Материалдар / Ашық сабақ "Тұңғыш ғарышкер" 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Тұңғыш ғарышкер" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғарышкерлер туралы оқушыларға мәліметтер кеңінен беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Маусым 2018
2804
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тұңғыш ғарышкер

Сабақтың тақырыбы: «Тұңғыш ғарышкер» Олжас Сүлейменов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңінің мазмұнын түсіндіру, тұңғыш ғарышкер туралы мағлұмат беру;
Дамытушылық: Жұмбақтар шешу арқылы оқушылардың ойын, қиялын, зейіндері мен есте сақтау қабілеттерін, сөз тіркестері арқылы сөйлеу тілдерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдыққа, достыққа, ғарышкерлерді ұмытпауға, құрметтеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту.
Сабақтың формасы: топтық, жұптық.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, талдау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ойын элементтері, слайд, суреттер.

І.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу.
ә) Оқушыларды түгелдеу.
б) Оқу құралдарын дайындау.
в) Назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық:
- Осы біздер қандаймыз? - Біз кімбіз?
- Талабы биік таудаймыз! - Елімізді өркендететін,
- Біз нені ұнатамыз? Қазақ тілін көркемдететін,
- Жақсылықты ұнатамыз, Бабаларға тағзым ететін,
Жамандықтан тез қашамыз. Аналарға бас иетін
- Қалай оқимыз? Елтаңбасымен еңселі,
- Көп оқимыз. Терең оқимыз. Туымен тұғырлы,
- Жанып тұрған шырақпыз. Әнұранымен айбатты –
Толқынды су бұлақпыз. Қазақ елінің болашағымыз!


Қызығушылықтарын ояту:
Сабақ бастамас бұрын, топқа бөлініп, ат қойып алайық. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын, қай топ жұмбақтың жауабын дұрыс тапса сол топ атты иеленеді.
1. Таңмен көзін ашады.
Әлемге нұрын шашады. (күн)
2. Қараңғыда жымыңдай, жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады. (жұлдыз)
3. Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреді бірге. (ай)
Әр топ өз топтары жайлы айтып өтеді.
Күн - Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун.) планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан, шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі.

Ай – Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен айналады. Ай Жер тәрізді, диаметрі 3476 км (Жер диаметрінен 4 еседей аз)

Жұлдыз – өте күшті қызған газдан (плазмадан) тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелері. Күн Жерге жақын болғандықтан ғана үлкен болып көрінеді. Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқандықтан, телескоппен қарағанның өзінде де нүктедей ғана болып көрінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Кәмен Оразалиннің «Абай шаңырағы» әңгімесін мазмұндау.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
«Ғажайып жұлдызшалар» әдісі.
Жұлдызшаларда «Абай шаңырағы» бойынша сұрақтар берілген. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беріп өз топтарына балл жинайды.

1. Абай Құнанбаев кім?

2.“Абай шаңырағы мәтінінің авторы кім?

3. Мәтінде Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған кім?

4. Киіз үйді көрген Әуез қарт қандай күйде болды?

5.Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді?

6. Сүйек тас деген не?

7. Алаша деген не?

8. Ызу деген не?

9. Шымши деген не?

10. Кәмен Оразалин туралы мәлімет ?

11.Абай Құнанбаев қай жылдары өмір сүрді?

12. Абай Құнанбаев жайында Абай жолы романын кім жазды?


IV.
Жаңа сабақ:
- Балалар, тақтадағы өрнектердің мәнін тауып, өсу ретімен орналастырсақ бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты шығады.

Тұң ---------- ғыш ---------- ға ----------- рыш ---------- кер
70*2 -------- 490: 7 -------- 8*5 ---------- 120: 40 ------ 10: 10
Автор жайлы мәлімет

Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі, саяси және қоғам қайраткері
1936 жылы Алматыда дүниеге келген
1989 жылдан «Семей Невада қозғалысының төрағасы
Жазушы, ақын
«Арғымақтар» 1961 жылы шықты
2002 жылдан ЮНЕСКО – дағы Қазақстанның тұрақты өкілі.
Өлеңді үнтаспадан тыңдату.

«Ой қозғау»
- Ендеше, біз бүгін Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңін өтеміз.
- Тақтаға қарайықшы балалар, Ғарышкер сөзін сөз құрамына талдайықшы.
- Сөз құрамы неден тұрады?
- Түбір мен қосымшадан.
- Ғарышкер қай сөз табы?
- Зат есім.
- Балалар, Ғарышкер дегеніміз кім?
Ғарышкер – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам. Адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық.
- Қандай ғарышкерлерді білеміз?
- Ғарыш айлағы дегеніміз не?

- Қазақстанның ғарыш айлағы бар ма?
- Қалай аталады?
- Байқоңыр.

Ғарышкерлер жайында видеоролик көрсету және талқылау.


- Өлең кім туралы?
- Юрий Алексееич Гагарин туралы.
Юрий Гагарин туралы мағлұмат беру.

Оқулықпен жұмыс:
Оқушыларға тізбектей оқу әдісі бойынша оқыту. Өлеңді сұрақ – жауап арқылы талдау, әңгімелеу.
- Ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді?
- Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді?
- Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін, қадірлейтіндігін қалай білген?

V. Сергіту сәті:
«Али мен Айя» мултьфильмінің «Мен ғарышкер боламын» әнін айтқызу.

Қазақ халқының ғарышкерлері туралы әңгімелеу.
Т. Әубәкіров туралы мәлімет беру.
Байқоңыр ғарыш айлағынан 1991 жылы қазан айының 2 – сі күні қазақтың қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Қазақстанда тұңғыш болып ғарышқа үшты. Ол сапарынан аман – есен жерге қонды.

ТалғатМұсабаев – Алматы облысында дүниеге келген. Ол ең алғаш ғарышқа 1994 жылы ұшты. Ол үш мәрте ғарышқа ұшқан.

Айдын Ақанұлы Айымбетов (27.07.1972, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы) - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы.

2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.

VІ. Дәптермен жұмыс:
Ю. А. Гагарин – ғарышқа 1961 жылы ұшты.
Т. О. Әубәкіров – 1991 жылы ұшты.
Т. М. Мұсабаев – 1994 жылы ұшты.

А.Айымбетов – 2015 жылы ұшты.


VІІ.
Жаңа сабақты бекіту: «Бал жинау» ойынын ойнау.
І – топ: Сұрақтары:
10 -
Қазақтан ұшқан тұңғыш ғарышкер?

20 - Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қай жылы ұшты?

30 - Тоқтар Әубәкіров кім?

40 - Тоқтар Әубәкіров қандай кемемен ғарышқа ұшты?

ІІ – топ: Сұрақтары

10 - Талғат Мұсабаев ғарышқа қай жылдары ұшты?

20 - Талғат Мұсабаев қай жерде дүниеге келген?

30 - Талғат Мұсабаевтың мамандығы.

40 - Талғат Мұсабаевтің ғарышта болған уақыты?

ІІІ – топ: сұрақтары

10 - Айдын Айымбетов кім?

20 - Айдын Айымбетовтың туған жері?

30 - Айдын Айымбетовтың әскери атағы?

40 - Айдын Айымбетовтың марапаттары?

VІІІ. «Ой толғау». Әр топқа тақырыптар беріледі.Сол тақырыптар бойынша

5 жолды өлең құру.

1-топ: Ғарышкер туралы

2-топ: Тоқтар жайында

3-топ: Ғарышкер болғым келеді


ІХ. Жаңа сабақты қорытындылау:
«Сырға толы сандар» әдісі. Сен білесің бе?

Сандардың құпиясын ашатын болады.

1936 ж — Олжас Сүлейменов дүниеге келген.

1961 ж — Юрий Гагарин тұңғыш ғарышқа ұшқан.

1991 ж — Тоқтар Әубәкіров қазақтан тұңғыш ғарышқа аттанған.

1994 ж — Талғат Мұсабаев ең алғаш ғарышқа ұшқан.

1998 ж — Талғат Мұсабаев екінші рет ғарышқа ұшқан

2001 ж — Талғат Мұсабаев үшінші мәрте ғарышқа ұшып рекорт атанған.

2015 ж — Айдын Айымбетов ғарышқа ұшқан.


Х. Үйге тапсырма беру:
1. Өлеңді жаттау.
2. Ғарышкерлер туралы мәлімет жинау.

ХІ. Бағалау:
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.

Рефлекция.

«Бес саусақ» әдісі

1.Бас бармақ –басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2.Балаң үйрек –бірлесу. Мен топта қалай жұмыс істедім?. Кімге көмек бердім?

3.Ортан терек –ойлану. Мен бүгін қандай білім алдым?

4.Шылдыр шүмек-шынайылылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.Кішкене бөбек көңіл-күй. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!