400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы: Қышқылдардың, сілтілердің, тұздардың электролиттік диссоциац

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Пәні: Химия

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: § 4 Қышқылдардың, сілтілердің, тұздардың электролиттік

диссоциациялануы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қышқылдардың, сілтілердің, тұздардың электролиттік диссоциациясын

сапалық жағынан сипаттауды үйрету, электролиттердің ерітінділеріне

индикаторлардың әсерімен таныстыру.

Дамытушылық: ЭДТ-сы бойынша білімділіктерін арттыру, қалыптастыру.

Тәрбиелік: Электролиттік диссоциация теориясы мен қышқылдардың, сілтілердің,

тұздардың электролиттік диссоциациялануын түсіндіре отырып

дүниетанымдық тәрбие беру.


Сабақтың типі: Аралас сабақ

Өткізу әдісі: Түсіндірмелі - көрнекілік

Көрнекіліктер: оқулық, электрондық оқулық, интерактивті тақта, тәжірибе

видеофильмдер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

ІҮ. Бекіту сұрақтары

Ү. Үйге тапсырма

ҮІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) сәлемдесу

Б) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

В) сыныптың тазалығына қарау

Д) оқушылардың назарын аудару


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

§ 3 Электролиттік диссоциация теориясы

а) түсінік айту

в) сұрақ-жауап


ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру

§ 4 Қышқылдардың, сілтілердің, тұздардың электролиттік диссоциациялануы

Электролиттердің диссоциациясын сапалық жағынан сипаттау:

І. Негіздердің диссоциациясы:

NaOH ↔ Na+ + OH-

Ca(OH)2 ↔ Ca2+ + 2OH-

Электролиттік диссоциация тұрғысынан негіздерге мынадай анықтама беруге болады.

Негіздер дегеніміз диссоциациялану нәтижесінде ерітіндіге гидроксиданиондарын бөлетін күделі қосылыстар.

ІІ. Қышқылдардың диссоциациясы:

HCl ↔ H+ + Cl- HNO3 ↔ H+ + NO3-

Көп негізді қышқылдар сатылап диссоциацияланады:

H2SO4 ↔ H+ + HSO4- H3PO4 ↔ H+ + H2PO4-

HSO4- ↔ H+ + SO42- H2PO4- ↔ H+ + HPO42-

HPO42- ↔ H+ + PO43-

Элетролиттік диссоциация териясы бойынша қышқылдар дегеніміз диссоциациялану нәтижесінде ерітіндіге сутек катиондарын бөлетін күрделі заттар.

Қышқылдар мен негіздердің бұдан басқа да көптеген теориялары бар, солардың бірін ҚазҰМУ-нің профессоры М.И. Усанович ұсынған.

ІІІ. Тұздардың диссоциациясы:

Орта тұздар:

MgSO4 ↔ Mg2+ + SO42-

BaCl2 ↔ Ba2+ + 2Cl-

Электролиттік диссоциация тұрғысынан тұздар дегеніміз диссоциациялануы нәтижесінде ерітіндіге металл катиондары мен қышқыл қалдығының аниондарын бөлетін күрделі заттар.

Қышқыл тұздар сатылап диссоциацияланады:

Na2HPO4 ↔ 2Na+ + HPO42-

HPO42- ↔ H+ + PO43-

Қышқыл тұздар диссоциациясы нәтижесінде металл және сутек катиондары мен қышқыл қалдықтарының аниондары түзіледі.

Негіздік тұздар суда нашар ериді, алайда олар да аз мөлшерде болса да суда ерігенде аниондарға ыдырайды.

Mg(OH)Cl ↔ [Mg(OH)+] + Cl-

Mg(OH) ↔ Mg2+ + OH

Негіздік тұздар диссоциациясы нәтижесінде негіз қалдығының катионы мен қышқыл қалдығының аниондары түзіледі.

Олай болса, тұздар негіздер мен қышқылдар қалдықтарынан тұратын күрделі қосылыстар болып табылады.

Есептер шығару:

  1. HCl мен Н3РО4 диссоциациялану теңдеулерін жазып, олардың диссоциациялануының ерекшеліктерін түсіндіріңдер.

ІҮ. Бекіту сұрақтары:

  1. ЭДТ тұрғысынан қышқылдарға, негіздерге, тұздарға сипаттама беріңдер?

  2. Мына заттардың ерітіндіде диссоциациялануының теңдеулерін жазыңдар:

а) натрий сульфаты в) барий гидроксиді

ә) бромсутек қышқылы г) мырыш нитраты

б) азот қышқылы ғ) калий гидрофосфаты

Теңдеулерді оқыңдар

Ү. Үйге тапсырма

§ 4 Қышқылдардың, сілтілердің, тұздардың электролиттік диссоциациялануы

Тақырып соңындағы есептері мен жаттығулары

ҮІ. Бағалау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
23.11.2018
883
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі