Ашық сабақ "Үй құстары.Р дыбысы мен әрпі" 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Үй құстары.Р дыбысы мен әрпі" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл менің жариялап отырған сабағым логопед мамандарға, пайдасы бар материал. Сонымен қатар жас мамандарғада тигізер пайдасы зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы:2

Пәні:«Тіл дамуының кемшіліктерін түзеу»

Өткізген: Козбакарова Айханым

Сабақтың тақырыбы: Үй құстары. Р дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың үй құстары туралы түсініктерін кеңейту. Тіршілік ету ортасын, қоректенуі туралы мағлұмат беру. Р дыбысымен таныстыру.

Түзетушілік:Фонематикалық есту қабілетін дамыта отырып, ұсақ қол моторикасын жетілдіру, сөйлеу кезіндегі дұрыс тыныс алуын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге үйрету, сонымен қатар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар түрінде.

Көрнекілігі: «Р» дыбысының профилі, «Р» дыбысының артикуляциялық кескіні, айна, суреттер, интерактивті тақта, тапсырмалар.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- оқушылармен амандасу.

- оқушыларды түгендеу.

- сабаққа қызығушылығын арттыру.

ІІ. Психологиялық дайындық

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап.

Судай таза, мөлдір көңілмен,

Бүгінгі сабағымызды,

Бастаймыз!

ІІІ. Негізгі бөлім

1. Мимикалық жаттығулар (күліп тұрған бейне, ашуланып тұрған бейне т.б. )

2. Артикуляциялық жаттығулар(күрекше, сағат,ат шауып келеді,тәтті тосап т.б.)

3. Тыныс алу жаттығулары(құс ұшыру, допты айналдыру т.б. )

ІV. Өткенді пысықтау

- Логопед оқушылармен бірге үйге берілген тапсырманы қайталайды.

123456.jpeg ( «Л» дыбысы басында, ортасында, соңында келетін сөздер жаттап келу.)

  • Лақ

  • Лимон

  • Леген

  • Лента

  • Алмұрт

  • Балық

  • Қалам

  • Жылан

  • Маймыл

  • Гүл

  • Піл

  • Үстел



Picture 2

V. Жаңа сабақ

- Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын!

Қызыл бұжыр айдары бар,

Қоқиланған айбары бар.

Ауық-ауық азан салып,

Өңеш керген айқайы бар. (Әтеш)


VІ. Мақсатқа сай ойнау «Алтын қақпа!»

Picture 1

Шарты: Алтын қақпаның ішінде алтын сандық бар сол сандыққа жету үшін, біз бірнеше кезеңдерден өтуіміз керек, ендеше сол кезеңдерге дайынбызба?


І – кезең. Тас қақпа


VІІ. Дәптермен жұмыс

1 – тапсырма.

Picture 2

Берілген суреттерді ата және жасырын тұрған дыбысты дәптеріңе жаз!

Дәптерге «Р» әрпін жазып үйренейік.

Олар бас әріп және кіші әріпке бөлінеді.




VІІІ. Карточкалармен жұмыс

2 – тапсырма

Picture 2

Берілген суреттерді пайдаланып «Р» дыбысы басында, ортасында, соңында келетін суреттерді ретімен орналастыр!


ІІ – кезең. Күміс қақпа


ІХ. Ұсақ қол маторикасын дамыту

1 – тапсырма.






Берілген суреттегі құстың атын тап, және сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды асық арқылы белгіле!


Х. Логоритмикалық жаттығу

2 – тапсырма

Сергіту сәті. Би қимылдарын жасайды.





ІІІ – кезең

1 – тапсырма.

Picture 5

Берілген суреттегі түрлі-түсті пішіндерді түстеріне қарай сәйкестендір

2 – тапсырма.

Дидактикалық ойын: Қандай құстың даусы?

(Әтеш, тауық, үйрек)

ХІ. Қорытынды.

3 – тапсырма.

  1. Бүгінгі сабағымызда біз қандай құстармен таныстық?

  2. Үй құстарын атап өтейік?

  3. Үй құстарының қандай пайдасы бар?

  4. Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

  5. «Р» дыбысы қандай дыбыс?

ХІІ. Үйге тапсырма.

4 – тапсырма. Алтын сандық тапсырмасы.

Берілген суреттегі құстың атын тап, және түрлі-түсті пішіндерді түстеріне қарай сәйкестендір!

ХІІІ. Бағалау. Мадақтау





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2018
1022
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі