«
Тексерілді»
№
23 «Айзере»
балабақшасының
әдіскері
___________ Ажигалиева
С.О.
«_____»___________2020ж
.
№8
«Арайлым»
ортаңғы тобының
ұйымдастырылған
ашық оқу
қызметі
Тақырыбы: «Түрлі түсті
доптар»
Дайындаған: Дене шынықтыру пәнінің
нұсқаушысы
Өскембаева Гауhар
Бақытқызы
№8 «Арайлым» ортаңғы тобының
дене
шынықтыру ашық оқу
қызметі
Білім беру
саласы: денсаулық, сөйлеу
дамыту.
Бөлімі: Дене
шынықтыру.
Тақырыбы: Түрлі түсті
доптар.
Білімділік: Балаларға тақырып мазмұнын
түсіндіру.
Дамытушылық: Балалардың дене шынықтыру
пәніне деген қызығушылығын оята отырып, дене тәрбиесіне
белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа,
тазалыққа, өз бетімен жұмыс жасауға
тәрбиелеу.
Мақсаты: доппен жаттығулар арқылы
қозғалыс тәжірибелерін байыту.
Керекті
құралдар: балалардың санына қарай
диаметрі 20 см түрлі түсті доптар,арқан, гинастикалық
орындық.
ҰОҚ
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі.
Сапқа тұру. Сәлемдесу. Сап
оңға бұрылып жүгіру. Қол белде,аяқтың ұшымен жүру. Қол
желкеде,өкшемен жүру. Сап төрт қатарға бөлініп жаттығулар
жасау;
Жалпы дамытушы
жаттығулар:
-
Б.қ. Аяқты иық деңгейінде
ашып, қолды белге қойып басымызды 1-оңға, 2-тіке, 3-солға, 4-тіке
бұрады.
2. Б.қ. Басымызды 4 рет оңға,4
рет солға айналдырады.
3. Б.қ. Аяғымызды иық
деңгейінде ашып, қолымызды иығымызға қойып, алға 4-рет, артқа 4-рет
айналдырады.
4. Б.қ. Аяғымызды иық
деңгейінде ашып, қолды алға созып, 1- алға, 2-жоғары, 3- алға
созып, 4- төмен түсіреді.
5. Б.қ. Аяғымызды иық
деңгейінде ашып, қолымызды алға созып
қойшылайды.
6. Б.қ. Қолымызды белімізге
қоямыз, белімізді оңға 4 рет, солға 4 рет
айналдырады.
7. Б.қ. Аяқтарымызды қосып,
қолымызды белге қойып, алға, артқа
секіреді.
8. Бірінің артынан бірі сап
түзеп жүреді. Терең тыныс алып, «ауызбен дем алып, мұрынмен
шығарады » жаттығуын жасайды.
Негізгі
кезеңі.
Допты екі жағынан қос қолдап
ұстау керектігін, бір-бірімен қақтығысып қалмауға тырысу керектігін
түсіндіреді.
Шеңбер құрып тұру. Музыканың
ырғағымен доппен жасалатын жалпы дамыту жаттығуларын
орындайды.
Тепе-теңдік еденге тасталған
тақтайдың үстімен аяқтың ұшымен жүру.
Ойын:
«Көпір үстімен жүріп
өт»
Аяқты сулап алмас үшін
тақтайдан шығып кетпеуге тырысу қажет. Аяқтың ұшымен жүру-
балалардың өкшені баспай, басты тік ұстап, алға қарай жүруін
қадағалау.
Қорытынды
кезеңі.
ҰОҚ-ны қорытындылайды.
Балаларды ынталандырады. Біз ептілік пен алғырлықты
үйрендік.