Ашық сабақ "Түркия республикасы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Түркия республикасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Түркия республикасының құрылуы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні:

Сыныбы:

Мерзімі:

Тексерілді:

Дүниежүзі тарихы

9



Сабақтың тақырыбы:

§. 10. Түркия

Сабақтың мақсаты:

Түркия халқының ұлт – азаттық күресінің негізгі себептерін ашу, Мұстафа Кемалдың қызметі, реформалардың маңызын, тәуелсіздіктің жария лануы, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркия туралы білімдерін қалыптастыру; негізгі деректермен жұмыс, оқушылардың қажетті ақпараттар алу жүйесін қалыптастыру, логикалық ой – өрісін жетілдіру, танымдық қызығушылығы дамыйды. Оқушылардың дүние тарихына құрметпен қарауға, достыққа, бір – бірін түсіне білуге дағдыланады.

Сілтеме:

Қожахметұлы К. , т.б. Дүниежүзі тарихы (1914 жылдан бүгінгі күнге дейін). Алматы: «Мектеп» баспасы

Базалық білім:

Жаңа заман тарихы кезеңіндегі Осман империясы туралы оқыған тарихи оқиғалар туралы түсініктері

Пән аралық байланыс:

География, Қазақстан тарихы, Құқыұтану, Дінтану негіздері

Көрнекілік:

интерактивті тақта, оқулық, карта, слайд, таратпа қағаздар, бағалау парағы

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар өз бетінше тарихи оқиғаларды салыстырмалы түрде қарауға, проблемалық тапсырмаларды өз бетінше шешуге дағдыланады, тақырып бойынша маңызды кезеңдерге тоқталып, ой тұжырымдайды, оған тарихи баға беру түсінігі қалыптасады

Түйінді идеясы:

Әрбір мұғалім күтілетін нәтиже мен қалыптастырушы бағалауды білуге тиісі.

Білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатыда тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтауға мүмкіндік алады.

Бағдарлама бойынша негізгі фактілерді үйреніп, ізденеді, толықтырады, ой түйеді.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

1. сәлемдесу. Жағымды орта орнату

2. оқушыларды сабаққа дайындау, топтарға бөлу

3. сабақтың мақсатымен таныстыру

І. Миға шабуыл. Үй тапсырмасы

1-тапсырма.

Кім жылдам: сұрақтар

1. Бірінші дүниежүзілік қай жылдары болды? Қарама-қарсы одақтар.

2. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның жағдайы.

3. «Күріш бүлгіншілігі» деген не?

4. Қай жылы Жапония «Үштік одақ» атанған әскери одаққа мүше болды?

5. 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапония қайда шабулы жасады?

6. Атом бомбасы тасталған жапон аралдары.

2-тапсырма:

«Ыстық орындық» ойыны. /Оқушылар өзара сұрақтар қояды/.

Сұрақтарға жауап беріп болған соң слайд арқылы Түркия картасы беріліп, өткен сабақ жаңа сабақпен байланыстырылады.

ІІІ. Жаңа тақырып:































Жаңа тақырып: Түркия

Тақырыпша бойынша оқулықпен және қосымша мәтериалдармен жұмыс. /Оқушылар тақырыпша бойынша және қосымша материалдар арқылы өзіндік жұмыстар жасап, постер дайындайды/

І. Ұлт - азаттық күрестің басталуы

  • Ұлт-азаттық күрес түрік халқы біртұтас топтасқан аймақ – Анадолы түбегінде 1918-1923 жылдары болды.

  • Ұлт-азаттық күрестің басын біріктіруді – Мұстафа Кемал паша ұйымдастырды.

  • 1919 жылы тамыз және қыркүйекте Құқық қорғау ұйымдарының жалпытүркиялық конгрестері өткізілді.

  • ІІ. Түркияның тәуелсіздігінің жариялануы

  • 1920 жылы Түркияның тәуелсіздігі мен тұтастығы жарияланды

  • 1921 жылы 16 наурыз Кеңес - Түркия достық келісімі жасалды

  • 1923 жыл 29 қазанда Түркия Республикасы жарияланды

  • 1924 жыл 20 сәуірде Түркияның жаңа Конституциясы қабылданды

  • 1924 жылы шілде Лозаннада 7 мемлекет Түркияның аумақтық бүтіндігін мойындады

  • ІІІ. Кемал үкіметінің реформалары:

  • Азаматтық мектептер

  • Еуропалық киім

  • Латын алфавитіне көшу

  • Азаматтық сот

  • Ақшалай салық енгізу

  • Фамилия енгізу

  • ІҮ. Түркия екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында:

  • 1941 жылы Түркия делагациясы Мәскеуге келді

  • 1941 жылы 18 маусымда германиямен достық шартына қол қойды

  • 1941 жылы 25 маусымда Түркия бейтараптық саясат ұстайтынын жариялады

  • 1943 жылы АҚШ пен Англия басшыларымен кездесті

  • 1945 жылы 23 ақпанда Германияға соғыс жариялады

  • 1945 жылы 19 наурызда КСРО мен келісім жойды

Постер қорғауға арналған тақырыптар: /Постер қорғауға арналған тақырыптарды бүгінгі күнмен байланыстру арқылы өз ойларын ашық және еркін айтуға үйренеді/

1. Астанасын ауыстырды

2. Азаматтық мектептер мен Еуропалық киім үлгісі

3. Латын алфавитіне көші

4. Фамилия енгізу

IV. Қорытынды

Оқушылар тақарыпша негізінде топпен жасаған жұмыстарын қорғайды.

Түркия мемлекетінің тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік пен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жүргізген реформаларының артықшылықтары туралы қортындыланады.

V. Бағалау.

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы әр топ келесі топ туралы тілек айтады.Топ басшылары топ мүшелерін бағалау парағы арқылы бағалайды.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
987
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі