Пән мұғалімі: Суйналиева
М.
Сабақ
тақырыбы: Темір және оның
қосылыстары.
Сабақ
мақсаты:
Білімділік – постер қорғау әдісі
бойынша темір атомының құрылысын, элементтің периодтық жүйедегі
орнын, оның қосылыстарын, алу жолдарын, физикалық – химиялық
қасиетін, биологиялық маңызы және табиғатта кездесуін оқып -
талқылау, қосымша мәліметтермен, зертханалық тәжірибемен білімдерін
кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы білімдерін
ұштастыру.
Дамытушылық – оқушының сабаққа зейінін,
қызығушылығын қалыптастыру, білім – біліктілігін
арттыру, өз бетімен ізденуге үйрету,
ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін, ғылыми көз-қарасын
қалыптастыру.
Тәрбиелік – топпен, жеке
жұмыстанып, өздігінен талпынып,
жауапкершілікті саналы сезінетін, өнегелі ұрпақ
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: дәстүрлі
сабақ
Сабақтың
типі: Аралас
сабақ
Сабақтың
әдісі: Сұрақ –жауап, зертханалық,
постер қорғау, тест т.б.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,
үлестірмелі қағаздар,қосымша ресрстар, плакат, зертханалық
тәжірибелер, видио көрсетілім.
Сабақ
барысы:
І.
Ұйымдастыру. Сәлемдесу, сынып оқушыларын
түгендеу, үй тапсырмасын сұрау.
Топқа бөлу - І, ІІ, ІІІ
топ. Әр топ «топ лидерін» тағайындайды. Топ лидеріне бағалау парағы
ұсынылады.
9 Б сынып оқушыларын
бағалау парағы. топ.
-
№
|
Оқушының аты - жөні
|
Тест (1 – 3 балл)
|
Қарлы кесек.
(әр оқушы жауабы 1
баллдан )
|
Постер қорғау.
(толық жауапқа - 3
балл,
қосымша жауап – 1
балл)
|
Зертханалық жұмыс. 1 баллдан
|
Қорытындылау: 1 баллдан
|
Қосымша жауаптар болса 1
балдан,
болмаса жоқ.
|
Жалпы балл
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау.
1)
тест 5 минут.
1. Алюминийді өндірісте алатын
әдіс?
а) Al2O3 + H2 → ә) Al2O3 + CO
→ б) Al2O3 + Mg
→ в) Al2O3 (тұрақты ток) →
2. Мына физикалық қасиеттердің қайсысы алюминийге
тән?
а) жартылай өткізгіш; ә) қызғылт – қара түсті; б)
электр тогы мен жылуды жақсы өткізеді;
в) ауыр металл;
3. Мына қатарда Al
– Ga
– In
– Tl
элементтердің металдық қасиеттерінің
өзгерісі?
а) артады; ә) кемиді; б) өзгермейді; в) периодты
түрде өзгеріп отырады;
4. Сутек бөлінетін реакция:
а) Al + Cu(OH)2 → ә) Al + NaOH → б) Al +
HNO3(конц) → в) Al + H2SO4(конц) →
5.Зат мөлшері 0,2 моль алюминий тұз қышқылымен
әрекеттескенде бөлінетін сутегінің зат мөлшері:
а) 0,2 моль; ә) 0,3 моль; б) 0,4 моль;
в) 0,5 моль
тест жауабы (ИКТ – дан
көрсетіледі)
1
– В, 2 – Б, 3 – А, 4 – Ә, 5 –
Ә.
5 дұрыс - «3» балл
4 дұрыс –
«2»
балл
3 дұрыс –
«1»
балл
2) «Қарлы кесек» ой
сергіту. (Оқушыларға қар
кесектеріне салынған сұрақтар
беріледі)
әр сұраққа 1
баллдан.
1.
Алюминий оксидінің физикалық
қасиеті?(қиын балқитын, ақ түсті қатты зат, балқу темп. 2050
С)
2.Жер қыртысында ең көп таралған
элемент, оның периодтық жүйедегі орнына сипаттама бер.
(Аюминий)
3.
Алюминийдің табиғаттағы
қосылыстарын ата. (боксит, корунд, ортоклаз, далалық шпат, слюда,
нефелин, ақ саз) 4. Алюминотермия дегеніміз не?
(Өнеркәсіпте металдарды
алу.)
5.Боксит формуласы, Қазақстанда бокситтердің
белгілі кен орындары – (Al2O3 * пH2О, олар Қостанай және Ақтөбе облысында
орналасқан.)
6. Корунд - формуласы, одан не
жасалады? (Al2O3 – әшекейлік тастар. Рубин, аметист,
сапфир)
7. Алюмосиликаттар құрамына кіретін металлдар.
(алюминий, оттек, кремний, сілтілік және сілтілік жер
металдар)
8.
1899 ж Лондонда Д.И.Менделеевке не тарту етілді, ол
қандай металлдардан жасалған? (таразы, алтын мен
алюминий) 9. Өнеркәсіпте алюминийді электролиз арқылы қалай
алады, елімізде мұндай зауыт бар ма? (жер балшыққа натрий алюминий
фторидінің қоспасын қосып электролиздейді. 2007 ж ҚР – да Павлодар
электролиз зауыты жұмыс жасайды.) 10. Наполеон ІІІ -ні қатты
қызықтырған металл, одан не жасауды ұйғарды? (алюминий, армиясына
төс белгі мен бассауыт соқтырмақшы болған.)
-
Жаңа сабаққа
өту.
Слайдтан қан плазмасының
суреті көрсетіледі.
– Оқушылар, суреттен не көріп
тұрмыз? (Қан жасушаларын)
– Қан жасушаларында қандай
элемент көп кездеседі? (темір)
ІІІ. Жаңа
сабақ. Ендеше бүгінгі жаңа сабақтың
тақырыбы «Темір және оның қосылыстары»
Әр топқа тақырып беріледі.
Оқушылар постер жасап, оны қорғайды. Оқушыларға қосымша ресурстар
берілді, ИКТ – дан суреттер, таблицалар және видио
көрсетілді.
І – топ.
Темір элементіне сипаттама,
физикалық қасиеті, табиғатта кездесуі, биологиялық
маңызы.
ІІ – топ.
Темір элементінің химиялық
қасиеті, алынуы, қолданылуы.
ІІІ –
топ. Темірдің маңызды
қосылыстары.
IV.
Бекіту. Зертханалық жұмыс.(дәптерге
орындалады)
«Темірдің ІІ,ІІІ қосылыстарына
сапалық реакция».
Тәжірибе демонстрация түрінде
көрсетілді. Қосымша видио түрінде де көрсетілді. Оқушылар не
байқағанын, реакция теңдеуін ИКТ – ға қаламмен
жазады.
V.
Қорытынды. Анықтау
кезеңі. (Металға төмендегі жоспар
бойынша жалпы сипаттама беру.)
І Элементтің периодтық
жүйедегі орны
1.Рет
нөмірі
2.салыстырмалы атомдық
массасы
3.Период
нөмірі
4.Қандай период элементі
(үлкен,кіші)
5.Топ
нөмірі
6.Қай топша
элементі
ІІ Атом
құрылысы
1.Ядро
заряды
2.Ярордағы пратон
саны
3.Ядродағы нейтрондар
саны
4.Атомдағы электрондардың
жалпы саны
5.Электрондық қабат
саны.
6.Сыртқы деңгейдегі электрон
саны
7.Валенттік электрон
саны
8.Валенттілік электрондардың
формуласы
9.Валенттілік электрондардың
электронды-графикалық формуласы
ІІІ Элемент және оның
қосылыстарының қасиеттері
1.Элемент
табиғаты(металл,бейметалл)
2.Эленмент қосылыстарында
көрсететін валенттіліктері мен тотығу
дәрежелері
3.Эленмент оксидтері мен
гидроксидтерінің формулалары
4.Оксидтері мен
гидроксидтерінің негіздік және қышқылдық
қасиеттері
5.Эленмент қосылыстарының
тотығу-тотықсыздану қасиеттері.
VI. Үйге
тапсырма:
§ 37, 38 оқу. 169 бет №6,7
есеп.
VIІ.
Бағалау. Бағалау парақшаларындағы
баллдарды жинақтау.