жауап беріңіз: 1.Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? 2.Бүгін оқушылар не білді? 3.Сыныптағы ахуал қандай болды? 4.Мен берілген уақыт ішінде үлгердімбе? 5.Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? 6.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? |
||||||
Қорытынды бағалау 10 минут |
1.Қандай екі нәрсе табысты болды (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ( Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 3.Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз |
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген