Ашық сабақ "Тәрелкені әшекейлеу"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Тәрелкені әшекейлеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: «Тәрелкені әшекейлеу»

Мақсаты: Балаларды белгілі бір тұтынатын бұйымдардың пішініне сәйкес ою-өрнектермен тәрелкені әшекейлей білуге үйрету.

Көрнекіліктер: тәрелкенің суреті, шыны ыдыстар, тәрелке, кесе, ақман.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет салуға арналған ақ қағаз, түрлі-түсті қарындаштар.

Билингвалды компонент: ыдыстар- посуда, тәрелке- тарелка.

Балаларды шеңберге тұрғызу

Шаттық шеңбер

Бала, бала, баламыз

Бақшамызға барамыз

Күні-бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз

Бір шаңырақ астында

Бірге сайран құрамыз.

Тәрбиеші : Өте жақсы балалар, енді орынымызға отырайық. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі.

Тәрбиеші : Күз мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?

Балалар: Күзде күн суытады, жаңбыр жауады, жел соғады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі.

Тәрбиеші : Балалар, бізге қуыршақ Айгерім қонаққа келді. Қане, балалар, амандасайық.

Балалар: Сәлеметсізбе, қуыршақ Айгерім!

Тәрбиеші : Балалар, қуыршақ Айгерім бүгінгі сурет сабағында сендердің қандай сурет салатындарынды көргісі келеді. Ендеше балалар, қуыршақ Айгерімге қандай сурет салатынымызды айтайық. Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Тәрелкені әшекейлеу». Балалар, тәрелкені біз күнделікті тұрмыста, әғни, ас үйде қолданамыз. Тәрелкеге біз неше түрлі тағамдар саламыз, тамақ салып жейміз. Балалар, мына тәрелке қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

Балалар: дөңгелекке, шеңберге

Тәрбиеші : Ал, мына тәрелкенің көлемі қандай? Ал мынаның ше?

Балалар: үлкен-кішкентай .

Тәрбиеші : қане балалар, бірге қайталаймыз: тәрелке- тарелка

Балалар: тәрелке- тарелка

Тәрбиеші : Енді балалар, көрмеге назар аударайық

Көрмеде кесе, тәрелке, ақман, шыны ыдыстар тұрады.

Балалар: ыдыстарды ұстап көреді, пішініне, түсіне көңіл аударады, салыстырады.

Тәрбиеші : Балалар, бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атайды ?

Балалар: ыдыстар деп атаймыз.

Тәрбиеші : Балалар, бірге қайталаймыз: ыдыстар- посуда

Балалар: ыдыстар- посуда.

Тәрбиеші : Балалар, енді осы ыдыстар туралы тақпақтарымызды айтып берейікші

Жанель:

Ыдыстарды жинаймын

Үлкендерді сыйлаймын

Кесе, қасық бәрінде

Өз орнына қоямын


Ақбота:

Анам ыдыс жуады,

Мінезі оңды биязы

Ол барында тұрады

Жайнап үйдің жиһазы.


Медина:

Бәріде бар бақшада

Ойын бөлме асхана

Орындық та, тақта да

Заттарда көп басқада.


Жаңылтпаш:

Шеше, шеше, неше кесе сынды кеше

Тәрбиеші : Жарайсыңдар, балалар! Балалар, енді бәріміз орнымыздан тұрып, бойымызды сергітейік.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз демалып алайық.

Дидактикалық ойын: Тәрелкені тап.

Шарты: алты түсті тәрелкенің түстеріне сәйкес қасықтарды түсіне қарай тауып, тәрелкенің үстіне қояды.

Тәрбиеші : Өте жақсы балалар, енді сурет салуға кірісейік.Тәрелкенің суретін салып,оның ішін «ою»,«су тамшысы» суретін салайық. Алдымен үлкен дөңгелек сызамыз, ішіне орташа дөңгелек сызамыз, сосын шетіне айналдыра кішкентай тамшылар- судың тамшыларын салып, іштерін бояймыз. Өрнегімізді әдемілеп бояймыз. Міне балалар, тәрелкеміз әшекейлі, әдемі болып шықты.

Балалардың салған суретін көрмеге ілу.

Тәрбиеші : Балалар, сендер ненің суретін салдыңдар?

Балалар: тәрелкенің

Тәрбиеші :Тәрелкенің пішіні қандай?

Балалар: Дөңгелек

Тәрбиеші : Тәрелкені қандай өрнекпен әшекейлейсіңдер?

Балалар: «Су тамшысы», кішкентай дөңгелектермен

Тәрбиеші : Жарайсыңдар,балалар! Балалар қуыршақ Айгерім сендерге рахмет айтып жатыр,сендер суретті әдемі салады екенсіңдер.Қуыршақ Айгеріммен қоштасайық.

Сау болыңыз, қуыршақ Айгерім!!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.04.2021
1205
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі