Ашық сабақ "Турлаулы мүшелер" 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Турлаулы мүшелер" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін мұғалімдерге көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар. Тексерілді: __________________________________


Сабақтың тақырыбы:

Мектеп: №71 ЖОМ

Турлаулы мүшелер

Күні: 06.11.2017

Мұғалім: Юсупова Гулчехра Батирхановна

Сынып: 3

Қатысқан:

Қатыпағандар:

Сабақта меңгерілетін

дағдылық мақсаттар

Бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі қызметін байқатып,тұрлаулы мүшелерді меңгерту. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш пен баяндауыш туралы білімдерін кеңейту.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Жаңа білімге мысалдар келтіре біледі.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Тақырып мазмұнын түсінуі тиіс

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Оқулықтағы тапсырмаларды өз бетінше орындауды

Жоспар

Жоспарланған

уақыттар

Жоспарланған уақыт (жаттығулар)

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралдарын, оқушыларды түгендеу. 
Психологиялық дайындық: 
Мұғалім: 
- Әрбір адам? 
- Әрбір сабақ? 
- Әрбір ісің? 
- Әрбір сөзің? 
Оқушылар: 
Туысым, досым, жұрағат. 
Үйрену, ұғу, ұлағат. 
Тірлік, тірек, адамдық. 
Шындық, бірлік, адалдық. 
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.


Таныстыры

лым, суреттер.

Ортасы


Жаңа сабақ

Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізгі арқауы саналады, предикативтік қатынас негізінде ең кіші сөйлем ретінде жұмсалып, олардың негізінде тақырып, рема, тіпті есімді, етістікті сөз тіркестері айқындалады.

Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі, ол нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғаларда есімдіктен, есім сөз таптарынан, ал баяндауыш бастауыштың негізгі қасиеттерін нақтылай келе етістіктен, т.б. сөз таптарынан жасалады. Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышқа тікелей қатысты болып, сөйлемде айтылуға тиісті ойды толықтырып, айқындап тұрады.

Оқулық, дәптер, үлестірмелі парақшалар, флипчарт.

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Сергіту жаттығуы жазылған парақша

Аяқталуы

 Түгел топқа Тест (сигналды белгілер арқылы 2 мин )
- Қазір ауызша тест аламын. Мен сұрақтарды оқимын. Жауабын алдарыңда жатқан сигналды белгілер арқылы көрсетесіңдер. Егер А жауабын дұрыс деп тапсаңдар қызыл белгіні, Ә жауабын дұрыс деп тапсаңдар сары белгіні көтересіңдер. Дайын болсаңдар тесті бастаймын.
1. Зат есім 
А) заттың сынын білдіретін сөздер. 
Ә) Заттың атын білдіретін сөздер. 
2. А – дыбысы 
А) Жуан дауысты дыбыс. 
Ә) Жіңішке дауысты дыбыс. 
3. Т- дыбысы 
А) үнді дауыссыз дыбыс. 
Ә) қатаң дауыссыз дыбыс. 
4. Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлем. 
А) сұраулы сөйлем. 
Ә) лепті сөйлем.

5. Құстар жылы жаққа қайтты. Осы сөйлемдегі бастауышты, баяндауышты тап:
а) жылы жаққа
в) құстар қайтты
3.Білім білік, дағдының өзектілігі.Жан – жақты білімдерін тесеру. (3 мин) слайд
3 топқа. Сурет бойынша бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болатын сөйлем құра. Құраған сөйлемді талда..
І-топ 
Арман - суретші.

Арман кім? суретші (баяндауыш) 
Кім суретші?
Арман (бастауыш)
ІІ-топ 
Алма - жеміс

Алма не? жеміс ( баяндауыш )

Не жеміс? Алма (бастауыш)
ІІІ-топ 
Әсем - тігінші. 
Әсем кім? Тігінші ( баяндауыш)

Кім тігінші? Әсем (бастауыш )
( Слайд қол көтеріп жауап береді)
- Бастауыш та, баяндауыш та қандай сөз тобынан жасалып тұр? (Зат есімнен) 
- Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады? (Ережені айтады)

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса бастауыштан кейін сызықша қойылады.

4.Мақсат қою кезеңі (3 мин)
- Енді балалар, мына суреттер бойынша бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болатын емес, басқа да сөз таптары болатын сөйлем құраңдар. 
І топ. 
Марат ауланы тазалады. 
ІІ топ. 
Айнұр кітап оқыды. 
ІІІ топ. 
Қаз қаңқылдады. 
Марат не істеді? Тазалады (баяндауыш етістіктен) 
Кім тазалады? Марат (бастауыш зат есімнен) 
Қалған сөйлемдерді дәл осылай талдайды. 
Бастауыш дегеніміз не? (ережені айтады) Қимыл, іс – әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді.Бастауыштар кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді. 
Баяндауыш дегеніміз не? (ережені айтады) Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді. Баяндауышқа не істеді? неғылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.

5. Сабақ кезеңінің мазмұны (10 – 12 мин )
60 – жаттығу. Сөйлемді оқы.Олардың қандай ұқсастықтары мен өзгешеліктері бар?

Қар жауды

Бүгін жапалақтап қар жауды.

Бұл сөйлемдерде не туралы айтылған?

- Бұл сөйлемдерде қар туралы, оның жауғаны туралы айтылып тұр ғой?

- Өте дұрыс

Ұқсатығы?

Екі сөйлем де қар туралы айтылып, оның жауғаның хабарлайды.

Сөйлемнің қай түрі. Еске түсіремін. Синтаксис деген үлкен елде.Кім деген қария өмір сүреді. Оның неше ұлы болады?

Үлкен ұлы. Барлық нарсені тиянақты,ұқыпты,ойын ашық жеткізетін ұлы кім еді? Хабарлы сөйлем.

Екінші ұлы тек сұрағанды жақсы көретін ұлы? Сұраулы сөйлем

Үшінші ұлы бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейтін ерке болады. Лепті сөйлем

Қария ұлдарының үш түрлі мінезді болғандығына қарамастан бір мәтінде үлкен ақылмен жұмсай білетін.Бүгін сендерге қай ұлын жіберіпті?Үлкен ұлы хабарлы сөйлемді.

Өзгешелігі.

Бірінші сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан тұр. Ал екінші сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер бар.

Жақсы балалар.Қар жауды – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.Ол бастауыш пен баяндауыштан тұрады.Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.

Мысалға және өздерін айтып өттіндер.Қар жауды. Не істеді?Жауды.Не?қар Дәптерлеріне күн ретін,көркем жазу:Вв Вагон жаздырту. В дыбысын талдату. В – дыбысы дауыссыз,ұяң. Вагон сөзін талдату. Вагон сөзінде 5 әріп, 5 дыбыс, 2 буын бар.

В - дыбысы дауыссыз, ұяң

А – дыбысы дауысты,жуан

Г – дыбысы дауыссыз, ұяң

О – дыбысы дауысты , жуан

Н – дыбысы дауыссыз, үнді
Оқулықпен жұмыс.

61-жаттығу. (Ауызша) Слайд
Сөйлемді оқы. Тұрлаулы мүшелерді тап. Неліктен тұрлаулы мүшелер дейтінін түсіндіріп көр.

3 топқа үлестірмелі қималар таратамын.

І топ. Мектепте асхана бар. 
Олар сөйлемнің қандай мүшесі? 
ІІ топ. Сөйлемді оқы. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. 
Тұрлаулы мүшелерді тап. Неліктен тұрлаулы мүшелер дейтінін түсіндіріп көр.Олар сөйлемнің қандай мүшесі? 
ІІІ топ. Сөйлемді оқы. Балалар үзілісте асханаға келді. 
Тұрлаулы мүшелерді тап. Неліктен тұрлаулы мүшелер дейтінін түсіндіріп көр.. Олар сөйлемнің қандай мүшесі?
62-жаттығу. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазу, тұрлаулы мүшелердің астын сызу. Мәтінге ат қою .Еске түсіріп жіберсек мәтін неше түрі бар және қандай? Әңгімелеу. Сипаттау.Пайымдау.Бұл сендерде қай мәтін түріне жатады? Әңгімелеу.
Балалар Ақлима әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды.

Слайд Сұрақтар (2 мин)
- Бұл жаттығуда сөйлемнің қандай мүшелерін таптық? (бастауыш пен баяндауыш) 
- Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері? (тұрлаулы мүшелері) 
- Тұрлаулы мүшелер деп қандай сөйлем мүшелерін айтамыз? (бастауыш пен баяндауышты) 
Сергіту сәті: (3 мин )
63-жаттығуӨздік жұмыс.Мақалды жатқа жаз.

1.Әкеге қарап ұл өседі.

Шешеге қарап қыз өседі

2.Жаман жолдас жолда қалдырады.

Тұрлаулы мүшелердің астын сыз. Мақалдың мәнін түсіндір.

6.Сабақты бекіту: ( 5 мин)
64 – жаттығу. Топтық жұмыс. Көп нүктенің орнына бастауыштарды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Тұрлаулы мүшелерді тап.

Жолаушылар, Жанар, жер, сиыр, тапсырма, Дархан

... аттанды ... сауылды

... оқыды ... тегістеді.

... орындалды. ... келді
Жолаушылар аттанды. Сиыр сауылды. Жанар сабақ оқыды. Жер тегістеді. Тапсырма орындалды.Дархан даладан келді 
1) Жолаушылар не істеді? (аттанды – баяндауыш етістіктен жасалып тұр) 
Кімдер аттанды? (жолаушылар – бастауыш зат есімнен жасалып тұр) 
2) Сиыр қайтті? (сауылды – баяндауыш етістіктен жасалып тұр) 
Не сауылды? (сиыр – бастауыш зат есімнен жасалып тұр) 
3) Жанар не істеді? (оқыды – баяндауыш етістіктен жасалып тұр) 
Кім оқыды? (Жанар – бастауыш зат есімнен жасалып тұр) 
Топтық жұмысты орындалып болғаннан кейін, оқушылар ауызша сөйлем мүшелеріне талдап, қорытынды жасайды.

Берілген тапсырманы орындайды

Шығармашылық жұмыс.Қыс тақырыбына 3 денгейде талдау жасау керек.

1-деңгей. Жеке сөйлемдер құрап жазу.

2-деңгей. Мәтін құрап  жазу

3-деңгей. Сөйлем құрап. Тұрлаулы мүшелерді тауып, талдау

8.Үйге тапсырма. 77 бет, 65 жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрайсындар. Әңгімеге ат қою.Құраған сөйлемдеріңнен тұрлаулы мүшелерді тап. 
Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалаймын.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.01.2018
794
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі