Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ Ұжымдағы өзара қарым-қатынас 7 сынып
«К.Төгісов атындағы орта мектебі» КММ
(Ашық сабақ, 7-сынып)
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Жаманкулова Г.Т.
2018-2019 оқу жылы
Пән: Өзін-өзі тану Мұғалімі: Жаманкулова Г.Т.
Сабақ: № 21 Мерзімі:________________
Сыныбы: 7 Тексерген ____________
Оқушылар саны – ОІЖО Кишанова Б.С.
Тақырып: Ұжымдағы өзара қарым-қатынас.
Құндылық: сүйіспеншілік.
Қасиеттер: жауапкершілік, ізгілік, мейірімділік.
Сабақтың мақсаты: ұжымдағы қарым-қатынастың адамгершілікке негізделуі керектігін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1.Білімділік: оқушыларды ұжымдағы тұтастық, жауапкершілік, сүйіспеншілік құндылығына негіздеуге үйрету; 2. Дамытушылық: оқушыларды айналасындағыларға риясыз қарым-қатынас жасауға баулу; 3. Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, риясыздыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар: (оқулық, дәптер, лирикалық әуендер, сөзжұмбақ, стикерлер, Құндылық терегі) |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөлу, стикерлермен шағын топтарға топтастыру. ә) Тыныштық сәті. Нұрға бөлену. (Жайлы баяу музыка қойылады). Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем |
«Хрустальная композиция» әуенімен тыныштық сәтін өткізу |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзімізді ашамыз. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Марат Қабанбайдың «Айгүлдің әңгімесі» атты шығармасынан үзінді оқып келуге берілген. Талдау сұрақтары:
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы». Авраам Линкольн.
|
Дәйексөзді дәптерге жазу |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4. Оқиғаларды әңгімелеу. Өз жүрегіңнің отын жақ. Жігіт көршісіне өзін жақында ренжіткен досын жамандай бастайды. Көршісі ол жігітті тыныштандырып, досын кешіруін өтінеді. Сонда ол ашуланып: Мен неге өзімді ренжіткен адамды кешіруім керек, неге мен өзімді сатып кеткен адамның алдында кешірім сұрауым керек?- дейді.Тыңдап тұрған көршісі оған бір аңызды баяндап береді: Ертеде бір адам өмір сүріпті. Ол Табиғат Анадан шам жақпас үшін ешқашан түннің болмауын, пеш жақпас үшін қыстың болмауын өтініп сұрайды. Бірақ, Табиғат Ана ол адамның өтінішін орындай алмайтындығын айтады. Қатты ренжіген ол адам оған былай дейді: Ендеше, мен саған жарық беру үшін ешқашан шам жақпаймын, саған жылу беру үшін пешті жылытпаймын, үйдің есігін де жаппаймын —дейді. Осы айтылғандарды естіп тұрған жаңағы жігіт көршісіне: Бұл неткен ақылсыз адам, бұл өзінің жаққан шамымен Табиғатқа жарық беремін, өзінің жаққан отымен Табиғатты жылытамын деп ойлайды екен ғой — дейді. Сонда көршісі: — Сен де өзіңе соны істеп тұрсың. Сен де өзіңнің жүрегіңнің отын жақпай тұрсың. Саған өзгелердің жарық түсіргенін, өзгелердің келіп жылытқанын күтпей, өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң, мүмкін, өзгелер де өз жолын табуға ұмтылар – деген екен. Сұрақтар:
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1-тапсырма: 1-топ: «Әдеби джем». Ұжымдас әріптес тілегі (Ғабиден Қожахмет)
Бір ұжымбыз, бір
мақсатта бірлестік,
3-топ. Үшінші топқа жағдаят беріледі. Сол жағдаят бойынша сахналау көрсетеді. Қалған топтар талқылайды. Бүгін Айжанның туылған күні еді. Оны сыныптастары құттықтап, сыйлық беріп жатты. Бірақ Асыл бүгін Айжанның туылған күні екенін ұмытып кетіпті. Оған дайындаған сыйлығы да болмады. Ол дер кезінде өзі қолдан сыйлық жасауды ұйғарды. Досының көңілі үшін құр қол қалғаннан бір нәрсе сыйлаған дұрыс қой деп шешті. Ол өзінің істеген ісін жөн көрді. Қолдан жасаған сыйлығын Айжанға шын жүрегімен сыйға берді. -Айжан «Үлкен рахмет! Маған өте ұнады»- деп қабыл алды.
Бір-ақ Асыл кетіп
қалғаннан кейін Айжан басқа құрбыларына оның сыйлығы ұнамағанын
айтып ренжиді. Шынын айтқанда оның сыйлығын менсінбейді. Оған
қосылып құрбылары да қостап жатты. Топтарға сұрақтар қою: «Менің атым қожа» повесінің авторы кім? Фильмнен қандай ой түйдіңдер? Жантас пен Қожаның қарым-қатынасы қандай деп ойлайсыңдар? Қарым-қатынастың бұзылуына көбінде не кедергі жасайды? Қожаның әрекеті дұрыс болды деп ойлайсыңдар ма? Сендердің сыныптарыңда да осындай қарым-қатынастар болып тұра ма? Егер болса сендер оны дұрыс деп санайсыңдар ма? |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Көңілді күн. Теріп едік жемісін сезім бақтың Сыйластықтың алауын өзің жақтың. Сенің думан тойыңның әнін естіп, Есігіңді шыдамай өзім қақтым. Қайырмасы: Бүгін қандай тамаша, Көңілді күн3 Сені қуанышыңмен, құттықтаймын Бақытты бол, жан досым! Бір тамаша отырдың өмірге еніп Жүзің бал-бұл жадырап, көңілденіп. Есігіңнен мен кіріп келгенімде, Қуандың-ау балаша, мені көріп Қайырмасы: |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесінен үзінді оқып келу. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.Ұжымда бір-бірімізді сыйлап жүрейік, өзара қарым-қатынасымыз риясыз болсын! Жайлап көздеріңді ашуға болады. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
|
|
3-топ: Жағдаят шешу және сахналау. Бүгін Айжанның туылған күні еді. Оны сыныптастары құттықтап, сыйлық беріп жатты. Бірақ Асыл бүгін Айжанның туылған күні екенін ұмытып кетіпті. Оған дайындаған сыйлығы да болмады. Ол дер кезінде өзі қолдан сыйлық жасауды ұйғарды. Досының көңілі үшін құр қол қалғаннан бір нәрсе сыйлаған дұрыс қой деп шешті. Ол өзінің істеген ісін жөн көрді. Қолдан жасаған сыйлығын Айжанға шын жүрегімен сыйға берді. -Айжан «Үлкен рахмет! Маған өте ұнады»- деп қабыл алды. Бірақ Асыл кетіп қалғаннан кейін Айжан басқа құрбыларына оның сыйлығы ұнамағанын айтып ренжиді. Шынын айтқанда оның сыйлығын менсінбейді. Оған қосылып құрбылары да қостап жатты.
|
Көлденеңінен |
Тігінен |
4. Қымбат бағалы тас 5. Көңілсіз, селқос 7. Жақсылық, адалдық 8. Жер астындағы байлық |
1. Рақым, мейірім 2. Ақыл-ой, сана-сезім 3. Біреуге меншікті, еріксіздік 6. Мазақ |
1-топ: «Әдеби джем». Ұжымдас әріптес тілегі (Ғабиден Қожахмет) |
Бір ұжымбыз, бір
мақсатта бірлестік, |
Бірімізге тілекшіміз
бәріміз, |
Таныс мұнда барлығы
да ал саған, |
Әрбір жылың осында
өткен бағалы, |
Шын тілекші саған
бүгін екен ел, |
Биіктерден қол
бұлғасын марапат, |
Әрбір күнің
сеніміңді ақтасын, |
Тәжірибең тың
ойларға жетелеп, |
Құрметті әріптестер 07-ақпан күні
сағат 09:30-да өзін-өзі тану пәнінен 7-сынапта
ашық сабақ өтеді.
Тақырыбы: «Ұжымдағы өзара қарым-қатынас».
Пән мұғалімі: Жаманкулова Г.Т.
2-топ: СӨЗЖҰМБАҚ
|
|
|
|
|
|
|
1 |
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||
|
|
|||||
|
|
|||||
|
|
|||||
|
|
|||||
|
|
|||||
|

