Материалдар / Ашық сабақ тақырыбы: "Энергияның сақталу заңы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ тақырыбы: "Энергияның сақталу заңы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны бойынша жазылған, 7-сыныптарға арналған ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Маусым 2018
1517
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2

Мектеп: М. Исламқұловатындағыжалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні: С. Ерсинов

Сынып: 7 «А»

Қатысқандар: 29

Қатыспағандар: 1

Сабақтың тақырыбы

Энергияның сақталуы және айналуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.3.6 механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

-Механикалық энергия ұғымын біледі, механикалық энергияның сақталу заңының математикалық өрнегін жаза алады, механикалық энергияның сақталу заңын тұжырымдай алады

-Механикалық энергияның сақталу заңының формуласын түрлендіре отырып, есептер шығара алады.

-Механикалық энергияның сақталу заңына күнделікті өмірден мысалдар келтіре алады, есептер құрастыра алады.

Бағалау критерийі

Механикалық энергия анықтамасын айтаалады.

Механикалық энергияның, сақталу заңының формуласын жаза алады.

Механикалық энергияның сақталу заңына есептер шығара алады, есептер құрастыра алады.

Күнделікті өмірдегі мысалдармен механикалық энергияның сақталу заңын байланыстыра алады

Тілдік мақсаттар


Осы сабақтағы кездесетін терминдерді, формулаларды дұрыс оқып, оның мәнін ұғынуға тырысады.

Арнайыпәндік лексика мен терминология:

Механикалықэнерия-Механическая энергия-mechanicalenergy

Тұйық жүйе-Замкнутая система-closed system

Маятник-Маятник-pendulum

туралы білетіндерін, өз ойларын айтып тұжырымдайды.

Құндылықтарға баулу




Индустрияландырумен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығының негізінде түрлі жаңа техникалардың тетіктерінің қозғалысын есептеуде және ғарыштануда қозғалыс тракториясын анықтауда механикалық энергияның сақталу заңының маңыздығын көрсету.

Пәнаралық байланыс

Математика

Алдыңғы білім


Энергия ұғымын, энергия түрлерін, кинетикалық және потенциалдық энергияларды, айырмашылығын, формуласын. Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың формулаларын түрлендіру арқылы есептер шығаруда қолданамын.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


3 минут








7 минут

Сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру:

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға шаттық шеңберін құрамыз

«1,2,3» сандарға санау арқылы ІІІ топқа бөлемін

Бірінші топ: Кинетикалық

Екінші топ: Потенциалдық

Үшінші топ: Механикалық

«Физикалық диктант»әдісі бойынша үш топқа кеспе қағаздары арқылы сұрақтар беріледі:

  1. Энергия дегеніміз ............................................

  2. Потенциалдық энергия дегеніміз ..................

  3. Кинетикалық энергия дегеніміз ...................

  4. =..................................

  5. =..................................

  6. Механикалық энергия деп ..............................

  7. .......................................................

  8. Тұйық жүйе деп .................................

  9. Механикалық энергияның сақталу заңы......

  10. Механикалық энергияның сақталу заңының формуласы...................................................

Дескриптор:

Энергияның, потенциалдық және кинетикалық энергиялардың анықтамаларын біледі.

Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың формулаларын жаза алады.

Механикалық энергияның тұжырымдамасын, математикалық өрнегін, механикалық энергияның сақталу заңын біледі, жаза алады.

Кеспе қағаздары.

Оқулық 7 сынып.

Сабақтың ортасы


13 минут
























10 минут


«Айналма бекетке хат келді» әдісі бойынша конвертпен есептер беріледі.

«Кинетикалық» тобына:

1. Массасы 4000 г дененің кинетикалық энергиясы 800 Дж болса, онда оның жылдамдығы неге тең?

2.Массасы 9,0 г оқ қалыңдығы 5,0 см тақтайға 600 м/с жылдамдықпен соғылып, 200 м/с жылдамдықпен тесіп өтеді. Оның кинетикалық энергиясын, істеген жұмысын және тақтайдың кедергі күшін анықтаңдар. Кедергі күші өзгермейді деп алыңдар.

3.Массасы 160 г хоккей шайбысы 20 м/с жылдамдықпен қақпа торына соғылды. Тор шайба бағытымен 8 см-ге созылды.Қақпа торының қатаңдығы?

«Потенциалдық» тобына:

1. Потенциалдық энергиясы 10 кДж массасы 10 кг дененің нөлдік деңгейденбиіктігі неге тең?

2. Массасы 100 т ұшақ Жерден 1 км биіктікке көтерілгенде жылдамдығы 200 м/с болады. Оның Жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?

3.Массасы 120 г хоккей шайбысы 15 м/с жылдамдықпен қақпа торына соғылды. Тор шайба бағытымен 5 см-ге созылды. Қақпа торында пайда болған серпімділік күшінің мәні?

«Механикалық» тобына:

1. Белгілі бір биіктікте тұрған дененің потенциалдық энергиясы 100 Дж. Біо мезетте ол дене құлай бастады. Өлшенген мезетте оның потенциалдық энергиясы 48 Дж болған болса дененің сол мезеттегі кинетикалық энергиясы неге тең? Жүйені тұйық деп есептеңдер.

2.Массасы 100 т ұшақ 250 м/с жылдамдық алып 8 км биіктікке көтерілсе, ұшақтың жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?

3. Массасы 5 т жер серігін 100 км биіктікке 8 км/с болатын бірінші ғарыштық жылдамдықпен шығару үшін қандай жұмыс шығындалады?

Дескриптор:

Есептің берілгендерін жазады.

Қажетті формуланы жазады.

Өлшем бірліктерді ХБЖ – ға келтіреді.

Формулаларды түрлендіріп есептеулер жүргізеді,флипчартқа жазады.

Қарсы топтармен алмасып, қарсы топтардың есептерін тексеріп туралайды, ұсыныс береді, бағалайды.

«Денотатты граф» әдісімен күнделікті оқушылардың өмірінде көріп жүрген заттардың суреттері беріледі.

Күнделікті өмірде көріп жүрген тікұшақ туралы өз ойларыңды айтыңдар. Есептер құрастырыңдар

(Кинетикалық тобына)

Автомобильдің қозғалысын бүгінгі сабақпен байланыстыр

(Потенциалдық тобына)

Бұл құрылғы өмірде қажет пе? Механикалық энергияның сақталу заңымен байланыстырыңдар (Механикалық тобына)

Дескриптор:

Өз топтардағы суреттерді бақылап қарайды.

Механикалық энергияның сақталу және айналу заңдарын суреттегі заттармен байланыстырады, оның түрленулерін суреттегі затымен байланыстырып түсіндіріп береді.

Суреттегі заттарды пайдаланып есептер құрастырады.

Конверттер, флипчарттар, түрлітүсті маркерлер.

Екі жұлдызша, тілек парағы.













































































Түрлі түсті суреттер.

Флипчарттар.

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма

3 минут

4 минут


Әр топ құрастырған 3 есепті жазып үйде шығарады.

Кеспе қағаздағы формулаларды түрлендіру



Сабақ соңында оқушылардан «BLOB» ағашын пайдаланып кері байланыс аламын.

«BLOB» ағашы, формулалар кестесі

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Физикалық диктант» әдісін үй тапсырмасын қайталау мақсатында алып отырмын. Себебі мұнда оқушылар сөйлемдерді жалғастырып, тереңірек ойланады, ойлау дағдылары қалыптасады. Жауаптарды жаза отырып олардың жазылым дағдылары қалыптасады, қарсы топтардың жауаптарын оқи отырып оқылым дағдылары арта түседі. Өткен сабақта игерген білімдерін еске түсіреді, жинақтайды. Оқушылар сыныптастарының жіберген қателіктерін анықтай отырып, оны түзетеді, мен түзетемін. ЖАДА аймағында қолдау көрсетуді ұйымдастырамын.



«Айналма бекет, хат келді» әдісі бойынша топтарға конвертпен есептер беремін. Ондағы мақсатым бірлесе отырып есептерді шешкенде оқушыда өзіне деген сенімділік пайда болады, 3 деңгейдегі есепті оқушы қарапайымнан күрделіге деңгейлеп шығарады. Қарсы топтардың есептерін тексере отырып топтар есептің шығару жолдарына ұсыныстарын ұсынады. Бұл әдіс арқылы оқушыларды көбірек сыни тұрғыдан ойлануға түрткі болады деп ұйғарудамын. Оқушылар механикалық энергияның сақталу заңының формуласын пайдалана отырып есептер шығарады.



«Денотатты граф» әдісі арқылы оқушылар сыни тұрғыдан терең ойланады. Олар бүгінгі тақырыптың сабақ шеңберінде ғана емес өмірдегі қажеттілігіне, маңыздылығына көз жеткізеді. Өз ойларын айта отырып олардың сөйлеу дағдылары шыңдала түседі. Алған білімдерін практикада қолдана алуға үйренеді. Есептер құрастыру барысында оқушылар сабақта игерген білімдерін негізге ала отырып орындайды. Осы әдісте оқушылар тағы да механикалық энергияның сақталу және айналу заңдылықтарының формулаларын пайдалана отырып құрастырады. Сабақтың өне бойында орындалған тапсырмалар арқылы тақырып бойынша білімдерін жинақтап сабақ мақсатына жету жолында жұмыс жасайды.


«Физикалық диктант» әдісінде оқушыларды өзара бірін – біріне бағалатамын. Ондағы мақсатым бір – бірінің жіберген қателіктерін сыныптастары түзетеді, жас ерекшелігін ескерсек олардың бірін – бірі түзеткен қателері жақсы есінде қалады.

















Оқушылар топтар арқылы «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды, тек бағалап қоймай есептің шығарылуына өз ұсыныстарын, тілектерін білдіреді. Сонымен қатар өзім мақтау – мадақтау арқылы оқушыларға, топтарға баға беріп отырамын.











Бұл тапсырманы орындап болған соң оқушылардың идеяларына, ойларына, құрастырған есептеріне «Басбармақ» әдісі арқылы бағалатамын. Осы арқылы әр топтан шыққан тың ойларды оқушылардың қалай меңгергенін біліп отырамын, оқушылардың ойларына қосымша ой қосып отырамын. Сабақтың өн бойында тапсырманы берген соң оқушыларға флипчарт арқылы, интербелсенді тақтада дескрипторларды оқушыларға ұсынып отырамын. Дескрипторлар оқушылардың оқуының қай деңгейде екенін анықтауына септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде оқушыларға сабақта көзделген мақсатқа қол жеткізуге септігін тигізеді.

Сабақ бойында оқушылардың жеткен жетістіктерін нақты және тиімді кері байланыс ұсыну арқылы бағалап отырамын. Оқуының қай деңгейде екенін нақтылап оқушыға тиімді кері байланыс арқылы жеткіземін.

Топтармен есептерді шығарғанда жарықтың дұрыс түсуін сақтайды, топтарға бөлінгенде партада дұрыс отыру ережесін сақтайды.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!