Ашық сабақ: Темперамент

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Темперамент

Материал туралы қысқаша түсінік
Республикамыздың білім саласында өзіндік із қалдыру, үлгі болу, үнемі өзін-өзі жетілдіру мақсатты алға қойып, өзара тәжірибе алмасу мақсатында колледжде өткізген ашық сабағыммен бөліскім келіп отыр. Білім беру саласында жұмыс істеп жатқан әріптестеріме, соның ішінде әсіресе психология пәнінен беретін әріптестеріме пайдасы тиіп қалар деген оймен жариялап отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспарлау

Т.А.Ә. және жұмыс орны

Байсбаев Е.А.

Пән: Психология

Топ: 22 "ш"

Сабақтың тақырыбы:

Темперамент

Мақсаты:

(SMART, орта мерзімді жоспардан алынады)

Білім алушыларға тұлға бойындағы қасиеттер жөнінде, темперамент типтерін ажырата алуға және алған білімдерін  кәсіптік қызмет барысында қолдана білу. Білім алушылардың өз ойларын жеткізе білуіне, өздігінше жұмыс істеуге, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ой - өрісін  дамытып,  өмірге  байланысты дұрыс көзқарастарын қалыптастыра отырып  жан-жақты және үйлесімді етіп дамыту.


Күтілетін нәтижелер:

(орта мерзімді жоспардан алынады)

1.Өткен сабақ бойынша білімдерін пысықтайды

2.Сын тұрғысынан ойлану арқылы іс-әрекеттің түрлерін ажырата алады.

3.Сын тұрғысынан ойлану арқылы темпераменттің маңыздылығын түсінеді.

4. Түрлі тапсырмалар нәтижесінде икемділік, жауапкершілік, ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

5. Теориялық алған білімдерін тәжірибеде ұштастыра біледі.

6.Формативтік бағалау арқылы бір-бірін және оқудағы өзінің дамуын бағалай алады.

7.АКТ-ны тиімді қолданады.

8.Рефлексия жасайды және өзін-өзі реттей алады.

Жетістік критерийлері:

  • Студенттермен объективті қарым-қатынас орнату;

  • Топ мүшелерінің белсенділігі;

  • Сабақ барысында түрлі әдістер мен сергіту жаттығулары жүргізілуі;

  • Сабақтан ой түйіп, қажетін алу


7 модульдің қолданылуы

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау”, Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Оқулық:

(ҚР ББҒМ ұсынған)

1. К. Жұмасова Психология. - Астана, 2010. 296 бет.

2. Қ. Жарықбаев Психология.- Алматы, 1993. 272 бет.

3. НИШ оқулығы үлестірме материалдар. Бірінші апта. Бірінші бетпе-бет кезеңі.


Сабақ барысы/мұғалімнің ескертпелері:


Уақыт

Оқытушының іс-әрекеті

Білім алушылардың іс-әрекеттері

Мақсаты

Оқу үшін бағалау

Ресурстар

1 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Студенттерді түгендеу. Сабаққа әзірлігін анықтау

Педагогпен сәлемдеседі, сабаққа дайындалады . Көңіл - куйлерімен бөліседі.

Жағымды психологиялық қөңіл-күй орнату



5 мин.

Сабаққа кіріспе.

1. Табысқа жету критерийлерін білім алушылармен бірге анықтау

2. Сабақтың афоризмімен таныстыру

1. Табысқа жету критерийлерін білім алушылар барлығы бірге анықтайды. Мысалы:

а) Ынтымақтастықта жұмыс істеу

б) Белсенді тыңдау...

2. Білім алушылар сабақтың афоризмін қалай түсінгенін талқылайды

Өзара әрекеттестікке, бірін-бірі сыйлауға, жұмыла жұмыс істеуге, ұйымшыл болуға баулу


Слайд №1

5 мин.

Білімдерін актуализациялау.

"Миға шабуыл" әдісі

Сұрақтарға жауап береді:


Темперамент дегеніміз не?

Темперамент ұғымын алғаш айналысқа енгізген ғалым?

Темперамент типтерін атаңыз?

Ағзада қанның пропорциясы көп болса, ол қалай аталады?

Қара өт басым болса қалай аталады?

Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген кім?

Бұрынғы білімдерін,ойларын жинақтайды, сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Топ белсендісі анықталып, топ басшысы болып тағайындалуы

Слайд №2

20 мин.

Үй тапсырмасы

"Ойлан-жұптас-бөліс" әдісі. Педагогтың алдын-ала берілген тапсырмасын қорғайды


Білім алушылар ойланып, топтарға бөлініп, өздерінің ең үздік деген идеяларын біріктіреді, өңделген, талқыланған жауаптарын аудиториямен бөліседі.

1 топ - Темперамент және қабылдау.

2 топ - Темперамент және эмоция

3 топ - Темперамент және хобби.

4 топ - Мамандық және темперамент.

Темпераменттің осы ұғымдармен байланысы бар ма? Қандай?

Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі.

Білім алушылардың өз ойларын жеткізе білуіне, өздігінше жұмыс істеу


Слайд № 3-7

Маркер, постер, видео, сухбат

5 мин.

Білімдерін жинақтау және жүйелеу. Әдеби шығарма №1 тапсырма

Мамандықтарыңыз бойынша ағылшын жазушыларының қандай шығармаларын оқыдыңыздар? Сол шығармадағы кейіпкерлерді темпераменттің қандай типіне жатқызасыз? Не себепті? Дәлел келтіру.

Мамандығымен байланыстыра отырып кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру



3 мин.

Сергіту сәті "Мен суретшімін" жаттығуы. Ақ қағаз алып оны төбемізге қоямыз, қағаздың дәл ортасына алма ағашын жемістерімен салып, оң жақтан жадырап тұрған күннің суретін және алма ағаштың жанына өздерін бейнелеу.

Білім алушылар ақ қағаз алып, оны басына қойып, қарамай сурет салады.

Білім алушылардың зейіндерінің шоғырлану деңгейін анықтау. Көңіл көтеру, серігу.



10 мин.

2 тапсырма.

Менің атым – Қожа кинофильміндегі кейіпкерлердің темпераментін анықтаңыз.

Кейіпкерлердің темпераментін дәлел келтіріп анықтайды және кестені толтырады.

Тақтада кесте беріледі:

Флегматик, холерик, меланхолик, сангвиник типтеріне тән қасиеттерін кестеге үш тілде толтыру қажет

Елбасымыздың үш тіліділік жөніндегі "Тілдердің үштұғырлы мәдени жобасын жүзеге асыру" мақсатында


Слайд №

10 мин.

Сабақты бекіту.

"SWOT" талдау арқылы

"SWOT" талдау арқылы бала

темпераментімен санасу және оны тәрбиелеу. Темпераменті әр түрлі баламен қалай жұмыс жасауға болады.

Темперамент типтерін ажырата алуға және алған білімдерін  кәсіптік қызмет барысында қолдана білу.



5 мин.

Сабақты қорытындылау Тест алу

Білім алушылар тест сұрақтарына жауап береді және өзара дәптерлерімен алмасып бірін-бірі тексереді

Алған білімдерін нығайту, пысықтау, бекіту



5 мин.

Бағалау





3 мин.

Рефлексия "BLOB BRIDGE"

Педагог Блоб көпірін ұсынады

Суретте бейнеленген адамдардың арасынан өзіңізге жақын, мен бүгін сабақта, осы деңгейдемін деп байланыстырып өзінізді тауып бояу қажет.

Рефлексия арқылы білімдеріне талдау жасау




Үйге тапсырма

Алдын ала, оза тапсырма беру

1. Мінез тақырыбымен оқып танысу.

2. Конспект жазу.

3. Тақырыптық модульдік кесте сызу.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1 Қ. Жарықбаев. Психология. Алматы "Білім" 1993. 236 - 247 бет.

2. К.С. Жұмасова. Психология. Астана - 2006. 72-93 бет.

3. С.М. Жақыпов. Жалпы психологияға кіріспе. Алматы - 2007. 192-201 б.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.06.2019
1540
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі