«Дарын» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: .16.05.2017. Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Мүсіндеу»
Тақырыбы:«Алма ағашы» Мақсаты:Алма ағашын ТРИЗ әдісі бойынша ермексаз арқылы саусақпен салуды, шымшу, дөңгелектеу әдістерін қолдана отырып қағаз бетіндегі үлгі суретке дұрыс жапсыра білуге үйрету. Міндеті:Балалардың ой-өрісін, шығармашылығын, қиялдау қабілеттерін, ұсақ қол қимылдарын дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Құрал-жабдықтар: Ақ түсті қағаз бетіндегі трафарет, түрлі-түсті ермексаз, сүлгі, үнтаспа. Үш тілділік: Алма ағашы – яблоня – appie tree.
|
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивацялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Көзімізді жұмамыз. Ағаш болып тербелейік, жел болып есейік, бұлт болып аспанды торлайық, жаңбыр болып жауайық, жапырақ болып сыбдырлап, күн болып жарқырайық.Көзімізді ашамыз. Жұмбақ жасыру. Ақ көйлек киеді, Көк моншақ түйеді. Қып-қызыл бетінен, Күзде атам сүйеді. (Алма).
|
Іс әрекет арқылы жасап көрсетеді.
|
|
Ұйымдастыру-іздестіру |
-Дұрыс айтасыңдар. Балалар, алма қайда өседі? Суретпен жұмыс. -Мына суреттен не көріп тұрсыңдар балалар? -Алманың түстері қандай? -Пішіні қандай? -Дәмі қандай? -Алманың қандай түрлерін білесіңдер? -Жақсы балалар, сендер суретпен жұмысқа өте жақсы жауап бердіңдер. Ары қарай енді мені мұқият тыңдаңдар. Мен сендерге осы алманың адамға деген яғни сендерге қандай пайдасы бар екедігін айтып беремін. -Балалар ал енді сендер саяхатқа шығып ертегі тамашалағыларың келе ме? Олай болса қазір мен сендерге «Қызыл телпек» ертегісін оқып беремін, ал сендер мені мұқият тыңдаңдар. Ал балалар ертегі сендерге ұнады ма, ертегі қызықты болды ма? Олай болса осы ертегіні ортаға барлығымыз шығып отырған қонақтарға сахналап берейік. Ең бірінші ішімізден Қызыл телпек қызды таңдап алайық.
Ал қалғандарымыз да бос тұрмаймыз балалар, мына ну орманның ішінде барлығымыз ағаштар болып тербеліп ағаш боламыз. Ал қызыл телпек әжесіне қарай аттанады. Сұрақ-жауап. -Балалар біз қайда келдік? -Жақсы, орманда нелер бар? -Дұрыс айтасыңдар, балалар. Сергіту сәті. Алма, алма көп алма, Қызыл алма, көк алма. Теріп-теріп аламыз, Қалтамызға саламыз. Балалар ертегі дегеніміз не? Балаларға ертегілер елінде әуенін тыңдату. Ертегілер, ертегілер, Неге мені ертпедіңдер? Әлемнің ғажап күйін Шертпедіңдер сендер. Гүл тердім бақтардан. Әр гүлде бір арман Таусылмайтын тәтті ән. Кіріспе әңгіме: -Балалар, өлең ұнады ма? -Өлең не туралы? -Сендер қандай ертегілерді білесіңдер? Бүгін біз ертегілер елінде тақырыбын оте отырып, соның ішінде «Екі әтеш» ертегісімен танысамыз. -«Екі әтеш» ертегісін мәнерлеп оқу. -Ертегінің мазмұнын түсіндіру. -Ертегі жайлы сұрақ – жауап алмасу. Сұрақ – жауап. -Ертегі алай аталады? -Әтеш дала құсы ма, үй құсы ма? -Ертегі не жайлы? -Екі әтеш нені қызғанды. -Не үшін төбелесті? Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық, Біздер жолға шығайық. Ұзын, қысқа жолдарды Біліп біздер алайық. Оң жақта да, сол жақта да, Биік үйлер бар екен. |
Бақшада, ағашта өседі. Алма ағашын. Қызыл, сары, жасыл. Дөңгелек. Тәтті. Апорт, лимонка, симмеренка. Мұқият тыңдайды. Иә. Тыңдайды. Иә, ертегі бізге ұнады. Орманға келдік. Аңдар бар, гүлдер өсіп тұр, көбелектер ұшып жүр. |
|
Рефлексивті-түзетушілік |
-Балалар қараңдаршы кім келе жатыр? -Қызыл телпектің қолында несі бар? -Себетінің ішінде нелер бар? -Дұрыс айтасыңдар балалар. -Қараңдаршы балалар Қызыл телпек көңілсіз болып келе жатыр. Неге екенін сұрайықшы. Балалар Қызыл телпек орманда жүріп гүл теріп, көбелектерді қуалап жүргенде себетіндегі алмалар түсіп қалыпты. Олай болса балалар барлығымыз Қызыл телпекке арнап алмалар жасап берейік. -Балалар ең бірінші барлығымыз тақтаға қарайық, менің істегеніме қарайық содан соң сендер жасайсыңдар. - Балалар алманың адамға пайдасы өте зор, өйткені оның құрамынд сендердің ағзаларыңа пайдалы дәрумендер бар. Ал бүгін біз алма ағашының суретін дәстүрден тыс триз әдісі бойынша,саламыз. Олай болса бас бармақпен алма ағашының діңіне жапсырамыз.
Содан кейін сұқ саусақпен бұтағын жасаймыз. Содан соң дәмді алмаларды жапсырамыз. Ол үшін қызыл түсті ермексаздан шымшып алып алақан арасына салып дөңгелектейміз. Дөңгелек пішінді ағаштың бұтағына жапсырамыз. -Міне Қызыл телпек біздің балалар саған көптеген алмалар жасап берді, енді әжеңе апарып келуіңе болады. |
Қызыл телпек келе жатыр. Қолында себеті бар. Себетінің ішінде алмалары бар. Қызыл телпек, қызыл телпек неге сенің көңіл-күйің жоқ болып келе жатырсың. Балалар үстелге отырады. Балалар тәрбиешінің жасағанына қарап жасайды. Қызыл телпек балалардың жасаған алмаларын себетіне салып алып, әжесіне қарай аттанады.
|
Күтілетін нәтиже: Нені біледі:Трафарет арқылы салуды біледі. Игерді: Ермексазбен саусақтар арқылы бастырып жапсыруды игерді. Меңгерді: Ертегі желісі бойынша сахналай алуды меңгерді.
«Дарын» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы.
Күні: 09.01.2017. Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі: «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Жаз» өлеңі Мақсаты: Балаларды жаз мезгілі туралы түсінік беру, жаз өлеңінін ерекшелігімен таныстыра отырып, дүниетанымын кеңейту. Міндеті: Балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу. Құрал-жабдықтар:Төрт жыл мезгілінің суреттері. Қостілділік компанент:Жаз – лето – yenta.
|
Қызмет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі. |
Балалардың қызметі. |
|||||||||||||||||||
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Жылулық шеңбері. Тәрбиеші: -Балалар, бір сәт көздеріңді жұмыңдаршы, қолдарыңды созып, күннің жылулығын сезініңдерші,күн өз нұрын таратып жатыр,- деп айтады. -Басым менің ақылды, қолым шебер, аяғым жүйрік! Сабақ басталғанға дейін топ бөлмесіне жаз мезгілінің қызықтары бейнеленген сюжетті картина іліп, және оның мазмұны бойынша балалармен әңгімелеседі. Балалар сонымен жыл мезгілдері жайлы айтылған аңгіме сендерге түсінікті болды ма?. Сендерге жылдың қай мезгілі ұнайды? Себебін сұрау, балалрмен сұрақ жауап алмасу. |
Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрады. Балалар сөздерге қатысты қимылдар жасай отырып қайталайды. Балалар трбиешінің әңгімесін тыңдайды. Иә, түсінікті болды. Бізге жылдың жаз мезгілі ұнайды. Сұрақтарға жауап беру. |
|||||||||||||||||||
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Балалар бүгін біз сендермен жаз өлеңімен танысамыз. Тәрбиеші балаларға «Жаз»өлеңін айтады. Сергіту сәті Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз, Бір отырып, бір тұрып, Иіліп оңға бір, Иіліп солға бір, Денемізді дұрыстап Тұрамыз тік ұстап. Қорытындылау. Балалар бүгін сабақта не туралы өттік? Неше жыл мезгілі бар екен? Қандай өлеңмен таныстық?
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу 1 - айлық Материал тарифі-96% жеңілдік 00 05 00 ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз 1 990 ₸ 49 000₸ 1 айға қосылу Материалға шағымдану Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз Жариялаған: Токжигитова Аяужан Конысбаевна Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Тақырып бойынша 31 материал табылды
Ашық сабақ Тақырыбы: «Алма ағашы»Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы «Дарын» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: .16.05.2017. Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Мүсіндеу» Тақырыбы:«Алма ағашы» Мақсаты:Алма ағашын ТРИЗ әдісі бойынша ермексаз арқылы саусақпен салуды, шымшу, дөңгелектеу әдістерін қолдана отырып қағаз бетіндегі үлгі суретке дұрыс жапсыра білуге үйрету. Міндеті:Балалардың ой-өрісін, шығармашылығын, қиялдау қабілеттерін, ұсақ қол қимылдарын дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Құрал-жабдықтар: Ақ түсті қағаз бетіндегі трафарет, түрлі-түсті ермексаз, сүлгі, үнтаспа. Үш тілділік: Алма ағашы – яблоня – appie tree.
Күтілетін нәтиже: Нені біледі:Трафарет арқылы салуды біледі. Игерді: Ермексазбен саусақтар арқылы бастырып жапсыруды игерді. Меңгерді: Ертегі желісі бойынша сахналай алуды меңгерді.
«Дарын» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Күні: 09.01.2017. Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі: «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Жаз» өлеңі Мақсаты: Балаларды жаз мезгілі туралы түсінік беру, жаз өлеңінін ерекшелігімен таныстыра отырып, дүниетанымын кеңейту. Міндеті: Балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу. Құрал-жабдықтар:Төрт жыл мезгілінің суреттері. Қостілділік компанент:Жаз – лето – yenta.
|



















