Ашық сабақ: "Түбірлес сөздері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: "Түбірлес сөздері"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Түбірлес сөздер

Сабақтың мақсаты:

 а) Түбірлес сөздерді оқушыларға таныстыра отырып, түсінік беру.

ә) Жаттығулар орындай отырып, түбірлес сөздер туралы алған білімдерін дамыту. Оқушылардың ой-өрістерін, сөздік қорларын дамыту.

б) Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, «Топтастыру» стратегиясы.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: Ереже жазылған плакат, «топтастыру» стратегиясы, тақырыпқа байланысты суреттер.

Оқытудың нәтиже:

а) сөз, сөздердің жазылу емлесін, түбірлес сөздер туралы түсінікті білулері тиіс. Сонымен қатар, қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігін білулері тиіс.

 ә) түбірлес  сөзге алдымен жұрнақ, соңынан жалғау жалғанатындығын. Сөздерге жұрнақ жалғау арқылы сөз мағынасын өзгертуді игерулері тиіс. 

б) жаңа сөз жасайтын қосымшалар мен сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшаларды бір-бірінен ажыратуды. Сөзді құрамына қарай талдауды меңгерулері тиіс. 

Жұмыстың  формасы:дара,жұппен,топпен.

Психологиялық ахуал

1 мин Өнер де,ой да, білім де,

Өркендер қазақ тілінде,

Ананың сүтін сүйгендер.

Саналы білім үйренер,

Алу үшін сапа білім,

Ардақтаймыз қазақ тілін! Шеңбер  құрып,  бір  біріне  сәттілік  тілейді.



Ұйымдастыру кезеңі

1 мин Оқушыларды топтарға бөлу. Топ жетекшілерін сайлау

Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету 5мин

Түбірлес сөздермен таныстыра отырып, түсінік беру. Сөйлем ішіндегі түбірлес сөздерді табу.

 

 

Түбірлес сөздер дегеніміз – бір сөзден бірнеше мағына болып тұрған сөздерді түбірлес сөздер деп айтамыз. Мысалы: Оқу – оқулық – оқушы

Әр  топ  анықтамаларын айтады.

Түсіну

6мин Суретке қара. Түбірлес сөздерді оқы.

Балалардың тіл байлықтарын дамыту мақсатында ауызша жаттығу жұмыстарын жүргізу. Оқу, оқушы, оқулық, оқуға.

Қай сөз түбірлес сөздер тобына жатпайды?



Қолдану

 7мин Әр топқа бір түбір сөз беріледі.

1-топ   «Білім»

2-топ   «Шебер»

3-топ   «Зерек»

4-топ   «Бас»

Түбір сөзге жұрнақ пен жалғау жалғайды.Сөзге байланысты мақал құрастыру.

Әр топтан бір оқушы қорғайды.

Талдау

 Оқулықпен жұмыс: 8мин

Топпен,жұппен

1-жаттығу.

2-жаттығу.

3-жаттығу.

5-жаттығу. Сынып оқушыларының деңгейіне қарай орындалады.



Сергіту  сәті: АКТ 2мин « Музыка» әнімен жаттығу  жасау

 Оқушылар қимылмен қозғалып жасайды.

Синтез 

СТО үйрету 5мин

Сөздерді оқы. Бәрі түбірлес сөз бола ала ма? Тек түбірлес сөздерді көшіріп жаз. Әр сөздің түбірін тиісті белгімен белгіле. Бала, балақай, балақан, баламен, балалық

Сый, сыйлау, сыйлық, сыйлы

Егін, егіндік, егінші, егінді.

Бағалау

10мин Тест беріледі. Өзін -өзі тексеріп  бағалайды.





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.06.2018
678
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі