Күні: 25.01.2017ж Пән: Математика
Сынып: 6 «Б» Пән мұғалімі: Сайдазимова А.М
Сабақтың тақырыбы: Теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Сызықтық теңдеу құруға және оның түбірін табуда есептер шығару дағдысын арттыру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру, математикалық тілде сөйлеуді дамыту және оқушылардың өз бетімен ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
Тәрбиелік: топтық жұмыста өзара сыйластық қарым-қатынасын қалыптастыра отырып, ізденімпаздық, дәлдік, ұқыптылық, шапшаңдық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточкалар, сурет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, оқушыларды түгелдеу, зейін аудару, көрнекіліктерді дайындау және оқушыларға өзін-өзі бағалау парағын тарату т.б.
Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.
1 - топ Жылдамдық
2 - топ Уақыт
3 - топ Қашықтық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 4 ұпай
№28. Таңаттың бір адымының ұзындығы 75 см, ал Мақсаттікі – 60 см. Егер олар бір нүктеден шықса, қандай қашықтық өткеннен кейін олардың іздері беттеседі? (Жауабы: 300)
№6. Тәжірибелік жер телімінде орам
жапырақ барлық жер алқабының
-ін алып жатыр және оның 24
гектарын құрайды. Ал қалған телім алқабы ауданында картоп пен сәбіз
отырғызылған болатын. Картоп пен сәбіз қанша гектар жерге
егілген. (Жауабы: 56
га)
№7. Ыдыстың
-сіне су құйылған. Егер
ыдысқа тағы 5 л су құйсақ, су ыдыстың жартысына келеді. Ыдыстың
сыйымдылығы қандай? (Жауабы: 50
л)
«Кім? Қандай? Қашан?» ойыны. Қазақ ғалымы О.А. Жәутіков жайлы мағлұмат беру.
ІІІ. Пысықтау сұрақтары. «Қағып ал» ойыны
1. Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?
2. Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
3. Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
4. Егер
болса, бір айнымалысы
бар сызықтық теңдеудің түбірі қалай
табылады?
5. Теңдеудің түбірі дегеніміз не?
6. Теңдеуді шешу дегеніміз не?
7. Сызықтық теңдеуді шешудің неше түрлі жағдайы бар?
8. Мәтінді есептерді шешудің алгоритмі қандай?
9. Мәтінді есептер қандай тақырыптарға байланысты болуы мүмкін?
ІV. Оқулықпен жұмыс – 5 ұпай
№ 898
Теруші шығарманы үш күн терді. Ол бірінші күні шығарманың 40 %-ін, ал екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні шығарманың теретін 25 %-і қалды. Шығармада неше бет болған?
№ 899
Катер А пунктінен В пунктіне ағысқа қарсы жүзіп, 1 сағ 48 минутта барды. Катер қайтарда ағыспен жүзгендіктен, одан 18 мин кем уақытта В пунктінен А пунктіне келді. Ағыс жылдамдығы 2,4 км/сағ. Катердің меншікті жылдамдығын табыңдар.
№ 900
Ұзындығы 12 см тік төртбұрыш берілген. Қабырғасы осы тік төртбұрыштың енінен 1 см кем квадраттың периметрі берілген тік төртбұрыштың периметрінен 10 см кем. Тік төртбұрыштың ені неше сантиметр?
№ 903
Ертедегі есеп. Атасы немересіне 130 жаңғақ беріп, оны жаңғақ саны тең емес екі үймеге бөлуді тапсырды. Сонда кіші үймедегі жаңғақтарды 4 еселегенде үлкен үймедегі жаңғақтардан үш есе кем болуы керек. Жаңғақтарды қалай бөлуге болады?
V. Сергіту сәті. “Шығармашылық” саты. (Логикалық тапсырмалар) – 0-3 ұпай
1. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады.Ал 28
және 29 сандары қай айда кездеседі?
2.Таяқтың екі ұшы бар. Ал, төрт жарым таяқтың неше ұшы бар?
3. Қосарланып жегілген арбамен Қанат 15 км жол жүрді.Оның әр аты
неше шақырым жол жүрді?
4. Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың біреуін атып алды.
Қаншасы қалды?
5. Натурал бөлгіштері екіден көп сан ?
6. Алманың жартысы неге ұқсайды?
7. Сыныпта 13 қыз және 11 ұл бар. Олардың ішінде 2 қыз және 3 ұл
көзілдірік киеді.Сыныптағы қыздардың көздері жақсы көре ме әлде
ұлдардың көздері жақсы көре ме?
8. Сандықта 5 жәшік бар, әрбір жәшікте 3 қорап бар. Ал әрбір
қорапта 10 теңге бар. Сандық, жәшіктер мен қораптардың бәрі
құлыптаулы. 50 теңге алу үшін ең кемінде қанша құлыпты ашу
керек?
9. 1 кг мақта ауыр ма, әлде 1 кг темір ауыр
ма?
VІ. Топтық жұмыс
1. Мына мәтінді есептерді шешіңдер. Жауаптарын салыстырып, төмендегі нұсқалардың біреуін таңдаңдар.
![]()
Ең қысқа
найзағай мен ең
ұзын найзағайдың ұзындықтарының қосындысының мәні 158 км. Ал
ең қысқа найзағайдың ұзындығы ең үлкен найзағайдың ұзындығынан 140
км-ге қысқа. Ең қысқа найзағайдың ұзындығын және ең үлкен
найзағайдың ұзындығын табыңдар.
Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы 16 км/сағ. Оның өзен ағысы бойымен жылдамдығы өзен ағысына қарсы жылдамдығынан 6 км/сағ-ка артық. Өзен ағысының жылдамдығын табыңдар.
![]()
А
. >
![]()
B
. <
![]()
C
. =
D. Салыстыруға болмайды.
2. Теңдеуді құрып, шешіңдер, түсіндірмесін беріңдер.
I топ
-
Коля Дәуреннен 2 жас үлкен, ал Сәуле Колядан 3 жас кіші. Коля, Дәурен, Сәуленің жастарын қосса 37 шығады. Дәуреннің жасын табыңдар.
II топ
1. Әкесі мен оның қыз және ер баласының жастарын қосса 47 шығады. Әкесінің жасы ұлының жасынан 5 есе артық, ал қарындасы ағасынан 2 жас кіші. Ер баланың жасын табыңдар.
III топ
1. 15 үшбұрыш пен төртбұрышта 53 бұрыш болса, үшбұрыш және төртбұрыш бұрыштарының санын табыңдар.
VІІ. Шығармашылық саты. Деңгейлік тапсырмалар – 0 – 3 ұпай
-
-
деңгейі
Тапсырмалар
А
Бір бөлігі екіншісінен 1 м ұзын болатындай етіп ұзындығы 8,6 м жіпті екі бөлікке бөлу керек. Әрбір бөлікте қанша метр жіптен шығады?
А) 3,8 м, 4,8 м В) түбірі жоқ С) 3,6м; 5м Д) 7,6 м; 1 м
В
2. Үш қатарда 165 кітап бар. Бірінші қатардағы кітаптың саны екіншіден 3 есе артық, ал үшінші қатарда екіншіге қарағанда 15 кітап артық. Екінші қатарда неше кітап бар? А) 35 В) 60 С) 30 Д) 45
С
3. Үш санның қосындысының мәні 94- ке тең. Бірінші сан екінші саннан 18-ге кем, ал үшінші сан екінші саннан 4-ке артық. Осы сандарды табыңдар.
А) 18, 20, 56 В) ø С) 18, 36, 22 Д) 18, 36, 40
-
-
-
Тест. кілті
А – деңгей
В – деңгей
С – деңгей
A
C
D
-
VІІІ. Тест тапсырмалары 0-4 ұпай
-
Әкесінің жасы баласының жасынан 8 есе үлкен, ал баласы әкесінен 28 жас кіші. Әкесі неше жаста?
А. 29; B. 40; C. 73; D. 32
-
Анасының жасы баласының жасынан 6 есе үлкен, ал баласы анасынан 25 жас кіші. Анасы неше жаста?
А. 28 В. 30; С. 33; D. 36
-
Ойланған сан 28-ге арттырылды. Сонда ол сан 3 есе артты. Ойлаған санды табыңдар.
А. 14 В. 13 С. 15; D. 20.
-
Ойланған сан 35-ке арттырылды. Сонда ол сан 6 есе артты. Ойлаған санды табыңдар.
А. 8 В. 7 С. 9 D. 10
-
-
Тест. кілті
1
2
3
4
D
В
А
В
-
ІХ. Үй тапсырмасы. № 901, № 902
Х. Оқушылардың білімін бағалау (өздері бағалайды)
Өзін-өзі бағалау парағы
|
Р/с |
Сабақтың кезеңдері |
балл |
|
1 |
Үй тапсырмасы 0-4 б. |
|
|
2 |
Пысықтау сұрақтары 0-3 б |
|
|
3 |
№ 898 0-1 б. |
|
|
4 |
№ 899 0-1 б. |
|
|
5 |
№ 900 0-1 б |
|
|
6 |
№ 903 Ертедегі есеп 0-1 б |
|
|
7 |
Логикалық сұрақтар 0-3 б. |
|
|
8 |
Топтық жұмыс 0-3 б |
|
|
9 |
Деңгейлік тапсырмалар 0-3 б. |
|
|
10 |
Тест тапсырмалары 0-4 б. |
|
|
|
Қорытынды балл |
|
«5»- 20-24 балл
«4»- 15-20 балл
«3»- 7-15 балл
«2»- 0-7 балл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шешу" 6 сынып

шағым қалдыра аласыз