Материалдар / Ашық сабақ Темірдің маңызды қосылыстары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Темірдің маңызды қосылыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Темір десе біздің көз алдымызда шойын мен болат келеді.Жер бетінде темір жойылып кетсе,не болады деп елестетсек ,көшелерде сұмдық көрініс,темір жолда,поездар да,машиналар да жоқ,көпірлер үйіндіге айналған,өсімдіктер семіп,өле бастаған.Адам денесіндегі 3г темір жойылса,тіршілігін тоқтатып,өліп қалар еді.Бұл көріністі суреттеген,темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог,академик Александр Евгеньевич Ферсман.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2023
248
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң ШЖҚ

«Талғар жоғары медициналық колледжі»

МКК


ГКП на ПХВ

«Талгарский высший медицинский колледж»

ГУ «Управление здравоохранения Алматинской области»

Пән апталығы


Бекітемін

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

____________ Ш.Ж.Айтуганова

«_______» ________________2022 жыл









Кіріктірілген сабақ « Темірдің маңызды қосылыстары »




Пәні: «Химия»

Өтетін күні: 22.12.2022

«Химия-биология» пәнінің оқытушысы Кодекова Т.Б.





























Талғар, 2022 ж


Кіріктірілген сабақ

Пән: Химия

Топ, сабақ түрі: 101Е-9,102Е-9.103Е-9 теориялық сабақ

Сабақ өту күні: 22.12.2022ж.

Сабақ өту уақыты: 1115 – 1245

Сабақ өту орны: 413 кабинет


Уақыты

Сабақтың хронокартасы

Ресурстар

Жауаптылар


1115 – 1245

Ұйымдастырушылық кезең. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа катысуын, сабаққа дайындығын тексеру.Топқа бөлу.

Журнал

Кабинет


Кодекова Т.Б.

топ студенттері



1105 – 11 10

Сергіту сәті

Шар


Кодекова Т.Б.

топ студенттері


1110 – 1130

Өткен білімді еске түсіру

Өрмекше әдісі

Кодекова Т.Б.

топ студенттері



1130-1155

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Дидактикалық материалдар:слайд,видео


Жумаханова Г.

Жолдыбай Ж.

Есимкулова Ш.

Кодекова Т.

топ студенттері


1115 – 1245

Студенттердің өзіндік жұмысы

Кім жылдам әдісі Адасқан суреттер әдісі Бес қадам әдісі,вендиаграмма құрастыру,тест шешу

Кодекова Т.

топ студенттері


1200 – 1215

Жаңа тақырыпты бекіту


«Бес қадам» әдісі

«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»


Кодекова Т.

топ студенттері


1215-1230

Сабақты қорытындылау


Кері байланыс

Бағалау

Кодекова Т.

топ студенттері


1230 – 1245

Үй тапсырмасы

Қайталау

Кодекова Т.

топ студенттері



Оқу жұмыс бағдарламасынан үзінді

Тақырып

. 4.10.

Темірдің маңызды қосылыстары

2

Темірдің маңызды қосылыстары БҚ-1.1, БҚ-1.2, БҚ-2.1, БҚ-2.2.

Кестелер,

Плакаттар

Фотосурет

Тесттер


М.К. Оспанова, К.С. Аухадиева, Т.Г. Белоусова, «Химия» 9 сынып, жаратылыстану-математикалық бағыты, Алматы, Мектеп 2019 ж.



ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

Машина мен трактордың жаны,

            қара металлургияның наны, ол не?         (Темір) 

Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді «Жер бетінде темір жойылып кетсе ,не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс темір жол да,поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған,өсімдіктер семіп ,өле бастаған.Адам денесіндегі 3г темір жойылса , тіршілігін тоқтатып , өліп қалар еді.» ,бұл көріністі суреттеген , темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог , академик А.Е.Ферсман. 

Темір периодтық жүйеде: 
4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26. 
26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон. 
4 электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық конфигурациясы 
1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2 
Тотығу дәрежесі 0,+2,+4, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады.(слайд) 
Жолдыбай Ж. Физикалық қасиеті: Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, тоқ пен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл. Тығыздығы 7,864 г/см3 , балқу t0 ═15390С. 
Осыдан 2000 жыл бұрын Қытай ғалымы Сума Тзян магниттік компасты тапқан. Ол темірдің магниттік қасиетіне сүйенген.Магниттік қасиеті күшті металдар: темір, никель, кобальт. Ферромагнетиктерден магнит құралы, компас жасалады. Радиотехникада, электротехникада қолданылады. 
Темірдің 7690С дейін магниттік қасиеті сақталады.(таблица) 
Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған. Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі, олардың құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америкадан табылған,салмағы 60т .1895 жылыГренландия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған ,қазір Нью-Иоркте сақталуда.Темір күн жүйесінде ең көп тараған элемент.Жер ядросының 90%темір құрайды.Жер мантиясында 12%,жер қыртысында 5%темір бар.Жер қыртысында таралуы бойынша -6 орында. 

Темірдің маңызды қосылыстары.
Темір (ІІ) оксиді немесе (FeO) – негіздік оксид, оңай тотығатын қара                                          ұнтақ, оны мына реакция бойынша алады:
Fe 2O3 + CO = 2FeO + CO2
Қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді:
1) Fe O + 2HCl = Fe Cl2 + H 2O
2) Fe O + CO2 = Fe CO3
Темір (ІІІ) оксиді Fe 2O3 – амфотерлі оксид, бірақ негіздік қасиеті басымдау, ең тұрақты оксид, қызыл-қоңыр түсті, минералы гематит.
І. Алынуы: 1) 2Fe(OH)3 = Fe 2O3 + 3H 2O
2) 3Fe + 2O2 = Fe 3O4
3) 3Fe + 4HOH = Fe 3O4 + 4H2
Кодекова Т.ІІ. Химиялық қасиеттері:
Қышқылмен: Fe 2O3 + 3H 2SO4 = Fe 2(SO4)3 + 3H 2O
қышқылдық оксидпен: Fe 2O3 + 3SO3 = Fe 2(SO4)3
негізбен: Fe 2O3 + 2NaOH = 2NaFeO2 + H 2O
Темірдің гидроксидтері. 
Темірдің ІІ және ІІІ валентті оксидтеріне екі түрлі гидроксидтері сәйкес келеді.Fe (II) гидроксиді – ақ түсті, ал Fe (III) гидроксиді – қызыл-қоңыр түсті. Олар суда ерімейтін заттар.
І. Алынуы. FeCl2 + 2NaOH = Fe(OH)2 + 2NaCl
FeCl3 + 2NaOH = Fe(OH)3 + 3NaCl
4Fe(OH)2 + O2 + 2H 2O = 4Fe(OH)3
Оқушылар презентацияға дайындалғанша  есеп шығарылады

1. Темірдің табиғатта минералдарды FeO, FeS пириттің құрамындағы темірдің массалық үлесін есепте
2. Массасы 50г. темір (III) оксидін алу үшін темір (III) гидрооксидінің қанша грамм қыздыру қажет. 
Жумаханова Г.Тарихшы: 
Темірдің ашылу тарихы: 
Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген. олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымда жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес хеттер патшасына (б.з.д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннанда бағалы болған уақыттар болды. "Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі дамаск болаты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді. 
Делидегі темір бағана (б.э.д. ІҮ-Ү ғасыр) 
(Дели) Индияда б.э.д. ІҮ-Ү ғасырда 415 жылы тұрғызылған темір бағана биіктігі 7 метр, салмағы 6,5 тонна 99,72% таза темірден тұрады, осынша уақыт таттанбауының себебін ғалымдар анықтай алмай отыр.(слайд) 
Эйфель мұнарасы 
1889 жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель алып мұнара құрылысын аяқтады. Париж эмблемасына айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады. 
(Слайд) 
Есимкулова Ш.Биолог:Темірдің биологиялық маңызы. 
Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Адам ағзасына тәуліктік қажеттілігі:

Балалар 4 жастан бастап-18 мг

Ересек ер адамдар-10 мг

Ересек әйел адамдар-18 мг

Екі қабат әйел адамдар-33 мг

Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі. 
Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады. 
Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен –қан аздық(анемия ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан,экологиялық себептерден,әлсіреу ,көп қан кету т.б. пайда болады. 
Темірдің ең көп мөлшері мына өсімдіктер, тағамдар құрамында: 
Итмұрын тұнбасы ,орамжапырақ ,алма ,қара шие ,сиыр еті малдың бауырында 
йф Темір, оның қосылыстарының қолданылуы: 
Магнетит, гемотит, лимонит – шойын және болат өндіру үшін. 
Пирит – күкірт қышқылын өндіру үшін 
Темір купоросы - өсімдік зиянкестеріне қарсы күресте, минералды бояулар жасауда, ағаш өңдеу үшін қолданылады. 
Темір қосылыстары қан аздылық, әлсіздік кезінде дәрі ретінде беріледі. 
Болат пен шойын техникада, тұрмыста қолданылады. 
Темір хлориді (ІІІ) – суды тазарту үшін, мата бояу үшін қолданылады. 
Темір сульфаты (ІІІ) суды тазарту үшін еріткіш ретінде қолданылады. 

Бекіту. «Сен маған, мен саған». Топтар өзара бір - бірлеріне жаңа сабақтан сұрақтар кояды.
Қосымша мәліметтер.(мұғалім сөзі)
Жер бетінде темір алтыннанда бағалы болған уақыттар болды. "Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі дамаск болаты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді. 
Делидегі темір бағана (б.э.д. ІҮ-Ү ғасыр) 
(Дели) Индияда б.э.д. ІҮ-Ү ғасырда 415 жылы тұрғызылған темір бағана биіктігі 7 метр, салмағы 6,5 тонна 99,72% таза темірден тұрады, осынша уақыт таттанбауының себебін ғалымдар анықтай алмай отыр. 
Эйфель мұнарасы 
1889 жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель алып мұнара құрылысын аяқтады. Париж эмблемасына айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады. 
1.Деңгейлік тапсырмалар 
І. «Қанағат» 
1. Реакцияны аяқта, теңестір. 
Fe+O2 → 
Ca+Cl2 → 
Mg+S → 
2. Ион алмасу реакциясын аяқта, толық қысқартылған иондық теңдеуін жаз 
Ba Cl2+ H2SO4 → 
3. Массасы 80 г кальцийдің зат мөлшерін тап. 
ІІ. «Талап» 
1. Ca →CaO→Ca (OH)2 →CaSO4 өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкін болатын 
химиялық реакцияларды жаз. 
2. 80г кальций жанғанда жұмсалатын оттегі және ауа көлемін тап. 
3. Реакцияларды аяқта, теңестір. 
Al (OH)3 → Al2O3+? 
Mg+HCl →Mg Cl2+? 
ІІІ. "Терең ой” 
30г натрий алюминаты қанша көлем көміртек (ІҮ) оксидімен әрекеттесе алады? 
 2NaAlO2+CO2=Na2CO3+Al2O3 V(CO2) қ.ж. →? 
2. 200г 15%-тік натрий хлоридімен күміс нитраты әрекеттескенде қанша г күміс хлориді түзіледі. NaCl+AgNO3=NaNO3+AgCl↓ 
3. KСlO3 →KCl+O2 теңдеуіндегі барлық коэфициенттер жиынтығын тап. 

2. Сәйкестендіру тесті.

Формуласы

Аталуы


  1. Fe Cl2

Пирит

  1. FeS2

Темір карбонаты

  1. Fe(OH)2

Темір (III) гидроксиді

  1. Fe(OH)3

Гематит

  1. FeSO4

темір гидрокарбонаты

  1. FeCO3

калий ферраты

  1. NaFeO2

темір хлориді

  1. Fe2O3

темір (II) гидроксиді

  1. K2FeO4

темір сульфаты

  1. Fe(HCO3)2


натрий ферриті


3. Тест. ( 3топқа  беріледі)
1. Темірдің табиғатта тараған маңызды қосылысы?
А) Магнетит ә) пирит б) гематит в) хлорид
2. Темір қандай жай заттармен әрекеттеседі?
А) Н2 N2 Ar ә) Pb Hg Au б) O2 S CL2 в) Ca Mg Al
3. Темір адам ағзасында ненің құрамында болады?
А) қанның құрамында ә) терінің құрамында
Б) сүйектің құрамы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!