Ашық сабақ "Үй жануарлары" даярлық сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Үй жануарлары" даярлық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Үй жануарлары.

Мақсаты:

1.Білімділік: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Үй жануарларын ажырата білуге дағдыландыру.

2.Дамытушылық: Балаларға үй жануарлары туралы түсінікті бере отырып, сөйлеу мәдениетін тілдік қорын байыту арқылы сөйлей білуге үйрету,логикалық ойларын дамыту.

3. Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа,үй жануарларын қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ жауап,саяхат

Көрнекі құралдары: Ауыл көрнісі,автобус макеті

Сабақ түрі: Арлас сабақ(музыка,бейнелеу,әдебиеттік оқу, тіл дамыту)

І Ұйымдастыру кезеңі.

-Ал балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр.Қонақтармен амандасайық.

Қимылды ойын:

1.Енді балалар шеңбер бойына тұрып «Айна» ойынын ойнайық.

2.Балалар кәне баримиз орнымызға отырайық.Аяғымызды қойып денемізді дұрыс ұстап отырамыз.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Көктемде ең бірінші қандай гүлдер өсіп шығады?

-Көктем туралы кім тақпақ біледі?

1. Құлпырады ,жайнайды

Жас құрақ балауса

Гүлдерде майдағы

Желбірер жалауша

2. Көктемде көңілді

Құстар кеп жатқанда

Құлпыртып өңірді

Гүл ектік ауылға

-Балалар көктем келді.Күн жылынды, ата-әжелеріміз жайлауға мал бағуға жайлауға көшеді.Ендеше сол ата-әжелерімізге жайлауға қонаққа барып қайтсақ қалай болады екен.Бүгін біз бәріміз автобуспен жайлауға саяхатқа шығамыз. Автобусқа отырмас бұрын біз автобусты жүргізетін жүргізуші сайлап алайық.

Санамақ айту:

Алма кетті домалап

Көше бойын жағалап

Кім алманы табады

Сол ойыннан шығады

  • Енді орнымызға отырайық.

  • Ал кеттік. Балалар жан жағымызға қарайықшы.

  • Даладан некөріп тұрсындар?

Құстар ұшып жүр,ағаштар көктеп тұр,жерде гүлдер өсіп тұр.

  • Ағаш жапырақтарының түсі қандай?

  • Неше құс ұшып жүр?

  • Гүлдерді санайықшы

  • Өте жақсы балалар ,міне біз жайлауға да жетіп қалдық.

  • Айнала жап жасыл шөп, далада малдар жайылып жүр. Олардың бәрі үй жануарлары деп аталады.

  • Үй жануарларына нелер жатады екен атап айтайықшы

  • Үй жануарларының төлдерін қалай атайды?

  • Олар қалай дыбыстайды?

  • Сиыр-мөңірейді, жылқы- кісінейді, түйе-боздайды,қой –маңырайды.

  • Үй жануарлары немен қоректенеді?

  • Шөптердің түстері қандай?

Шопан ата мал бағып жүрді.

-Балалар кәне атаға амандасайық.

Ата: -Сәлеметсіңдер ме қарақтарым. Қалай аман-есен жеттіңдер ме?Жолда шаршап қалған жоқсындар ма?Қайдан келе жатырсындар?

-Мектептен

Ата: -Мектепте не істейсіңдер?

  • Сабақ оқимыз,сурет саламыз.Тақпақ өлең жаттаймыз.

Ата: Ал балалар шөлдеген шығарсындар.Үйге кіріп сусын ішіңдер.

-Сәлеметсіз бе әже?

Әже: Сәлеметсіңдер ме қарақтарым.Келіңдер,жоғары шығыңдар,отыра қойыңдар.Айран,сүт ішіңдер.Шөлдеген шығарсыңдар?

Мұғалім: Балалар осы тағамның бәрін біз қайдан аламыз?

Әже: Сүт ,айран, құрт,май,қаймақты бізге не береді? Сиыр береді.Қымызды жылқының сүтінен жасайды.Шұбатты түйенің сүтінен жасаймыз.

Мұғалім: Ата,Әже біздің балалар осы үй жануарлары туралы тақпақ,мақал-мәтел айтып жұмбақ шеше біледі.

-Ой ,айналайындар кәне білетіндерінді айтып бере қойындаршы.

(Балалар тақпақ, мақал-мәтелдер айтып жұмбақтар шешеді)

Мұғалім: - өте жақсы балалар. Ал,ата,әже біз тұрайық.

Ата бата береді.

Далаға шығамыз.

Ата: -Балалар менің бір ұсынысым болып тұр. Мектепте сыныптарын тар,жайлау кең.Осы кең жерде бір ойын ойнасақ қайтеді.

Мұғалім: Ендеше балалар атқа мініп «Ат жарыс» ойының ойнайықшы.

«Ат жарыс» ойыны.

Мұғалім: Ал енді балалар біз мектепке қайтайық.Ата,әжемен қоштасып автобусқа мінейік.

-Балалар мектепке жеткенше көңілді бір ән айтып барайық.

«Қошақаным» әні

Орындыққа отырып:

-Балалар біз қайда бардық?

-Жайлауда нені көрдіңдер?

-шөптердің түстері қандай?

Ендеше қазір сол шөпті қағаз бетіне салайықшы.(Сурет салу) Суреттерін іліп мақтап ,мадақтау.

-Балалар шаршадыңдар ма? Ендеше денемізді сергітіп алайық.

Сергіту сәті «Көңілді күн»

Ойын «Ғажайып қалта»

Қалта ішіндегі малдарды алып:

Мысалы: Сиыр . Сиырдың төлі-бұзау.Сиыр мөңірейді. Әр оқушыға алғызып малдарды ататып өту.

-Өте жақсы балалар . Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Сендерде бүгін сабаққа жақсы қатыстындар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2018
800
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі