Материалдар / Ашық сабақ Тақырыбы:"Ноталарды үйренейік!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Тақырыбы:"Ноталарды үйренейік!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардын ноталарды тануын,оны жатқа айтуын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін дамытуға, мінезіне қарай ажырата білуге уйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2020
642
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Музыка

Тақырыбы: Ноталарды үйренейік!

Мақсаты: Балалардын ноталарды тануын,оны жатқа айтуын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін дамытуға, мінезіне қарай ажырата білуге уйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Нота сызығы, ноталардың суреттері, ноталардың суреті салынған автобус, музыкалық аспаптар, аспаптардың суреті, ж/е т.б Билингвальды компонент: нота – нота

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті


Мотивациялық –қозғаушылық

Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, айналып шеңбер жасап тұрады, музыка жетекшісі балалармен амандасады, әртүрлі қимылдар жасап әуенге билейді. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында шаттық шеңбер жасаймыз.

Күннің көзі ашылып
Көкке шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басығой
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздерме апайлар!

Жарайсыңдар!

Өткен оқу қызметін қайталау.

Жұмбақ:

Бас, құлақ, мойны бар,

Үп- үлкен шанағы бар.

Әндетіп шығар әні бар,

Бұл аспап, қай аспап?

-Дұрыс айтасыңдар балалар, біз өткен оқу қызметімізде домбырамен таныстық. Домбыраны көбінесе қайда, не үшін қолданады екен?

-Домбыра аспабында ән де,күй де орындалады.

Балалар,күйдің атасы кім еді?Күй анасы кім?Жарайсыңдар, балалар.Олай болса өткен оқу қызметінде «қасиетті домбыра» әнін үйренген болатынбыз.Соны бір айтып өтейікші.




















-Домбыра

Мерекелерде, тойларда, ән айту үшін,күй тартылу үшінде қолданылады.


Ұйымдастырушылық - ізденістік

-Жарайсыңдар балалар, сонымен бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы. «Ноталарды үйренейік!»

Бізде 7 дыбыс нотасы бар. 5 нота сызығы бар.Кәнекей балалар осы 7 нотаны бірге айтайық До,Ре,Ми,Фа,Соль,Ля,Си.

Ноталарды 5 сызықтың үстіне апарып жабыстырамыз.

Ноталардың алдында скрипка кілті тұруы қажет. Жарайсыңдар балалар,мінекей скрипка кілті де өз орнына келді.Балалар ендеше ноталар жабыстырылған автобусқа мініп музыка әлеміне саяхаттап қайтайық(әуенмен жүріп, залды бір айналады) «бірінші аялдамаға» келіп тоқтайды (Аялдамада хат жатады)

Музыка жетекшісі: Балалар қараңдаршы мына жерде хат жатыр екен, оқып қарайықшы (Музыка жетекшісі хатты оқиды)

Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен музыка әлемінің Ханшайымымын. Менің әлеміме жету үшін сендерге 3 аялдама 3 түрлі тапсырмаларым бар. Бірінші тапсырмам: мына күйтабақтағы әуенді тыңдап оның сөзімен қосып айтып беріңдерші;-депті. Олай болса Дюсембай Жасмин анажаным әнін орындап берсін бәріміз Жасминге қосылып ән айтайық.

Музыка жетекшісі: жарайсыңдар,балалар әнді жақсы орындадыңдар. Ендеше тағыда автобусқа отырайық, (музыка ойналып тұрады) «екінші аялдамаға» келеді. Бұл жерде қандай тапсырма бар екенін хаттан оқып білейік:

Музыка тыңдау: Балалар күй табақтағы музыкаларды тыңдап, оның қайсысы күй,қайсысы ән екенін ажыратып беріңдер; депті. Тыңдап қараймыз ба балалар?

Балалар: - ия қане онда біріншісі (Адай күйі), екіншісі (ән «достар жайлы ән») балалар әуенді дұрыс ажыратады.

Балалар, дұрыс айтасыңдар!, ендеше осындай көңіл күймен келесі аялдамаға жетейік,Ханшайымның тапсырмасын орындайық. (музыка ойнап тұрады,үшінші аялдамаға келіп жетеді)

Үшінші аялдама: Бұл аялдамада қандай тапсырма бар екен хатты оқып корейік: Бұл хатта сұрақтар бар екен, осы сұрақтарға жауап берсеңдер мен сендердің жандарыңнан табыламын; деген

Сұрақтарды оқиды:

- Мынау қандай аспап? (Сазсырнай)

- Сазсырнай калай шертіледі? (Үрлеп)

Ол қандай топқа кіреді (Үрлемелі)

- Мынау қандай аспап? (Домбыра)

Қай топқа жатады? (Ішекті)

Мынау қандай аспап? (Шаңқобыз)

Аспаптардың аттарын балалар музыка жетекшісімен бірге дұрыс табады. Музыка жетекшісі оларға аспаптарды таныстырып айтып өтеді. Балалар, тағы қарап көрейік басқа тапсырма барма екен.


(Осы уақытта залға Ханшайым кіріп келеді )

Ханшайым: Сәлем, достар! Жарайсыңдар! Менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар.

- Сол үшін мен сендерге арнайы дайындап келген сыйлығымды беремін (музыка жетекшісіне нотаның суреті бар қорапша береді)

Мына қорапшада менің балаларға арнаған сыйлықтарым бар, оны балабақшаға баргансоң беріңіз, сау болыңыздар, балалар, менің әлеміме келіп тұрыңыздар! (шығып кетеді)

Музыка жетекшісі: Ноталар, яғни балалар: Біздің де балабақшаға қайтатаын уақытымыз болып қалды. Мінекей автобусымызда келді, қанекей кеттік.(музыка ойналып тұрады, залды бір айналып шығады)

Сергіту сәті:

  • Бейне таспа:

Музыка жетекшісі: Балалар міне біз балабақшаға келдік, балалар біз бүгін қайда бардық? (қайда барғанын, не көргендерің туралы әңгімелейді) ендеше, музыка әлемі Ханшайымының берген қорапшасын ашып көрейік. (балаларға арналған сыйлықтарын табыстайды)

Балалар: Біз музыка әлемінде ән айтып,би биледік және әртүрлі саз аспаптарымен таныстық. Музыка әлемі Ханшайымымен жүздесіп, сұрақтарына жауап бердік.

Музыка жетекшісі: Дұрыс айтасыңдар, тапсырмалар орындадық. Балалар енді бәріміз бірге «мектебім менің мектебім» әнін орындап тобымызға кетейік.








Балалардың жауаптары







































Рефлексиялық- түзетушілік

  • Қорытындылау сұрақтары:

  • 1. Балалар біз бүгін қандай ноталармен таныстық?

  • 2. Музыка әлемінде неше нота бар екен?

  • 3. Неше нота сызығы бар?

  • 4. Ноталардың алдында не тұрады?


Балаларды мақтау, мадақтау.

Сыйлықтарын табыстау





Балалар сұрақтарға жауап береді



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар ноталардың аттарын атай біледі.

Игереді: Музыканың мінезін ажырата біледі,аспаптармен танысты;

Меңгереді: Балалардың музыка мәдениетіне деген көз-қарастарын қалыптастырады.






















МКҚК «Жауқазын» балабақшасы



Ашық оқу қызметі

«Ноталарды үйренейік»





Picture 2





Музыка жетекшісі: Д.Нұрғалиева

















Жетібай ауылы

2020ж



Shape1



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!