Материалдар / Ашық сабақ «Тілімде менің сыры терең жаным бар»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ «Тілімде менің сыры терең жаным бар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға өз тілін ,өз жерін сүйуге тәрбиелейді. Ой өрісін дамытады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
411
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тілімде менің сыры терең жаным бар»

Мақсаты: Білімділік: тілдің қоғамдық – әлеуметтік қызыметін таныстыру, тіл мерейін көтеру.

Дамытушылық: ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, шешендік сөздердің мән – мағынасын түсіндіріп, бойларына сіңіру.

Тәрбиелік: іздемпаздыққа, шешендікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Кіріспе сөз: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, халықтың сақталуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың ажырамас бөлігі. Ұлы Абайдың өзі «Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас» деп таңырқап тілімізге құрмет жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз. Тіл туралы қаншама кестелі сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Сондықтан «Тілімде менің сыры терең жаным бар» деген атпен өткізілетін сайысымызды бастаймыз.

Пай – пай Қазақ

Ардағым – ай!

Өзінде өмір сүрген қандай бақыт,

Өзіміздің махаббатым, арманым – ай!

Қазақ жері – қасиетті жер. Сол жерді құрметтеу, Тәуелсіздігін сақтау әр – бір Қазақстан азаматының борышы.

Сбақ жоспары:

І кезең: «Таныстыру»

ІІ кезең: «Білімпаздар қалашығы» (сөйлемдер талдау)

1.Біздің Отанымыз – Қазақстан аумағы Батыстан Шығысқа үш мың шақырым, ал Солтүстіктен Оң түстікке дейін мың жеті жүз шақырым. (асты сызылған сан есімдерді орыс тіліне аудар)

2. Тәуелсіздік жолында, желтоқсан құрбандары болған ағалар, әпкелер есімі мәңгі ұмытылмайды. (көптік жалғауын тап)

3. Биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. (орыс тіліне аудар)

4. Көптік жалғауларын ата.

5. Мына сөздерден сөйлем құра: мейірімді, досым, менің.

6. Сөздерді аудар:

1. сверсник – шашы

2. характер – мейірімді

3. добрый – құрбы (құрдас)

4. волосы – мінез

7. Тәуелдік жалғауы бар сөзді тап: Менің Отаным кең – байтақ. Елімнің табиғаты бай.

8. Қыс айларын ата.

Қыста ауа райы қандай болады?

9. Сөлемдегі сөздердің дұрыс орнын тап.

1 2 3 4

Отбасым, менің, тұрады, тату – тәтті

10. «Менің Отбасым» әңгімелеп бер

11. «Менің досым» әңгімелеп бер

ІІІ кезең: «Тапқырлар аялдамасы»

Келді кезек тапқырлықпен шешуге

Жауаптарын күштілерге есуге

Қазақ, орыс, ағылшынды білесіз

Отыз қпай шәкірт саған несібе

«Тапқырлар аялдамсы» кезеңінде жұмбақ жасырылады жауабын үш тілде айтып беру керек.

1.Теңіздей түбі терең,

Сүңгіген жетер әрең (Білім)

2.Аяғы жоқ жүреді

Аузы жоқ сөйлейді (Хат)

3.Таңмен көзін ашады

Әлемге нұрын шашады (Күн)

4.Құс сияқты, құс емес,

Самғап ұшқан биікке

Қақпайды бір қанатын,

Жүрсе де тым биікте (Ұшақ)

5.Ағайынды бәрі:

Шықса – жасыл,

Түссе – сары (Жапырақ)

6.Аяғы жоқ,- жүрмейді,

Үй күзетеді, - үрмейді (Құлып)

7.Қайнамай піскен

Асықпай түскен (Жемістер)

8.Гүлдерге қонады,

Шырынын сорады.

Түр – түсі сары ала

Бұл не? (Ара)

9.Түрі шар сияқты

Түсі қып - қызыл,

Дәмі бал сияқты (Шие)

10.Бір ағашта он екі ұя,

Әр ұяда отыз жұмыртқа (Жыл он екі ай мен күн)









Тест

1.Күз айларын ата:

А) наурыз, сәуір, мамыр

Ә) қыркүйек, қазан, қараша

Б) көктем, күз, жаз

2.Дұрыс жауабын тап: Досымның көзі... .

А) ұзын

Ә) сыпайы

Б) қара

3.- лер, -дер, -тер жалғаулары жуан ба?

А) иа

Ә) жоқ

4.Заттың атын білдіретін сөздерді не дейміз?

А) сан есім

Ә) зат есім

Б) сын есім

5.Қала деген сөзге көптік жалғауын жалға

А) -лар

Ә) -дар

Б) –дер

6.Қазақстанның қазіргі астанасын ата:

А) Қызылорда

Ә) Алматы

Б) Астана

7.Қыс айларын ата:

А) маусым, шілде, тамыз

Ә) жұма, сенбі, жексенбі

Б) желтоқсан, қаңтар, ақпан

8. «Әдемі», «сұлу», «көркем», «көрікті» деген сөздер қандай сөздер?

А) синоним

Ә) антоним

Б) омоним

9. Антоним сөздерді көрсет.

А) мектеп, сабақ

Ә) үлкен, кіші

Б) ата, әже

10. Буынға дұрыс бөлінген сөздерді табыңдар.

А) ше –бер – ха – на

Ә) шеб – ер – хан – а

Б) ше – бе – рха – на





















ІV кезең: «Ойлан, тап!»

V кезең: «Ойтолғау» «Жасай бер Қазақстаным!»

VI кезең: Тест

VII кезең: «Сөзжұмбақ»

Биік ұста Тәуелсіздік алауын,

Бірлік, достық, бейбітшілік – қалауын

Мерейлі жыл – 20 жылдығын, құт болсын,

Бақ кетпесін әр үйінен қазағым!

Отанымызды қорғауға әрқашан дайын болып, халқын сүйер ер азаматы болыңдар.































АНАТАС





ҒАРАДНАҚЫ





УРАТАЫ





ЫАМЛАТ







КАУӨШКЕТ



ӨЕНЕМСК





ЗАТАР





ТЕМКШЫН







ЙЕСЕМ





ҒАЖАҚЗЕЗН



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!