жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: Ұлттық спорт ойыны.Асық ату.
Абилтаева Акмоншак Абдыгаликовна
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Анар орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Бөлім : ұлттық ойын.
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық спорт ойыны.Асық ату.
Сабақтың мақсаты: Оқушының дене құрылысының дұрыс қалыптасуына спорттың маңызы зор екенін ескере отырып бұқаралық спортпен жүйелі айналысуға тарту.
Тәрбиелігі: Қазақтың салт- дәстүрін , қимыл – әрекеттерді көрсете отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Өткізу орыны: спорт залы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:Саяхат – сабақ.
Сабақтың пән аралық байланысы: ұлттық ойындар .
Сабақтың көрнекілігі: Асықтар, плакаттар.
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру бөлімі .
2) Жаңа сабақты түсіндіру.
3) Бекіту , қортынды.
Қазақтың ұлттық спорт түрлері:
-
Тоғыз құмалақ . 6. Аударыспақ.
-
Қол күрестіру. 7. Қыз қуу.
-
Асық ату. 8. Теңге алу.
-
Арқан тартыс. 9. Бәйге
-
Қазақша күрек 10. Жорға жарыс.
Қазақтың ұлттық спорты 1920-30 жылдар аралығында қазіргі заманға сай бір жүйеге келтіріліп олардың түрлері бойынша арнайы спорт жарыстары өткізіле бастады.
Асық ойынының бір өзінде қаншама тәрбиелік мәні жатыр. Асық ойынының пайдасы өте көп . Асық ойыны баланы шеберлікке, дәлдікке балиды.Дененің қимыл – қозғалысын ширатуда ешбір спорт түрлерінен кем түспейді. Ол көздің көру қабілетін есте сақтау есептеу жүйелерін дамытатындығын ғылымда талай мәрте дәлелдеген.
Сонымен бірге балалардың зердесін дүние танымын кеңейтетін бірден -бір ойын . Ойын кезінде асықтарды тігіп, олардың санын есептеу , ұпай бөлісу , асық санау жас жеткіншектің математикаға бейімін арттырады. Ойын баланын есеп- қисапты тез меңгеруіне ықпал жасайды, зеректігін арттырады . адал болуға үйретіп , ұрлық – қарлықтан бойын аулақ ұстайтын болады. Асық ойындарының қайсысы болмасын балаларға өте қажет. Бұл ойында баланын ортамен қарым- қатынасын кеңейтіп , таным қабілдеті өседі. Мінез – құлқы қалытасады.
Асық ойынының түрлері: Иіріспек , хан талапай , омпы , бүк- шүк , алшы, көмбе , үш табан , асық ату, отыз ұры, бір есепші, құмар, көгендеп ату, бір табан... т.б Асық ойынының, ең бастысы- сақан жақсы болу керек , сонда ұту мумкіншелігі арта түседі.Сақасы мықты ойыншының асық ойнында бағы жанатыны сөзсіз. Ал енді сақаны қалай таңдау керек , соған тоқталайық. Асық ойынынын Зерттеушілердің айтуынша, сақаның әдемі де, салмақты болғаны дұрыс. Салмақты болуы үшін оқушылар ертеде асыққа қорғасын құятын болған . Қорғасын құйылған сақаның салмағы ауырлап , қарсыласын ұту мүмкіндігін арттырады. Ауыр сақа ойын барысында иіріп жібергенде, көбінесе алшысынан түсіп, иесіне жол ашады. Асық ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе , сол бірінші атады.Асық ойынын ауыл баласының еншісінде ғана қалдырмай , ұлттық спорт түрінке көтерсек.Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік- эканомикалық жағдайларына , шаруашылын мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан . Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, койды көп өсіргендіктен , балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шындап , оларды дәлдікке , ұстапдылыққа , байсалдылыққа тәрбиелейді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген