Материалдар / Ашық сабақ тақырыбы: Электролиттік диссоциация теориясы Электролиттік диссоциациялану механизмі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ тақырыбы: Электролиттік диссоциация теориясы Электролиттік диссоциациялану механизмі.

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2018
1591
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Пәні: Химия

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Электролиттік диссоциация теориясы

Электролиттік диссоциациялану механизмі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ЭДТ – сының негізгі қағидаларымен таныстыру, түсіндіру.

Дамытушылық: Жаңа тарау бойынша білімділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Электролиттік диссоциация теориясы мен қышқылдардың, сілтілердің,

тұздардың электролиттік диссоциациялануын түсіндіре отырып

дүниетанымдық тәрбие беру.


Сабақтың типі: Кіріспе сабақ

Өткізу әдісі: Түсіндірмелі - көрнекілік, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: оқулық, электрондық оқулық, интерактивті тақта, тәжірибе

видеофильмдер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

ІҮ. Бекіту сұрақтары

Ү. Үйге тапсырма

ҮІ. Бағалау


І. Ұйымдастыру кезеңі

А) сәлемдесу

Б) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

В) сыныптың тазалығына қарау

Д) оқушылардың назарын аудару


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Өткен тақырыптар бойынша

а) түсінік айту

в) сұрақ-жауап


ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру

Электролиттік диссоциация теориясы


Заттарды суда еріткенде немесе балқытқанда иондарға ыдырауын диссоциация дейміз. Диссоциацияланатын заттар электролиттер, ал диссоциацияға ұшырамайтын заттар бейэлектролиттер. Бұл теорияның негізін 1887 жылы Швед ғалымы С. Аррениус салған.

Аррениус теориясының негізгі қағидалары.

  1. Тұздар, қышқылдар, негіздер ерігенде және балқығанда иондарға ыдырайды.

  2. Ерітінділер мен балқымалардың тоқ өткізгіштігі осы иондардың концентрациясына тәуелді болады, олардың оң зарядталғаны катодқа тартылатын болғандықтан катиондар деп, ал анодқа тартылатындар аниондар деп аталады.

NaCl → Na+ + Cl-

HCl H+ +Cl-

Құрамында ионды байланыстары бар қосылыстарда катиондардың гидротациясы

донорлы-акцепторлы жолмен жүреді. донор су молдекуласындағы электр терістігі басымырақ оттегі атомы, ак акцептор Na+ ионы өзінің бос орбиталіне электрон жұбын қабылдайды.

ЭДТ-ның қазіргі заманғы қағидалары:

  1. Затар суда ерігенде оң және теріс иондарға ыдырайды.

  2. Диссоциацияның себебі – заттардың гидротациялануы.

  3. Электр тоғының әсерінен иондар катод пен анодқа бағытталады.

  4. Диссоциация қайтымды үрдіс.

  5. Электролиттер әртүрлі шамада диссоциацияланады.

  6. Электролит ерітінділерінің химиялық қасиеттері ондағы иондардың табиғатымен анықталады.

  7. Элемент атомымен оның ионының қасиеттері әртүрлі болады.

Электролиттердің диссоциациясын сапалық жағынан сипаттау.

  1. Негіздердің диссоциациясы.

Негіздер дегеніміз – диссоциациялану нәтижесінде әрітіндіге гидроксид

аниондарын бөлетін күрделі қосылыстар.

  1. Қышқылдардың диссоциациясы

ЭДТ бойынша қышқылдар дегеніміз – диссоциациялану нәтижесінде ерітіндіге сутек аниондарын бөлетін күрделі заттар

  1. Тұздардың диссоциациясы

ЭДТ тұрғысынан тұздар дегеніміз – диссоциациялану нәтижесінде ерітіндіге металл катиондары мен қышқыл қалдығының аниондарын бөлетін күрделі заттар.


Есептер шығару:

  1. HCl мен Н3РО4 диссоциациялану теңдеулерін жазып, олардың диссоциациялануының ерекшеліктерін түсіндіріңдер.


ІҮ. Бекіту сұрақтары:

  1. ЭДТ-ның негізгі қағидалары қандай?

  2. ЭДТ тұрғысынан қышқылдарға, негіздерге, тұздарға сипаттама беріңдер?


Ү. Үйге тапсырма

§3 Электролиттік диссоциация теориясы

§ 4 Қышқылдардың, сілтілердің, тұздардың электролиттік диссоциациялануы

Тақырып соңындағы есептері мен жаттығулары


ҮІ. Бағалау


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!