Материалдар / Ашық сабақ Тарихи мұражайлар не үшін қажет?

Ашық сабақ Тарихи мұражайлар не үшін қажет?

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз тарихымызды тану үшін, терең білу үшін керек.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Пән дүниетану Мектеп Т.Аманов атындағы№16 ЖОББМ КММ


Мұғалімнің аты-жөні: Алдажарова А.Е.


Бөлім Мәдени мұра Қатысқандар саны:

Күні Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:

Тарихи мұражайлар не үшін қажет?

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары



4.3.1.2 –тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіру;

4.3.1.3 –мұражайдың өзіндік жобасын ұсыну.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: тарихи мұражайлардың қызметін түсінеді.Мұражайдың өзіндік жобаларын ұсынады.

Көптеген оқушылар: мұражайдағы тәртіп ережесін құрастырады.

Кейбір оқушылар: өздері барған мұражайлары туралы жоспар құрап, әңгіме жазады.

Бағалау критерийлері

1. тарихи мұражайлардың қызметін түсінеді .

2. мұражайдың өзіндік жобасын ұсынады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіреді. мұражайдың өзіндік жобасын ұсынады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

мұражай, жоба, экспонат, экспозиция

Диалог пен жазу үшін пайдаланатын сөздер мен тіркестер

  • Мұражай сөзі нені білдіреді?

  • Өз өлкеңдегі де қандай тарихи мұражайды білесіңдер?

  • Мұражайлар неліктен қажет?

  • Неге ол тарихи деп аталады?

  • Мұражайлардан біз қандай мәлімет аламыз?

  • Біздің еліміздің мұражайларынан қандай ұлы тұлғалар туралы терең білім алуға болады?

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыста тапсырмаларды орындау барысында ынтымақтастық құндылықтар жүзеге асады. Топтар бірін-бірі тыңдау арқылы құрмет құндылығы қалыптасады. Мұражайдың өзіндік жобасын жасау арқылы еңбек және шығармашылық дағдысы көрінеді.

Пәнаралық байланыстар

Мұражайлар туралы жоспар құрап, әңгіме жазу арқылы әдебиеттік оқу пәнімен байланыс орнайды. Түрлі жәдігерлерден өзіндік мұражай құрастыру кезінде көркем еңбек сабағымен байланыс орнайды.

Бастапқы білім

Мұражайдың не екенін біледі және мұражайларға барып көрген.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Балалар бүгіні көңіл-күйіміз қандай?

Қонақтармен «Сәлеметсіз бе?»деп амандасып, тілектер мен жылы лебіздер айтайық.

C-cәттілік

ә-әсерлі

л-лайықты

е-ерлік

т-талант

с-сүйкімді

і-ізгі ниетті

з-зерек

б-байқағыш

е-еңбекқор

(Ө) «Қарлы сұрақтар» әдісі Мұғалім сұрақтарды кішкентай қағаздарға жазып, шиыршықтап, бүктеп әкеледі. Оқушыларға «қар жауды» деп шашып жібереді.Сұрақтар үй жұмысы «Қазақстанда ғылымның дамуы. Қаныш Сәтбаев» тақырыбы бойынша қойылады. Оқушылар алған сұрақтарына жауап береді.













Белсенді оқыту әдістерінің қоры. - http://edu.znate.ru/docs/1412/index-3531.html


Сабақтың ортасы







1 топ. Абай музейі

2 топ. Ерлік пен данқ мұражайы бөлімше

3 топ. Тарихи-өлектану мұражайы

4 топ. Мектеп мұражайы

(МК)Қоржыннан түрлі көне, ескі заттарды оқушыларға кезек-кезек алғызып мағынасын түсіндіріп, бұларды қайдан көретіндерін сұрау.

Мұражай-грекше- «көркемөнер мен ғылымның қамқоршысы» деген ұғымды береді. Әртүрлі тарихи және мәдени бұйымдарды жинау,зерттеу, сақтап, көрме ұйымдастырумен айналысатын мекеме.

Мұражай негізгі бaғыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи мұражайлар (жалпы тарих, археологиялық, этнографиялық, т.б.), көркемөнер мұражайы (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т.б. музейлер), техникалық мұражайлар (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), мемориалдық мұражай (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған мұражай). Мұражай ісінің негізгі бағыттары – мұражай мұраларын (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (рестоврация), зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, мұражайдың кадрлық жүйесін жетілдіру. мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелерэкспозициялар ұйымдастырутақырыптық дәрістерғылыми-практикалық конференциялар өткізумұражайлық басылымдар шығару, т.б. жатады.

Видео тыңдау


(Ж)1-тапсырмада

Дәптермен жұмыс

Дескриптор

А. Мәтінге тақырып сай қойылған.

В. Сұрақтар неге? қалай? не үшін? сөздерімен басталған.

Ататек, тарих, мәдениет, мұражай, экспонат, жәдігер сөздерімен құрастырылған.

С. Өзі барған мұражай туралы 7-8 сөйлем жазылған

(ҚБ) Топта бірін-бірі бағалау парақшаларына бағалайды.

(Т) 2-тапсырмада «Өз мұражайым» әдісі.

Әрбір топқа түрлі суреттер, фломастерлер таратылады. Топ бірігіп өз мұражайларының жобасын жасау керек.

Әр топтан бір оқушы мұражай қызметкері ретінде өз мұражай жобаларын қорғайды. Топтар бірін-бірі бағалайды.

Дескрипторлар:

  • -мұражайдағы жәдігерлер;

  • - мұражай құрылымы;

  • -мұражайдың ерекшелігі.

  • - мұражай қызметі

ҚБ: топтар бірін-бірі бағалау парақшаларына бағалайды













































Сабақтың соңы 5мин


Кері байланыс арқылы балалар өз ойларын қорытындылайды


Саралау қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Саралаудың «Қарқын» әдісін жоспарладым.

Қарқыны баяу оқушыларға уақыт беріліп, қолдау көрсетіледі.


Қарқыны жылдам оқушыларға мынадай тапсырма жоспарладым Мұражайдағы тәртіп ережесі

Өз мұражайының тәртіп ережесін құрастыру керек.

2-тапсырмада саралаудың «диалог және қолдау көрсету» әдісін жоспарладым.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қоямын:

1.Мұражайлар не үшін қажет?

2.Онда нелер сақталады?

3. Мұражайдың маңызы қандай?


Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Рефлекция



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?




















































1

Қазақстанда 1946 жылы қандай академия ашылды?

2

Ғылым академиясының тұңғыш президенті кім?

3

Қандай салаларда зерттеулер жүргізілді?

45

Еліміздің табиғи байлығын зерттеуге зор еңбек сіңірген ғалым кім?

6

Қаныш Сәтбаевты кім деп атаған?

7

1999 жыл кімнің есімімен жарияланды?

8

Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойы қай жылы тойланды?

8

Ғалымның ерен еңбегінің нәтижесінде кен-металлургия комбинаты қай қалада ашылды?

9

Ғылым саласына қай ғасырда мән беріле бастады?

10

Мол өнім берілетін қандай дақылдарға жаңа сұрыптар жасалды?

11

Асылтұқымды жылқыны ата

12<

07 Қазан 2020
1392
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі