Ашық сабақ. Тіл жəне сөйлеу. 2-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Тіл жəне сөйлеу. 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 2-сыныпта өтті. Бұл əріптестеріме əдістемелік көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1 Еламанова Айша Көптілеуқызы. БҚО.Қаратөбе ауданы.Соналы ЖОББМ. Бастауыш сынып мұғалімі.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сыныбы

2

Сабақтың тақырыбы

Тіл және сөйлеу.

Мақсаты

Оқушыларды бір-біріне жылы қарым-қатынас жасауға, айналадағы адамдармен сыпайы сөйлесуге үйрету. Білімді тиянақтау.

Күтілетін нәтиже

а) Қарым-қатынас жасай алады

ә) Сыпайы сөйлесе алады

б) Ақпарат алмаса алады

Керекті жабдықтар

Сандықша, оқулық, интербелсенді тақта

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу.

Жүректерге құятыны – ғажап тіл,

Өмір сырын ұқтырады сабақ бұл.

Еркін елдің сенім артар ертеңі –

Сәлеметсіз, ғажап қыздар, азат ұл!...


Бүгінгі сабағымызда сіздерден зор талап, биік намыс, терең зерделілікті күтемін.Барлығыңызға сәттілік тілеймін.

Үй тапсырмасын тексеру.

Әдепті сөздер. 5-жаттығу

Кестені толтыр

Оқушы

Қандай? Қайтеді?

Сен ойыңдағы оқушыны қалай жеткізесің?


Сәлемдесу.Кезекшілік міндет.










Сөйлемді оқып, кестені түсіндіреді.


Бірін- бірі критерий арқылы бағалайды. Бас бармақпен бағалау.



Тұсаукесер

І.Қызығушылықты ояту.Миға шабуыл.

Сандықшаны жасыру. Ішінен сөз суырып алу.

-Бұл не?

- Не үшін қажет деп ойлайсың?

-Пайдасы қандай?

-Өмірде не үшін қолданады?

-Неден жасалады?

Заттың не екенін айтады.

Мағынасын түсіндіреді.

Суырған сөзіне жауап береді.


Негізгі бөлім

ІІ. Мағынаны тану.

1.Ой шақыру.

Суретке зер салып қарайық.

-Суреттен кімдерді, нелерді көріп тұрсыңдар?

- Бұл суреттен қандай әрекетті байқадыңдар?

- Суреттегі қимылды бір сөзбен калай атауға болады?

- Қарым-қатынас құралдары.

- Ауызекі сөйлеу не арқылы жүзеге асады?


Тілдің негізгі қызметі қандай?

2. Ой қозғау.

1-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жаз. Адамдарға бірін-бірі түсінуге ... көмектеседі. Сөйлеу арқылы адамдар ... біледі. Сұрағына ... алады. Алыстағы адамдармен ... жазып хабарласады.

Керекті сөздер: жауап, хат, көп, тіл.

2-жаттығу: Аялдама әдісі. Екі баланың әңгімесін рөлге бөліп оқыту.

1-топ: Ағасы мен інісінің арсында қандай әңгіме болды?

2-топ: Сөйлесу арқылы інісі қандай мәліметтер білді?

3-топ: Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауындағы тілдің, сөйлеудің маңызы туралы айт.

Шығармашылық тапсырма.

3-жаттығу. Болжау әдісі.(тақтамен жұмыс)

Әр суреттегі иттің «не айтуы» мүмкін екенін адамның тіліне аударып айт. Сурет бойынша сөйлемдер жаз.

Иттің үргені, мысықтың мияулағаны сөйлеуге жатпайды. Неге?

5-жаттығу. Сахналау. Әңгімені оқы. Сәлім мен Әлім.

1-топ: үлкендермен амандасу;

2-топ: құрбыларымен сәлемдесу;

3-топ: қоштасу.


Сабақтың тақырыбын ашады.

Ақпарат алмасу құралдары туралы білдіреді.





Суреттерге зер салып қарайды.

Бір-бірін тыңдап, кезекпен сөйлейді.

Оқушылар біріге отырып ережесін айтады.

Тілдің көмегімен адамдар қоршаған орта туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді біледі


.


Сөйлемдерді оқып, танысады. Керекті сөздерді қойып жазады.


Бір-бірімен қарым-қатынас жасау түрі диалог жүзеге асады








Ой толғамдарын айтады. Тақтамен жұмыс жасайды.





Бір-бірінің жауабын толықтырып отырады.


Қорытынды

Сиқырлы сандықша.

1. Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?

2. Бірін-бірі көріп, естіп тұрған адамдардың қарым-қатынасы қандай тіл? (ауызекі тіл)

3. Тіл туралы мақал-мәтел айт.

4.Қазіргі кезде адамдар бір-біріне қалай хабар береді?

5. Ежелгі адамдар бір-біріне қалай хабар берген?

6.Адамдардың хабарды жазып беруі қандай тіл? (жазбаша тіл)

Бағалау.

Үйге тапсырма: 4-жаттығу.

Кері байланыс. Смайлик арқылы көрсетеді.


Сыр сандықтағы сұрақтарға жауап береді.


Тапсырманы тиянақты орындайды.







Оқушылар бірін- бірі бағалайды. Сабақтағы көңіл- күйлерін білдіреді.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2018
787
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі