Ашық сабақ «Үй құстары» «Торғайларға жем шашамыз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Үй құстары» «Торғайларға жем шашамыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшаға ерте жас тобына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Күні

27.01.2020ж

Өтпелі тақырып

Біздің кіші достарымыз

Апта тақырып

Құстар біздің досымыз

Білім беру саласы

Қатынас

Шығармашылық

Бөлімі

Жаратылыстану

Сурет салу

Тақырыбы

«Үй құстары»

«Торғайларға жем шашамыз»

Мақсаты

Үй құстарын суреттен ажырата,тани білуге, атауын (тауық, үйрек)атай білуге үйрету. Фломастер,қағазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,қағаз бетіне нүктелерді түсіруді үйрету,

Ойын тәсілдері арқылы ой-қиялдарын дамыту,құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу

Қажетті құрал-жабдықтар

үй құстарынын суреттері

Билингвалды компонент

 Әтеш-петух,тауық-курица,қаз-гусь,балапан-ципленок

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Бала,бала,балапан

Кәне,қайсы,алақан?

Саусақтарың әйбат

Былай-былай ойнап

Топ-топ,топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық!

Жаса-жаса,жарқын күн,

Жаса-жаса ,алтын күн!

Балалар қимылмен жасайды

Ұйымдастыру-іздестіру

Үй құстары суреттері бойынша әңгімелесу

-Ку-ка-ре-ку!

-Мынау не?

-Әтештің түсі қандай?

-Әтеш қайтып шақырады?

Әтеш қашанда қимыл-қозғалыста: мойынын ары -бері бұрады,жан жағына қарайды,қақпаға шығады,қанаттарын қағып қатты айғайлайды.Егер оған нан қоқымы мен дән тастайтын болса,ол өзі бармай,алдымен тауықтарды шақырып,содан кейін ғана өзі солармен шоқи бастайды.

Әтеш мықты,әдемі, қызыл айдары бар,

түрлі-түсті құйрығы бар,онын аяқтары да күшті,тырнағы мен тепкісі бар.

-Мынау не?

-Түсі қандай?

-Тауық қандай дыбыс шығарады?

-Тауықтын балапандары қалай дыбыстайды?

Тауық өз балапандарын өте жақсы көреді,оларды бағып қарайды,біреуі артта қалып қойса,мазаланып қыт-қыттап,оңы күтіп тұрады.Жерден бірдене тауып,балапандарын қасына шақырады.Қарандаршы балапандары кішкентай,түстері сап- сары,қанаттары кішкентай әлсіз,кішкентай тұмсығы.Олар әркез жүгіріп,жерден нан қоқымы мендән іздеп шиқылдайды.Тауықбалапандарың қанатының астына алып, жылытады.

-Мынау не?

-Бұл қаз,қауырсыны аппақ,мойыны ұзын қозғалғыш,аяқтары қысқа,табаны жарғақты,Қаздың балапандары өте қызық:олар сап-сары,мап-мамық,өздері бірінің артынан бірі жүреді.Қаз ана алдында жүреді.Суда жүзгенді жақсы көреді.

Қыста бар жан - жануарлардың тіршілік етуі қиындайды, себебі күн суытып, жер бетін қар басады да, жемдерін тауып жей алмайды.
Сондықтан олар адамдар Тұратын жерлерге таяу келіп қоныстанады. Біз оларға жем шашып қамқорлық жасауымыз керек. Құстар біздің досымыз. Құстардың адамдарға, табиғатқа пайдасы өте зор. Құстар зиянкес жәндіктермен қоректенеді. Соның ішінде торғайда бар.
Торғай кең далада тіршілік ететін әнші құс. Денесі сопақша, басы дөңгелек, тұмсығы үшбұрышты, қанаты ұзын сұрғылт, боз түсті болып келеді.
Ғажайып сәт:
Балалар бізге қарны ашып бір тоғай келіп қалыпты. Бізден тамақ сұрап келіпті. Бәріміз торғайды тамақтандырайықшы.
Торғайды тамақтандыру.
- Балалар торғай әлі көнілсіз, Торғайды көңілдендіру үшін тақпақ айтып берейікші.
- Кім құстар туралы тақпақтар біледі?
Балалар тақпақ айтады.
Енді балалар торғайымыз көңілденген сияқты.

Сергіту сәті:
Қане қанат жазайық
Қарлығашқа ұқсайық
Ұшып - ұшып алайық
Орнымызға қонайық.  Балалар, тыңдаңдаршы маған торғайлардың даусы естіліп тұрған сияқты. Балалар торғайлардың даусын тыңдайды.

Сендердің торғайға жем бергендеріңді естіп қарны ашқан торғайлар келді ғой деймін.
- Ендеше, алдымыздағы торғайларымызды тамақтандырайықшы.
Балаларға сурет салу тәсілін көрсетіп, түсіндіру.

Әтеш

Қызыл,сары,жасыл

Қоқ-қоқ-қоқ





Қызығушылықпен қарайды,тындайды













Сұрақтарға жауап береді





















Өленнін мәтініне қарай қимыл-қозғалыс жасайды












































Балалардың жұмысы. Дайын бояуды саусақтың ұшымен нүктелер жасайды.







Рефлексифті-түзетушілік

Біз не білдік?

Әтеш,тауық, қаз,үйрек-үй құстары

Олардын пайдасы көп етін,жұмыртқасын жейміз,мамықтарынан жастық жасайды.Сондықтан адамдар оларды кұтіп баптап өсіреді,қора жасайды,жем,су береді,балапандарын жыртқыш құстардан, иттен,мысықтан қорғайды

Шеңбереге тұрып қимылмен жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек

қағаз бетіне нүктелерді түсіруді.

Нені игереді

Тауық өз балапандарын қорғайды, үй құстарына күтім жасауы туралы)

Нені біледі

 Құстардың дене бөліктерін атай білуді,ерекшеліктерін байқауды









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2020
516
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі