Материалдар / Ашық сабақ Таным саласынан математика бөлімі "Ғажайып пішіндер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Таным саласынан математика бөлімі "Ғажайып пішіндер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Геометриялық фигуралармен таныстыру және түсінік беру. Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау. Қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2020
1078
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тобы: Ортаңғы топ « Алтын балық»

Күні: Жауапты тәрбиеші: Борыбаева.А.А.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: "Ғажайып пішіндер"

Мақсаты: Геометриялық фигуралармен таныстыру және түсінік беру. Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау. Қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту. Ойлау қабілетін, көріп тану, зейінін, есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту. Жаңа технологияларды қолдана отырып, балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер :Суреттер жиынтығы. Воскобичтің тақтайшасы мен шегелері, , Кюйзенердің таяқшалары, Монтесссоридің ойындар жиынтығы, Дьенештің блогтары, Никитиннің ойындар жиынтығы,геометриялық фигуралар.
Әдістер-тәсілдері:  сұрақ-жауап, түсіндіру,сөздік,ойын
Қос тілдік компонеттері: үшбұрыш-треугольник, шаршы-квадрат, шеңбер-круг

Іс-әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы

Шаттық шеңбері.

Тәрбиеші: – Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті,сондықтан балалар шуағын төккен «күнмен»,  «мейірімді аспан атамен»  және бізге келген қонақтармен амандасайық:
-Сәлеметсіздер ме!

Қол ұстасып тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Алақанды ашайық

Күннің нұрын шашайық

Жүректегі жылуды

Қонақтарға сыйлайық

Тәрбиеші:  Өте жақсы балалар. Балалар орындарымызға жайғасамыз.

Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады. Келген қонақтармен сәлемдеседі.

Жылулық шеңберін орындайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік.

- Балалар, бүгін біз білетін геометриялық пішіндерді естерімізге түсірейік. Қандай пішіндерді білесіңдер?

-Жарайсыңдар, балалар!
Балалар қараңдаршы біздің топқа біреу келген сияқты. Ол кім екен?

-Буратино бізге қонаққа келіпті.

Буратино: -Сәлеметсіңдерме кішкентай бүлдіршіндер?

-Буратино сен неге көңілсізсін?

Буратино:-Менің "Алтын кілтім" Мальвино ханымда. Ол өзінің тапсырмаларын орындамай, маған "Алтын кілтімді" бермеймін деп отыр. Ал, мен болсам ол "Ғажайып пішіндер" елінің тапсырмаларын орындауға қиналып кеттім. Сөйтіп балабақшаға сендерге көмекке келдім.

-Балалар , біз Буратиноға тапсырмаларады орындауға көмектесеміз бе?

"Ғажайып пішіндер" әлеміне саяхатқа барамыз ба? Олай болса, алдырмызда   қолдың бейнесі тұр. Бұл бейне жай бейне емес, арман-тілектерді орындайтын ғажайып алақан екен. Осы алақанға қолымызды қойып, көзді жұмып, бізді "Ғажайып пішіндер " еліне апаршы деп армандайық. Көзімізді жұмайық, балалар, қараңдаршы біз қайда келдік?

-Дұрыс айтасыңдар. "Ғажайып пішіндер" әлеміне келдік. Жан-жанғамыздың бәрі геометриялық пішіндер екен.

Мальвино:-А, Буратино сен мұнда жүр екенсің. Мен сені бүкіл "Ғажайып пішіндер" әлемінен іздеп таппай жүрдім.

Буратино:-Мальвино мен сенің тапсырмаларыңды орындауға қиналып кеткен соң, балабақшадағы бүлдіршіндерге маған көмектесуге өтіндім.

-Сәлеметсіз бе Мальвино? Біз Буратиноға тапсырмаларды орындауға көмекке келдік.

Мальвино: -Жарайды, балалар бірақ менің тапсырмамды орындамас бұрын сендерді геометриялық пішіндерді білетіндеріңді тексеріп көрейін.

- Пішіндерді кезек - кезек тақтаға іліп, оларды дұрыс атау:
- Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (шеңберді көрсетіп).
Шеңберге сипаттама береді.
- Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (үшбұрышты көрсетіп)
- Бұл геометриялық пішін қалай аталады? ( шаршы көрсетіп)

-Жарайсыңдар, балалар!
-Мальвино біздің балалар екі тілде сөйлей алады.. Қазақ тілінде және орыс тілінде. Геометриялық пішіндердің орыс тілінде аудармасын айтып көрейікші.

Қос тілдік компонеттері: үшбұрыш-треугольник, шаршы-квадрат, шеңбер-круг

Мальвина: -Жарайсыңдар! Балалар, менде бірнеше суреттер бар. Олар пішіндерге ұқсайтының табу керек.

Тақтаға пішіндердің суреттері ілінеді. Балалар бір суреттен алып пішіндердің астына орналастырады.

-Жарайсыңдар, балалар.

Енді бойымызды бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық

Қолдан шеңбер құрайық

Дөңгелектей дөңгелек

Шыр айналып тұрайық

Қолды аспанға созайық

Түзу болып тұрайық

Бір-біріне қосқанда

Үшбұрышты құрайық

Буратино: -Қараңдаршы мұнда тапсырмалар көп екен.

-Ия; Буратино сен мұңайма біздің бүлдіршіндер саған берілген тапсырмалардың барлығын орындауға көметеседі. Балалар, мұнда бернеше тапсырмалар бар екен, уақытымздың тығыздығына байланысты біз топтарға бөлініп орындаймыз.

1 "Кім шапшаң?" ойынын үстел үстінде ойнаймыз. Шарты:Геометриялық пішіндердің түр-түсіне қарай сәйкестендіріп орналастыру қажет.

2.Мұнда ағаштардан жасалған геометриялық пішіндерді өз орындарына орналастыру қажет.

3.Воскобичтің шегелері бар тақтайшаға резеңкенің көмегімен геомтриялық пішіндерді құрастыру.

4. Кюйзенер таяқшаларын және геомтриялық пішіндерден бейнелерді құрастыру.

5. Монтесорридің технологиясын пайдалана отырып, балалар түймелерге геомтриялық фигураларды орналастыру қажет.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді

Мальвино:-Жарайсыңдар балалар және Буратино. Менің тапсырмаларды орындай алдыңдар.Міне, Буратино сенің "Алтын кілтің".

Буратино: -Рахмет сендерге, балалар! Мені тығырықтан шығуға көмектескендерің үшін. Барлықтарың тапсырмаларды орындай білдіңдер. Мальвино сағанда рахмет, менің "Алтын кілтімді" қайтарғанын үшін.

Мальвино: -Жүр Буратино. Біз өз мультхикаямызға оралайық. Сау болыңдар, балалар!

Ал, балалар біз де балабақшамызға оралайық.Сиқырлы алақанға қолымызды қойып, көзді жұмып, бізді "Балабақшаға " апаршы деп армандайық. Міне, балабақшамызғада оралдық.

-үшбұрыш, шеңбер, шаршы.



-Буратино

-Сәлеметсіз бе?







-Ия, көмектесеміз



-Барамыз

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Алақанның бейнесіне алақандарын қойып, арман-тілектерін армандайды.


"Ғажайып пішіндер" әлеміне келдік.

Мальвиноға таңдана қарап, тыңдайды.






-шеңбер

-үшбұрыш

-шаршы



Қос тілдік компонеттері: үшбұрыш-треугольник, шаршы-квадрат, шеңбер-круг қайталайды.

Суреттердің ішінен геометриялық пішіндерді алып, ұқсас пішінде орналамтырады


Сергіту сәтіне сәйкес қимылдар жасайды.










Балалар тапсырмаларды орындауға кіреседі.















Мальвиноны мұқият тыңдайды.

-Сау болыңыздар!

Алақанның бейнесіне алақандарын қойып, арман-тілектерін армандайды.

Балабақшаға оралады.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар бүгін біз қайда бардық? Сендерге ұнады ма? Балаларды бағалап сыйлық тарату.


Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:  
Нені біледі:
түстерді ажырата біледі, геометриялық пішіндердің аттарын және бір-бірінен ажырата алады.

Нені білу қажет: геометриялық пішіндерді салыстырып айырмашылықтарын табуды, айнала қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды табуды.

 Меңгереді: геометриялық пішіндерді салыстыруды.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!