Материалдар / Ашық сабақ: Ұлттық ойындар бәсекесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Ұлттық ойындар бәсекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Атадан балаға өнеге болып қалар қазақ ұлтының ұмытылып бара жатқан дүниелерінің бірі асықты балаларға таныстырып көрсету, ойнату, түсіндіру, асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2023
164
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы көксу ауданы

Жұлдыз бөбк -жай балабақшасы

Дене шынықтыру нұсқаушысы:

Абдрахимова Гулзада Кзыркановна

Күні:03.05.2021ж

Білім беру саласы :Денсаулық

Тақырыбы: «Алтын сақа ұлттық ойындар бәсекесі»

Мақсаты: Атадан балаға өнеге болып қалар қазақ ұлтының ұмытылып бара жатқан дүниелерінің бірі асықты балаларға таныстырып көрсету, ойнату, түсіндіру, асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеу.

Міндеттері: Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін,

тапқырлығын,шығармашылық қабілеттерін дамыту.Досттықа адамгершілік қарым-қатнасқа ұлттық салт дәстүрге тәрбиелеу.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мына әдемі қорапшаның ішінде не бар екенін көргілерің келе ме? Олай болса ашып көрейік. Қандай әдемі қорапша! Балалар не көріп тұрсыңдар?

Түрлі-түсті асықтар.

Қандай әдемі асықтар!

Асық не екенін білеміз бе?

 Ендеше мен сендерге ата бабамыздан келе жатқан ұлттық ойынға ойнайтын асық туралы кішкене мағлұмат айтып берейін.

Асық – қазақ халқының ұлттық ойыны. Асық төрт түлік малдың сүйегінен алынады. Оның түрлері көп. Асықтың тұрысының өзі әртүрлі боп бөлінеді. Алшы, тәйке, бүге, шіге, омпы, шоңқай. Асықтың осы тұрыстарынан оң жақ және сол жақ екенін ажырата аламыз.

Асық ойнаған азар,

Доп ойнаған тозар.

- Балалар асықпен ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше, ойынымызды бастаймыз.


Ойынның шарты

 Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Балалар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар.


-Балалар бүгін біз не туралы өттік?

-Асықпен қандай ойындар ойнадық?

Олай болса,ойының жеңімпаздарын анықтайық.

Марапаттау.


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!