Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Тақырыбы: "Жақсы сөз - жарым ырыс". 2 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға жақсы сөздің құндылығы туралы түсінік беру. Білімділік: Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; Дамытушылық: Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту; Тәрбиелілік: Ізгілікке, ізеттілікке, жақсы сөз арқылы жақсы мінез - құлыққа тәрбиелеу. Ар- ұят: Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділікті таныту Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Қордай ауданының білім бөлімінің

«Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК





«Бекітемін»

БЖШО директоры:

____________

А.Б. Абыкаева

«__»____2024 ж.




Аудандық семинар



Ашық сабақ:


Тақырыбы: Жақсы сөз – жарым ырыс












«Эрудит» үйірмесінің

қосымша білім беру педагогы:

Майлиева Жазира Балтабаевна









Қордай ауылы

2024 оқу жыл



Қысқа мерзімді (күнделікті) жоспары

     

Сабақтың тақырыбы: Жақсы сөз – жарым ырыс

Бөлім

ІІІ-бөлім.

Педагогтің аты-жөні

Майлиева Жазира Балтабаевна

Күні

26.02.2024

Секция немесе үйірме атауы, топ

«Эрудит» үйірмесі, І топ

Сабақтың мақсаты:



Сабақтың міндеттері:

Оқушыларға жақсы сөздің құндылығы туралы түсінік бер.

Білімділік: Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Дамытушылық: Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелілік: Ізгілікке, ізеттілікке, жақсы сөз арқылы жақсы мінез - құлыққа тәрбиелеу.

Тәрбие құндылықтары:

Ар- ұят: Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділікті таныту

Күтілетін нәтижелер

Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/

Уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс-тар

Сабақтың басы

5 минут


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Сәлеметсіңдер ме балалар! Көңіл-күйіміз қалай? Сабаққа дайынбыз ба?

(Сабаққа психологиялық көңіл-күй) Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жақсы сөз – жарым ырыс». Сабағымызды бастамас бұрын

орнымыздан тұрып, «Жүректен жүрекке» ойыны арқылы бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.

Бір – бірімізге жақсы тілек айтқанда қандай сезімде болдыңыздар?


Нейрожаттығу.


Wordwall платформасы арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу


  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Балалар, біз өткен сабақта әдептілік туралы өткен болатынбыз.
- Тақтадағы суреттерге назар аударайық. Суреттерден қандай жақсы қасиеттер мен жаман әдеттерді көріп тұрсыңдар?

Сәлемдеседі.



Сұрақтарға жауап береді.


Бір-біріне тілектер айтады.






Нейрожатты-ғу жасайды



Топқа бөлінеді.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


Жарайсың-дар!

мадақтау сөздерін айту










Тамаша!






Жарайсың-дар!



Слайд, кеспе қағаздар, видео, суреттер













https://wordwall.net/ru/resource/68894826


Сабақтың ортасы

30 минут
































III. Жаңа сабақ. Балалар, бүгінгі сабағымызда жақсы сөздің құндылығы туралы білетін боламыз.


Сабақтың дәйексөзі: «Сәулең болса кеудеңде, жақсы сөзге құлақ сал»

(Абай Құнанбаев)


1-тапсырма. «Жақсы сөз - жанға қуат» видео көрсету.

- Жақсылық әр адамның айтқан жақсы сөзінен басталады. Сондықтан әр уақытта жамандықтан аулақ жүріп, жақсылыққа ұмтылғанға не жетсін!


2- тапсырма. «Жалғасын тап» әдісі.

1-топ. 1. Жақсы байқап сөйлер

Жаман ...... (шайқап) сөйлер.

2. Жақсы сөз жұбатады...

Жаман сөз .........(жылатады).

3. Жылы жылы сөйлесең,

( жылан інінен шығады)

2-топ.

1. Жылы киім — тәнді жылытар,

Жылы сөз — (жанды жылытар)

2. Жақсы сөз сүйсіндіреді...

(жаныңа қанат бітіреді)

3. Жақсы сөз - достыққа жол ашады.

Жаман сөз –( дос көңілін қалдырады)


3- тапсырма. «Пирамида» әдісі.

1-топ. Сөздің пайдасы.

Сөз қуантады,

Жаныңды жадыратады,

Көңіліңді көтереді

Жұбатады,

Жаныңа қанат бітіреді,

Дос қылады,

Адамдарды табыстырады,

Мерейіңді үстем етеді


2-топ. Сөздің зияны.

Сөз жанды жарақаттайды,

Айықпас дерт салады,

Жаман сөз жылатады,

Алдайды,

Намысына тиеді,

Сүйектен өтеді,

Жаман хабар әкеледі,

Әуреге салады.


4 - тапсырма. «Антиципация» әдісі (алдын-ала болжау)

Мәтіндегі түсіп қалған сөздерді мағынасына сәйкес қойып, мәтінді оқып шығыңыз.


Автобуста


Автобус тоқтайтын _________ келдік. Көп ұзамай көк ________ келіп тоқтай қалды. Екі _______ бірден ашылды. Адам да көп. Бірі мінсе, бірі ____ жатты. Алдыңғы ________ апам екеуіміз ішке кірдік.

- Мұнда ________, - деп, менен үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.

Рақмет, ________, - деді анам отырып жатып.

Апа, не үшін ________ айттыңыз?

Кішіпейілділігі үшін айттым. Сен де солардай бол. Үлкенді ________. Сонда үлкендер саған да ________ айтатын болады. Сәлден кейін базарға жеттік.


5 – тапсырма. «Айна» әдісі (мәтінді оңнана солға қарай оқу)

»ідезіктеж лоқ аққытсод ,аққытсалйыс ылықра уселйөс ысқаж неміріб - ріб радмадА .ідете лапқы ағутрасқаж нысанытақ - мырақ ңыдралО .ідйелөб ақшынауқ ыдрадмада зөс ысқаЖ«


IV. Сергіту сәті. Видео жаттығу.

(Мидың ОҢ, СОЛ жақ бөлігін дамыту, видео арқылы жаттығу жасайық)


6 – тапсырма.

Аудио тыңдау



7 - тапсырма.

«Мнемотехника» әдісі

1 топқа:

1. Құрметті ұстаздар! Сіздерге шығармашылық табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.

2. Жарайсың, құлыным! Менің кішкентайым ата - анасына қолғанат, үлкен жігіт болып қалы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2024
395
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12